Білім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 621 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5070 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01.2016 № 93 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 24-тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Білім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысаны бекітілсін.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Мыналардың:
      1) "Оқыту қызметін өтемелі көрсету шартының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 18 қарашадағы N 937 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3292 тіркелген);
      2) "Оқыту қызметін өтемелі көрсету шартының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 18 қарашадағы N 937 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 4 маусымдағы N 286 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4757 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

       Министр

Қазақстан Республикасы      
Білім және ғылым министрінің   
2007 жылғы 12 желтоқсандағы    
N 621 бұйрығымен бекітілген    

Білім беру қызметтерін көрсету
үлгі шартының нысаны

____________________________________________ негізінде әрекет етуші (құрылтайшы құжаттардың реквизиттері)
__________________________________________________________ атынан,
(басшының немесе өзге де уәкілетті тұлғалардың тегі, аты, әкесінің
аты)
бұдан әрі "білім беру ұйымы" деп аталатын___________________________
                              (білім беру ұйымының атауы, білім беру
                                қызметін жүргізуге құқық берілген)
_________________________ бір жағынан және бұдан әрі "білім алушы"  (мемлекеттік лицензия N)
деп аталатын _______________________________ екінші жақтан, немесе
                (тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________ негізінде және азамат(ша)_______________
мүддесі үшін әрекет етуші_______________________________________________________________      (заңды тұлғаның немесе басқа уәкілетті тұлғалардың тегі, аты,
___________________________________________________атынан, бұдан әрі
        әкесінің аты және лауазымы )
"тапсырыс беруші" деп аталатын_____________________________________
                                (жеке және заңды тұлғаның атауы)
үшінші жақтан төмендегілер туралы осы шартты жасады.

  1. Шарттың мәні

      1. Білім беру ұйымы:
      1) білім алушы_________________________________________оқуын
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес ұйымдастыру және толық курсты аяқтағандығы жөніндегі мемлекеттік үлгідегі _____ беру бойынша;                                                (құжат)
      2) білім алушыға білім беру ұйымының оқу жоспарларына сәйкес білім беру қызметін алу мүмкіндігін ұсыну бойынша міндеттемелерді алады.

