Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.10.2020 № ҚР ДСМ-115/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 121-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшін жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшаны, оның ішінде жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотына есепке алынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қаржы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Денсаулық сақтау және | |
әлеуметтік даму министрі | Т. Дүйсенова |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 182 бұйрығымен бекітілген |
Мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың
пайдалануы үшін жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшаны,
оның ішінде жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі
мемлекеттік психиатриялық мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау
шотына есепке алынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшін жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшаны, оның ішінде жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотына есепке алынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 121-бабына сәйкес әзірленген және мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшаны, оның ішінде жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотына есепке алынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеме (бұдан – мекеме) – психикасының ауытқуынан (ауруынан) зардап шегетін, психикалық жағдайына және жасаған қоғамға қауіпті әрекеттерінің сипатына қарай өзіне немесе басқа адамдарға айрықша қауіп төндіретін, тұрақты және жіті байқауды талап ететін адамдарға қатысты сот шешімінің негізінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары жүзеге асырылатын психиатриялық стационар;
2) мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шоты (бұдан әрі – ҚАБШ) – жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақша, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мекеменің жұмсау құқығынсыз уақытша орналастырылатын қолма-қол ақшаны бақылау шоты.
2. Мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың
пайдалануы үшін жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшаны,
оның ішінде жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі
мемлекеттік психиатриялық мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау
шотына есепке алынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану тәртібі
3. Мекемеге мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастардың ҚАБШ-ға есепке алынатын ақшасын басқарады. ҚАБШ қаражатының пайдаланылуы бойынша есепке алу және есептілік, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. ҚАБШ-ға есепке алынатын ақшаны есепке алуды бухгалтерлік есепке және есептілікке жауапты мекеменің құрылымдық бөлімшесі қамтамасыз етеді, ол осы мақсатта:
1) ақша түскен кезде әрбір психикалық науқасқа ақшаның кірісі мен шығысы бойынша үнемі өзгерістер енгізіліп отыратын арнайы жеке шот ашады;
2) осы Ереженің 5-тармағының 12) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, психикалық науқастардың құрылымдық емдеу бөлімшесінің басшысы растаған және мекеме басшысы бекіткен жеке өтініштерінің негізінде арнайы жеке шоттардағы ақшасын жұмсау жөніндегі операцияларды жүргізеді;
3) психикалық науқастар өтініш білдірген тауарлар мен қызметтерге жалпы қажеттілікті қалыптастырады;
4) психикалық науқастар өтініш білдірген тауарлар мен қызметтерге жалпы қажеттілікті қамтамасыз ету үшін өнім берушілермен шарт жасасады;
5) мекеменің кассасына жеке және заңды тұлғалардан түскен қолма-қол ақшаны, сондай-ақ психикалық науқас мекемеге түскен кезде алынған ақшаны заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдайды. Мекеме кассасына қабылданған қолма-қол ақша ҚАБШ-ға психикалық науқастардың жеке шоттары бойынша екінші деңгейдегі банк арқылы есепке алынады;
6) ҚАБШ-ға есепке алынатын ақшаны есепке алу, қайтару, аудару жөніндегі банктік қызметтерге ақы төлеуді жүргізеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚАБШ ақшасын пайдалану бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізеді.
5. Мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастар өздерінің арнайы жеке шоттарына есепке алынатын ақшаны мынадай мақсаттарға пайдаланылады:
1) ең қажетті заттар, жеке гигиеналық заттар, киім, аяқ киім, жұмсақ инвентарь сатып алу;
2) қосымша тамақ өнімдерін сатып алу.