"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 65) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
_____________Ә. Исекешев
2015 жылғы 3 сәуір
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы 22 мамыр
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына 1-қосымша |
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.12.2020 № 342 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы) 9-бабының 1-тармағының 65) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және аңшылық алқаптар және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс (бұдан әрi – Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
2. Конкурсты өткізудің мақсаты Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларына бекітіліп берілетін аңшылық алқаптарда немесе балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аңшылық немесе балық шаруашылығын жүргізу құқығын беру болып табылады.
3. Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде толық орналасқан аңшылық алқаптар, сондай-ақ жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері оларға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, олардың өтініші бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысымен конкурс өткізілмей бекітіліп беріледі.
4. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы баға – конкурстың екінші кезеңі барысында қалыптасатын конкурс нысанасының бағасы;
2) аукциондық зал – конкурстың екінші кезеңін өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;
3) аумақтық бөлімшелер – ведомствоның аумақтық бөлімшелері;
4) балық ресурстары және басқа да су жануарлары – сулы ортада мекендейтін барлық жануарлардың жалпы жиынтығы;
5) басталатын баға – конкурстың әрбір нысаны бойынша конкурстың екінші кезеңі басталатын баға;
6) бастапқы баға – осы Қағидалардың 9 және 10 тармақтарына сәйкес конкурс ұйымдастырушылары айқындайтын және белгілейтін баға;
7) ведомство – уәкілетті органның құзыреті шегінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы стратегиялық, реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
8) геоақпараттық сервис – жүргізілген шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру және (немесе) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау бойынша электрондық картада графикалық және мәтіндік түрдегі ақпаратты орналастыруға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйенің сервисі;
9) жеңімпаз – конкурс нысанасы үшін ең жоғары баға ұсынған конкурсқа қатысушы;
10) кепілдік жарна – қатысушы конкурсқа қатысу үшін енгізетін ақша сомасы;
11) көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы (бұдан әрі – КТБӨШ) – табиғи және жасанды су айдындарында ихтиофаунаны толық немесе ішінара ауыстыру арқылы жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;
12) конкурстың нысанасы – конкурс жеңімпазына бекітіліп берілетін аңшылық алқапта және (немесе) балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде аңшылық және (немесе) балық шаруашылығын жүргізу құқығы;
13) конкурс – конкурс жеңімпазына аңшылық және (немесе) балық шаруашылығын жүргізу құқығын беруге бағытталған сауда-саттық нысаны, бұл ретте жеңімпазды айқындаудың басты өлшемі қатысушылар ұсынатын баға болып табылады;
14) конкурсқа қатысушының нөмірі – Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде конкурсқа қатысу үшін қатысушыға тізілім веб-порталы беретін бірегей нөмір;
15) конкурсты ұйымдастырушы – конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыратын және Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес бірыңғай оператормен өзара іс-қимыл жасайтын ведомство және оның аумақтық бөлімшелері немесе облыстық жергілікті атқарушы орган;
16) қатысушы – конкурсқа қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген және өтінімді тізілімнің веб-порталы арқылы ұсынған жеке немесе заңды тұлға;
17) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;
18) объект – аңшылық алқаптар және (немесе) балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі;
19) объектінің электрондық паспорты (бұдан әрі – электрондық паспорт) – объект туралы толық ақпаратты қамтитын электрондық құжат;
20) жануарлар дүниесiн пайдаланушылар – Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңына сәйкес жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы берiлген жеке және заңды тұлғалар;
21) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы – табиғи және жасанды су айдындарында орналасқан және жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда ұстауға мүмкіндік беретін арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;
22) түпкілікті баға – конкурстың екінші кезеңін аяқтау нәтижесінде белгіленген конкурс мәнінің бағасы;
23) тізілімнің веб-порталы (бұдан әрі – веб портал) – www.gosreestr.kz мекенжай бойынша Интернет желісінде орналасқан, тізілім деректеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;
24) уәкілетті орган – мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, басқару процестерін үйлестіру салаларында, оның ішінде орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
25) шарт – облыстың жергілікті атқарушы органы немесе ведомстваның аумақтық бөлімшесі мен конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз арасында веб-порталда электрондық түрде жасалатын аңшылық немесе балық шаруашылығын жүргізуге арналған екі жақты келісім;
26) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
27) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 14.06.2021 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.5. Конкурсқа шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру негізінде аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін перспективалы деп танылатын резервтік қордың аңшылық алқаптары қойылады.
6. Аңшылық алқаптарды, балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру осы Қағидаға сәйкес өткізілетін конкурстың қорытындылары негізінде облыстардың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен жүзеге асырылады.
7. Конкурсқа бекіту мақсаттарына сәйкес резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері қойылады, олар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау негізінде балық шаруашылығын жүргізудің мынадай түрлері үшін перспективалы деп танылады:
1) кәсіпшілік балық аулау;
2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
3) КТБӨШ;
4) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы.
8. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері биологиялық негіздемеге және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 9 тамыздағы № 324 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 15665 тіркелген) бекітілген балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларына сәйкес көлде тауарлы балық өсіру және (немесе) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы үшін пайдаланылады.