  2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2. Білім беру ұйымы өзіне мынадай міндеттемелер алады:
      1)__________________________________________________ конкурс қортындысы                   (білім алушының аты-жөні)
бойынша (немесе басқа білім беру ұйымынан ауысу арқылы, академиялық қарыздарын өтеген жағдайда) ол немесе Тапсырыс беруші (өкілі) білім беру ұйымының жылдық төлем сомасынан білім беру ұйымы белгілеген сомада білім алушы оқуға қабылданғанға және қалған соманы төлеуге міндеттенгенге дейінгі білім беру ұйымында білім алушылар қатарына қабылдау;
      2) осы шартты жасау кезінде білім алушыны білім беру ұйымының Жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиясымен, білім беру ұйымының ішкі қабылдау тәртібін реттейтін тәртіп ережелерімен және басқа да нормативтік құқықтық кесімдермен, сондай-ақ оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру жөніндегі негізгі құжаттармен таныстыру;
      3) мамандарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес даярлауды қамтамасыз ету;
      4) білім алушының оқу жүктемесінің көлемін және сабақ кестесін қолданыстағы нормативтерге сәйкес үзілістермен анықтауға, білім алушының салауатты, қауіпсіз оқу жағдайын жасау;
      5) білім беру ұйымдары кітапхана қорының ақпараттық қорларына, оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға еркін қол жеткізуді және оларды пайдалануды қамтамасыз етуге;
      6) білім алушыға оқу бағдарламалары шеңберінде тапсырмаларды орындау үшін білім беру ұйымының басшысы бекіткен жекелеген ережелермен қаралған тәртіпте және жағдайларда компьютерлік техниканы пайдалану мүмкіндігін беру;
      7) білім беру ұйымының оқу жоспарына сәйкес білім алушының кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыру;
      8) білім алушыны оның өтініші бойынша білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіпте қайта қабылдау;
      9) білім алушының өтініші негізінде бір мамандықтан екінші мамандыққа немесе бір оқу нысанынан екіншісіне, сондай-ақ басқа білім беру ұйымына білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіпте ауыстыру;
      10) шартты бұзған кезде білім алушы барлық оқу мерзіміне алдын ала ақы төлеген жағдайда, төленген ақшасын ағымдағы оқу кезеңіндегі шығыстарды алып тастау арқылы, оған бұйрық шыққан сәттен бастап қайтарып беру;
      11) білім алушыны оның келісімісіз және оқу үдерісіне зиян тигізетін қоғамдық және басқа да тапсырмаларды орындауға тартуға жол бермеу;
      12) білім алушыға білім беру ұйымының ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларына, сондай-ақ халықаралық ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларға ерікті түрде қатысуға мүмкіндік беруге;
      13) толық оқу курсын ойдағыдай аяқтаған соң және қорытынды аттестатаудан өту нәтижелері бойынша білім алушыға ________________ біліктілігін беріп, мемлекеттік үлгідегі құжат табыстау;
      14) оқу орны таратылған немесе білім беру қызметі тоқтатылған жағдайда білім алушыға басқа білім беру ұйымында оқу жылын аяқтау шараларын қабылдау.
      3. Білім беру ұйымы:
      1) білім алушыдан осы шарт пен білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес міндеттерді адал және тиісті орындауды, сондай-ақ оқу тәртібін қадағалауды, білім беру ұйымының оқытушыларына, қызметкерлері мен білім алушыларына дұрыс әрі құрметпен қарауды талап етуге;
      2) оқу тәртібін, осы шарт талаптарын, ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін білім алушыларға тәртіптік ықпал ету шараларын қолдануға;
      3) білім алушыдан білім беру ұйымының мүліктеріне ұқыпты қарауды, компьютерлік және басқа да техникалармен жұмыс істеу ережелерін қадағалауды талап етуге. Білім алушының әрекеттерінен материалдық залал келген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында қарастырылған тәртіппен оны қалпына келтіруге кеткен шығындардың орнын толтыруды талап етуге;
      4) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтердегі жетістіктері үшін білім алушыны ынталандыруды және марапаттауды жүзеге асыруға;
      5) оқуға төлем жасау тәртібіне қатысты айрықша жағдайларда жеке жеңілдіктер беруді қарастыруға;
      6) білім алушы өз еркімен оқуын тоқтатқанда, сондай-ақ оны оқудан шығарғанда немесе академиялық демалыс берілгенде шартты бұзуға құқылы.
      4. Білім алушы:
      1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының толық көлеміндегі білімді, іскерліктерді және практикалық дағдыларды меңгеруге, оқу және практикалық сабақтарға қатысуға;
      2) дәлелді себептермен сабақтар жіберген жағдайда, өзі немесе туыстары арқылы болған жағдай туралы хабар беруге;
      3) білім алушы амбулаториялық немесе стационарлық емделуде болған кезде растайтын құжаттарын көрсету арқылы білім беру ұйымын хабардар етуге;
      4) білім беру ұйымы басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін және осы шарт талаптарын қадағалауға және орындауға;
      5) білім беру ұйымының мүліктеріне ұқыпты қарауға және оны тиімді пайдалануға, оқу мен жатақханада тұру үшін қалыпты жағдай жасауға қатысуға;
      6) әскери есепке тұру ережелерін;
      7) білім беру ұйымдарының оқытушыларына, қызметкерлеріне және білім алушыларына құрмет көрсетуге және сыпайы қатынас жасауға;
      8) жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медициналық ұйымдарда, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде немесе мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда жұмысты өтейді.
      Бұл ереже педагогикалық, медициналық және ветеринариялық мамандықтар бойынша қабылдау квотасы шегінде оқуға түскен ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға қолданылады;
      9) оқуды аяқтағаннан кейін мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік медицина ұйымдарында кем дегенде үш жыл жұмыс істеуге міндетті.
      Бұл ереже мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша оқуға түскен азаматтарға қолданылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2012.08.23 № 396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      5. Білім алушы:
      1) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіпте білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде бір оқу нысанынан екіншісіне, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір мамандықтан басқа мамандыққа, сондай-ақ ақылы оқудан мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға ауысуға;
      2) барлық оқу мерзімі үшін оқу шығыстарын алдын ала төлеуге, бұл жағдайда шарт сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгеріссіз қалады;
      3) оқу шығыстарын сатылап төлеуге, бұл жағдайда төлем мөлшері еңбекке төлем жасау шығыстары мен инфляция индексі ұлғайған жағдайда тараптардың келісімі бойынша жылына бір реттен аспай өзгеруі мүмкін;
      4) қосымша ақыға мемлекеттік стандарттардан тыс қосымша білім беру қызметін алуға;
      5) кітапханалар мен оқу залдары базаларында оқулық, оқу-әдістемелік әдебиеттер қорына еркін қол жеткізіп, пайдалануға;
      6) студенттік өзін-өзі басқару органдарына қатысуға;
      7) жоғарыда аталған мүмкіндіктерді осы шартқа қосымша келісіммен бекітілуі арқылы білім беру ұйымының шешімімен жеке оқу жоспары мен жеделдетілген бағдарламалар бойынша оқуға;
      8) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен білім беру ұйымына қайта қабылдануға құқылы.

