Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.08.2021 № ҚР ДСМ-72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшелік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика министрі | Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
__________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 4 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 ақпандағы
№ 174 бұйрығымен
бекіткен
"Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді, өндірістік мақсаттағы ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды жобалауға, салуға, реконструкциялауға және пайдалануға, оларда жұмыс істейтін адамдардың жұмыс орындарына, еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетілуіне, медициналық қамтамасыз ету мен тамақтануына қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мыналарды:
1) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға қойылатын талаптарды;
2) өндірістік ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын талаптарды;
3) өндірістік объектілердегі технологиялық процестерге және жабдықтарға қойылатын талаптарды;
4) өндірістік объектілерді жылытуға, жарықтандыруға, ауасын желдетуге және баптауға қойылатын талаптарды;
5) сумен жабдықтауға, су бұруға және өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратуға қойылатын талаптарды қамтиды.
6) инфекция ошақтарын оқшаулау бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды;
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Санитариялық қағидалар жерасты құрылыстарын және кен қазбаларын, сондай-ақ жұмыс мерзімі бес жылға дейін құрылыс кезеңінде тұрғызылатын уақытша өндірістік ғимараттарға және құрылыстарға қолданылмайды.
4. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) аэрация – құрамындағы органикалық заттарды жылдам тотықтыру үшін әртүрлі орталардың ауамен жасанды қанығуы;
2) ауамен себезгілеу – үй-жайға салқын ауаның, газдың, будың, шаңның түсуінің алдын алуға арналған жергілікті желдеткіш;
3) зиянды заттар – ауадағы рұқсат етілген шекті шоғырланудан (бұдан әрі - РШШ) асатын, адамның организміне теріс әсер ететін заттар;
4) зиянды өндірістік фактор – қызметкерге әсері ауруға немесе еңбек қабілетін төмендетуге және (немесе) ұрпағының денсаулығына теріс әсер етуге алып келуі мүмкін өндірістік фактор;
5) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар – технологиялық жабдықты пайдаланатын және адамдардың еңбегі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістері орналастырылған өндірістік объектілер;
6) объектінің қауіптілік сыныбы – қуатына, пайдалану жағдайына, қоршаған ортаға бөлінетін ластайтын заттардың сипатына және мөлшеріне, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер ететін шуға, дірілге, иондамайтын сәулеленуге байланысты белгіленетін объектінің санаты;
7) өңдірістік объект (одан әрі – объект) – адамның денсаулығы мен өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын процестерді, жабдықтарды және технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын өнім шығарумен, жұмысты орындаумен және қызметтер көрсетумен байланысты шаруашылық қызметінің объектісі;
8) өндірістік бақылау – бұл заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің атқарып отырған санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылау, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) шараларды орындауды қамтамасыз ету бойынша атқаратын қызметтеріне сай жүргізілетін санитариялық қағидаларды сақтау және санитариялық–эпидемияға қарсы (профилактикалық) шараларды орындау.
9) рециркуляция – температураны және қоспалардағы компоненттердің шоғырлануын реттеу мақсатында технологиялық процеске газдар, сұйық және қатты заттар ағымының көп мәрте, толық немесе ішінара қайтуы;
10) шлам – сарқынды суларды тазарту процесінде алынған, құрамында 60-70 пайызға (одан әрі – %) дейін минералды бөлшектер мен органикалық материал бар лайлы шөгінді;
11) шлам үйіндісі – шламды жинау және сақтау орны;
12) экрандалған үй-жайлар – радиоаппаратураны пайдалану, монтаждау, жөндеу және сынау кезінде, әртүрлі жоғары вольтты қондырғылар мен генераторлар тудыратын электромагниттік өрістерді (бұдан әрі – ЭМӨ) орналастыру кезінде қызмет көрсететін персоналды электромагниттік өрістің әсерінен қорғау, қабылдаушы құрылғылар мен арнайы өлшеу, есептеу және басқа да аппаратураны сыртқы ЭМӨ әсерлерінен қорғау мақсатында жабдықталған үй-жайлар.
2-тарау. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Объектілер сәулет-құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жобаланады.
Құрылыс пен реконструкцияланатын объектінің жобасына, Кодекстің 62-бабының 8-тармағына сәйкес, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органы ведоствосының аумақтық бөлімшесінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болуы міндетті.
6. Объектілердің құрылыс жобаларында:
1) өндірістік процестердің негізгі сипаттамалары, пайдаланылатын материалдар мен жабдық, ықтимал шығарындылар, ластайтын заттардың төгінділері, өндіріс және тұтыну қалдықтарының болжамды пайда болу көлемдері;
2) зиянды өндірістік қалдықтардың әсерін болдырмайтын санитариялық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары және техникалық құралдар кешенін;
3) өндірістік процестердегі қайталама және айналымды сумен жабдықтау;
4) өндірістік сарқынды суларды елді мекеннің су бұру жүйесіне шығаруға мүмкіндік беретін өндірістік сарқынды суларды жергілікті тазалау;
5) санитариялық–қорғаныш аймағын (одан әрі – СҚА) құру көзделеді.
7. Жаңа объектілерді салуға және қолданыстағы объектілерді кеңейтуге арналған алаңдар климаттық жағдайларды, жер бедерінің сипаттамаларын, ауа ортасының қазіргі жағдайын және қазіргі бар фондық ластануды ескере отырып; қалдығы аз және қалдықсыз технологияларды енгізу көздерінен, сондай-ақ тұрғын, рекреациялық, курорттық аймақ, халықтың демалыс аймағының атмосфералық ауасындағы шығарындыларды болдырмау (азайту) бойынша арнайы іс-шараларды ескере отырып таңдалады.
8. Өндіріс нысандарын орналастыру елді мекеннің өндіріске және санитариялық-қорғаныш аймағына бөлінген жерлер көрсетілген негізгі бас жоспарын есепке ала отырып жүргізіледі.
9. Жаңа объектілерді рекреациялық аумақтарда, сумен жабдықтау көздерін санитариялық қорғау аймақтарында, суды қорғау және су қоймасы маңындағы аймақтарда, курорттардың қорғау аймақтарында орналастыру Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілетін "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілетін қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға қойылатын гигиеналық нормативтеріне сәйкес, жекелеген ғимараттар мен құрылыстар объект алаңында желдету және ауа баптау жүйелерінің ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған ауа жинау орындарында сыртқы ауадағы зиянды заттар жұмыс аймағына арналған РШШ 30 пайызынан аспайтындай етіп орналастырылады.
11. Объектінің аумағында мынадай функционалдық аймақтар:
1) өндірістік;
2) әкімшілік-шаруашылық;
3) көлік-қоймалық;
4) қосалқы объектілер бөлінеді.
12. Зиянды заттарды пайдаланатын объектілер, әкімшілік-шаруашылық және қосалқы аймақтар өндірістік және көлік-қоймалық аймақтардан ені шекаралас өндірістік ғимараттардан туындайтын циркуляциялық аймақтың енінен кем емес ажыраулармен бөлінеді.
13. Зиянды заттарды пайдаланғанда технологиялық жабдықтарға арналған ғимараттар мен ашық алаңдардың ұзын біліктері желдің басым бағытына параллель болуы тиіс.
14. Жолдан және құрылыстан бос объектілердің аумақтарын абаттандыру мен көгалдандыру Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілетін "Өнеркәсіптік объектілердің санитарлық-қорғау аймақтарын белгілеуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
15. Өнеркәсіптік объектінің санитарлық-қорғау аймағының аумағында Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін "Өнеркәсіптік объектілердің санитарлық-қорғау аймақтарын белгілеуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларымен қарастырылған объектілерді салуға жол берілмейді.
16. Ашық алаңдар мен құрылғыларды, агрегаттар мен жабдықтарды, химиялық зиянды заттар, физикалық факторлардың көзі болып табылатын технологиялық қондырғыларды орналастыруға жұмыс орнында Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін адамға әсер ететін физикалық факторларға және қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға қойылатын гигиеналық нормативтері сақталған жағдайда рұқсат етіледі.
17. Газ және шаң тазартқыш және жергілікті тазарту құрылғыларын, рұқсат берілген өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтарды жинайтын және уақытша сақтайтын орындарды, сондай-ақ қалдықтарды залалсыздандыру мен кәдеге жарату құрылғыларын қосқанда өндіріс объектісінің ауданы негізгі және қосалқы ғимараттарды орналастыру үшін жеткілікті болуы тиіс.
3-тарау. Өндірістік ғимараттарға, үй-жайларға және құрылыстарға, жұмыс істейтін адамдардың еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетілуіне, медициналық қамтамасыз ету мен тамақтануына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. Әрбір тұрақты және тұрақты емес жұмыс орнының ауданы кемінде 2,2 м2 (бос алаңдарының көлемі арнайы талаптарда жазылатын кабиналар мен объектілерді қоспағанда) құрауы тиіс. Осы норматив жабдықтар, қызмет көрсету аймақтары, өтетін жолдар, жүретін жерлер, аралық жинау орындары мен өндірісті кейіннен кеңейтуге арналған резервтегі алаңдар алып жатқан аудандарға қолданылмайды.
19. Жұмыс орнында негізгі және қосалқы жабдықтарды орналастыру тұрақты немесе уақытша жұмыс орындарын (профилактикалық тексеру, технологиялық жабдықты жөндеу және реттеу кезеңінде) құру және оның жұмыс істеуі үшін көлемдері бойынша жеткілікті өтетін орындарды мен бос алаңдарды, сондай-ақ жұмыскерлердің қызмет көрсету аймағында еркін қозғалуын қамтамасыз етеді.
20. Монтаждауға (демонтаждауға), жабдықтарға қызмет көрсетуге және жөндеуге байланысты еңбек операцияларын орындау кезінде жұмысшылардың күйі мен қалпына қарай жұмыс аймағының мынадай ең аз өлшемдері (жабдықтан жұмыс аймағының шекарасына дейін) қабылдануы тиіс, метрмен:
1) түрегеп тұрып 150-қа дейін еңкейіп – 0,7 (0,6) м;
2) түрегеп тұрып 300-қа дейін еңкейіп – 0,8 (0,6) м;
3) түрегеп тұрып 600-қа дейін еңкейіп – 0,9 (0,6) м;
4) түрегеп тұрып 900-қа дейін еңкейіп – 1,2 (0,9) м;
5) жүресінен отырып – 1,1 (0,8) м;
6) өтетін жолдар – 0,7 м.
Жұмысшылардың қолдары немесе дене корпусының бір бөлігі жабдықтың ірі көлемдері шегінде болған жағдайларда (шығып тұратын элементтерінің үстінде), жұмыс аймақтарының көлемдерін жақша ішінде келтірілген мәндерге дейін азайтуға жол беріледі.
21. Объектіде еңбек процесін ұйымдастыру еңбек процесін жетілдіру және шаршағыштық пен жарақат алудың алдын алу бойынша іс-шараларды көздейді:
1) еңбекті көп қажет ететін технологиялық операцияларды механикаландыру және автоматтандыру, қызмет түрлерін алмастыруды пайдалану, өндірістік операцияларды кезектестіру, еңбек пен демалыстың тиімді режимін енгізу;
2) қарапайым еңбек іс-әрекеттерінің қайталану санын шектеу, жұмыс ауысымы ішінде адамның динамикалық еңбекке қабілетіне сәйкес конвейер қозғалысының қарқынын өзгерту.
22. Үй-жайлар көлемі микроклимат бойынша, бірақ кемінде 15 текше метр (бұдан әрі – м3) нормативтер талаптарын қамтамасыз ету қажеттігіне сүйене отырып, есептеу жолымен анықталады.
23. Ғимарат ішіндегі жекелеген үй-жайлардың өзара орналасуы, егер бұл технологиялық процесті ұйымдастыруға қайшы болмаса, шикізаттың, аралық және дайын өнімдер мен бұйымдардың қайтарымды немесе қарама-қарсы қозғалысын болдырмайтын технологиялық ағынға сәйкес бөлінеді.
24. Егер бұл табиғи ауа алмасу мен жарықтандыруды бұзбаған жағдайда, өндірістік ғимараттардың сыртқы қабырғаларына жапсарлас құрылыстар салуға жол беріледі.
25. Бу, газ және шаң түріндегі зиянды заттарды бөлмейтін ыстық технологиялық процестермен сипатталатын объектілерді орналастыру үшін бір қабатты ғимараттар немесе табиғи басқарылатын ауа алмасуды (аэрацияны) қамтамасыз ететін қабырғалар мен шатырдың конструктивті элементтері бар көп қабатты ғимараттардың жоғарғы қабаттары көзделуі тиіс.
26. Зиянды заттар бөлінетін болған жағдайда, механикалық ішке тарту және сыртқа тарату желдеткіш жүйесі, сондай-ақ технологиялық процестерді ескере отырып жергілікті желдету жүйелері көзделеді.
27. Өндірістік объектілерде ауаға қауіптілігі 1 және 2-сыныпты зиянды заттардың бөлінуі мүмкін жұмыс зонасына технологиялық жабдықтарды оқшауланған үй-жайларға немесе осы жабдықты пультті немесе операторлық аймақтардан басқаратын аймақтарда орналастыру көзделеді.
28. Қауіптілігі 1 және 2-сыныпты зиянды заттармен жұмыс жүргізілетін бір ғимаратта бірнеше өндірістерді орналастырған кезде, улы заттардың көп компонентті қоспасының түзілуіне және олардың көрші өндірістік үй-жайларға таралуына кедергі жасайтын құрылыс шешімдерін қолдана отырып, әрқайсысын оқшаулау қамтамасыз етіледі.
29. Терезесі және жарықтандыру шамы жоқ ғимараттарды салуға, табиғи жарығы жеткіліксіз жертөледе және цоколды қабатта тұрақты жұмыс орындары бар өндірістік үй-жайларды орналастыруға жол беріледі.
Бұл ретте мыналар:
1) жасанды жарықтандыру;
2) ультракүлгін сәулеленуге арналған құрылғы;
3) жұмысшылардың қысқа уақытқа демалуына арналған бөлмені жасанды жарығы бар (жасанды жарық коэффициенті кемінде 0,5 %) жұмыс орнынан 100 м алыс емес арақашықтықта орнату;
4) осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес тұрақты қолданыстағы мәжбүрленген желдеткішпен қамтамасыз ету көзделуі тиіс.
