Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 217 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10961 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 30 шілдедегі № 363 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.07.2016 № 363 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-4 бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу қағидалары бекітілсін.
      2. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту үшін өтініш нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 326-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 8902 тіркелген, 2014 жылғы 1 ақпандағы № 22 (27643) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалауы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрі                        В. Школьник

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      _____________ Е. Досаев
      2015 жылғы 6 сәуір

Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрінің 
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 217 бұйрығымен    
бекітілген      

Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және
парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта рәсімдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-4-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу тәртібін айқындайды.
      2. Есептік кезең – тиісті парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңі.
      3. Есептік кезеңге арналған парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары (бұдан әрі – ұлттық жоспар) негізінде есептік кезеңге берілген парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемі мынадай жағдайларда қайта қаралады:
      1) қондырғылардың сипатында немесе жұмыс істеуінде жоспарланған өзгерістер;
      2) парниктік газдар шығарындыларының жаңа көздерін енгізу.
      4. Парниктік газдар шығарындыларына сертификат қондырғы операторы ауысқан (заңды тұлға иеліктен шығарылған, қайта ұйымдастырылған, ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы өзгерген) жағдайда парниктік газдар шығарындыларына бұдан бұрын берілген квоталар өзгертілмей қайта ресімделеді.

2. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту тәртібі

      5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда, табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) есептік кезең ішінде, бірақ тиісті Ұлттық жоспардың қолданылуы соңғы жылының 1 қазанынан кешіктірмей мынадай құжаттарды:
      1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін өзгерту үшін өтініш;
      2) тәуелсіз аккредиттелген ұйым растаған квота көлемінің өзгеруін негіздейтін есептеулер;
      3) тәуелсіз аккредиттелген ұйым растаған өзгерістерді ескере отырып, мониторинг жоспарын қамтитын, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 122-ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8496 тіркелген) Қондырғы паспортының нысанына сәйкес әзірленген қондырғы паспортын тапсырады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 16.07.2015 № 486 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Квотаның ұлғаюына байланысты парниктік газдар шығарындыларына квоталарды қайта қарау есептік кезеңде жүргізілген өзгертулер бойынша қаралады.
      7. Өтініш беруші бұрын берілген парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін қайта қарау үшін уәкілетті органға есептік жылға парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы расталған есепті бергеннен соң құжаттарын береді. Уәкілетті орган парниктік газдар шығарындыларына бұдан бұрын берілген квоталар көлемін қайта қарауға өтінішті өтініштің келіп түскен күнінен бастап бір ай мерзім ішінде қарайды және квотаның жалпы көлемін көрсете отырып, бұдан бұрын берілген сертификатты Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңіне қайта ресімдейді. Квоталардың қосымша көлемі Ұлттық жоспардың квоталар көлемі резервінен беріледі.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 16.07.2015 № 486 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7-1. Квоталардың қосымша көлемі есептік кезең ішінде таралады.
      Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 16.07.2015 № 486 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлеміне қатысты қайта қарау туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
      9. Уәкілетті органға ұсынылған құжаттардың толық еместігі және дәйексіздігі, осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес тәуелсіз аккредиттелген ұйым растауының болмауы және парниктік газдар шығарындыларына бұрын берілген квоталардың көлемін қайта қарауға құжаттарды белгіленген мерзімнен (тиісті Ұлттық жоспардың қолданылуы соңғы жылының 1 қазанына дейін) кеш беру бұдан бұрын берілген квоталар көлемін өзгертуден және қайта қараудан бас тартуға әкеп соғады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 16.07.2015 № 486 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу тәртібі