9. Балық шаруашылығын жүргізу құқығына бастапқы баға мынадай формула бойынша айқындалады:
кәсіпшілік балық аулауды және (немесе) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру мақсатында жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
N= 10 АЕК * К1 * К2, мұндағы:
N – балық шаруашылығын жүргізу құқығына бастапқы баға;
АЕК-ағымдағы жылға арналған айлық есептік көрсеткіштің мөлшері;
К1-су айдынының ауданын ескеретін коэффициент;
К2-бекіту жылдарының санын ескеретін коэффициент.
ауданы 100 гектарға дейінгі су айдындары үшін К1=1;
ауданы 100 гектардан және одан жоғары су айдындары үшін К1=3,0.
5 жылдан 10 жыл мерзімге бекітілетін барлық су айдындары үшін К2 =1;
10 жылдан 49 жыл мерзімге бекітілген су айдындары үшін K2=4,9.
Кәсіпшілік балық аулауды және (немесе) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру мақсатында халықаралық, республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
N= 100 АЕК * К1 * К2, мұнда:
N-балық шаруашылығын жүргізу құқығына бастапқы баға;
АЕК-ағымдағы жылға арналған айлық есептік көрсеткіштің мөлшері;
К1-су айдынының ауданын ескеретін коэффициент;
К2-бекіту жылдарының санын ескеретін коэффициент.
ауданы 10000 гектарға дейінгі су айдындары үшін К1=1;
ауданы 10000-нан 20000 гектарға дейінгі су айдындары үшін К1=2,0;
ауданы 20000 және одан жоғары су айдындары үшін К1=3,0.
5 жылдан 10 жыл мерзімге бекітілетін барлық су айдындары үшін К2 =1;
10 жылдан 49 жыл мерзімге бекітілетін су айдындары үшін K2=4,9.
шарбақтық және (немесе) КТБШ жүргізу мақсатында бекітілетін су айдындары үшін:
N= 10 АЕК * К1, мұндағы:
N-балық шаруашылығын жүргізу құқығына бастапқы баға;
АЕК-ағымдағы жылға арналған айлық есептік көрсеткіштің мөлшері;
К1-су айдынының ауданын ескеретін коэффициент;
ауданы 100 гектарға дейінгі су айдындары үшін К1=1;
ауданы 100 гектардан және одан жоғары су айдындары үшін К1=3,0.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 14.06.2021 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығына бастапқы бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:
Р= T*V, мұндағы:
Р – аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беруге бастапқы бағасы;
Т – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 582-бабына сәйкес айқындалатын аңшылық жануардың ерекше түрі үшін төлемақы мөлшерлемесінің белгіленген мөлшері;
V – аңшылық жануардың паспортында көрсетілген жануарлардың аңшылық түрлерінің түрлік құрамының саны.
2-тарау. Ұйымдастырушы
11. Аңшылық шаруашылығы мұқтажы үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсты облыстың жергілікті атқарушы органы өткізеді.
Халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты ведомства және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері өткізеді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 14.06.2021 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Конкурсты дайындау және өткізу кезінде ұйымдастырушы:
1) конкурстық комиссияны қалыптастырады;
2) конкурсты өткізу мерзімін және оның шарттарын айқындайды;
3) конкурс өткізу туралы хабарлама жариялайды;
4) аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын әзірлейді;
5) конкурс нысанасының бастапқы бағасын айқындайды;
6) конкурс жеңімпазының шарт талаптарын орындауына мониторинг жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
7) балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымның ұсыныстары негізінде оларды бекітіп беру мерзімін айқындайды.
Аңшылық алқаптарды бекітіп беру мерзімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 29 мамырдағы №18-2/501 бұйрығымен бекітілген аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларына қосымшада қарастырылған (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11551 тіркелген);
8) Осы Қағидамен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13. Конкурсты ұйымдастырушы оны өткізгенге дейін геоақпараттық сервисте өткізілген шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру және (немесе) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау жөніндегі толық ақпаратты, сондай-ақ комиссия қабылдаған шешімдер бойынша ақпаратты, оның ішінде:
1) аңшылық алқаптар бойынша:
барлық орман алқабы мен әрбір алқаптың координаттары мен шекараларын суреттейтін аңшылық алқаптарының орналасқан жері туралы нақты деректердің электрондық картасы.
Электрондық карта сондай-ақ межелік нүктелер, есеп алаңдары және жануарлар маршруттары (бар болса) бойынша ақпаратты қамтиды;
аңшылық шаруашылығының және барлық орман алқабының және әрбір алқаптың жеке электрондық паспорты;
2) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша:
балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің орналасқан жері туралы координаттары бар және барлық балық шаруашылығы су айдынының, сондай-ақ әрбір учаскенің(учаскелерінің) жеке шекарасы суреттелген нақты деректердің электрондық картасы;
барлық балық шаруашылығы су айдынының және әрбір учаскесі (нің) жеке электрондық паспорты.
14. Аңшылық алқаптың электрондық паспорты алқаптың бірегей сәйкестендіру нөмірін, оның ауданын, бір қорықшыға қорғалатын алаңның жүктеме нормасын, санатын, жануарлар дүниесінің жай-күйін (түрін, санын) қамтиды.
Балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің электрондық паспорты су айдынының және (немесе) учаскесінің бірегей сәйкестендіру нөмірін және паспорттау негізінде анықталған толық ақпаратты қамтиды.
15. Ұйымдастырушы конкурс өткізгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей веб-порталда мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурс өткізу туралы хабарламаны орналастырады, онда мынадай мәліметтер қамтылады:
1) конкурсты өткізу күні мен уақыты;
2) ұйымдастырушының толық атауы;
3) объект туралы мәліметтер;
4) аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспары;
5) конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімдері;
6) объектіні бекіту мерзімдері;
7) конкурсты өткізу тәртібі;
8) объект бойынша кепілдік жарнаның мөлшері және оны енгізу үшін банк деректемелері;
9) бастапқы баға.
16. Хабарлама жарияланғаннан кейін ұйымдастырушы конкурсқа барлық әлеуетті қатысушыларға объектіге еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Комиссия
17. Конкурстық комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) әрбір объект бойынша бекітудің барлық ұсынылатын кезеңіне балық немесе аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын бекітеді;
2) веб-порталда конкурсқа қатысушылардың өтінішін және құжаттарын қарайды және қатысушыларды конкурстың екінші кезеңіне жібереді.
18. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды және бес адамнан кем емес.
19. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның мүшелері:
1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының (облыс әкімінің орынбасарынан төмен емес), комиссия төрағасы;
2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері (басшыдан төмен емес);
3) ведомствоның аумақтық бөлімшелері (басшының орынбасарынан төмен емес);
4) аңшылық шаруашылығы саласындағы ғылыми ұйымдардың;
5) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтары.
Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі уәкілетті орган құратын комиссияның мүшелері:
1) ведомствоның (төрағаның орынбасарынан төмен емес), комиссия төрағасы;
2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының (облыстың жергілікті атқарушы органының табиғат пайдалану мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесінің басшысынан төмен емес);
3) ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің (басшының орынбасарынан төмен емес);
4) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдар;
5) балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастығының өкілдерінен тұрады.
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерді бекітіп беру жөніндегі ведомствоның аумақтық бөлімшелері құратын комиссияның мүшелері:
1) ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің, комиссия төрағасы (басшыдан төмен емес);
2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің (облыстың жергілікті атқарушы органының табиғат пайдалану мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесінің басшысынан төмен емес);
3) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдарының;
4) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастығының;
5) су ресурстары жөніндегі аумақтық бөлімшелердің (басшы орынбасарынан төмен емес) өкілдерінен тұрады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Егер тізілімнің веб-порталында дауыс беруге конкурстық комиссия мүшелерінің 2/3-нен кем қатысса, тізілімнің веб-порталы рұқсат беру хаттамасын қалыптастырудан бас тартады және ұйымдастырушыға өткізілмеген конкурс туралы хабарлама жібереді.
Комиссия мүшелерінің өз өкілеттіктері басқа адамдарға берілмейді.
21. Конкурстық комиссиялардың ұйымдастырушылық қызметін комиссия хатшысы (бұдан әрі – хатшы) қамтамасыз етеді. Комиссия мүшесі болып табылмайтын және комиссия шешім қабылдаған кезде дауысы жоқ ұйымдастырушының өкілі хатшы болып табылады.
4-тарау. Аңшылық алқаптар және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу тәртібі
22. Қатысушылар:
1) Конкурс басталғанға дейін ұйымдастырушыдан объект бойынша қосымша мәліметтерді, нақтылауларды алады;
2) өз құқықтары бұзылған кезде сотқа жүгінеді;
3) конкурс басталғанға дейін өздерінің конкурсқа қатысуға өтінімдерін кері қайтарып алады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 14.06.2021 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Конкурсқа қатысу үшін веб-порталда алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін:
жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін:
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (пошталық мекен-жайы, телефон, факс, e-mail).
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы өтінімді тіркегенге дейін веб-порталға енгізілген деректерді өзгертеді.
24. Конкурсқа қатысушы веб-порталы арқылы өтінім береді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға.
25. Бірыңғай оператор веб-порталдың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды.
26. Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде және мерзімде бірыңғай оператордың шотына енгізеді. Кепілдік жарнаның мөлшері хабарлама жарияланғаннан кейін өзгермейді.
27. Конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарна бастапқы бағаның 15 (он бес пайызын) құрайды, бірақ 50 (елу мың) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі - АЕК) кем емес және 30 (отыз мың) АЕК аспайды.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Өтінімді веб-портал тіркегеннен кейін үш минут ішінде тізілім дерекқорында өтінім берілген объект бойынша кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтердің бар-жоғына автоматты түрде тексеру жүргізіледі.
29. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, веб-портал өтінімді қабылдауды және конкурс нәтижелері анықталғанға дейін кепілдік жарнаның сомасын оқшаулауды жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған кезде веб-портал қатысушының өтінімін қабылдамайды.
30. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының бұйрығымен бекітілген нысан бойынша ведомствоның аумақтық бөлімшесімен аңшылық және (немесе) балық шаруашылықтарын жүргізуге шарт жасасқан қатысушының кепілдік жарнасы "Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 542 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18158 болып тіркелген) сәйкес конкурс нәтижелері бойынша белгіленген және шартта көрсетілген түпкілікті баға есебіне жатады және бірыңғай оператор веб-порталда кепілдік жарнаны аударуға арналған өтінішке қол қойғаннан кейін тиісті бюджетке жібереді.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 14.06.2021 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31. Конкурс нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қойылмаған жағдайда, кепілдік жарна жеңімпазға қайтарылмайды. Бұл жағдайда конкурс жеңімпазының кепілдік жарнасын ұйымдастырушы веб-порталда конкурс нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қойғаннан кейін бірыңғай оператор тиісті бюджетке жібереді.
Барлық қалған жағдайларда кепілдік жарналарды бірыңғай оператор конкурс өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде веб-порталда ЭЦҚ пайдалана отырып, қатысушылар қол қойған кепілдік жарналарды қайтаруға өтініштерде конкурсқа қатысушылар көрсететін деректемелерге қайтарады.
32. Қатысушыларды тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурс басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.
33. Қатысушы ретінде тіркелу үшін веб-порталда конкурс шарттарымен келісімі бар өтінімді тіркеу қажет. Өтінімге қатысушының ЭЦҚ қол қойылады.
34. Өтінімдер тізілімнің дерекқорында сақталады және конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақыт пен күнге дейін жүктеу және қарау үшін қол жетімді емес.
35. Автоматты тексеру нәтижелері бойынша веб-портал қатысушының веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан дәлелді бас тарту туралы электрондық хабарлама жібереді.
36. Веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуына конкурс басталғанға дейін бес минут бұрын бірыңғай оператордың шотына конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның түспеуі болып табылады.
37. Ұйымдастырушы веб-порталдағы конкурсты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұмаға дейін айқындалады және тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 14.06.2021 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Егер бірінші конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған сәтте бір өтінім тіркелген болса, мұндай конкурс өтпеді деп танылады.
Екінші және одан кейінгі конкурстар өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған сәтте біліктілік талаптарға сәйкес кемінде бір тіркелген өтінім болған кезде өтті деп танылады.
Екінші және одан кейінгі конкурстарды өткізу кезінде конкурстың екінші кезеңіне жалғыз қатысушы жіберілгенде онымен объектінің бастапқы бағасы төленген және шарт жасасқан жағдайда мұндай қатысушы конкурстың жеңімпазы болып танылады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.39. Егер конкурс өткізілмеді деп жарияланса, өтінімдерді ашуды жүргізбейді және ұйымдастырушы конкурс өткізілген күні ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, веб-портал қалыптастыратын өткізілмеген конкурс туралы актіге қол қояды.
40. Өтінімдерді ашу конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген конкурстың күні мен уақыты басталғаннан кейін веб-портал арқылы автоматты түрде жүргізіледі.
41. Байқау екі кезеңде өткізіледі.
Қатысушылардың өтінімдерін бірінші кезеңде комиссия конкурс шарттарына және біліктілік талаптарына сәйкес келетін және конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілген қатысушыларды айқындау мақсатында веб-порталда қарайды.
42. Комиссия хатшысы өтінімдерді ашқан күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде веб-порталда комиссияның барлық мүшелерінің ЭЦҚ-ын пайдалана отырып қол қою үшін рұқсат беру хаттамасын қалыптастырады.
Комиссия мүшесі рұқсат беру хаттамасына қол қоймаған жағдайда, Комиссия хатшысы хаттамада қолдың болмау себебі туралы ақпараты бар рұқсат беру хаттамасында қол қоймаған комиссия мүшелері көрсетіледі.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.43. Конкурсқа қатысушыларды конкурстың екінші кезеңіне жіберу хаттамасы Конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық қатысушыларды электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, Комиссияның барлық мүшелерінің ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, конкурсқа жіберу хаттамасына қол қойған уақыттан бастап веб-порталда конкурсқа қатысушыларға қолжетімді болады.
44. Конкурстың екінші кезеңіне қатысуға рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:
1) себебін көрсете отырып, конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілмеген қатысушылар нөмірлерінің тізімі;
2) конкурстың екінші кезеңін өткізу күні мен уақытын көрсете отырып, конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілген қатысушылар нөмірлерінің тізімі.
45. Конкурстың екінші кезеңін өткізу күні мен уақытын тізілімнің веб-порталы жіберу хаттамасы веб-порталда жарияланған күннен бастап бірінші жұмыс күніне автоматты түрде тағайындайды.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.46. Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген конкурсқа қатысушылар ол басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ және веб-портал беретін аукциондық нөмірді пайдалана отырып, аукциондық залға кіреді.