30. Технологиялық және энергетикалық жабдықты ашық алаңда орналастырған кезде жабдықты пультпен басқаруға және жұмысшылардың демалысына арналған үй-жайлар көзделуі тиіс.
31. Өндірістік ғимараттарда ішке тарту желдеткіш камераларына арналған алаңдар бөлінеді. Ішке тарту камераларынан кіретін жер үй-жайдан, дәлізден, тамбурдан немесе сырттан болуы тиіс. Ішке тарту камераларында бөгде заттар болмауы тиіс.
Ішке тарту желдеткіш камерасына сыртқы ауаны жинау жерден 2 м төмен емес биіктікте жүргізіледі.
32. Басқару пульттерінің үй-жайларында, санитариялық-тұрмыстық қондырғыларда және жаяу жүретін туннельдерде зиянды сұйықтықтар мен газдарды тасымалдауға арналған құбырларды, сондай-ақ транзиттік бу құбырларын салуға жол берілмейді.
33. Жылытылатын өндірістік үй-жайлардың сыртқы қоршаулары қабырғалар мен төбенің ішкі беттерінде конденсаттың түзілу мүмкіндігін болдырмауы тиіс. Ылғалды режимі бар үй-жайлар үшін бұл талаптан бас тартуға жол беріледі.
34. Ашылатын терезелермен немесе жарық шамдарымен жабдықталған ғимараттар мен құрылыстарда еденнен немесе жұмыс алаңынан басқарылатын, ашық ойықтың мөлшерін реттейтін механизмдер, сондай-ақ терезелерді, шамдар мен жарықтандыру арматурасын тазалауға арналған, осы тәрізді жұмыстарды ыңғайлы және қауіпсіз орындауды қамтамасыз ететін алаңдар мен механизмдер көзделуі тиіс.
35. Үй-жайларды және жабдықтарды түспен безендіру шағылудың барынша аз коэффициентін (0,4-тен артық емес) ескере отырып орындалады.
36. Жаңа және қайта жаңартылатын ғимараттар мен құрылыстарда сыртқы қоршаулар арқылы, сондай-ақ технологиялық көздерден жұмыс аймағына жылу мен суықтың артығымен түсуін азайтуға бағытталған іс-шаралар көзделеді.
37. Жылытылатын үй-жайларда түрегеп тұрып жұмыс істейтін тұрақты жұмыс орындарында еденге төсеуге арналған материалдың жылуды сіңіру коэффициенті сағатқа көбейтілген және градусқа көбейтілген шаршы метрге 6 килокалориядан (ккал/м2-сағ.град) артық болмауы тиіс немесе ағаш қалқандармен не жылудан оқшаулайтын кілемшелермен жабылуы тиіс.
38. Агрессивті сұйықтықтардың (қышқылдардың, сілтілердің) және сынап, еріткіштер, биологиялық активті заттар сияқты зиянды заттардың ықтимал әсер ететін орындарында еденге көрсетілген заттардың әсеріне төзімді, оларды сіңіруді болдырмайтын, тазалауға және зарарсыздандыруға болатын материал төсеу көзделуі тиіс. Көрсетілген заттарды шығару үшін өндірістік кәріз (канализация) жүйесіне ағызу алдында оларды алдын ала бейтараптандырып, суды шығаратын шоғырлы құрылғыларына ағызу тетіктері қарастырылуы тиіс.
39. Әсері күшті улы заттарды, прекурсорларды, пестицидтерді бастырма астында, ашық аспан астында сақтауға жол берілмейді. Әсері күшті улы заттарды, химиялық заттарды, прекурсорларды, пестицидтерді сақтауға арналған бөлмелерде табиғи және механикалық сорып-шығару желдеткіші болуы тиіс.
40. Персоналдың жұмыс орнын жарықтандыру Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын гигиеналық нормативтеріне сай көзделеді.
41. Сақтауға, буып-түюге және бөліп-құюуға арналған қоймалардың қабырғасын, еденін, төбесін және ішкі конструкцияларын әрлеу үшін конструкцияны әсерлі улы заттардың химиялық әсерінен сақтайтын, шаң мен буды бетінде жинақтамайтын немесе бойына сіңірмейтін, оңай тазаланатын және жуылатын материалдар қолданылуы тиіс.
42. Әсері күшті улы заттарды, химиялық заттарды, прекурсорларды, пестицидтерді сақтайтын қоймалар залалсыздандыру құралдарымен, жеке қорғану құралдарымен, алғашқы көмек көрсететін дәрі қораппен камтамасыз етіледі.
43. Арнайы киім-кешекпен және ЖҚҚ қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ, егер ЖҚҚ зақымдалған, жарамсыз болса жұмысшылар жұмыс істеуге жіберілмейді.
44. Пестицидтерді арнаулы салынған типтік немесе соған бейімделген жайларда, қоймаларда сақтауға рұқсат етіледі. Пестицидтерді жертамдарда, жерқоймаларда, жертөлелерде және жанғыш заттардың қоймасында сақтауға жол берілмейді. Қойма аймағы автокөліктердің кіріп-шығуына, айналуына, бос ыдыстарды салбыратып жинақтау үшін және бос ыдыстарды залалсыздандыру үшін жеткілікті алаңы қоршалады.
45. Пестицидтерді қоймаларда сақтауға Кодекстің 62-бабының 8-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтың бөлімшесінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысын алғаннан кейін рұқсат беріледі.
46. Қойма жайы сақталатын өнімнің көлемі мен тоннажын есепке ала отырып жобаланады. Пестицидтер қоймасын жоспарлау келесі функционалды бөлімшелерінің болуын қарастырады: пестицидтерді сақтайтын жалпы бөлімше, тұтандырғыш-жарылғыш қауіпі бар пестицидтерді сақтайтын бөлімше, өте қауіпті пестицидтерді сақтайтын бөлімше (1 сынып қауіптілігі), жеке қорғану құралдарын, су, сабын, сүлгі және дәрі қобдишасын сақтайтын бөлімшесі. Шаруашылықта әсері күшті улы заттарды қолдану жағдайында, қойманың құрылысы кезінде қосымша үй-жай қарастырылуы қажет.
47. Жайды стеллаждар, табиғи (терезелер, желкөздер) немесе мәжбүрленген желдеткіштермен жабдықтау қажет. Қоймада қолжуғыш, ірі базистік қоймаларда – душ қондырғысын орнату қажет. Қойма құлыппен жабылуы керек.
48. Қойма үй-жайын пестицидтерді тағам өнімдерімен, жемшөппен және басқа да материалдармен немесе шаруашылық заттарымен бірге сақтауға пайдалануға рұқсат етілмейді.
49. Пестицидтерді минералды тыңайтқыштармен бірге сақтауға жол берілмейді.
50. Қойма ішінде пестицидтерді орналастыру тәртібі олардың уыттылығы мен жанғыштығы, препараттық үлгісі, химиялық үйлесімділігі және температуралық сақтау режимі бойынша жіктелуіне байланысты жүргізіледі. Магний хлораты және кальций хлорат-хлориді басқа химиялық заттардан толық оқшаулықта сақталады.
51. Құрамына су кіретін (формалин, карбатион, амин тұзы 2,4-Д және барлық майлы эмульсия концентраттары) препараттарды қыс уақытында жылытылатын үй-жайларда сақтайды.
52. Тұлғалардың қойма ішінде болу уақыты тек пестицидтерді қабылдап алу, түсіру және есепке алу кезінде ғана рұқсат етіледі.
53. Пестицидтерді, ҚӘЕҰЗ, химиялық заттарды, прекурсорларды сақтау қоймасы тазалықта ұсталады.
54. Пестицидтер техникалық жағдайларға сәйкес жақсы жабылатын мықты ыдыста тасымалданады және босатылады. Ыдыста өшпейтін бояумен жазылған заттаңбаның болуы көзделеді. Заттаңбада:
1) жеткізуші тауарлық белгісі немесе кәсіпорынның атауы;
2) препараттың атауы мен ондағы әсер ететін заттың номиналды пайызы;
3) препарат жатқызылатын пестицидтер тобы;
4) брутто және нетто салмағы;
5) партия нөмірі;
6) пестицидтің шығу мерзімі;
7) стандарты мен техникалық жағдайының нөмірі;
8) "өртқауіпті" немесе "жарылысқауіпті" белгілері (препаратта өртқауіпті немесе жарылысқауіпті қасиеттері болған жағдайда) көрсетіледі.
55. Әр тауарлық бірлікке пайдаланылуы, қолданылуы және препаратты сақтау жағдайы бойынша қысқаша нұсқаулық жапсырылады.
56. Қоймада тез бұзылатын пестицидтер болған жағдайда, олардың сақталу мерзіміне қарамастан, қолданар алдында заттың жарамдылық пайызын анықтап, шығын мөлшеріне түзетулер жасауға талдау жасалады.
57. Пайдаланылмаған пестицидтер ыдысымен бірге қоймаға қайта тапсырылады.
58. Пестицидтерді қоймадан зауыт орауышынсыз немесе орауыш бүтіндігі бұзылған кезде босатуға жол берілмейді.
59. Қоймаға келіп түсетін және босатылатын пестицидтер тігілген және нөмірленген кіріс-шығыс кітабына жазылады.
60. Жыл сайын жыл соңында қоймада пестицидтердің қалдықтарына акт толтырыла отырып, инвентаризация жүргізіледі.
61. Пестицидтер, ҚӘЕҰЗ, химиялық заттар, прекурсорлар Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін "Жолаушылар мен жүкті тасымалдайтын көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес тасымалданады.
62. Ауыл шаруашылығында пайдалануға тыйым салынған немесе жарамсыз болған пестицидтердің қалдықтарын толық жойылғанға дейін қоймада сақталынады.
63. Радиожиілікті диапазондағы электромагниттік өрістер (одан әрі – ЭМӨ) көздерімен жұмыс істейтін өндірістік үй-жайларды ағымды желілерде орналастыруды қоса алғанда жалпы үй-жайларда, сондай-ақ жеке үй-жайларда да орналастыруға жол беріледі. Егер персоналдың қондырғыда жұмыс істеуге және оған қызмет көрсетуге байланысты емес жұмыс орындарындағы ЭМӨ-нің деңгейлері Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін "Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес рұқсат етілген шекті мәннен аспаса, ЭМӨ көздерін жалпы үй-жайларда орналастыру көзделеді. Көрсетілген жағдайды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, ЭМӨ қондырғылары жеке үй-жайларда орналастырылады.
64. ЭМӨ көздерімен жұмыс істеуге арналған экрандалған үй-жайларда жұмыс аудандары мен көлемдері өңделетін бұйымның көлемдеріне қарай белгіленеді.
65. Экрандалған үй-жайлардың қабырғалары, төбесі мен едені сіңіретін материалдармен қапталады.
66. Экрандалған үй-жайларда табиғи жарықтың, ультракүлгін жеткіліксіздігін, ауаның газды және ионды құрамының өзгеруінің орнын толтыру бойынша шаралар көзделеді.
67. Электромагниттік энергия құрылыс конструкциялары арқылы көрші үй-жайларға өткен жағдайда әртүрлі экрандалған материалдардан (қалқалар, металл табақтар, торлар) жасалған құрылыс материалдары және конструкциялары қолданылады.
68. Персоналдың жұмыс орнында лазерлі сәулелену деңгейі Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын гигиеналық нормативтеріне сәйкес мәнді шектеу деңгейінде қарастырылады.
69. Шу көздері орналасқан жаңа және қайта жаңартылатын объектілерде үй-жай ішінде, жұмыс орындарында, сондай-ақ тұрғын үйлер қоршап тұрған аумақта шуды төмендетуге бағытталған сәулет-құрылыс іс-шаралары көзделуі тиіс.
70. Шу параметрлерін гигиеналық нормативтермен белгіленген мәнді шектеу деңгейіне дейін жеткізу мүмкін болмаған жағдайда:
1) стационарлық жабдық үшін дыбыстан оқшаулау кабиналарын жасау, процесті қашықтықтан басқаруды көздеу;
2) қол аспабы үшін басқа жұмысшыларға шудың әсерін болдырмайтын жұмыс орындарын орналастыруды көздеу қажет.
71. Жұмысшыларға шудың, дірілдің, ультра және инфрадыбыстың әсеріне байланысты жұмыс орындарының маңында мерзімдік демалуға және профилактикалық рәсімдер жүргізуге арналған үй-жайлар қарастыру қажет.
72. Персоналдың жұмыс орнындағы шудың, дірілдің, ультра және инфрадыбыстың деңгейі Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын гигиеналық нормативтерге сәйкес көзделеді.
73. Плазмалы технологияларға арналған үй-жайларда:
1) бір жұмысшыға кемінде 10 м2 және үй-жайдың биіктігі еденнің ең төменгі нүктесінен кемінде 3,5 м есебінен жабдық қойылмаған алаңның болуы көзделеді;
2) қабырғалары мен төбесі ультракүлгін сәулені жұтатын, жанбайтын перфорацияланған материалдан қорғаныш жабыны бар, дыбыс сіңіретін қаптаумен жабылады. Жабдықтың өзінде дыбыс сіңіретін қорғанышы болмағанда, қаптау биіктігі кемінде 2,7 м болуы тиіс.
74. Өндірістік ғимараттарға және құрылыстарға кіреберістерінде аяқ киімді тазалауға арналған металл торлар мен басқа да құрылғылар қарастыру қажет.
75. Адамдар тұрақты болатын өндірістік объектілерде табиғи және жасанды жарықтандыру көзделеді.
76. Жасанды жарықтандыру жұмысшы және апаттық болып көзделеді. Орташа дәлдіктегі жұмысты атқарған кезде жұмыс орнындағы құрамдастырылған жарықтандыру кемінде 500 люкс (бұдан әрі – лк), аз дәлдіктегі және дөрекі істелетін жұмыс кезінде кемінде 200 лк болуы тиіс.
77. Персоналдың жұмыс орнындағы жарықтандыру көрсеткіші Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен "Адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" гигиеналық нормативтерге сәйкес көзделеді.