      10. Қондырғының операторы ауысқан (заңды тұлға иеліктен шығарылған, қайта ұйымдастырылған, ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы өзгерген) жағдайларда уәкілетті орган өтініш беруші жүгінген күннен бастап бір ай мерзімде жаңа оператордың атауын және мекенжайын көрсете отырып, мынадай құжаттар негізінде сертификатты қайта ресімдейді:
      1) қондырғы операторы ауысқан (иеліктен айыру) жағдайда сатып алу-сату шарты немесе қондырғыны қабылдау-тапсыру актісі;
      2) қызметті алушының заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады. Сертификатта белгіленген міндеттемелер міндетті түрде жаңа операторға өтеді.
      11. Қондырғының операторы ауысқан жағдайда, тиісті ұлттық жоспармен белгіленген квотаның көлемі өзгерсе, қондырғы операторы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.
      12. Парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта рәсімдеу Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - мемлекеттік тізілім) тиісті жазбаларды енгізу және мемлекеттік тізілім операторының қондырғы операторына сертификатты қайта ресімдеу негізінде мемлекеттік тізімге енгізілген өзгертулер туралы жазбаша растауды беру арқылы жүргізіледі.

Парниктік газдар шығарындыларына  
квоталарды өзгерту және парниктік 
газдар шығарындыларына сертификатты
қайта ресімдеу қағидаларына қосымша

нысан

Парниктік газдар шығарындыларына квота көлемін өзгерту үшін өтініш

Есептік кезең:
Индексі: № 1-ПГ нысаны
Кезеңділігі: жылдық
Ұсынатын тұлғалар тобы: Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына кірген табиғат пайдаланушылар
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекциялау комитетіне
Тапсыру мерзімі: 1 қазанға дейін

1. Табиғатты пайдаланушының атауы


2. Жалпы мәліметтер:
2.1. Заңды мекенжайы
2.2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)
2.3. Байланыс телефоны, факс, электрондық пошта


3 Парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына жататын қондырғыға қатысты экономикалық қызмет түрлерінің Жалпы жіктеуішіне сәйкес экономикалық қызмет түрі (атауы мен коды)


4. Қайта ресімделуге жататын парниктік газдар шығарындыларына сертификаттың сериясы мен нөмірі


5. Қайта ресімделуге жататын сертификатқа сәйкес бекітілген квота көлемі


6. Қосымша (өзгертілетін) квота көлемі


7. Жалпы квота көлемі (қайта ресімделуге жататын сертификатқа сәйкес квота көлемінің соммасы және қосымша квота көлемі)


8. Квота көлемін өзгертуге өтініштің себебі (қажеттерін белгілеу):


8.1. қондырғылардың сипатында немесе қызмет етуінде жоспарланып отырған өзгерістер


8.2. парниктік газдар шығарындыларының жаңа көздерін іске қосу


9. Парниктік газдар шығарындыларына квота көлеміне арналған уақыт кезеңі

20__ жылға

10. Өтінішке мына құжаттар қоса беріледі:

Квотаның өзгеруін негіздейтін есептеулер
Қондырғы паспорты
Мониторинг жоспары
Тәуелсіз аккредиттелген ұйымның қорытындысы

Өтініш беруші мәліметтердің дұрыстығына толық жауапкершілікте болады.

Атауы ________________________
      ________________________
      ________________________

Мекенжайы _________________________
Телефон ___________________________
электрондық мекенжайы _____________

Орындаушының тегі және телефоны __________

Телефон

Басшы ________________________
Бас бухгалтер ________________

(Т.А.Ә., қолы)_____________________
(Т.А.Ә., қолы)_____________________

Парниктік газдар шығарындыларына квотаны өзгерту үшін
өтініш нысанын толтыру бойынша түсініктеме