47. Конкурстың екінші кезеңі веб-портал белгілеген уақытта басталады және мынадай түрде өткізіледі:
1) екінші кезең басталған сәтте аукцион залында комиссия белгілеген бастапқы бағадан кем болмайтын өтінімде көрсетілген конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстары көрсетіледі және конкурс басталатын бастапқы баға қалыптастырылады;
2) конкурстың екінші кезеңі басталған сәттен бастап қатысушыға осы Қағиданың 49-тармағына сәйкес белгіленген қадамға басқа қатысушының ең жоғары ағымдағы бағасын арттыру мүмкіндігі беріледі;
3) Егер конкурстың екінші кезеңі басталғаннан бастап он минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі ағымдағы ең жоғары бағаны көтермесе, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал конкурстың осы нысанасы бойынша конкурс өткізілген деп танылады;
4) Егер аукцион залында конкурстың екінші кезеңінің басынан бастап он минут ішінде қатысушылардың бірі осы Қағиданың 49-тармағына сәйкес белгіленген қадамға басқа қатысушының ең жоғары ағымдағы бағасын арттыру жолымен конкурс нысанасын сатып алу ниетін растаса, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;
5) Егер ағымдағы баға ұлғайтылғаннан кейін он минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі ағымдағы бағаны ұлғайту жолымен конкурс нысанасын сатып алу ниетін растамайтын болса, онда конкурс нысанасын сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал конкурс өткізілген деп танылады;
6) Егер конкурстың екінші кезеңі аяқталған сәтте сағат 17:00-де жеңімпаз анықталмаса, онда конкурстың нысанасын сатып алуға өзінің ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал конкурстың осы мәні бойынша конкурс өткізілген болып танылады.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.48. Егер конкурстың екінші кезеңі басталған сәтте екі және одан да көп қатысушының баға ұсыныстарында конкурс мәні үшін бірдей ең жоғары баға болған және осы ағымдағы баға он минут ішінде ұлғайтылмаған жағдайда, онда осы қатысушылардың арасында өтінімі бірдей ең жоғары бағаны қамтитын қатысушылардың басқа өтінімдерінен бұрын қабылданған қатысушы конкурстың жеңімпазы болып танылады.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.49. Конкурстың екінші кезеңі кезінде бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді:
1) айлық есептік көрсеткіштің 20 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшердегі ағымдағы баға кезінде өзгерту қадамы 20 процент мөлшерінде белгіленеді;
2) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 20 еселенгеннен 100 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 30 процент мөлшерінде белгіленеді;
3) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенгеннен 250 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 15 процент мөлшерінде белгіленеді;
4) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 250 еселенгеннен 500 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 10 процент мөлшерінде белгіленеді;
5) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшерінен және одан жоғары мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-тарау. Аңшылық алқаптар және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс нәтижелерін ресімдеу тәртібі
50. Конкурстың нәтижелері туралы хаттаманы веб-портал қалыптастырады және ұйымдастырушы мен жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, ол өткізілетін күні қол қояды.
Конкурс нәтижелері туралы хаттама конкурс нәтижелерін және жеңімпаздың және облыстың жергілікті атқарушы органының немесе ведомствоның аумақтық бөлімшесінің конкурс нәтижесі болып табылатын шарттарда шартқа қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.
Конкурстың нәтижелерін ведомствоның аумақтық бөлімшелері және (немесе) ведомство конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шешім (қаулы) қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.51. Конкурстың нәтижелері туралы хаттамада мынадай деректер қамтылады:
1) конкурс шарттары;
2) объект туралы мәліметтер;
3) конкурс жеңімпазы туралы мәліметтер;
4) шартқа қол қою бойынша тараптардың міндеттемелері.
52. Жеңімпаз белгіленген мерзімде конкурс нәтижелері туралы хаттамаға не шартқа қол қоймаған немесе түпкілікті бағаны төлеу мерзімін бұзған жағдайда, ұйымдастырушы веб-порталда конкурс нәтижелерінің күшін жою туралы актіні қалыптастырады және қол қояды.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.53. Конкурсты ведомство өткізген жағдайда, конкурс нәтижелері туралы хаттама ведомство мен жеңімпаз қол қойғаннан кейін объектілерді бекіту және шарт жасасу жөнінде шешім қабылдау үшін ведомствоның жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 14.06.2021 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.54. Облыстың жергілікті атқарушы органы түпкілікті бағаны төлеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде объектілерді бекіту туралы шешім (қаулы) қабылдайды.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.55. Облыстың жергілікті атқарушы органының объектілерді бекіту туралы шешімі негізінде шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде шарт жасалады.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.56. Конкурсты жеңіп шыққан тұлға конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда ол енгізген кепілдік жарнаны жоғалтады.
Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.57. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру кезіндегі шарт бойынша есеп айырысулар облыстың жергілікті атқарушы органы мен жеңімпаз арасында жүргізіледі.
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезінде шарт бойынша есеп айырысулар ведомствоның аумақтық бөлімшелері мен жеңімпаз арасында жүргізіледі.
Түпкілікті баға конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей бірыңғай оператордың есеп айырысу шотына енгізіледі.
Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.58. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
59. Жеңімпаз конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға, шартқа, белгіленген мерзімде қол қоюдан бас тартқан, немесе түпкілікті бағаны төлеу мерзімін бұзған жағдайда, ұйымдастырушы веб-порталда қалыптастырылатын конкурс нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және конкурстың осы нысанасы бойынша күші жойылған конкурстың шарттарымен конкурс қайтадан өткізіледі.
Түпкілікті баға бірыңғай оператормен ұйымдастырушының веб-порталда жеңімпазбен түпкілікті бағаны төлеу туралы мәліметтер енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде республикалық бюджеттің кірісіне аударылады.
Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.60. Өтінімге балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарында көрсетілген құжаттар қосымша қоса беріледі.