78. Жұмыстар бинокулярлық стереоскопиялық микроскоптарды қолдана отырып орындалатын жағдайларда, микроскоптан тыс монтаждау үстелінің жұмыс аймағын жарықтандыру осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес белгіленеді.
79. Көзбен шолып бақылайтын экрандары бар көзге күш түсіретін жұмыстар үшін жарықтандыру деңгейлері осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаның 2-кестесі бойынша қабылдануы тиіс.
80. Шамшырақтардың жарық-техникалық сипаттамалары, олардың жұмыс аймағына қатысты орналасуы мен орнатылуы жұмысшыларға тікелей және шағылысқан жарқылдың зиянды әсерін болдырмауды қамтамасыз етуі тиіс.
81. Шамшырақтардың конструктивті орындалуы жұмыс және қызмет көрсету кезінде өрт және электр қауіпсіздігін, өндірістік ортаның (өрт және жарылыс қауіпті, шаң, химиялық активті) нақты жағдайларында сипаттамалардың беріктігін, ұзақтығын және тұрақтылығын, қызмет көрсетуге ыңғайлылығын қамтамасыз етуі тиіс.
82. Өндірістік үй-жайларда жарық шамдарды уақтылы тазалау және күйген шамдарды, істен шыққан шамдарды айырбастау жүргізу қажет.
83. Өндірістік объектілерде шамшырақтарды тазалауға және жөндеуге арналған құралдармен жабдықталған шеберханалар, жарық пен жарық-техникалық жабдықтың газды разрядты көздерін сақтау қоймалары көзделеді.
84. Құрамында сыныбы бар бар қондырғылар мен шамдарды, газбен қуаттандырылатын шамдары бар жарықтандыру қондырғыларын жинап сақтау үшін арнайы бөлінген орын қарастырылады. Сынаппен толтырылған, істен шыққан жарамсыз шамдарды кәдеге жарату арнайы ұжымдар орындайды.
85. Өндірістік үй-жайлардың жарықтандыру қондырғыларының құрамында ультракүлгін жеткіліксіздігінің алдын алу үшін профилактикалық ультракүлгін сәулелену қондырғылары көзделуі тиіс. Ұзақ әсер ететін профилактикалық ультракүлгін сәулелену қондырғылары өндірістік ультракүлгін сәулелену көздері бар үй-жайларда көзделмейді.
86. Жұмыс істейтін адамдарға қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар осы Санитариялық қағидаларға сәйкес белгіленеді. Тамақтану бөлмелерін тұрмыстық тоңазытқышпен, ыдыс жуатын раковиналармен жабдықтайды.
87. Бірінші және екінші қауіпсіздік сыныбы заттармен, сондай-ақ патогенді микроорганизмдермен ластанған киімді арнайы киім сақтайтын гардеробтарда сақтау қажет. Жұмысшыларға таза киімді таратуға арнайы тарату бөлмесі қараластырылады. Ластанған арнайы киімді қабылдау (жинау) және уақытша сақтау үшін жекеленген арнайы бөлме гардеробтың жанынан қарастырылуы қажет.
88. Киімдер жуылған мерзімде жұмысшыларға арнайы киімдердің ауысымды жиынтықтары беріледі.
89. Жуынатын бөлмелер гардеробпен жапсарлас тұрған немесе гардеробтарда, арнайы бөлінген орын- жайларға орналастырылады.
90. Киімдердің ластануына, сондай-ақ 1-ші және 2-ші қауіпсіздік сыныбындағы заттармен ластануымен жүргізілетін өндірістік процестер кезінде себезгі бөлмелері гардеробпен қатар, санитариялық өткізгіш ретінде орналастырылады.
91. Гардеробтардың қабырғалары мен қалқалары 2 м. дейін, себезгі, жуынатын бөлмелерінің, әжетханалардың, әйелдердің жеке гигиенасына арналған бөлмелердің, қол, аяқ ванналары бөлмелерінің едендері, қабырғалары және жабдықтарының беті тегіс, ылғалға төзімді, жуатын және дезинфекциялық заттарды пайдалана отырып ыстық сумен тез жуылатын материалдармен қапталуы тиіс. Аталған үй-жайлардың қабырғалары мен жеңіл қабырғалары 2 м. жоғары, ал төбесін ылғалға төзімді жабындымен жабу көзделеді.
92. Еден, қабырғалар, гардеробтар жабдықтары, душ бөлмесі, сонымен қатар аяқ ванналарын әр ауысымнан кейін ылғалды тазарту қажет. Себезгінің кіре берісінде сандалиді әр пайдаланған сайын залалсыздандыратын және формалин ерітіндісі үшін кіші ванналары көзделген. Эпидермофитиямен ауырған аурулар үшін күнделікті аяқ киімін залалсыздандырып кептіру үшін арнаулы үй-жай жабдықталады.
93. Себезгі бөлмелері қондырғыларын жеңіл тазарту, жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып ыстық сумен едендерді жуу, қабырғалар мен төбені жуу және себезгі кабиналарындағы пайдаланылған судың ағуын қарастырады.
94. Әжетханалардың тамбуры электр сүлгілері бар қолжуғыштарымен қамтамасыз етіледі.
95. Темекі шегуге арналған орындар Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін "Темекі шегу үшін арнайы жабдықталған орындарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары талаптарына сәйкес жабдықталады.
96. Суық немесе жылу бөлу арқылы жүргізілетін және жұмыс орындарындағы микроклиматтық жағдайлардың нашарлауынан тудыратын өндірістік процестер кезінде жұмыс істеушілердің қысқа мерзімді демалысы мен олардың жылулығының бірқалыптылығын сақтайтын бөлмелерді жобалау қажет.
97. Жұмыскерлердің жылынуға арналған бөлмелерінде ауа температурасы мен оның жылдамдығын тиісінше +22 - +25 градус Цельсий (бұдан әрі - 0С) және секундына <=0.2 метр (бұдан әрі – м/с) деңгейінде сай ұстау көзделеді.
98. Терінің (бет, саусақтар, табан) шоғырланған температурасын дереу қалпына келтіру үшін жергілікті шуақты және конвекциялық жылытатын қосымша аспаптар мен құрылғылар қарастырылады. Бұл ретте жұмыскердің денесінің сыртқы қабатымен жанасатын құрылғылардың бетіндегі температураны 38–40 град.С деңгейінде ұстау көзделеді.
99. Ауа температурасы +10 0С немесе +26 0С жоғары болған жағдайда жұмысшыларды тиісінше ыстық шаймен немесе суытылған ауыз сумен қамтамасыз етеді.
100. Ауыз су режимін сақтау мақсатында жұмысшыларды ауыз сумен, ауысымда адам басына кемінде 1,0 – 2,0 литр есебінен қамтамасыз етеді.
101. Салқындатқыш құрылғыларын (жартылай себезгілер, радиациялық салқындатудың кабиналары немесе қабаттары) жылулық сәулелендірудің және жұмыс орындарындағы жұмыс жағдайының немесе демалатын бөлмелердің қарқындылығына байланысты қарастырылуы тиіс.
102. Шаң мен зиянды заттардың бөлінуіне байланысты технологиялық процестер кезінде, гардеробтарда шаңнан тазартатын және оның кедергісін бақылайтын фильтрі бар респиратор қондырғылары, қабылдауға арналған үстелдер, респираторларды жөндеп беру үшін жууға арналған құрылғылар, жартылай бетперделерді жууға, залалсыздандыруға және кептіруге арналған қондырғылармен, өзін-өзі сақтағыштар мен респираторларды сақтайтын ұяшықтар мен шкафтар көзделеді.
103. 1 в, 2 в, 2 г 3 б тобындағы кәсіпорындарындағы өндірістік процестер кезінде арнайы киімді шаңнан тазартатын, зарарсыздандыратын, кептіретін, жуатын, химиялық тазартатын автономды вентиляция жүйесі құрылғысы бар жекеленген үй-жай қарастырылады. Оның құрамы мен ауданы арнайы киімнің шаңын қағу, тазалау және залалсыздандыру кезеңділігі мен тәсілімен айқындалады.
104. Арнайы киімдер мен арнайы аяқ киімдерді кептіруге арналған гардероб үй-жайлары механикалық жалпыалмастырғыш кіру-сору желдеткіштермен (жылдың суық мезгілінде кірген ауаны жылытып) жабдықталады.
105. Гардероб үй-жайларында қосымша жабдықтаулар ретінде:
1) залалсыздандыратын қабыршақты дәрі-дәрмектерді (жұмыс ауысымына дейінгі және ауысымнан кейінгі шағын жарақаттарды өңдеу үшін) сонымен қатар, табан терісінің тершеңдігі және қышыма қотыр ауруларының профилактикасы үшін дәрі-дәрмектер сақтайтын дәрі-дәрмек шкафтары;
2) қорғау пасталары мен жуу құралдарына арналған арнайы мөлшерлегіш құрылғылар.
106. Арнайы киімдер мен аяқ киімдерді кептіруге арналған үй-жайлар құрылғылары, олардың өткізгіш қабілеттілігі мен қолданылатын кептіру әдісі арнайы киімдер мен аяқ киімдердің жұмыс ауысымының басталуына дейін толық кептіруді қамтамасыз етуді қарастырады.
107. Арнайы киімді шаңнан қағу үшін арнайы қондырғылар қолданылады (қысымды ауаны қолданатын механикалық, аэродинамикалық шаңдату және т.б. қондырғылар). Арнайы киімді шаңнан тазалау кезеңділігі арнайы киімнің ластану деңгейіне байланысты болады (ауысымдық, кезеңдік, эпизодиялық). Қондырғыларда киімді шаңнан тазалау тиімділігі 30 – 40 сек (бұдан әрі – сек) ішінде кем дегенде 90 пайызды құрауы керек.
108. Арнайы киімді жуу орталықтандырылған кір жуатын орындарда жүргізіледі.
109. Жуу, химиялық тазалау тәсілі (тәртібі), оларды жүзеге асыру үшін жабдықтар тізімі ластану затының саны мен құрамына, ластану түрі мен технологиялық процесіне байланысты анықталады.
110. Кір жуатын орындардың ауданы мен жабдықтары айына екі реттен кем емес қолданылатын арнайы киімдер жинағын жууды есепке ала отырып анықтау қажет. Кір жуатын орындар арнайы киімдердің үдемелі кірлену кезінде арнайы киімдерді жиі жууды қарастырады. Қыстық арнайы киімді химиялық тазартуға береді.
111. Тұрмыстық ғимаратта арнайы киімді және аяқ киімді жөндеу үшін бөлмелер қарастыруға рұқсат етіледі.
112. Тізімдік құрамы 50-ден 300-ге дейін адам бар объектілерде медициналық пункт, 300-ден астам адам бар объектілерде фельдшерлік немесе дәрігерлік денсаулық сақтау пункттері, сондай-ақ Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларға сәйкес сауықтыру кешендері көзделеді.
113. Медициналық пункттің, фельдшерлік және дәрігерлік денсаулық сақтау пункттерінің үй-жайлар құрамы мен ауданданы осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаның 1, 2, 3 – кестелеріне сәйкес қабылданады.
114. Денсаулық сақтау пункттерін, медициналық пункттерді тері мен көзге түскен агрессивті өндірістік заттардан бейтараптандыратын (зақымдалған жерді сумен шайғаннан кейін) инактиватор жинағымен қамтамасыз етеді.
115. Санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың құрамы осы Санитариялық қағидаларға 2–қосымшаның 4 – кестесіне сәйкес анықталады.
116. Жекелеген санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың ауданы, жабдықтар мен рәсімдердің жиыны әр нақты жағдайда объектінің қуатын, еңбек процестерінің сипатын, зиянды өндірістік факторлардың болуын ескере отырып шешіледі.
117. Жұмыс орнына тікелей жақын орналасқан, жұмысшыларды сауықтыруға қажетті емдеу-сауықтыру кешенінің үй-жайлары магнитті және электромагнитті өрістерден салыстырмалы қорғайтын экрандармен және дыбыс оқшаулағыштармен, сондай-ақ цехтағы ластанған ауаның түсуін болдырмайтын тұмшаланған есіктермен жабдықталады.
118. Психофизиологиялық жеңілдету бөлмелері айқын дене және жүйкеге күш түсіретін еңбекпен сипатталатын (гигиеналық сыныптама бойынша 3 топтан жоғары) объектілерде көзделеді.
119. Жұмыс орнынан психофизиологиялық жеңілдету бөлмелеріне дейінгі арақашықтық 75 м-ден артық болмауы, ал объект алаңындағы жұмыс орнынан – 150 м-ден артық болмауы тиіс.
120. Психологиялық жеңілдету бөлмелерінің пайдалы ауданы бір орынға сағатына 4 адам есебінен (ауысымына 4 сағат жұмыста) отыратын орынның болуымен анықталады. Бір отыратын орынға кемінде 2 м2 бөлінеді, бұл ретте жалпы аудан кемінде 20 м2 болуы тиіс.
121. Психологиялық жеңілдету бөлмесі 68 м2 нұсқаушы-әдістемешіге арналған қосалқы үй-жайды және киім ауыстыруға арналған кіреберісті қамтиды, оның өлшемі бір адамға кемінде 0,5 м2 есебінен болатын, отыратын орынның санына байланысты болады. Бөлмелер шулы цехтарға тікелей жақын орналасқан кезде кіретін жер дыбыс оқшаулағыштары бар екі есікті тамбур тәрізді болуы көзделеді.
122. Психофизиологиялық жеңілдету бөлмесін жарықтандыруға табиғи, сонымен бірге қыздыру шамдарын немесе басқа да жарықтандыруды (10-нан 200 люкске дейін) реттеу құрылғысы бар рұқсат етілген жарық көздері көзделеді. Шудың фондық деңгейі 60 децибелден (бұдан әрі – дБА) аспауы тиіс. Ауаның температурасы плюс 18 – 22 0С шегінде ұсталуы тиіс. Желдету ауа баптағыштардың көмегімен жүзеге асырылады.
123. Психофизиологиялық жеңілдету үй-жайлары демалу үшін шынтақшасы бар жұмсақ орындықтармен жабдықталады. "Түрегеп тұрып" жұмыс істейтін мамандықтардың жұмысшылары үшін әр креслоға аяққа арналған жұмсақ тіреулер көзделеді.