      1. Квота көлемін өзгерту үшін өтініш нысаны осы Қағидалардың 4-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
      2. Квота көлемін өзгерту үшін өтініш нысанын парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына кірген табиғат пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекциялау комитетіне ұсынады.
      Аталан Қағидалармен белгіленген жағдайларда 1 қазаннан кешіктірмей.
      3. Нысан келесідей түрде толтырылады:
      1-бағанда табиғат пайдаланушының атауы көрсетіледі;
      «Жалпы мәліметтер» деген 2-бағанда заңды мекенжайы, ЖСН және БСН, байланыс телефоны, факс, электрондық пошта көрсетіледі;
      «Парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына жататын қондырғыға қатысты экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономика секторы (атауы мен коды)» деген 3-бағанда экономикалық қызмет түрлерінің ортақ жіктеуішіне сәйкес экономика секторы көрсетіледі;
      «Қайта ресімделуге жататын парниктік газдар шығарындыларына сертификаттың сериясы мен нөмірі» деген 4-бағанда парниктік газдар шығарындыларына сертификаттың сериясы мен нөмірі көрсетіледі;
      «Қайта ресімделуге жататын сертификатқа сәйкес бекітілген квота көлемі» деген 5-бағанда қайта ресімдеуге жататын сертификатқа сәйкес бекітілген квота көлемі көрсетіледі;
      «Қосымша (өзгертілетін) квота көлемі» деген 6-бағанда қосымша (өзгертілетін) квота көлемі көрсетіледі;
      «Жалпы квота көлемі» деген 7-бағанда қайта ресімдеуге жататын сертификатқа сәйкес квота көлемі қосымша квота көлемі бөлігіндегі сомасы көрсетіледі;
      «Квот көлемін өзгертуге өтініштің себебі (қажеттерін белгілеу» деген 8-бағанда 8.1.-бағанында көрсетілген қондырғылардың сипатында немесе қызмет етуінде жоспарланып отырған өзгерістер немесе 8.2. бағанында көрсетілген парниктік газдар шығарындыларының жаңа көздерін іске қосылуы көрсетіледі;
      «Парниктік газдар шығарындыларына квота көлеміне арналған уақыт кезеңі» деген 9-бағанда парниктік газдар шығарындыларына квота көлеміне арналған уақыт кезеңі көрсетіледі;
      «Өтінішке мына құжаттар қоса беріледі» деген 10-бағанда квотаның өзгеруін негіздейтін есептеулер, қондырғы паспорты, мониторинг жоспары, тәуелсіз аккредиттелген ұйымның қорытындылары қоса беріледі.

Об утверждении Правил изменения квот на выбросы парниковых газов и переоформления сертификата на выбросы парниковых газов

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 18 марта 2015 года № 217. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 мая 2015 года № 10961. Утратил силу приказом и.о. Министра энергетики Республики Казахстан от 30 июля 2016 года № 363

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра энергетики РК от 30.07.2016 № 363.

      В целях реализации пункта 4 статьи 94-4 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила изменения квот на выбросы парниковых газов и переоформления сертификата на выбросы парниковых газов.
      2. Признать утратившим силу приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 23 октября 2013 года № 326-ө «Об утверждении формы заявления на изменение квот на выбросы парниковых газов» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8902, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 1 февраля 2014 года № 22 (27643).
      3. Департаменту по изменению климата Министерства энергетики Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) направление на официальное опубликование настоящего приказа в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан в периодические печатные издания и в информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2) и 3) настоящего пункта.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
      Республики Казахстан                       В. Школьник

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр национальной экономики
      Республики Казахстан
      _____________ Е. Досаев
      6 апреля 2015 год

Утверждены        
приказом Министра энергетики
Республики Казахстан    
от 18 марта 2015 года № 217

Правила изменения квот на выбросы парниковых газов и переоформления сертификата на выбросы парниковых газов

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила изменения квот на выбросы парниковых газов и переоформления сертификата на выбросы парниковых газов (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 94-4 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года и определяют порядок изменения квот и на выбросы парниковых газов переоформления сертификата на выбросы парниковых газов.
      2. Отчетный период – период действия соответствующего Национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов.
      3. Объем квоты на выбросы парниковых газов, выданный на основании национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов (далее – национальный план) на отчетный период, пересматривается в случаях:
      1) изменений, планируемых в характере или функционировании установок;
      2) ввода новых источников выбросов парниковых газов.
      4. Сертификат на выбросы парниковых газов переоформляется без изменения ранее выданной квоты на выбросы парниковых газов, в случае смены оператора установки (отчуждение, реорганизация, изменение организационно-правовой формы, наименования юридического лица).