Өтініш берушіде тереңдете қайта өңдеу жөніндегі технологиялар мен өндірістік қуаттардың болуын растау үшін ведомствоның ғылыми ұйымы артемия цисталарын қайта өңдеу саласындағы маманның (мамандардың) және (немесе) ұйымның (ұйымдардың) қатарынан комиссия құрады.
Жеңімпазбен қабылдап алу-беру актісіне қол қою туралы мәліметтер ұйымдастырушымен веб-порталға екі күн ішінде енгізіледі.
Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.61. Алынып тасталды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 14.06.2021 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Аңшылық алқаптарды және балық шаруашылығы су айдындарды және (немесе) учаскелерді бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарға 1-қосымша |
|
Нысан |
Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім
1. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурс өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап:
____________________________________________________________________
(жердің атауы)
____________________________________________________________________
(алқаптардың сәйкестендіру нөмірі, ауданы, облысы))
және аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу қағидаларымен танысқан соң, мен, төменде қол қоюшы
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), не заңды тұлғаның атауы)
конкурсқа қатысуға өтінім қабылдауды және өткізілетін конкурсқа қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын. "____" _______ 20__жылғы Интернет желісінде орналасқан мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында www.gosreestr.kz ескерту.
2. Мен (біз) конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарнаны енгіздім, оны конкурс нәтижелері анықталғанға дейін веб-портал мынадай сома бойынша бұғаттайды:
____________________________________________________________________
(сомасы теңгемен, оның ішінде жазумен көрсетіледі))
хабарламада көрсетілген мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың (бұдан әрі – бірыңғай оператор) шотына:
________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру коды, банктік сәйкестендіру коды, төлем
белгілеу коды, бенефициар коды)
________________________________________________________________
(төлем құжатының № және күні)
3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда және (немесе) осы өтінімде мәлімделген ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда біз (мен) конкурсқа қатысу құқығынан айырылып отырмыз, біздің (менің) конкурста жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған конкурс нәтижелері туралы хаттама мен аңшылық шаруашылығын жүргізу шарты жарамсыз деп танылатындығымен келісемін, кепілдік жарна қайтарылмайды.
4. Егер біз (мен) конкурстың жеңімпазы болған жағдайда, біз (мен) хабарламада көрсетілген және біз (мен) ұсынған конкурс шарттарында конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қоямыз (мын) және аңшылық шаруашылығын жүргізуге шарт жасаймыз (мын).
5. Мені (бізді) жеңімпаз деп анықтаған жағдайда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтындығымен және менің (біздің) конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан не шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, облыстың жергілікті атқарушы органында қалатындығымен келісемін.
6. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарымен таныстым.
7. Өткен жылдардағы (қолданыстағы шарттар бойынша) аңшылық шаруашылығын дамыту жоспарлары бойынша менде (бізде) берешектің жоқ екендігі туралы мәлімдеймін.
8. Менің (бізде) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша берешегінің жоқтығы туралы мәлімдеймін.
9. Менде (бізде) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы мәлімдеймін.
10. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілік туралы хабардар етемін.
11. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
12. Осы өтінім конкурс нәтижелері туралы хаттамамен бірге аңшылық шаруашылығын жүргізуге шарт жасалғанға дейін қолданылатын шарттың күші болады.
13. Өзі туралы мәліметтерді ұсынамын:
Заңды тұлға үшін:
Атауы ________________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________
Басшының аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) ________________________
Мекен жайы: _________________________________________________
Телефон нөмірі (факс): ____________________________________
Кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер:
Жеке сәйкестендіру коды ____________________________________
Банктік сәйкестендіру коды ___________________________________
Банктің атауы ______________________________________
Бенефициар коды _________________________________________
Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның Жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________
Жеке тұлға үшін:
Аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) ______________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________
Паспорттық деректер ________________________________________
Мекен жайы: ________________________________________________
Телефон нөмірі (факс): ____________________________________
Кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер:
Жеке сәйкестендіру коды _______________________________________
Банктік сәйкестендіру коды ____________________________________
Банктің атауы _______________________________________
Бенефициар коды ____________________________________________
Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның Жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________
00:00-де өтінім беруші қол қойды және жіберді "__" _______ 20__ жыл:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Сағат 00:00-де "__" ______ 20__ жыл:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты
Аңшылық алқаптарды және балық шаруашылығы су айдындарды және (немесе) учаскелерді бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарға 2-қосымша |
|
Нысан |
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурсқа қатысуға өтінім
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп
беру бойынша конкурс өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап:
_____________________________________________________________________
(су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы)
_____________________________________________________________________
(су айдынының және (немесе) учаскесінің сәйкестендіру нөмірі, аудан, облыс)
және аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және
(немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу қағидаларымен
танысқан соң,
Мен, төменде қол қоюшы __________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), не заңды тұлғаның атауы)
конкурсқа қатысуға өтінім қабылдауды және өткізілетін конкурсқа қатысушы
ретінде тіркеуді сұраймын. "___" __________ 20 ___ жылғы Интернет желісінде
орналасқан мемлекеттік мүлік веб-порталда www.gosreestr.kz мақсатында
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, көлде-тауарлы және тор
қоршамада балық өсіру)
2. Мен (біз) конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарнаны енгіздім, оны конкурс
нәтижелері анықталғанға дейін тізілімнің веб-порталы мынадай сома бойынша
бұғаттайды: ___________________________________________________________
(сомасы теңгемен, оның ішінде жазумен көрсетіледі)
хабарламада көрсетілген мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай
оператордың (бұдан әрі – бірыңғай оператор) шотына:
_____________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру коды, банктік сәйкестендіру коды, төлем белгілеу коды,
бенефициар коды)
_____________________________________________________________________
(төлем құжатының № және күні)
3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда және (немесе) осы өтінімде мәлімделген ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда біз (мен) конкурсқа қатысу құқығынан айырылып отырмыз, біздің (менің) конкурста жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған конкурс нәтижелері туралы хаттама мен балық шаруашылығын жүргізу шарты жарамсыз деп танылатындығымен келісемін, кепілдік жарна қайтарылмайды.