124. Бір сарынды еңбек және (немесе) гипокинезиясы бар объектілерде жұмыс үй-жайларынан 150 м алыс емес орналасқан тренажер залдары көзделеді. Залға кіретін жер шу мен шаңнан оқшаулауды қамтамасыз ететін тамбур арқылы болуы тиіс.
125. Тренажер залының ауданы биіктігі 4 м-ден төмен емес, жалпы ауданы кемінде 40 м2, бір адамға кемінде 4 м2 есебінен белгіленеді.
126. Тренажер залының ауасында зиянды заттар, қоспалар, иістер болмауы тиіс. Көміртегі диоксиді (СО2) 0,1 %-тен аспауы, шаңдану текше метрге 6 милиграммнан (мг/м3) артық болмауы, кремний 2%-дан аспауы, микроорганизмдер 1 м3-ге 4000 микробтан аспауы, статикалық электр өрісінің кернеуі сантиметріне 150 Ваттан (В/см) артық болмауы тиіс.
127. Қажетті ауа режимі табиғи (фрамуг, терезе), жасанды желдету және ауаны баптау көмегімен қамтамасыз етіледі. Барлық фрамугалар қимасының ауданы еденнің ауданына 1:50 қатынасында болуы тиіс. Мәжбүрлі желдету кезіндегі ауаны ішке тарту қарқындылығы сыртқа таратудан 10 – 15 %-ға жоғары болуы тиіс.
128. Ауаның температурасы орталықтандырылған жылыту және ауа баптау арқылы плюс 15 – 22 0С шегінде қамтамасыз етілуі тиіс. Орталықтандырылған жылыту радиаторларын терезенің астындағы қуыстарға орналастырады және алмалы-салмалы ағаш торлармен жабады. Жылытуды желдетумен біріктіру қарастырылады.
129. Табиғи жарықтандыруға арналған жарық коэффициенті 1:4 – 1:5 болып белгіленеді, жасанды жарықтандыру қыздыру шамдарында кемінде 100 лк және люминисцентті шамдарда кемінде 200 лк болуы тиіс. Терезелер сәндік торлармен жабылады.
130. Тренажер залының жанына киім ауыстыратын, себезгі және дәретхана орналастырылады. Себезгі қондырғылары мен қол жууға арналған раковиналар саны осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаның 4-кестесіне сәйкес жобаланады.
131. Діріл ауруының алдын алу бойынша кабинеттер жұмысшылардың қолына дірілдің берілуімен сипатталатын технологиялық процестері және операциялары бар цехтар үшін көзделеді. Кабинеттің құрамына: физиотерапиялық емшаралар, емдік дене шынықтыру, психологиялық және эмоциялық жеңілдету үй-жайлары кіреді.
132. Физиотерапиялық емшараға арналған үй-жайдың ауданы бір қол ваннасына 1,5 м2 есебінен (немесе құрғақ ауамен жылыту қондырғысына 2,3 м2) белгіленеді, бірақ кемінде 35 м2 болуы тиіс. Ванналардың саны 3 жұмысшыға 1 ванна және адам ең көп ауысымда 10 жұмысшыға 1 қондырғы есебінен анықталады.
133. Емдік дене шынықтыруға арналған үй-жайдың ауданы залды пайдаланатын бір жұмысшыға (тренажерлер мен спорт снарядтарын қолданатын) 1,6 м2, бірақ кемінде 20 м2 есебінен анықталады.
134. Медицина персоналына арналған ауданы кемінде 8 м2 үй-жай бөлінеді.
135. Әйелдердің жеке гигиенасы бөлмесінде (бұдан әрі – ӘЖГ) кабиналар 100 жұмысшы әйелге 1 кабина есебінен, жоғары шаңданатын кәсіпорында – 50 әйелге 1 кабина және тамбуры болуы тиіс. Тамбурда ыстық және суық су араластырғышы бар раковина, қызмет көрсететін персоналға арналған үстел, қолға арналған электрлі кептіргіш, сабын салғыш көзделеді.
136. Жеке кабиналар ыстық және суық су араластырғыш келтірілген себезгімен және унитазбен, пайдаланылған гигиеналық пакетке арналған қақпағы бар бөшкемен және киім ілгіштермен жабдықталады.
137. ӘЖГ бөлмесінің қабырғалары мен жеке кабиналар арасындағы қалқалар оларды жеңіл тазалауға, жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жууға мүмкіндік беретін материалдардан болуы тиіс.
138. ӘЖГ бөлмесіне арналған үй-жайдан жұмыс орнына дейінгі арақашықтық 150 м-ден артық болмауы тиіс. ӘЖГ дәретханалармен біріктіруге жол берілмейді.
139. Жүктілік кезінде әйелдердің еңбегі мен демалуын тиімді ұйымдастыру үшін мамандандырылған емдеу-сауықтыру кешендері (бұдан әрі – МК) бала туатын жастағы жұмысшы әйелдер саны 500 және одан көп объектілерде көзделуі тиіс.
140. Мамандандырылған кешендер құрамына өндірістік (цех, учаске) және қосалқы (демалыс бөлмесі, жеке гигиена бөлмесі, дәретхана) оқшауланған үй-жайларда орналастырылады.
141. МК-ні табиғи жарығы мен табиғи ауа алмасуы жоқ ғимараттарға, жертөле, цоколды үй-жайлар мен 2-қабаттан жоғары (лифт болмағанда) орналастыруға жол берілмейді.
142. Демалыс бөлмесінің ауданы ауысымдағы бір жұмыс істейтін әйелге 2,0 м2 есебінен, бірақ кемінде 18 м2 белгіленеді. 30 м2-ден артық демалыс бөлмелері демалыс аймағына және гимнастикалық жаттығулар аймағына, дәрігерлік бақылау және сабақ өтетін аймақтарға бөлінеді.
143. Жүкті жұмысшы әйелдерді жұмысқа орналастыруға арналған МК үй-жайындағы еңбектің сипатына қойылатын гигиеналық талаптар оңтайлы жағдайдың 1-сыныбын қанағаттандыруы тиіс.
144. Еңбекпен сауықтыру орталығы (учаскелері) (бұдан әрі – орталық) жұмысшылар саны 5000 және одан көп адам болатын объектінің құрылымында көзделеді. Орталықтардың құрамында емдеу-диагностикалық және техникалық бөлімдер болуы тиіс.
145. Орталықтың емдеу-диагностикалық бөлімінің үй-жайлары болжанатын өндірістің сипатына сәйкес жабдықталады.
146. Орталықтың техникалық бөліміне еңбекпен оңалту цехтары (учаскелері), диспетчерлік, көлік қызметі және өнімнің сапасын бақылау қызметінің үй-жайы, конструкторлық-технологиялық және жоспарлау-экономикалық бюро, стандартты емес жабдықтар мен құралдарды дайындауға арналған тәжірибелік-жөндеу учаскелері кіреді.
147. Өндірістік объектілердегі асханалар үй-жайлары және тамақ өнімдерін өндіру және азық-түліктік шикізаттарды сақтау Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес көзделеді.
148. Өндірістік үй-жайларда тағамды сақтауға және ішуге жол берілмейді.
4-тарау. Өндірістік объектілердегі технологиялық процестерге, жабдықтарға және жұмыс орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
149. Технологиялық процестер мен жабдықтарды әзірлеу және пайдалану кезінде мыналар көзделеді:
1) бастапқы және соңғы өнімде зиянды заттар қоспаларының болуын шектеу, соңғы өнімдерді шаңданбайтын түрлерде шығару;
2) жұмыс істейтін адамдардың зиянды өндірістік факторлармен жанасуын болдырмайтын өндірістік технологияларды қолдану;
3) жабдықтың конструкциясына жұмыс аймағына қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың түсуінің (таралуының) алдын алатын шешімдер мен қорғаныш құралдарын қолдану;
4) жіті бағытталған әсері бар заттармен жұмыс аймағының ластану жағдайына автоматты бақылау, дабыл және технологиялық процесті басқару жүйелерін орнату;
5) тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру;
6) технологиялық және желдету шығарындыларын уақтылы жою, зарарсыздандыру, өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату және көму;
7) зиянды заттар мен факторлардан ұжымдық және жеке қорғаныш құралдары;
8) жұмыс орындарындағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың деңгейін бақылау;
9) нормативтік-техникалық құжаттамаға қауіпсіздік талаптарын енгізу;
10) олардың атқарған қызметтеріне сәйкес өндірістік бақылауды жүзеге асыру;
11) барлық технологиялық процестердің өзгеруіне (өндірістік қуаттылығын арттыру, процестер мен өндірістің интенсификациясы және бекіткен жобадан ауытқуы), халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу қажет.
150. Технологиялық процестерде Кодекстің 7-1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген химиялық заттар пайдаланылады.
151. Ылғал бөлу көзі болып табылатын өндірістік жабдық тұмшаланады және төгуге арналған автоматты құрылғымен жабдықталады.
152. Еңбек жағдайы технологиялық процестің, оның өзгертулері, әр түрлі жұмыстарды орындаудағы нақты жағдайы, жабдықтарды жөндеу, сауықтыру іс-шараларын енгізу ерекшеліктерін ескере отырып бақыланады. Өндірістік факторлардың өлшемі қолданыстағы әдістеме бойынша орындалады.
Өндірістік объектілерде өндірістік (ведомстволық) бақылау жүргізіледі. Өндірістік (ведомстволық) бақылау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасымен белгіленген тәртібінде аккредиттелген өндірістік немесе тәуелсіз зертханалармен жүзеге асырылады. Ведомстволық бақылау қорытындысы тиісті аймақтың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ұсынылады.
153. Объектідегі жұмыс аймағы ауасындағы негізгі зиянды заттардың болуына өндірістік (ведомстволық) бақылау жасау, Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға қойылатын гигиеналық нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
Жұмыс аймағы ауасындағы негізгі зиянды заттардың болуына өндірістік (ведомстволық) бақылау жасау, жұмыс аймағы зертханалық өндірістік бақылауға жататын негізгі зиянды заттар тізіміне сәйкес жүргізілу қажет және технологиялық процестің жеке сатысындағы жұмыс аймағы ауасынан бөлінетін заттарға сүйене отырып толықтырылады.
154. Инфра және ультрадыбыс, жалпы және жергілікті діріл, иондалған және иондалмаған сәулелену көздері болып табылатын жұмыс орындарындағы жабдықтардың жанында Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін адамға әсер ететін физикалық факторға, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және радиациялық-қауіпті объектілерге қойылатын гигиеналық нормативтерге сәйкес РЕШШ деңгейін асыруға жол берілмейді.
155. Иондаушы сәулеленудің нормаланатын параметрлері осы санитариялық қағидалардың 3-қосымшада келтірілген негізгі дозалық шектер болып табылады.
Иондаушы сәулеленудің нормаланатын параметрлеріне мыналар жатады:
1) тікелей иондаушы сәулелену көздерімен тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін адамдарға арналған рұқсат етілген эквивалентті және тиімді дозалар (А санаты);
2) иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істемейтін, бірақ объектілердің қызметіне негізделген жұмыс орнының немесе тұратын жерінің орналасу жағдайы бойынша иондаушы сәулеленудің әсеріне ұшырайтын адамдарға арналған шекті эквивалентті және тиімді дозалар (Б санаты).
Дозалық шектер радиоактивті заттармен және басқа да иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс кезіндегі қолданыстағы радиациялық қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуі тиіс.
156. Жұмыс орындарындағы өндірістік көздердің ультракүлгін сәулеленудің (бұдан әрі – УК) рұқсат етілген деңгейлері: ұзын толқынды УК-А-400-315 нм, орта толқынды УК-В-315-280 нм, қысқа толқынды УК-С-280-200 нм облыстары үшін сәулеленудің спектрлік құрамын ескере отырып қабылдануы тиіс және Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін адамға әсер ететін физикалық факторға қойылатын гигиеналық нормативтерге сәйкес болуы қажет.
Сәулелену қарқындылығының гигиеналық нормативтері жұмысшыларға оның әсер ету ұзақтығын ескере отырып белгіленген. Сонымен бірге, сәулеленуден қорғайтын арнайы киімді киюді, бас киімді және көзді қорғайтын құралдарды пайдалануы міндетті болып табылады.
157. Осы Санитариялық қағидалардың 160-тармағының талаптары 2000 0С жоғары температурадағы көздер тудыратын (электрлік доғалар, плазма, балқытылған металл, кварц әйнегі), полиграфияда, химиялық және ағаш өңдеу өндірістерінде, ауыл шаруашылығында, кино және телетүсірілімдерде, дефектоскопияда, денсаулық сақтау ұйымдары мен өндірістің басқа да салаларында пайдаланылатын люминисцентті көздер тудыратын сәулеленуге қолданылады.
Көрсетілген нормативтер қызмет көрсететін персонал болмағанда ортаны зарарсыздандыру үшін қолданылатын лазерлер тудыратын, сондай-ақ емдік және профилактикалық мақсатта қолданылатын УК-ге қолданылмайды.
158. Тері бетінің қорғалмаған учаскелері (бет, мойын, қол саусақтары) 0,2 м2 артық емес болғанда, жұмыс ауысымының сәулелену әсерінің жалпы ұзақтығы 50 % және бір реттік сәулелену ұзақтығы 5 минут және одан артық болғанда жұмысшыларға УК-нің рұқсат етілген қарқындылығы: УК-А аймағы үшін шаршы метрге 10,0 Ваттан (бұдан әрі – Вт/м2); УК-В аймағы үшін 0,01 Вт/м2 аспауы тиіс.
159. Терінің барлық беті қорғалған кезде жұмысшылардың сәулеленуінің рұқсат етілген қарқындылығы УК-В аймағында: жұмыс ауысымы бойы әсердің ұзақтығы УК-С аймағында 1 Вт/м2 аспауы тиіс.
160. Жабық өндірістік үй-жайлар микроклиматының тиімді және рұқсат етілген параметрлерін дұрыс есептеу үшін метеорологиялық жағдайды сипаттайтын (ауаның температурасы, салыстырмалы ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы, жылумен сәулелену қарқындылығы) көрсеткіштерге, сонымен бірге энергетикалық шығындар туралы деректерге сүйену қажет.