2. Порядок изменения квот на выбросы парниковых газов

      5. В случаях, указанных в пункте 3 настоящих Правил, природопользователь подает в уполномоченный орган в области охраны окружающей среды (далее - уполномоченный орган) в течение отчетного периода, но не позднее 1 октября последнего года действия соответствующего Национального плана следующие документы:
      1) заявление на изменение объемы квоты на выбросы парниковых газов согласно приложению к настоящим Правилам;
      2) расчеты, обосновывающие изменение объема квоты, подтвержденные независимой аккредитованной организацией;
      3) паспорт установки, разработанный по форме паспорта установки, утвержденной приказом Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 15 мая 2013 года № 122-ө (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8496), и план мониторинга с учетом изменений, подтвержденные независимой аккредитованной организацией.
      Сноска. Пункт 5 с изменением, внесенным приказом Министра энергетики РК от 16.07.2015 № 486 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).
      6. Пересмотр квоты на выбросы парниковых газов, связанный с увеличением квоты, рассматривается по изменениям, которые были произведены в течение отчетного периода.
      7. Заявитель подает документы на пересмотр объема ранее выданной квоты на выбросы парниковых газов в уполномоченный орган после предоставления подтвержденного отчета об инвентаризации парниковых газов за отчетный год. Уполномоченный орган рассматривает заявление на пересмотр объема ранее выданной квоты на выбросы парниковых газов в месячный срок со дня поступления заявления и переоформляет ранее выданный сертификат с указанием общего объема квот на период действия Национального плана. Дополнительный объем квоты выдается из резерва объема квот Национального плана.
      Сноска. Пункт 7 в редакции приказа Министра энергетики РК от 16.07.2015 № 486 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).
      7-1. Дополнительный объем квоты распространяется в течение отчетного периода.
      Сноска. Правила дополнены пунктом 7-1 в соответствии с приказом Министра энергетики РК от 16.07.2015 № 486 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).
      8. Информация о пересмотренных в отношении объема квот на выбросы парниковых газов публикуется на официальном интернет-ресурсе уполномоченного органа.
      9. Неполнота и недостоверность документов, предоставленных в уполномоченный орган, отсутствие подтверждения независимой аккредитованной организацией в соответствии с пунктом 5 настоящих Правил, и подача документов на пересмотр объема ранее выданной квоты на выбросы парниковых газов позже установленного срока (до 1 октября последнего года действия соответствующего Национального плана) влекут отказ в изменении и пересмотра объема ранее выданной квоты.
      Сноска. Пункт 9 в редакции приказа Министра энергетики РК от 16.07.2015 № 486 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

3. Порядок переоформления сертификата на выбросы парниковых газов

      10. В случаях, когда происходит смена оператора установки (отчуждение, реорганизация, изменение организационно-правовой формы, наименования юридического лица), уполномоченный орган в месячный срок с даты обращения заявителя переоформляет сертификат с указанием имени и адреса нового оператора на основе следующих документов:
      1) договор купли-продажи либо акт приема-передачи установки – в случае смены оператора установки (отчуждение);
      2) копия свидетельства* или справки о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица услугополучателя.
      Примечание: свидетельство о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридического лица (филиала, представительства), выданное до введения в действие Закона Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств», является действительным до прекращения деятельности юридического лица. Обязательства, установленные в сертификате, переносятся на нового оператора.
      11. В случае, когда при смене оператора установки происходит изменение объема квоты, установленного соответствующим национальным планом, оператор установки предоставляет документы, указанные в пункте 5 настоящих Правил.
      12. Переоформление сертификата на выбросы парниковых газов производится посредством внесения соответствующих записей в государственный реестр углеродных единиц Республики Казахстан (далее - государственный реестр) и выдачей оператором государственного реестра оператору установки письменного подтверждения о внесенных изменениях в государственный реестр на основании переоформленного сертификата.