4. Егер біз (мен) конкурстың жеңімпазы болған жағдайда, біз (мен) конкурс өткен күні конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қоямыз (мын) және жергілікті атқарушы объектіні бекіту туралы шешімі (қаулы) негізінде шешім шығарылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде балық шаруашылығын жүргізуге шарт жасаймыз (мын).
5. Мені (бізді) жеңімпаз деп анықтаған жағдайда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтындығымен және менің (біздің) конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан, түпкілікті бағаны төлеуден не шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, ведомствоның аумақтық бөлімшесінде қалатындығымен келісемін.
6. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарымен таныстым.
7. Менде (бізде) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы мәлімдеймін.
8. Өткен жылдардағы балық шаруашылығын дамыту жоспарлары (қолданыстағы шарттар бойынша) бойынша менде (бізде) берешектің жоқ екендігі туралы мәлімдеймін.
9. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілік туралы хабардар етемін.
10. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
11. Осы өтінім конкурс нәтижелері туралы хаттамамен бірге балық шаруашылығын жүргізуге шарт жасалғанға дейін қолданылатын шарттың күші болады.
12. Өзі туралы мәліметтерді ұсынамын:
Заңды тұлға үшін:
Атауы _________________________________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________
Басшының аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) _________________________
Мекен жайы: ____________________________________________________
Телефон нөмірі (факс): ___________________________________________
Кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер:
Жеке сәйкестендіру коды _________________________________________
Банктік сәйкестендіру коды _______________________________________
Банктің атауы ___________________________________________________
Бенефициар коды ________________________________________________
Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес- сәйкестендіру
нөмірі __________________________________________________
Жеке тұлға үшін:
Аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) __________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________________________
Заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн
құжаттың нөмері _____________________________________________________
Паспорттық деректер _____________________________________________
Мекен жайы: ____________________________________________________
Телефон нөмірі (факс): ___________________________________________
Кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер:
Жеке сәйкестендіру коды _________________________________________
Банктік сәйкестендіру коды _______________________________________
Банктің атауы ___________________________________________________
Бенефициар коды________________________________________________
Кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес- сәйкестендіру
нөмірі __________________________________________________
00:00-де өтінім беруші қол қойды және жіберді "__" _______ 20__ жыл:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Сағат 00:00-де "__" ______ 20__ жыл:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Артемия цисталарын терең өңдеу жөніндегі өндірістік қуаттардың, қолданыстағы технологияның болуын (сәйкестігін/сәйкес еместігін) растау туралы қорытынды
Ескерту. Қағидалар 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 14.06.2021 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"__"_________20__жыл.
_____________________________________________________________
(ведомствоның ғылыми ұйымының атауы)
өтінім негізінде _______________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
артемия цисталарын терең өңдеу бойынша технологиялар мен өндірістік
қуаттардың болуын ерікті түрде растау туралы:
"___" _______20___ келесі мекенжайдағы қолданыстағы (қолданыстағы емес)
өндіріске шығу жүзеге асырылды _______________________________
_____________________________________________________________
(өтініш берушінің мекенжайы)
1. Өтініш берушімен құжатпен расталған артемия цисталарын терең өңдеу технологиясының болуы/болмауы көрсетіледі (нұсқалардың бірін немесе төменде көрсетілген екі нұсқаны да көрсету қажет):
1) артемия цисталарын терең өңдеу технологиясын өтініш берушіге беру (сату) туралы мәліметтерді қамтитын "___" ________ 20_____ жасалған жылдан ____________________ (қорытындыға растайтын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып);
2) өтінім берушінің қорғау құжатымен (патентпен, пайдалы модельмен) "___" ________ 20_____ артемия цисталарын терең өңдеу және құрғақ цисталарды өндіру бойынша (қорытындыға растайтын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып);
артемия цисталарын терең өңдеу технологиясының бар екендігі туралы растайтын құжаттар болмаған жағдайда, құжатпен расталған технологиялардың жоқ екендігі көрсетіледі.
2. Артемия цисталарын терең өңдеу бойынша жұмыс істеп тұрған/жұмыс істемейтін өндірістің болуы көрсетіледі.
Өтініш беруші өндірістік жабдықтар мен цехтарға рұқсатын берді:
1) өндіріс алаңы (метр2) _____________________;
2) Жабдықтардың атауы/тізбесі және сипаттамасы: _______________
Өндірістік жабдық артемия цисталарын терең өңдеуге арналған өндірістік қуаттар мен енгізілген технологиялардың болуын растайды/растамайды.