5-тарау. Өндірістік объектілерді жылытуға, ауасын желдетуге және баптауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
161. Басқару пульттері үй-жайларын, краншылардың кабиналарын және басқа да оқшауланған үй-жайларды қоса алғанда өндірістік ғимараттардағы, үй-жайлардағы және құрылыстардағы жылыту, желдету және ауа баптау жүйелері тұрақты және уақытша жұмыс орындарының жұмыс аймағындағы еңбек ету уақытында Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін адамға әсер ететін физикалық факторларға және қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға қойылатын гигиеналық нормативтерге сәйкес температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, зиянды заттардың болуы, иондау көрсеткіштері бойынша ауа ортасының нормативтік параметрлерін қамтамасыз ету қажеттілігін есепке ала отырып жабдықталады.
162. Өндірістік және қосалқы үй-жайлар табиғи, механикалық жалпы алмасатын ішке тарту-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады. Жаңа жабдықталған, қайта жаңартылған, күрделі жөнделген желдеткіш қондырғылары олардың тиімділігін анықтайтын құрал-саймандық қабылдау сынағынан өтуі тиіс.
163. Механикалық желдету нормаланған микроклиматтық параметрлер мен жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың болуы табиғи желдетумен қамтамасыз етілмейтін үй-жайлар мен жекелеген учаскелер үшін, сондай-ақ табиғи желдетілмейтін үй-жайлар мен аймақтар үшін көзделеді. Ауаны ішке тартуды немесе шығаруды ішінара қолданатын біріктірілген - механикалық желдетуді пайдалануға жол беріледі.
164. Ауаның шығыны үй-жайдың көлемінде зиянды заттардың, жылу мен ылғалдың әркелкі таралуын ескерген есептеулермен анықталады.
165. Жұмыс аймағының ауасына бірнеше зиянды заттардың бір уақытта бөлінуі кезінде жалпы алмасу желдетуді есептегенде ауаның шығынын барынша көп қажет ететін зиянды зат бойынша анықталуы тиіс.
166. Бірқатар заттардың организмге бір бағытта әсер етуі туралы деректер бар болғанда жалпы алмасу желдетуді есептеу әрбір затты бөлек Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға қойылатын гигиеналық нормативтерге сәйкес оның РЕШШ-не дейін ерітуге қажетті ауа шығынын қосу жолымен жүргізіледі.
167. Өндірістік объектілердегі табиғи немесе механикалық желдету осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бір жұмысшыға сыртқы ауаның келуін қамтамасыз етуі тиіс.
168. Желдету және ауаны баптау жүйелерінің қабылдағыш саңылаулары және табиғи ауа келетін желдеткішке арналған саңылаулар арқылы ғимараттар мен құрылыстардың ішіне түсетін ауадағы зиянды заттардың шоғырлануы Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға қойылатын гигиеналық нормативтерге сәйкес жұмыс аймағының ауасы үшін рұқсат етілген шекті деңгейлерден (бұдан әрі - РЕШД) 30 % аспауы тиіс.
169. Бір ғимаратта қауіптілік сыныптары әртүрлі зиянды заттар бөлетін өндірістерді немесе көршілес үй-жайларды біріктірген кезде барынша уытты зиянды заттар бар үй-жай үшін ұйымдастырылған ішке тартудан сыртқа тарату басым болуы көзделуі тиіс.
170. Көп қабатты өндірістік ғимараттарда алаңдар жабынының монтаждық ойықтары оқшаулайтын жаппамен жабдықталуы тиіс, ал ауа алмасу әр қабат үшін жеке есептелуі тиіс.
171. Жылдың салқын мезгілінде (желдетудің теріс дисбалансы) сыртқа таратудың орнын толтыру үшін сыртқы ауаның ұйымдастырылмаған ішке тартуына биіктігі 6 м және одан аласа үй-жайларда сағатына бір рет ауа алмасудан артық емес, ал биіктігі 6 м жоғары үй-жайларда еден ауданының әр 1 м2-не сағатына 6 текше метр (бұдан әрі – м3/сағ) көлемде жол беріледі.
172. Егер көршілес үй-жайларда жағымсыз иісі бар заттар болмаса және санитариялық талаптарға сәйкес жұмыс аймағының ауасындағы рұқсат етілген шекті шоғырлану Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға қойылатын гигиеналық нормативтерге сәйкес 30%-дан аспаса, одан ұйымдастырылмаған ауаның келуіне жол беріледі.
173. Ішке тартылатын ауаны беру үй-жайдың таза және аз ластанған аймақтарына ауа неғұрлым ластанған аймақтар арқылы келмейтіндей етіп көзделеді.
174. Зиянды заттарды (газдарды, шаңды, жылуды) бөлетін көздер технологиялық жабдықтың ішіне орнатылған не көзге мейлінше жақын орналастырылған жергілікті сорғысы бар жергілікті сыртқа тарату желдеткіші құрылғысымен жабдықталуы тиіс.
175. Үй-жайға бөлінетін немесе жергілікті сорғымен шығарылатын зиянды заттардың, жылу мен ылғалдың мөлшері технологиялық бөлімнің деректері бойынша қабылданады. Қажетті мәліметтер болмаған жағдайда ұқсас объектілердегі табиғи зерттеулердің немесе есептеулер жолымен алынған деректердің нәтижелері пайдаланылады.
176. Санитариялық талаптарға сәйкес технологиялық жабдықтан қауіптілігі 1 және 2-сыныпты зиянды заттарды шығаратын жергілікті сорғылар осы жабдықпен жергілікті сыртқа тарату желдеткіші жұмыс істемеген кезде ол жұмыс істемейтіндей етіп блокталады.
177. Егер сыртқа тарату желдеткіші ажыратылған кезде өндірістік процесті тоқтату мүмкін болмаса немесе жабдықты (процесті) тоқтатқан кезде жұмыс аймағының ауасы үшін РЕШШ асатын шоғырланудағы зиянды заттар үй-жайдың ауасына бөлінуін жалғастырса, жұмыс режимін автоматты ауыстырып қосатын резервті желдеткіштері бар жергілікті сорғы құрылғысы көзделеді.
178. Желдетуге, ауамен жылытуға және ауаны баптауға арналған ауаның рециркуляциясын санитариялық талаптарға сәйкес ауасында ауру қоздырғыш бактериялары, вирустары немесе грибоктары бар, сондай-ақ айқын білінетін жағымсыз иісі бар немесе Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға қойылатын гигиеналық нормативтерге сәйкес қауіптілігі 1 және 2-сыныпты зиянды заттары бар үй-жайларға қарастыруға жол берілмейді.
179. Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға қойылатын гигиеналық нормативтерге сәйкес қауіптілігі 3 және 4-сыныпты бір зиянды заттан артық бөлмейтін үй-жайларға ауаның рециркуляциясына жол беріледі.
180. Егер технологиялық жабдықтың қыздырылған беттерімен және ауамен жылытудың ауа қыздырғыштарымен жанасуы кезінде жанатын зиянды заттарды бөлу болмаса, желдеткішпен бірікпеген ауамен жылытуда рециркуляцияны қарастыруға жол беріледі.
181. Жылыту, желдету және ауа баптау қондырғылары тұрақты жұмыс орындары мен қосалқы үй-жайлардың қызмет көрсететін аймақтарында рұқсат етілген деңгейлерден асатын шу және діріл шығармайды.
182. Желдету жүйелерін бақылау барысында келесі құжаттар ұсынылады:
1) белгіленген тәртіп бойынша бекіткен желдету жобасы, сонымен қатар жобадан шегінулер тізбесі;
2) жасырын жұмыстарды қарау және қабылдау актілері;
3) техникалық сынаулар мен желдету жүйелерін реттеу хаттамалары;
4) желдету жүйелерінің төлқұжаты;
5) желдету жабдықтарын жоспарлы-алдын ала жөндеу кестесі, оны жөндеу және пайдалану журналы.
183. Өндірістік және қосалқы үй-жайлар жылыту жүйесімен жабдықталады.
Кодекстің 62-бабының 8-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің автономды жылумен жабдықтау (қазандықтар) көздерін салуға және пайдалануға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған жағдайда оларды қолдануға жол беріледі.
184. Жылыту бойынша талаптары негізгі үй-жайларға қойылатын талаптардан өзгеше ғимараттардың жылытылатын үй-жайларының жалпы көлемінің 5 %-ынан артық емес алаңы бар бір немесе бірнеше үй-жайларды жергілікті жылу аспаптарымен жылытуға жол беріледі.
185. Ғимараттар мен құрылыстарды жылыту үшін зиянды факторлар мен жағымсыз иістерді туғызбайтын жүйелер, аспаптар және жылу тасымалдаушылар көзделеді.
186. Шаң бөлетін өндірістік үй-жайлардағы қыздыратын аспаптардың беттері жеңіл тазалауға жол беретін тегіс болуы тиіс. Инфрақызыл газды сәулеленуі бар сәулемен жылытуды жану өнімдерін газ жанарғыларының тікелей сыртына шығара отырып қарастыруға жол беріледі.
187. Құрылыс конструкцияларының ішіне орнатылған қыздыру элементтері және тіреулері бар сумен жылыту жүйелеріндегі жылытылатын беттегі орташа температура мынадан: тұрақты жұмыс орны бар еден үшін плюс 26 0С; адамдар уақытша болатын еден үшін плюс 31 0С; төбелер үшін: үй-жайдың биіктігі 2,5-тен 2,8-ге дейін болса плюс 28 0С; 2,8-ден 3,0-ге дейін болса плюс 30 0С; 3,0-ден 3,5-ке дейін болса плюс 33 0С; 3,5-тен 4,0-ге дейін болса плюс 36 0С; 4,0-ден 6,0-ге дейін болса плюс 38 0С аспауы тиіс.
188. Жылу көздерінің температурасы төмен жылыту жүйелеріндегі радиациялық кернеу жұмыс орындарында еденнен 1,5 – 2,0 м биіктікте шаршы метрге 35 Ваттан (Вт/м2) немесе 27 килокалорий/сағаттан (ккал/м сағ) аспауы тиіс.
189. Жылу бөлетін жабдық өтетін жолдарды желдету мүмкіндігін ескере отырып орналасады. Ішке тартылатын аэрациялық ағыстың таралуы үшін үй-жайдың көлемі бойынша жабдықтар арасындағы қашықтық ағыстың мөлшері бойынша оның өлшемінен артық болуы тиіс.
190. Жоғары жылу бөлетін цехтар мен учаскелерді табиғи желдеткішпен (аэрациямен) жабдықтаған кезде шатырда қашықтықтан басқарылатын механикаландырылған фрамугамен жабдықталған сөнбейтін шахталар немесе аэрациялық шамдар көзделеді. Табиғи желдету кезінде желдетілетін үй-жайларға ішке тартылатын ауаны беру жылдың жылы мезгілінде еденнен 1,8 м артық емес, ал жылдың суық мезгілінде желдеткіш ойықтарының түбіне дейін 4 м төмен емес деңгейде көзделуі тиіс. Осы мақсатта өндірістік объектілерде терезелерде ашылатын ойықтар, аэрациялық қақпалар, көрсетілген деңгейлерде ауаны беруге арналған көтерілетін ысырылмалы қабырғалар көзделеді. Ашылатын ойықтардың ауданы шыныланған жердің жалпы ауданынан кемінде 20 % болуы тиіс.
191. Жалпы ішке тарту қондырғысына шаң мен жеңіл конденсацияланатын буларды, сондай-ақ араластырған кезде зиянды немесе өрт қауіпті қоспалар немесе көрсетілген қасиеттері бар жаңа химиялық қосылыстар түзетін заттарды шығаратын жергілікті сорғыларды біріктіруге жол берілмейді. Жергілікті сорғылардың мұндай жүйелерін жалпы алмасу ішке тарту желдеткіш жүйелерімен біріктіруге жол берілмейді.
192. Қозғалатын крандардың кабиналарында қоршаған өндірістік үй-жайдың ауасын, егер оның құрамындағы зиянды заттар жұмыс аймағы үшін РЕШШ-ден аспаса, ал микроклиматтың параметрлері нормаланған көрсеткіштерге сәйкес келетін болса қосымша өңдеусіз қолдануға жол беріледі. Олай болмаған жағдайда, крандардың кабиналарын ауа баптағыштармен жабдықтау керек.
193. Сыртқы және рециркуляциялық ауаның рұқсат етілген шоғырланудан 30 %-ға асатын шаңдануы кезінде немесе бұл өндірістің технологиясы бойынша қажет болғанда ауа баптау жүйелерінде; ауамен себезгілеу жүйелерінде; ауаны жұмысшылардың тыныс алу аймағына – басты немесе бетті қорғайтын шлемге, бетпердеге, қалқандарға ауаны берген кезде ауаны тазалау көзделуі тиіс.
194. Бір ішке тарту және сыртқа тарату қондырғылары бар табиғи желдетусіз өндірістік үй-жайлардың жалпы алмасу желдеткіш жүйелері сыртқа тарату жүйесінің резервтік желдеткішімен жабдықталады. Талап етілетін ауа алмасудың кемінде 50 % түсетін ашылатын ойықтары бар көршілес үй-жайлармен біріктірілген, көрсетілген үй-жайлар үшін резервтік желдеткіш жобаламауға жол беріледі.
195. Үй-жайлардағы жыл бойына және тәулік бойына жұмыс жасауға арналған, сондай-ақ табиғи желдетілмейтін үй-жайлардағы ауа баптау жүйелері талап етілетін ауа алмасудың кемінде 50 %-ын және жылдың суық мезгілінде белгіленген температураны қамтамасыз ететін резервті ауа баптағышпен көзделеді.
196. Тамбурлары жоқ, ауысымына кемінде 40 мин немесе бес реттен жиі ашылатын қақпалар мен ойықтар жанында; сыртқы ауаның есепті температурасы минус 15 0С және одан төмен болатын аудандардағы үй-жайлардың сыртқы қабырғаларындағы үнемі ашық тұратын ойықтары жанында ауа немесе ауа-жылу перделері көзделеді.
197. Ауа және ауа-жылу перделері қақпаларды, есіктерді және технологиялық ойықтарды ашқан кезде үй-жайға түсетін ауа қоспасының температурасы: жеңіл дене жұмысында плюс 14 0С-тен; орташа ауырлықтағы жұмыста 12 0С-тен; ауыр жұмыста 8 0С-тен төмен болмайтындай етіп есептеледі. Қақпалардың (6 м дейін арақашықтықта), есіктердің және технологиялық ойықтардың маңында жұмыс орындары болмаған кезде, егер бұл технологиялық талаптарға қайшы келмесе, осы аймақтағы ауаның температурасын плюс 5 0С-қа дейін төмендетуге жол беріледі.
198. Апаттық желдеткішті қосу және ауаны шығару үшін ойықтарды ашу үй-жайдың ішінен, сонымен бірге сыртынан да қол жетерлік жерлерден қашықтықтан басқарылады.
199. Мерзімдік жұмысқа немесе адамдардың орын ауыстыруына арналған туннелдерде, сондай-ақ техникалық қабаттардың үй-жайларында есепті ауа алмасуы бар мерзімдік жұмыс істейтін желдеткіш көзделеді.
200. Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға қойылатын гигиеналық нормативтерге сәйкес жергілікті сорғы жүйелерінен және құрамында зиянды заттар бар өндірістік үй-жайлардың жалпы алмасу желдеткішінен атмосфералық ауаға шығарылатын ауа санитариялық талаптарға сәйкес атмосфералық ауада тазартылады және сейіледі.
201. Өндірістік объектілерде жылыту, желдету және ауа баптау жүйелері мен желдеткіш шығарындыларын тазалау қондырғыларын жөндеу, реттеу және бақылау бойынша шеберханалар көзделеді.
6-тарау. Сумен жабдықтауға, су бұруға және өндірістік объектілердегі өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
202. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған жер асты және жер беті шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерін санитариялық-эпидемиологиялық қорғау Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
203. Шаруашылық-ауыз су құбырлары желілерін ішуге жарамайтын сападағы суды беретін су құбырлары желілерімен біріктіруге жол берілмейді. Техникалық суды ішу мақсатында пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын техникалық су құбырлары құрылыстарының арнайы боялуын қарастыру қажет.
204. Кәсіпорындардың өндірістік және қосалқы ғимараттарындағы шаруашылық-ауыз судың қажеттілігіне суды шығындау нормалары шаруашылық-ауыз су су құбырлар жүйелері көзделеді.
205. Себезгілердің, қол және аяқ ванналарының, қол жуғыштардың, сондай-ақ желдеткіштің ішке тарту жүйелерінің барлық түрлеріне, шаңды басу үшін суды шашу жолымен үй-жайдың ауасын салқындатуға арналған судың сапасы Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес ауыз суға қойылатын талаптарға сай болады.
206. Өндірістік су құбырларының техникалық суын унитаздың жуғыш багына жалғауға жол беріледі.
207. Кодекстің 62-бабының 8-тармағына сәйкес геотермалды суларды (олар бар болғанда) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар болғанда себезгі және жуынатын бөлмелерде ыстық сумен жабдықтау мақсатында пайдалануға жол беріледі.
208. Техникалық су құбырының шаруашылық-ауыз сумен қосылып берілуі, өндірістік құрылымдарға және технологиялық процестерге тазартылғанға дейінгі ағынды сулардың ағысының жарылуынсыз берілуіне болмайды.
209. Ашық субетімен салқындатқышын қосатын қайта салқындатылған сумен жабдықтау жүйесіндегі суларды қолданған жағдайда арнайы ингредиенттердің құрамы шекті рұқсат етілген тастандылар (ары қарай ШРЕТ) мөлшерімен регламенттеледі. Канцерогенді заттар үшін ШРЕТ жұмысшылар мен халықтың денсаулығына әсер етуі мүмкін қауіп есепке алына отырып белгіленеді.
210. Ішкі су құбыры мен су бұру құрылғылары, сондай-ақ сыртқы сумен жабдықтау және су бұру жүйелері өндірістік және шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне су беру және сарқынды суларды бұру үшін барлық өндірістік және қосалқы ғимараттарда және өнеркәсіптік алаңдарда қарастырылады.
211. Сумен жабдықтаудың айналым жүйесіне сарқынды суларды жіберу тек өнеркәсіптің өндірістік кәрізіне жіберу алдын ала тазартудан өткізілгеннен кейін су қоймасына және басқа жерлерге Кодекстің 62-бабының 8-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар болғанда рұқсат беріледі.
212. Тоған-жинауыштың, өнеркәсіптік сарқынды сулардың жинау орнының және шлам сақтау орнының құрылғысы белгілі бір пайдалану мерзіміне, оларды одан әрі жою және топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру тәсілдерін көрсете отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар болғанда анықталады және жер асты мен қабат аралық жер асты суының және онымен гидравликалық байланысқан жер беті су объектілерінің ластану мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
213. Елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі мен су бұру жүйелері болмағанда жергілікті жүйелер көзделеді.
214. Себезгілердің, қол жуғыштардың және санитариялық тораптардың сарқынды суларын шаруашылық-тұрмыстық су бұру желісіне шығару көзделуі тиіс.
215. Газдар бөлетін өндірістік сарқынды суларды ағызған жағдайда газдың өндірістік бөлмелерге кіруіне қарсы шаралар қарастырылады.
216. Зиянды булар және газдар (меркаптан, күкірт сутегі, цианды сутек, күшәла сутегі) түзілмесе және бөлінбесе немесе сарқынды суларды тазартудың барлық процестері тұмшаланған және жергілікті сыртқа тарату желдеткіші құрылғысы бар болғанда өндірістік ғимараттарда сарқынды суларды тазарту құрылғыларын орналастыруға жол беріледі.
217. Өндірістік объектілерде өндірістік сарқынды суларды тазарту қондырғылары және өндірістік бақылауды беткей су нысандарына тазартылған сарқынды сулардың жинақталған орнынан төмен, сондай-ақ грунт және пластаралық жер асты сулардың ластану жағдайын бақылауды ұйымдастыру қажет.
218. Қалдықтарды зарарсыздандыру бойынша құрылысты салуға арналған алаңды таңдағанда ауыл шаруашылығы үшін бағалы емес құнсыз жерлер пайдаланылады.
219. Кәдеге жаратылмайтын қалдықтарды көмуге және жинауға арналған полигондар елді мекеннің және өндірістік алаңның шегінен тыс жерде орналастырылады.
220. Полигондарда өндірістік қалдықтар туралы ақпаратты қамтитын құжаттамалар толтырылады:
1) өнеркәсіптік қалдықтардың болжанатын көлемінің мөлшері мен сапасы (қауіптілік сыныбы бойынша), олардың физикалық-химиялық, токсикологиялық және радиациялық қасиеттері жөнінде деректер;
2) өнеркәсіптік қалдықтардың қоршаған ортаға ықтимал салдарлары әсерінің сипаттамасы;
3) өнеркәсіптік қалдықтарды зарарсыздандыру, кәдеге жарату, көму мәселелерінің технологиялық шешімі;
4) топырақты зиянды заттардан қорғау және бұзылған және ластанған топырақты қайта құнарландыру бойынша іс-шаралар.
221. Қалдықсыз технологияны енгізудің техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, уытты және радиоактивті өндірістік қалдықтарды залалсыздандыру, кәдеге жарату, көму бойынша іс-шаралар кешені көзделеді.
222. Уытты қалдықтарды жинау, жинақтау, ыдысқа салу, тасымалдау, залалсыздандыру және көму тәсілдері мен тәртібі химиялық заттардың қауіптілік сыныбын ескере отырып, Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
223. Өндірістік қалдықтар объектіде немесе мамандандырылған ұйымдарда жойылады, көміледі немесе кәдеге жаратылады.
224. Өндірістік қалдықтар өнеркәсіп аумағында қауіпті сыныпқа сәйкес, қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын және жұмысшылар мен халықтың денсаулығына әсерінсіз жағдайда сақталуы тиіс.
225. Құрамында уытты заттар бар қатты қалдықтарды сақтау Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларға сәйкес көзделеді.
226. Өндірістік қалдықтарды көму өнеркәсіптің өндірістік алаңшасынан және елді-мекен жайлардан алшақ жерде жүргізіледі. Көму үшін өндірістік қалдықтар полигоны мен арнайы жабдықталған қондырғылар (күлүйіндісі, шлам-, шлакжинауыштар, қалдық қоймасы, үйінді және жобалық шешімдер бойынша қоршаған орта мен халықты нормативті қорғауды қамтамасыз ететін тағы басқа қондырғылар) қолданылады.
7-тарау. Инфекция ошақтарын шоғырландыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу.
Ескерту. Қағида 7-тараумен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
227. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда объектілерде шектеу іс-шаралары енгізіледі және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.
228. Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістік объектілердің, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін объектілердің қызметі осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.
229. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындар жұмыскерлерінің шығуы (келуі) осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.
230. Көктемгі егіс жұмыстарына тартылған ұйымдар мен жұмыскерлердің қызметі осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.
"Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 1-қосымша |
Микроскоп шегінен тыс монтаж үстелінің жұмыс аймағының
жарықтандырылуы
1-кесте
р/с № | Ажырату объектісінің өлшемі, бұрыштық минуттар | Жұмыс ауысымы уақытына шаққандағы дәл көзбен көру жұмысының уақыты пайызбен | Жарықтандыру, люкс (бұдан әрі - лк) | Жұмыс бетінің жарықтығы, кд/м2 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | 1,5-тен кем | 60-тан артық 60-тан 30-ға дейін 30-дан кем | 4000 3000 2000 | 300-ден 500-ге дейін |
2 | 1,5-тен 3,0-ге дейін | 60-тан артық 60-тан 30-ға дейін 30-дан кем | 2000 1500 1000 | 150-ден 300-ге дейін |
3 | 3,5-тен 5,0-ге дейін | 60-тан артық 60-тан 30-ға дейін 30-дан кем | 1000 750 500 | 750-ден 150-ге дейін |
Көзбен шолып бақылау экрандары бар жұмыс орындарының
жарықтандырылуы
2-кесте
р/с № | Экран түрі | Жарықтандыру, лк | |||
Жұмыс үстелінде | Экранның шағылысу коэффициенті кезінде экран бетінде | ||||
0,2 – 0,4 | 0,4 – 0,6 | 0,6 – 0,8 | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Телевизиялық: белгінің жарықтығы 0,5-тен 150 кд/м2 дейінгі аралықты қоса алғанда 150-ден 500 кд/м2 дейінгі аралықты қоса алғанда | 200 400 | 200 – 300 300 – 500 | 100 – 200 200 – 300 | 75 – 100 150 – 200 |
2 | Қайырмалы контрасты бар дисплейлі құрылғылар: белгінің жарықтығы 0,5-тен 150 кд/м2 дейінгі аралықты қоса алғанда | 300 | 200 – 400 | 100 – 200 | 75 – 150 |
150-ден 500 кд/м2 дейінгі аралықты қоса алғанда | 400 | 200 – 400 | 100 – 200 | 75 – 150 | |
3 | Тура контрасты бар дисплейлі құрылғылар | 300 | 100 – 150 | 50 – 75 | 50 |
"Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 2-қосымша |
Медициналық пункттің ауданы
1-кесте
р/с № | Жұмысшылар саны | Ауданы, шаршы метр (бұдан әрі – м2) |
1 | 2 | 3 |
1 | 50-ден 150-ге дейін | 12 м2 |
2 | 151-ден 300-ге дейін | 18 м2 |
Ескертпе: Мүгедектердің еңбегін пайдалану мүмкіндігі көзделетін кәсіпорындарда медициналық пункттің ауданын 3 м дейін ұлғайтуға жол беріледі.
Фельдшерлік денсаулық сақтау пункті үй-жайларының құрамы мен
аудандары
2-кесте
р/с № | Фельдшерлік денсаулық сақтау пункті үй-жайлары | Ауданы, м2 |
1 | 2 | 3 |
1 | Вестибюль-күту бөлмесі және тіркеу орны | 18 (10)* |
2 | Фельдшерлік денсаулық сақтау пункті үй-жайлары | ауданы, м2 |
3 | Науқастар уақытша болатын бөлме | 9 (9) |
4 | Емшара кабинеттері | 24 (12) (2 үй-жай) |
5 | Науқастарды қабылдауға арналған кабинет | 12 (10) |
6 | физиотерапия кабинеті | 18 |
7 | тіс дәрігері кабинеті | 12 |
8 | гинеколог кабинеті | 12 |
9 | Дәрілік нысандар және медициналық жабдық қоймасы | 6 (6) |
10 | Тамбурда қол жуғышы бар дәретхана | 1 унитазға (1 унитазға) |
*Жақшада оңтайлы ғимараттар көрсеткіштері берілген.
1-ескертпе: тіс дәрігері кабинетін жергілікті денсаулық сақтау органдарымен келісім бойынша қарастыру қажет.
2-ескертпе: Гинеколог кабинетін жұмыс істейтін әйелдердің тізімдік саны 1200 адамнан кем болмағанда қарастыру керек. Бір гинеколог кабинеті қызмет көрсететіндер саны – 2400 адамнан артық емес. Фельдшерлік денсаулық сақтау пунктінің құрамында гинеколог кабинеті бар болғанда әйелдердің жеке гигиенасы үй-жайын қарастыру керек.
