Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың жалпы талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 191 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10835 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1045 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.12.2015 № 1045 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 16-бабының 28) тармақшасына және 142-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған ұйымда кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың жалпы талаптары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және  3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Д.Р. Арғындықовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                   Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      ___________ А. Сәрінжіпов
      2015 жылғы 17 сәуір

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы  
№ 191 бұйрығымен      
бекітілген        

Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың
және біліктілігін арттырудың жалпы талаптары

      Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың жалпы талаптары мыналардың болуын қамтиды:
      1) ұйымның Жарғысында (Ережесінде) қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды тікелей жүргізетін ұйымдар үшін кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі норманың;
      2) кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыс оқу жоспарларының және бағдарламаларының;
      3) тиісті кәсіптер (мамандықтар) бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің;
      4) оқыту шартының (жұмыс беруші мен оқушы арасында тікелей ұйымда кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру шарттары туралы жазбаша келісімнің) немесе білім беру қызметін көрсету туралы шарттың (жұмыс беруші мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы арасындағы кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру шарттары туралы жазбаша келісімнің).

Об утверждении общих требований к профессиональной подготовке, переподготовке и повышению квалификации кадров в организации

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 191. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 апреля 2015 года № 10835. Утратил силу приказом Министра здравохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1045

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения и социального развития РК от 28.12.2015 № 1045 (вводится в действие с 01.01.2016).

      В соответствии с подпунктом 28) статьи 16 и пунктом 3 статьи 142 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые общие требования к профессиональной подготовке, переподготовке и повышению квалификации кадров в организации.
      2. Департаменту занятости населения Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Аргандыкова Д.Р.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

           Министр
       здравоохранения и
      социального развития
      Республики Казахстан                       Т. Дуйсенова

      СОГЛАСОВАНО
      Министр образования и науки
      Республики Казахстан
      ___________ А. Саринжипов
      17 апреля 2015 год

Утверждены         
приказом Министра    
здравоохранения     
и социального развития 
Республики Казахстан  
от 31 марта 2015 года № 191

Общие требования к профессиональной
подготовке, переподготовке и повышению квалификации кадров
в организации

      Общие требования к профессиональной подготовке, переподготовке и повышению квалификации кадров в организации, включают наличие:
      1) в Уставе (Положении) организации нормы по профессиональной подготовке, переподготовке и повышению квалификации кадров для организаций, которые непосредственно проводят профессиональную подготовку, переподготовку и повышение квалификации работников;
      2) рабочих учебных планов и программ по профессиональной подготовке, переподготовке и повышению квалификации кадров;
      3) учебников и учебно-методических комплексов по соответствующим профессиям (специальностям);
      4) договора обучения (письменного соглашения между работодателем и обучаемым об условиях профессиональной подготовки, переподготовки и повышения квалификации непосредственно в организации) или договора об оказании образовательных услуг (письменного соглашения между работодателем и организацией образования, реализующей образовательные программы технического и профессионального, послесреднего, высшего и послевузовского образования об условиях профессиональной подготовки, переподготовки и повышения квалификации).