3. Артемия цисталарын терең өңдеу бойынша жұмыс істеп тұрған өндірістегі жұмыс процесінде дайын өнімнің сынамасын іріктеу (егер зерттеу кезінде өндіріс тоқтап қалса/болмаса, тиісті қорытынды жасалады және сынамалар алынбайды) тиісті талдау үшін өтініш берушінің (өтініш берушінің өкілінің) қатысуымен жүзеге асырылады.
Іріктелген артемияның құрғақ цисталары сынамаларының нәтижелері __________(саны граммен көрсетілсін) растау сәтінде 24 сағат ішінде жарып шығуы____% (градус Цельсий температурасы, тұздылығы кезінде), ылғалдылық _____%; науплий саны ____________ 1 граммға;
Іріктелген сынамалар растау сәтінде құрғақ цисталарға арналған біліктілік талаптарына сәйкес келеді/сәйкес келмейді.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде___________________ (өтініш берушінің толық атауы) артемия цисталарын терең өңдеу бойынша технологияның, өндірістік қуаттардың және дайын өнім сынамаларының тиісті сапасының бар-жоғын толық растады/ растамады.
Егер жоғарыда айтылған бір немесе бірнеше тармақ бойынша растау (оң нәтижелер) болмаған жағдайда, қорытындыда қолданыстағы технологияның, артемия цисталарын терең өңдеу бойынша өндірістік қуаттардың жоқ/сәйкес келмейтіні көрсетіледі
Қорытынды жасалған күннен бастап бір ай ішінде қолданылады.
Комиссия мүшелері _________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қолы_____________
Мөрдің орны (бар болса)
Аңшылық алқаптарды және балық шаруашылығы су айдындары мен (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс өткізу қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Меншік құқығында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен қайта өңдеу бойынша негізгі құралдардың, технологиялық жабдықтардың және басқа да материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама
Ескерту. Қағидалар 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 14.06.2021 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Саны |
кәсіпшілік балық аулауды жүргізу мақсатында | |||
1 | Балық және балық өнімдерін өңдеуге арналған цехтар есептік нөмерін №_____________ көрсете отырып* | тонна/тәулік | |
2 | Балық аулау флоты, оның ішінде**: | ||
1) қуаты 40 ат күші бар және бірліктен жоғары өздігінен жүретін (стационарлық қозғалтқышы бар) | бірлік | ||
3 | Басқасын (көрсету) |
Ескертпе:
*Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша балық өнімінің G-2 қызмет түрінің кодымен өндіру объектісінің есеп нөмірінің болуы туралы растама (электрондық көшірмесі);
**Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеме тізілімінен және (немесе) кеме кітабынан қатысушының атына тіркелген үзінді (электрондық көшірмесі).
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Мәліметтерді пайдалануға келісемін, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған.
Конкурсқа қатысушы _________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе ұйымның атауы)
Толтырылған күні __________
Қолы _____________________
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына 2-қосымша |
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
Ескерту. Біліктілік талаптар жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
1. Аңшылық алқаптарды бекітіп беру кезінде қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
2) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
3) аумақтық бөлімшелерден алынатын аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (аңшылық алқаптары бұрын бекітіліп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) (электрондық көшірмесі).
4) жануарлар дүниесін қорғауға арналған меншік немесе жалға алу құқығында материалдық-техникалық құралдарының болуы туралы анықтама.
2-тарау. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
2. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезінде қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
кәсіпшілік балық аулауды және (немесе) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берешегінің болмауы туралы мәліметтер;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес меншік құқығында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өндіру мен қайта өңдеу бойынша негізгі құралдардың, технологиялық жабдықтардың және басқа да материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды және жергілікті балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қоспағанда);
3) аумақтық бөлімшелерден алынатын балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұрын бекітіліп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) (электрондық көшірмесі).
Ескертпе* қайта өңдеу балық шикізатын өңдеуді білдіреді, ол мына процестерді, не олардың бір бөлігін: бөлшектеуді (қабыршығынан аршуды, бөлшектеп бөлуді, сүбе етін алуды, басын кесіп алуды, терісін сыпыруды, етін тартуды, ішек-қарнынан тазартуды), қақтауды, суықтай және ыстықтай ыстауды, балық ұнын (майын, бар болса) консервілер мен пресервілер өндіруді қамтиды.
ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берешегінің болмауы туралы мәліметтер;
2) аумақтық бөлімшелерден (бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) алынатын балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелерді орындау туралы мәліметтер (түпнұсқа);
3) өтініш берушіде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ведомствоның ғылыми ұйымының қорытындысымен расталған Артемия цисталарын терең өңдеу бойынша технологиялар мен өндірістік қуаттардың болуы.
Ескертпе* артемия цисталарын терең өңдеу деп ылғалдылығы 8%-дан аспайтын, науплий мөлшері кемінде 160 000 дана/грамм, жарып шығуы кемінде 80% құрғақ артемия цисталарын өндіру жөніндегі процесті қамтиды.
шарбақтық және (немесе) көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарын жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берешегінің болмауы туралы мәліметтер.