Жалпы зауыттық дәрігерлік денсаулық сақтау пункттері
үй-жайларының құрамы мен аудандары
3-кесте
р/с № | Дәрігерлік денсаулық сақтау пункттерінің үй-жайлары | Ауданы, м2 | ||
жарақат емдеу пункттері санаттары | жарақат емдеу пункттері санаттары | |||
I | II | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Күту және тіркеу орны бар вестибюль | 24 | 18 | 15 |
2 | Таңып-байлау бөлмесі - таза және іріңді | 36 (2 үй-жай) | 36 (2 үй-жай) | 16 |
3 | Науқастарды қабылдау кабинеттері | 48 (4 үй-жай) | 24 (3 үй-жай) | 12 |
4 | Физиотерапия бөлмесі | 24 | 18 | 12 |
5 | Тіс дәрігері кабинеті | 24 (2 үй-жай) | 12 | 12 |
6 | Емшара кабинеті | 18 | 12 | - |
7 | Науқастардың уақытша болу бөлмесі | 12 | 9 | 9 |
8 | Денсаулық сақтау пункті меңгерушісінің кабинеті | 9 | 9 | - |
9 | Гинеколог кабинеті1) | 12 | 9 | - |
10 | Дүңгіршегі бар дәрілік нысандар қоймасы | 9 | 9 | 6 |
11 | Автоклав пен таңып-байлау материалдарына арналған үй-жай | 9 | 9 | 9 |
12 | Медициналық жабдық қоймасы | 6 | 6 | 6 |
13 | Тамбурда қол жуғышы бар дәретхана | 1 унитазға | ||
14 | Себезгі | 1 себезгі торына |
Ескертпе: Дене күші әлсіреген адамдардың және мүгедектердің еңбегін пайдалану мүмкіндігі көзделген кәсіпорындарда дәрігерлік денсаулық сақтау пунктінің үй-жайлары құрамы жұмыс істейтін адамдардың мүгедектігін, ауру тобын және еңбекке қабілеттілікті жоғалту дәрежесін есепке ала отырып, жергілікті денсаулық сақтау органдарының келісімімен толықтырылуы мүмкін.
Санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар құрамы
4-кесте
р/с № | Өндірістік процестертобы | Процестердің санитариялық сипаттамасы | Адамдардың есептік саны | Гардероб түрі, бір адамға бөлімше саны | Киімді арнайы өңдеу | |
1 себезгі торына | 1 кранға | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 1 | Қауіптілігі 3 және 4-сыныпты заттар тудыратын дененің және арнайы киімнің: | ||||
1-а | тек қолдың; | 25 | 7 | жалпы, бір бөлімше | ||
1-б | арнайы жуу құралдарын қолданбастан кететін дененің және арнайы киімдердің; | 15 | 10 | жалпы, бір бөлімше | ||
1-в | жуу құралдарын қолдана отырып денелер мен арнайы киімдердің ластану процестері; | 5 | 20 | бөлек, бір бөлімшеден | арнайы киімді химиялық тазарту | |
2 | 2 | Жылудың молдығы немесе қолайсыз метеорологиялық жағдай айларда өтетін процестер: | ||||
2-а | конвекциялық жылу мол болғанда | 7 | 20 | жалпы, екі бөлімше | салқындатуға арналған үй-жай | |
2-б | сәулелі жылу мол болғанда | 3 | 20 | жалпы, екі бөлімше | салқындатуға арналған үй-жай, жартылай себезгілер арнайы киім мен аяқ киімді кептіру | |
2-в | киім мен аяқ киімнің ылғалдануы н тудыратын ылғалдың әсеріне байланысты | 5 | 20 | екі бөлек бөлімше | жылытуға арналған үй-жай, арнайы киім мен аяқ киімді кептіру | |
2-г | ауа температурасы +10С және одан төмен болғанда, ашық ауадағы жұмыстарды қоса алғанда | 5 | 20 | екі бөлек бөлімше | ||
3 | 3 | Қауіптілігі 1 және 2-сыныпты заттармен, сондай-ақ ауыр иісі бар заттармен дененің және арнайы киімнің ластануын тудыратын процестер: | ||||
3-а | әдетте тек қолдардың ластануын тудыратын дене мен арнайы киімнің ластануын тудыратын процестер | 7 | 10 | жалпы, бір бөлімше | химиялық тазарту | |
3-б | 3 | 10 | екі бөлек бөлімше | арнайы киімді сақтау орнын жасанды желдету, дезодорациялау | ||
4 | 4 | Өнім сапасына, арнайы киімді сақтауды ұйымдастыруға, сондай-ақ жұмыс алдында арнайы киім мен денені өңдеуге қойылатын ерекше санитариялық-эпидемиологиялық немесе технологиялық талаптары бар өндірістік процестер | - | қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес |
Ескертпе:
1) өндірістік процестердің түрлі топтарының белгілері үйлескен жағдайда гардероб, себезгі бөлмелері мен қол жуғыштар түрлері барынша жоғары талаптар бар топтар бойынша, ал арнайы тұрмыстық және құрылғылар жиынтық талаптар бойынша қарастырылуы тиіс;
2) 1-а тобы процестерінде тиісті негіздеме болғанда себезгі бөлмелерін қарастырмауға жол беріледі;
3) арнайы киім мен аяқ киімнің шаң болуын тудыратын кез келген процестерде оларды шаңнан тазартатын үй-жайлар мен құрылғылар қарастырылуы тиіс;
4) блок-контейнерлерден тұратын оңтайлы ғимараттарда себезгі торларының есептік санын 40%-ға дейін азайтуға жол беріледі;
5) инфекцияланған және радиоактивті материалдармен, сондай-ақ қауіпті заттармен жұмыс кезінде тері арқылы түскенде санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар қолданыстағы НҚА-ға сәйкес жобалануы тиіс.
"Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 3-қосымша |
Иондаушы сәулеленудің нормаланатын параметрлері
р/с № | Сәулеленуге ұшырайтын адамдардың санаты | Үй-жайлар мен аумақтардың тағайындалуы | Сәулелену ұзақтығы сағат-жыл | Эквиваленттік дозаның жобалық қуаты сағатына микроЗиверт (мкЗв/сағ) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | А санаты | Сәулелену көздерімен (радиометриялық, өлшеп-орау, жуу) жұмыс кезінде персоналдың тұрақты болатын үй-жайлары | 1700 | 6,0 |
2 | Б санаты | Персоналдың уақытша болатын үй-жайы | 850 | 12,0 |
3 | Халық | Б Тобының персоналы бар объектінің үй-жайлары мен СҚА аумағы | 2000 | 1,2 |
Кез келген басқа үй-жайлар мен аумақтар | 8800 | 0,06 |
Ескертпе: кестеде объектілерде бар техникалық сәулелену көздері дозасы қуатының мәндері келтірілген. Эквивалентті дозаның өлшенетін мәнінен тиімді мәндерге ауысуы әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылады.
"Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 4-қосымша |
Өндірістік объектілердегі табиғи немесе механикалық желдету
р/с № | Табиғи желдетілетін үй-жай | Табиғи желдетусіз | |||
Шығыс | Ішке тарту жүйелері | ||||
1 адамға сағатына текше метрмен шығын (бұдан әрі – м3/сағ) | 1 адамға м3/сағ | жалпы саны | Жалпы ауа алмасу пайызы (бұдан әрі - %), артық емес | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | 30 (1 адамға шаққанда үй-жай көлемі 20 текше метрден (бұдан әрі - м3) кем болғанда) | 60 | 1 | Ауа алмасудың сағатына 10 және одан аз жиілігі кезінде рециркуляциясыз немесе рециркуляциямен | |
2 | 20 (1 адамға шаққанда үй-жай көлемі 20 м3 және одан артық болғанда) | 60 90 120 | - - - | 20 15 10 | Жалпы ауа алмасудың сағатына 10-нан аз еселігінде рециркуляциямен |
Ескертпе: "табиғи желдетусіз" үй-жайды сыртқы қабырғасында ашылатын терезелері мен ойықтары жоқ үй-жайларды немесе терезелерінің жалпы ауданы 20 %-дан кем ашылатын терезелері мен ойықтары бар, сондай-ақ үй-жайдың биіктігінен 5 есе асатын қашықтықта орналасқан, ашылатын терезелері бар үй-жайлар аймағы деп түсіну керек.
Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 5-қосымша |
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістік объектілерге, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. Қағида 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлердің вахта кезеңінің ұзақтығы жұмыс берушінің шешімі бойынша жұмыс берушінің еңбекке ақы төлеуді тиісті реттеуімен ұзартылуы мүмкін.
2. Карантин режимінде барлық қызметкерлер мен жұмысшылар вахталық кент аумағында болады. Персонал үшін қалаға шығу шектеледі.
3. Ұжымдарда корпоративтік іс-шараларды өткізуге, жұмыскерлердің бұқаралық іс-шараларға қатысуына жол берілмейді.
4. Қызметкерлер вахталық кентке дейін автобустармен жеткізілген жағдайда көлік құралдарын тұрақты дезинфекциялау көзделеді.
5. Персонал жұмыс орындарына қызметтік, қоғамдық немесе жеке көлікпен санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып жеткізіледі. Персоналды қызметтік көлікпен жеткізу санитариялық шаралар сақталған жағдайда жүзеге асырылады, көлік отыратын орындар санына сәйкес толтырылады, көліктегі жолаушылар медициналық маскамен болады.
6. Персонал ұйымға (кәсіпорынға) кірген кезде қолдарын осы мақсаттарға арналған тері антисептиктерімен (оның ішінде орнатылған дозаторлардың көмегімен) немесе дезинфекциялау сулықтарымен өңдеу жүзеге асырылады.
7. Персонал ұйымға (кәсіпорын) кірген кезде жұмыс күні ішінде (көрсетілімдер бойынша) жұмыскерлердің дене температурасын бақылау жүзеге асырылады. Дене температурасы жоғары және ауру белгілері бар персонал анықталған жағдайда, бұл адамдар жұмыс процесінен дереу шеттетіледі.
8. Ұйымның медицина қызметкерлері жұмысқа шығудың себептерін анықтай отырып, күн сайын мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді, ЖРВИ, тұмау және басқа да вирустық ауруларға ерекше көңіл бөлінеді.
9. Объекті персоналы жеке қорғаныш құралдарымен (халат, медициналық маска, қолғап) қамтамасыз етіледі.
10. Жұмыскер шетелден қайтып келген кезде белгіленген мерзімге (14 күн) үйде өзін-өзі оқшаулауда болады.
11. Еңбек мигранттары шетелден келгеннен кейін объектілердің басшылары тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық департаментіне (бұдан әрі - АД) телефон, электрондық пошта арқылы келген күнін, елін және өзге де сұратылатын мәліметтерді көрсете отырып, тегі бойынша тізімдерді ұсына отырып, дереу хабарлайды.
12. Келген еңбек мигранттарын тұратын орындарында (жатақханалар және т.б.) персоналмен байланысты болдырмайтын жеке үй-жай (ғимарат) бөлу жолымен кәсіпорынның басқа жұмысшыларынан бөлек орналастырады.
13. Ауаны залалсыздандыру мақсатында объектінің медициналық пунктін (денсаулық пунктін) және адамдар көп жиналатын орындарды кварцтау режимі қамтамасыз етіледі (мүмкіндігінше).
14. Медициналық пункттер қажетті медициналық жабдықтармен және медициналық бұйымдармен (термометрлермен, қалақшалармен, жеке қорғаныш құралдарымен) қамтамасыз етіледі.
15. Медициналық пункттің (денсаулық сақтау пунктінің) медицина қызметкерлерін жеке қорғаныш құралдарымен (қорғаныш дәрежесі жоғары медициналық маскалар немесе респираторлар (респиратор N95 немесе FFP2, FFP3 стандарты бойынша), қолғаптармен; көзілдірікпен немесе бетті қорғауға арналған экрандармен, таза, стерильді емес, ұзын жеңді суға төзімді халатпен (немесе суға төзімді бір рет қолданылатын костюм немесе суға төзімді комбинезон), резеңке етік немесе қонышы ұзын резеңке бахилалар) және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етеді.
16. Объекті үй-жайларында температуралық режимнің оңтайлы параметрлерінің сақталуы қамтамасыз етіледі, жұмыс үй-жайларын тұрақты (әрбір 2 сағат сайын) желдету жүргізіледі.
17. Жұмыскерлердің жеке/қоғамдық гигиена ережелерін сақтауы қамтамасыз етіледі: әрбір дәретханаға барғаннан кейін бүкіл жұмыс күні ішінде қолды сабынмен тұрақты жуу немесе тері антисептиктерімен өңдеу режимі.
18. Есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жұмыскерлердің үстелдері мен орындықтарын, ұйымдастыру техникасы), көпшілік пайдаланатын орындарды (тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, дәретхана бөлмелері, спортпен айналысуға арналған бөлмелер мен жабдықтар және т. б.) дезинфекциялай отырып, үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы ылғалды жинау, барлық үй-жайларда - жиілігі әр 2 сағат сайын өңдеу жүргізіледі.
19. Объектінің әкімшілігі ұйымда (кәсіпорында) инфекциялық ауру белгілері бар адамдарды анықтаған жағдайда үй-жайларды жинауға және қызметкерлердің қолын өңдеуге арналған дезинфекциялау құралдарының кемінде бес күндік қорының, тыныс алу ағзаларының жеке қорғаныш құралдарының (медициналық маскалар, респираторлар) болуын қамтамасыз етеді.
20. Жұмыс беруші жұмыскерлерді қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырады.
21. Вахталық кентте COVІD-19-ға күдік анықталған кезде:
жұмыскер жедел медициналық жәрдем келгенге дейін медициналық пунктке изоляторға оқшауланады;
ғимаратқа, үй-жайларға барлық адамдардың кіруіне және шығуына тыйым салу енгізіледі, қабаттар арасындағы қатынас тоқтатылады;
қалған жұмыскерлер тыныс алу ағзаларын маскалармен, олар болмаған жағдайда қол астындағы құралдармен (сүлгілер, орамалдар, сулықтар және т. б.) қорғау туралы хабардар етіледі;
кейіннен тексеру және бақылауды белгілеу үшін ауырған жұмыскермен бірге ғимаратта/бөлімшеде болған барлық байланыста болған адамдардың тізімі жасалады;
басшылықтың тиісті өкіміне дейін жеделдікті талап етпейтін жұмыстар уақытша тоқтатылады;
жедел медициналық жәрдем дәрігерлері мен АД эпидемиологтарының келуін күтеді және олардың өкімдерін орындау;
ауырған адамды эвакуациялағаннан кейін Ұлттық сараптама орталығы филиалының күшімен қорытынды дезинфекциялау жүргізіледі.
22. Жауапты адамдар жұмысшылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
23. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау орындарының іргелес аумағы қанағаттанарлық санитариялық жағдайда ұсталады, қалдықтарды уақтылы шығару жүзеге асырылады.
24. Объектіге іргелес аумақты тәулігіне кемінде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен өңдейді.