  3. Білім беру қызметін төлеудің мөлшері мен тәртібі

      6. Тиісті мемлекеттік стандарт шеңберінде көрсетілетін білім беру қызметі үшін төлем жасау валютасы теңгемен бекітіледі.
      7. Оқу ақысының сомасы өзгерген жағдайда осы шартқа толықтыру жасалады. Оқу құнының ұлғаюы еңбекке төлем жасау және оқуға кететін жалпы шығыстар көлеміне қатысты инфляция индексі шығыстарының өсуін болдырмайды.
      8. Төлем жасау түрі - білім беру ұйымының есепшотына тиісті төлемдерді аудару.
      9. Басқа оқу орнынан ауысу арқылы түскен білім алушылар сабаққа жіберу туралы білім беру ұйымы басшысының бұйрығы шыққаннан кейін оқуға төлем жасайды.
      10. Оқуға ақы төлеу жөніндегі шарттық міндеттемелер білім алушыны оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күнге дейін сақталады.

4. Тараптардың жауапкершіліктері

      11. Оқу ақысын төлемеген жағдайда білім алушы тиісті сессияға жіберілмейді және білім беру ұйымынан шығарылады. Оқығаны үшін жинақталған қарызы Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен өндіріліп алынады.
      12. Осы шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиесілі орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген жауапкершіліктерді мойнына алады.
      13. Осы білім беру қызметін көрсетудің үлгі шарты туралы 4-тармақтың 8)-тармақшасын орындамағаны үшін білім алушының қаза тапқандығы туралы куәлікпен расталған білім алушының қаза болғандығын есептемегенде оның оқуымен байланысты республикалық бюджет шығыстарының орнын толтыруға міндетті.

5. Дауларды шешудің тәртібі

      14. Осы шартты орындау үрдісіне туындаған келіспеушіліктер мен даулар, тікелей тараптардың өзара қолайлы шешімдерге келуі мақсатында шешіледі.
      15. Тараптар арасында келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасау жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес шешіледі.

  6. Шарттың әрекет ету мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі

      16. Осы шарт оған тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және толық орындалғанға дейін әрекет етеді. Жаңа шарт жасау кезінде жаңа шарт жасау сәтінде белгіленген талаптар әрекет етеді.
      17. Осы шарттың талаптары тараптардың өзара жазбаша келісімдері бойынша өзгеруі және толықтырылуы мүмкін.
      18. Тараптар арасындағы шарттық қатынастардың тоқтау сәті білім беру ұйымы басшысының тиісті бұйрығын шығаруы болып табылады.
      19. Осы шарт үш данада жасалады, ал Тапсырыс беруші қатысса төрт данада мемлекеттік немесе орыс тілінде бірдей заң күшімен жасалады және бір данадан білім алушы мен Тапсырыс берушіге беріледі, ал екі данасы білім беру ұйымында қалады.
      20. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен банктік реквизиттері:
Білім беру ұйымының атауы _________________________________________
Білім беру ұйымының тұрғылықты жері _______________________________
Білім беру ұйымының СТН-ы________________________________________
Білім беру ұйымының есеп шоты ____________________________________
Басшының немесе басқа уәкілетті тұлғаның қолы _________________ М.О.
Білім алушының аты-жөні ______________________________________
Білім алушының мекен-жайы ______________________________________
Білім алушының қолы __________________________________________
Тапсырыс берушінің атауы немесе аты-жөні __________________________
Тапсырыс берушінің тұрғылықты жері немесе мекен-жайы________________
Тапсырыс берушінің СТН-ы ________________________________________
Тапсырыс берушінің есеп шоты (болған жағдайда) _____________________
Тапсырыс берушінің қолы _____________________________________ М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады