Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-05/291 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырда № 10944 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 177 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.04.2019 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 72) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 18-05/291 бұйрығымен
бекітілген

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн
акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидалары

      1. Осы Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" (бұдан әрі – Заң) 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 1-тармағының 72) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану тәртiбiн белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) көлде тауарлы балық өсiру шаруашылығы (бұдан әрi – КТБӨШ) – су айдындарындағы шаруашылық құны төмен балықтарды аулау есебінен ихтифаунаны толық немесе ішінара алмастыру, оларға балықтың бағалы түрлерiн қоныстандыру, өсiру және кейiннен аулау арқылы оларды балық шаруашылығы мақсатында пайдалануды жақсартумен айналысатын шаруашылық;

      2) шарбақтық балық өсіру шаруашылығы (бұдан әрі - ШБӨШ) – шарбақтарда тауарлы өнім өсіруге маманданатын шаруашылық.

      3. Акваөсіруді дамыту мақсатында жергілікті, республикалық және халықаралық маңызға ие балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері пайдаланылады.

      4. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін акваөсіруді дамыту үшін пайдалану КТБӨШ және ШБӨШ құру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін конкурстық негізде бекітіп беру жолымен жүзеге асырылады.

      5. КТБӨШ және ШБӨШ құру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурсты өткізу және ұйымдастыру тәртібі Заңның 9-бабының 1-тармағының 65) тармақшасына сәйкес бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу Қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      6. КТБӨШ үшін негізгі су айдындарының гидрологиялық режиміне және балық ресурстарының табиғи көбеюіне елеулі түрде әсер етпейін негізінен құндылығы шамалы балық түрлері бар және табиғи балық өнімділігі төмен оқшауланған (бөліп тасталған) су айдындары (су айдындары жүйелері) және (немесе) учаскелері беріледі.

      7. Негізгі балық шаруашылығы су айдынымен байланысы бар КТБӨШ және ШБӨШ үшін оқшауланған (бөліп тасталған) су айдындары және (немесе) учаскелерін балықтандыру және өсіру аталған және (немесе) негізгі су айдынында табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін балық түрлерімен жүзеге асырылады.

      8. Оқшауланған (бөліп тасталған) су айдындары және (немесе) оның негізгі балық шаруашылығы су айдынымен байланысы бар жеке бөліктерінде КТБӨШ жүргізу үшін қажетті шарт КТБӨШ үшін бекітіліп берілген су қоймасынан өсірілген балық түрлерінің кетіп қалмауын және су қоймасына бөгде балықтардың (соның ішінде шабақтар) өздігінен кіріп кетуіне бөгет болатын сенімді гидротехникалық құрылғылардың (қондырғылар) бары болып табылады.

      9. Осы және (немесе) негізгі су қоймада мекендемейтін және бөгде объектілерді (гидробионттарды) тірі азық ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді.

      10. Пайдаланушыға бұдан бұрын бекітіліп берілген су айдынының және (немесе) учаскесінің акваториясында орналастырылған шарбақтар аймағының шегінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың рұқсат етілген түрлері "Балық аулау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген).

      11. КТБӨШ және ШБӨШ өсірілген балық пайдаланушының меншігі болып табылады.

Об утверждении Правил использования рыбохозяйственных водоемов и (или) участков для развития аквакультуры

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 18-05/291. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 мая 2015 года № 10944. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 апреля 2019 года № 177 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства РК от 25.04.2019 № 177 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 72) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила использования рыбохозяйственных водоемов и (или) участков для развития аквакультуры.

      2. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего Вице-Министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

Министр

А. Мамытбеков


  Утверждены
приказом Министра
сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 31 марта 2015 года
№ 18-05/291

Правила
использования рыбохозяйственных водоемов
и (или) участков для развития аквакультуры

      1. Настоящие Правила использования рыбохозяйственных водоемов и (или) участков для развития аквакультуры (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 72) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" (далее – Закон) и определяют порядок использования рыбохозяйственных водоемов и (или) участков для развития аквакультуры.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) озерно-товарное рыбоводное хозяйство (далее – ОТРХ) – хозяйство, занимающееся улучшением рыбохозяйственного использования водоемов, путем полной или частичной замены в них ихтиофауны за счет отлова хозяйственно-малоценной рыбы, вселения, выращивания и последующего вылова в них ценных видов рыб;

      2) садковое рыбоводное хозяйство (далее – СРХ) – хозяйство, специализирующееся на выращивании товарной продукции в садках.

      3. В целях развития аквакультуры используются рыбохозяйственные водоемы и (или) участки местного, республиканского и международного значений.

      4. Использование рыбохозяйственных водоемов и (или) участков для развития аквакультуры осуществляется путем закрепления на конкурсной основе рыбохозяйственных водоемов и (или) участков в целях создания ОТРХ и СРХ.

      5. Порядок организации и проведения конкурса по закреплению рыбохозяйственных водоемов и (или) участков в целях создания ОТРХ и СРХ проводится в соответствии с Правилами проведения конкурса по закреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков, утверждаемыми в соответствии с подпунктом 65) пункта 1 статьи 9 Закона.

      6. Под ОТРХ предоставляются обособленные (изолированные) водоемы (системы водоемов) и (или) участки, населенные преимущественно малоценными видами рыб и имеющие низкую естественную рыбопродуктивность, не оказывающие существенного влияния на гидрологический режим и естественное воспроизводство рыбных ресурсов основных водоемов.

      7. В обособленных (изолированных) водоемах и (или) участках предоставленные под ОТРХ и СРХ, имеющих связь с основным рыбохозяйственным водоемом, зарыбление и выращивание осуществляется только теми видами рыб, которые обитают в условиях естественной свободы в данном и (или) основном водоеме.

      8. Одним из условий для ведения ОТРХ в обособленных (изолированных) водоемах и (или) участках имеющих связь с основным рыбохозяйственным водоемом, является наличие (установка) надежных гидротехнических сооружений, препятствующих постороннему и самовольному проникновению в водоем рыб (в том числе и молоди) и уходу выращиваемых видов рыб за пределы закрепленного для ОТРХ водоема.

      9. Не используются в качестве живых кормов объекты (гидробионты) чужеродные и не обитающие в данном и (или) основном водоеме.

      10. На акватории ранее закрепленного за пользователем водоема и (или) участка за пределами зоны размещения садков осуществляются разрешенные виды пользования рыбными ресурсами и другими водными животными, в соответствии с приказом исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-04/148 "Об утверждении Правил рыболовства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10606).

      11. Рыба, выращенная в ОТРХ и СРХ, являются собственностью пользователя.