25. Ұйымның аумағына және онда орналасқан объектілерге санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) және дезинфекциялық іс-шараларды жүзеге асыратын қызметкерлердің кедергісіз кіруі қамтамасыз етіледі.
26. Объекті әкімшілігі өз қаражаты есебінен немесе эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының қаулылары бойынша дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізеді
27. Жұмысшылардың тамақтану объектілерінде:
1) ыдыс-аяқты кейіннен белгіленген тәртіппен жинап, зарарсыздандырып және жоя отырып, бір рет қолданылатын ыдысты пайдалануды қамтамасыз етеді;
2) көп рет қолданылатын ыдыстарды пайдалану кезінде – оны өңдеуді арнайы жуу машиналарында, оны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, 650С төмен емес температурада 90 минут бойы ыдыстарды және асхана аспаптарын дезинфекциялауды қамтамасыз ететін өңдеу режимдерін қолдана отырып немесе оларды қолдану жөніндегі талаптарға сәйкес дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, сол температурада қол тәсілімен жүргізеді;
3) асханада тамақ өнімдерін сатуды кесілмеген көкөністер мен жемістерді қоспағанда, өлшеп-оралған күйінде жүргізеді;
4) сатып алушылардың өздері алатын нан-тоқаш, кондитерлік және өзге де өнімдерді сатуды тек оралған түрде жүзеге асырады;
5) асхана жұмыскерлері (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да қызметкерлер) жұмысшыларға өз қызметтерін ауысымына кемінде екі рет және бүтіндігі бұзылған кезде ауыстыруға жататын бір рет қолданылатын қолғаппен көрсетеді, персоналдың жұмыс кезінде бір рет қолданылатын маскаларды пайдалануы (2 сағатта 1 реттен кем емес маскаларды ауыстыру);
6) келушілерге персонал қызмет көрсетеді;
7) қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады;
8) тамақтанатын залдарда персоналдың жиналуын барынша болдырмау мақсатында қашықтықты сақтайды. Объектілерді үнемі желдету, ішке сору-сыртқа тарту қондырғыларын тексеру, жөндеу және дезинфекциялау жүргізіледі, сырттан ауаны алу арқылы үй-жайларды сүзгілеуді және желдетуді ұлғайтады;
9) бір уақытта қызмет көрсетілетін келушілердің саны қашықтықты сақтай отырып, 5 адамнан артық болмайды;
10) жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) есіктердің тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақтарын), тамақтанатын залға (асханаға) кіретін жердегі қол жууға арналған раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды ылғалды жинау жүргізіледі;
12) күшейтілген дезинфекциялық режимді сақтау: әр сағат сайын асханада үстелдерді, орындықтарды арнайы дезинфекциялық құралдармен өңдейді.
"Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 6-қосымша |
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындар жұмыскерлерінің шығуына (келуіне) қойылатын талаптар
Ескерту. Қағида 6-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы тәртіпте көзделмеген кәсіпорында COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі қосымша шаралар жұмыс берушінің қалауы бойынша айқындалады.
2. Кәсіпорын басшысы вахтадан шығуға жататын вахта жұмыскерлерінің тізімін ЖСН (резидент еместерді қоспағанда), нақты тұратын мекенжайы, байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірі) және жұмыскер тіркелген медициналық ұйымды көрсете отырып жасайды.
Вахта жұмыскерлері бойынша жоғарыда көрсетілген қандай да бір ақпараттың болмауы COVID-19 пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шараларды үйлестіру жөніндегі жедел штабтың аталған тізімдерді жұмысқа қабылдамауы үшін негіз болып табылмайды.
3. Кәсіпорын басшысы барлық вахталық жұмыскерден тізімге сәйкес келген мекенжайы бойынша 14 күнге үй карантині режимін міндетті түрде орындалуы туралы қол қойылған қолхатты жинайды.
Вахтадан шығуға 5 күнтізбелік күн қалғанда тізімдер, сауалнамалар мен қолхаттар аумағында кәсіпорын орналасқан жедел штабтың электрондық мекенжайына ұсынылады.
4. Кәсіпорынның орналасқан жері бойынша жедел штаб жұмыскерлердің тізімдерін, сауалнамаларын және қолхаттарын вахта жұмыскерлерінің келген жері бойынша жедел штабқа жібереді.
5. Вахта жұмыскерлерінің келген жері бойынша жедел штаб жұмыскерлердің тізімдерін, сауалнамаларын және қолхаттарын Денсаулық сақтау басқармасына, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне және Полиция департаментіне келгендердің денсаулық жағдайына мониторинг жүргізу, үйде оқшаулау қағидаларының сақталуын және үйде өзін-өзі оқшаулаудың сақталуын бақылау үшін жібереді.
6. Кәсіпорын басшысы күн сайын вахталық кенттен шығу сәтіне дейін соңғы 5 күн бойы бақылау тексеру (қарап тексеру, температураны өлшеу) жүргізеді, вахтадан шығу күніне дейін бес күн бұрын вахтада 14 күнтізбелік күннен кем болған, вахтаға кіру кезінде тестілеуден өтпеген және (немесе) бақылау тексерулері кезінде COVID-19 симптомдарын жоққа шығармайтын белгілер анықталған жұмыскерді COVID-19-ға зертханалық тексеруден өткізеді. Жедел тестілеудің нәтижесі оң болған жағдайда кәсіпорын жұмыскеріне қайта жедел тестілеу тағайындалады.
7. Жедел тестілеудің оң нәтижесі болған жағдайда CОVID-19 жұқтыру белгілері бар адамдар жедел медициналық жәрдем келгенге дейін кәсіпорын жанындағы изоляторға жіберіледі.
Жұмыскерде COVID-19 симптомдарын жоққа шығармайтын клиникалық белгілер болған жағдайда кәсіпорын басшысы жедел медициналық жәрдем келгенге дейін оны кәсіпорын жанындағы изоляторға орналастыра отырып, вахталық кенттен қызметкердің кетуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды және бұл туралы жақын жердегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымына және АД-ға хабарлайды.
8. Кәсіпорын жедел медициналық жәрдемнің жедел келуі мүмкін емес МСАК-тан алыс орналасқан жағдайда жұмыс беруші COVID-19 жұқтыру белгілері бар жұмыскерді жақын жердегі МСАК-қа дейін тасымалдауды өз бетінше жүзеге асырады.
Мән-жайлары мен себептері анықталғанға дейін кәсіпорын эпидемияға қарсы талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
9. Кәсіпорында CОVІD-19-бен ауыратын науқастар анықталған жағдайда кәсіпорынның не жекелеген учаскелердің одан әрі жұмыс режимі жөніндегі шешімді кәсіпорынның уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жедел штаб қабылдайды.
10. Кәсіпорын басшылары вахталық кенттен әуежайға (вокзалға) немесе нақты тұратын жеріне дейін кететін жұмыскерлерді орталықтандырылған жеткізуді ұйымдастырады.
11. Жұмыскерлер санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып қызметтік көлікпен жеткізіледі, көлік отыратын орындар санына сәйкес толтырылады, көліктегі жолаушыларда медициналық маска болады.
12. Кәсіпорынның бақылау-өткізу пунктінде күзет қызметкері вахтадан шығатын адамдарда CОVІD-19 белгілерінің жоқтығы туралы медициналық анықтаманың болуын тексереді.
13. Кәсіпорында карантин жарияланған жағдайда вахтаның барлық жұмыскерлері вахталық кент аумағында тұрады. Персоналдың шығуы (кіруі) шектеледі.
14. Жұмыскердің Кәсіпорын аумағының шегінде жүріп-тұруы өндірістік қажеттілік болған жағдайда рұқсат етіледі.
15. Вирустық инфекция симптомдары, дене қызуы, ентігу немесе жөтел болған жағдайда жедел медициналық жәрдем қызметіне дереу хабарласу керек (103).
16. Вахтадан келгеннен кейін жұмыскер өзін-өзі оқшулауда болады.
17. Кәсіпорын басшылары ЖСН (резидент еместерді қоспағанда), нақты тұратын мекенжайын, байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірі) және тіркелген медициналық ұйымның (мүмкіндігінше) көрсете отырып вахтаға келуге (кіруге) жататын жұмыскерлердің тізімін жасайды.
18. Вахта жұмыскерлері бойынша жоғарыда көрсетілген қандай да бір ақпараттың болмауы жедел штабтың аталған тізімдерді жұмысқа қабылдамауы үшін негіз болып табылмайды.
19. Вахтаға кіруден 5 күнтізбелік күн бұрын тізімдер мен сауалнамалар жедел штабтың электрондық мекенжайына ұсынылады.
20. Жұмыскерлердің шығуы жоспарланған өңірдің жедел штабы жұмыскерлердің тізімдері мен сауалнамаларын Кәсіпорынның орналасқан жері бойынша жедел штабтың электрондық мекенжайына жібереді.
21. Вахталық ауысымға шығуды жоспарлаған жұмыскер жұмыс берушінің есебінен бақылау тексеруінен (қарап-тексеру, көрсетілімдер бойынша аспаптық және зертханалық зерттеулер), сондай-ақ вахтаға шығудан бес күн бұрын COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді.
22. Бір облыста тұратындар үшін жұмыс беруші жұмыскерлерін тестілеуді бір медициналық мекемеде (зертханада) ұйымдастырады, тестілеу мерзімін жұмыс беруші белгілейді.
Тестілеу пункттері болмаған жағдайда, анықтамасы жоқ жұмыскерді жұмысқа тарту бойынша шешімді жұмыс беруші қабылдайды.
23. COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижелері және COVID-19 симптомдарын жоққа шығармайтын клиникалық белгілері болған жағдайда мемлекеттік органдар мен ұйымдар COVID 19 жағдайларын анықтаған кезде іс-шараларды жүргізу тәртібімен көзделген іс-шараларды орындауға кіріседі. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар COVID-19 анықталған жағдайлар туралы жұмыс берушіні хабардар етеді.
24. Кәсіпорын басшылары вахта кентіне келетін жұмыскерлерді орталықтандырылған жеткізуді ұйымдастырады.
Жұмыскерлер жұмыс орындарына санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып қызметтік көлікпен жеткізіледі, көлік отыратын орындар санына сәйкес толтырылады, көліктегі жолаушыларда медициналық маска болады.
25. Жұмыскерлерді жеткізу қамтамасыз етілетін көлік құралы дезинфекцияланады, дезинфекцияны мамандандырылған ұйымдар немесе жұмыс берушінің күшімен жүргізеді.
26. Тасымалдаушы көлік құралының салонына дезинфекция жүргізуді қамтамасыз етеді.
27. Кәсіпорынның бақылау-өткізу пунктінде күзет қызметкері вахтаға келетін адамдарда CОVІD-19-ды анықтауға теріс нәтижесі бар зертханалық зерттеудің болуын тексереді.
28. Жұмыскерлер вахтаға келгеннен кейін кәсіпорынның медицина қызметкерлері орталықтандырылған жинау және жұмыскерлердің жалпы жағдайын қарап-тексереді, теріс нәтижесі бар CОVID-19-ды анықтауға зертханалық тексерудің бар-жоғы тексеріледі.
29. Кәсіпорын басшылары жұмыскерлердің вахталық кентке кіргенде ауысым алдында және ауысымнан кейін міндетті түрде дене температурасы жоғары және COVID-19 белгілері бар адамдарды шеттете отырып дене температурасын бақылауды қамтамасыз етеді.
30. Жұмыскерлер вахталық кентке кірген кезде қолдарын осы мақсаттарға арналған тері антисептиктерімен (оның ішінде белгіленген дозаторлардың көмегімен) немесе дезинфекциялаушы сулықтармен өңдеу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі және гигиеналық рәсімнің сақталуына бақылау орнатылады.
31. Объектілердің аумағы бойынша жүріп-тұруды тиісті рұқсат деңгейі бар персонал жүзеге асырады.
32. Болмау себебін анықтай отырып, жұмысқа шығуға мониторинг күн сайын жүргізіледі, ЖРВИ, тұмау және басқа да вирустық ауруларға ерекше назар аударылады.
Персонал қорғаныш құралдарын уақтылы беруі, оның ішінде санитайзерге қолжетімділікті қамтамасыз етуі қажет.
33. Кәсіпорындардың басшылары мен персоналы осы қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістік объектілерде, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін объектілерде санитариялық-дезинфекциялық іс-шаралар тәртібінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.
"Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 7-қосымша |
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде көктемгі егіс жұмыстарына тартылған ұйымдар мен жұмыскерлердің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. Қағида 7-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Ауыл шаруашылығы техникасының және кәсіпорындардың ауыл (шаруа) қожалығы жұмыскерлерінің шығуына карантин аяқталғанға дейін елді мекенге оралмай, "Сергек блок бееті" дерекқорына міндетті түрде енгізу арқылы рұқсат етіледі.
2. Мамандандырылған техникаларды қаржыландыруды, лизингін және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін ұйымдардың шығуы міндетті санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, "Сергек блок бекеті" дерекқорына міндетті түрде енгізе отырып, қалаға оралу құқығымен рұқсат етіледі.
3. Жұмыскерлерді тұрғылықты жерінен қызметтік автобуста/автокөлікте жұмыс істеуге және жұмыстан орталықтандырылған жеткізу.
4. Көлік құралының жүргізушісінде қолды өңдеуге арналған антисептиктің және жеке қорғаныш құралдарын (арнайы киім, маскалар мен қолғаптар, көзді қорғау құралдары/бетке арналған маска және т. б.) болуы, оларды талап етілетін жиілікпен міндетті түрде ауыстыру.
5. Әр рейстің алдында автокөлік салонын дезинфекциялау, кейіннен желдету жүргізіледі.
6. Жұмыскерлердің кіруі мен шығуы үшін автобустарда/шағын автобустарда барлық есіктердің бір мезетте ашылуы жүзеге асырылады.
7. Жалпы саны отыратын орындар санынан аспайтын маска киген жұмыскерлер салонға жіберіледі.
8. Жұмыскерлер арасында жеке/қоғамдық гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы нұсқама өткізу, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау жүргізіледі.
9. Жұмысқа шығуға күнделікті мониторинг жүргізіледі.