Приложение           
к Правилам изменения квот на 
выбросы парниковых газов  
и переоформления сертификата
на выбросы парниковых газов

форма           

      Заявление на изменение объема квоты на выбросы парниковых газов

Отчетный период:
Индекс: форма № 1-ПГ
Периодичность: годовая
Круг лиц представляющих: Природопользователи, которые входят в национальный план распределения квот на выбросы парниковых газов
Куда представляется: Комитет экологического регулирования, контроля и государственной инспекции в нефтегазовом комплексе Министерства энергетики Республики Казахстан
Срок представления: до 1 октября

1. Наименование природопользователя


2. Общие сведения:
2.1. Юридический адрес
2.2. Индивидуальный идентификационный номер (ИИН),
бизнес-идентификационный номер (БИН)
2.3. Контактные телефоны, факс, электронная почта


3. Вид экономической деятельности, согласно Общего
классификатора видов экономической деятельности, к
которому относится установка, подпадающая под
требования по квотированию выбросов парниковых газов
(код и название)


4. Серия и номер сертификата на выбросы парниковых
газов, который подлежит переоформлению:


5. Объем квот, установленный согласно сертификату,
который подлежит переоформлению:


6. Дополнительный (изменяемый) объем квот:


7. Общий объем квот (сумма объема квот согласно
сертификату, который подлежит переоформлению и
дополнительного объема квот):


8. Причина запроса изменения объема квот (отметить
необходимое):


8.1. Изменения, планируемые в характере или
функционировании установок


8.2. Ввод новых источников выбросов парниковых газов


9. Период времени, на который предназначается объем
квоты на выбросы парниковых газов

На 20 ____ год

10. К заявлению прилагаются следующие документы:

Расчеты, обосновывающие
изменение квоты
Паспорт установки
План мониторинга
Заключения независимых
аккредитованных организаций

Заявитель несет полную ответственность за достоверность сведений.

Наименование ____________________
             ____________________
             ____________________

Адрес ________________________________
Телефон ______________________________
электронный адрес ____________________

Фамилия и телефон исполнителя ____

Телефон __________________________

Руководитель _____________________
Главный бухгалтер ________________

(Ф.И.О., подпись) _______________________
(Ф.И.О., подпись) _______________________

Пояснение по заполнению формы заявления на изменение объема квоты на выбросы парниковых газов

      1. Форма заявления на изменение объема квоты разработана в целях реализации пункта 4 настоящих Правил.
      2. Форма заявления на изменение объема квоты подается в Комитет экологического регулирования, контроля и государственной инспекции в нефтегазовом комплексе Министерства энергетики Республики Казахстан природопользователями, которые входят в национальный план распределения квот на выбросы парниковых газов.
      В случаях установленных данными Правилами не позднее 1 октября.
      3. Форма заполняется следующим образом:
      в графе 1 указывается наименование природопользователя;
      в графе 2 «Общие сведения» указывается юридический адрес, ИИН и БИН, контактные телефоны, факс, электронная почта;
      в графе 3 «Сектор экономики, согласно общего классификатора видов экономической деятельности, к которому относится установка, подпадающая под требования по квотированию выбросов парниковых газов (код и название)» указывается сектор экономики, согласно общего классификатора видов экономической деятельности;
      в графе 4 «Серия и номер сертификата на выбросы парниковых газов, который подлежит переоформлению» указывается серия и номер сертификата на выбросы парниковых газов;
      в графе 5 «Объем квоты, установленный согласно сертификату, который подлежит переоформлению» указывается объем квоты, установленный согласно сертификату, который подлежит переоформлению;
      в графе 6 «Дополнительный (изменяемый) объем квоты» указывается дополнительный (изменяемый) объем квоты;
      в графе 7 «Общий объем квоты» указывается сумма объема квоты согласно сертификату, который подлежит переоформлению в части дополнительного объема квоты;
      в графе 8 «Причина запроса изменения объема квоты (отметить необходимое)» указывается изменения, планируемые в характере или функционировании установок указанные в графе 8.1. или ввод новых источников выбросов парниковых газов указанные в графе 8.2.;
      в графе 9 «Период времени, на который предназначается объема квоты на выбросы парниковых газов» указывается период времени, на который предназначается объема квоты на выбросы парниковых газов;
      в графе 10 «к заявлению прилагаются следующие документы» прилагаются расчеты, обосновывающие изменение квоты, паспорт установки, план мониторинга, заключения независимых аккредитованных организаций.