Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 18-4-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерді табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн күнтізбелік ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономикасының жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
______________ А. Мамытбеков
2015 жылғы 25 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 7 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________ В. Школьник
2015 жылғы 16 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 25 наурыз
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 18 бұйрығымен бекітілген |
Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды,
алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және
тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн
тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерді табиғи
монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтiк сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзiрлендi және реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алуды өткiзу тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда көзделген талаптар:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiне;
2) акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі табиғи монополиялар субъектілеріне;
3) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес білікті энергия өндіруші ұйымнан электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алуды жүргізу жағдайларына;
4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес орталықтандырылған сауда-саттықтарда, спот нарығында теңгерiмдеушi электр энергиясын, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiнің және өңірлік электр желілік компанияларының сатып алуды жүргізу жағдайларына қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуетті өнiм берушi – сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер заңды тұлға, жеке тұлға немесе дара кәсiпкер;
2) әлеуетті өнiм берушiнiң аффилиирленген тұлғасы – аталған әлеуетті өнім берушінің шешімдерін тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде шарттың немесе өзге де мәміленің күшіне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты аталған әлеуетті өнім берушінің осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;
3) бiртекті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер – бірдей болмаса да, белгілі бір функцияларды орындауға және өзара алмастыруға мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;
4) құзыреттi орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн табиғи монополия субъектiсi сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң тiзбесi (бұдан әрi – Тiзбе) – сатып алудың өлшем бiрлiктерi, көлемдерi, мерзiмдерi, тәсiлдерi, сондай-ақ бiр жылдың iшiнде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң әрбiр түрiн сатып алуға жұмсалатын сомалардың ең жоғары мөлшерi көрсетілген реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн табиғи монополия субъектiсi бір жыл ішінде сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң номенклатурасы;
6) сатып алу – реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi тапсырыс берушiнiң осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен сатып алуы;
7) стратегиялық тауарлар – табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут, дизель отыны, электр энергиясын беру және тарату, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін – электр энергиясы, жылумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін және жылу энерпгиясын беру және (немесе) тарату саласындағы нормативтік техникалық ысырыптар үшін – жылу энергиясы, газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өз мұқтаждары мен ысыраптары үшін – газ, сумен жабдықтау, жылу энергиясын өндіру салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін – сатып алынатын су;
8) стратегиялық тауарларды өндірушілер – стратегиялық тауарларды өндіретін немесе стратегиялық тауарларды өндіруге (өңдеуге) арналған шикізаттың меншік иесі болып табылатын не Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық тауарларды тікелей шетелдік өндірушінің атынан өткізетін жеке және заңды тұлғалар;
9) тапсырыс берушi – осы Қағидаларға сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiсi;
10) тапсырыс берушiнiң аффилиирленген тұлғасы – табиғи монополия субъектісінің шешімдерін тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде ауызша шартты қоса алғанда, шарттың немесе өзге де мәміленің күшіне орай ықпал ету мүмкіндігі бар тұлға (берілген өкілеттік шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ табиғи монополия субъектісінің оған қатысты осындай құқығы болатын кез келген тұлға;
11) тендер – әлеуетті өнiм берушiлердiң арасында бәсекелестiктi көздейтiн және сатып алу шартының барынша пайдалы талаптарын анықтауға бағытталған сатып алу тәсiлi;
12) тендерлiк комиссия – осы Қағидаларда белгiленген жағдайларда және тәсiлдермен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алуды жүзеге асыру үшiн тапсырыс берушi қызметкерлерiнің iшiнен қалыптасатын комиссия;
13) тендерлiк құжаттама – тендер өткiзу шарты мен тәртiбiн қамтитын тендерлiк өтiнiм дайындау үшiн тапсырыс берушi әлеуетті өнiмді берушiге ұсынатын құжат;
14) тендерлiк өтiнiм – тендерлiк құжаттамаға сәйкес жасалған әлеуетті өнiм берушiнiң тендерлiк ұсынысы;
15) тендерлiк өтiнiмдi кепiлдi қамтамасыз ету – тендерге қатысуға ниет бiлдiрген әлеуетті өнiм берушi ұсынған ақша кепiлзаты немесе банк кепiлдiгi;
16) уәкiлеттi орган – табиғи монополиялар салаларында және реттелетiн нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
4. Табиғи монополия субъектiсi тендердi мынадай қағидаттарды сақтай отырып өткiзедi:
1) тендер рәсiмдерiн өткiзудiң ашықтығы және жариялылығы;
2) барлық әлеуеттi өнім берушiлерді тендерге қатысу үшiн тең мүмкiндiктермен қамтамасыз ету;
3) әлеуеттi өнім берушiлер арасындағы адал бәсекелестiк;
4) отандық тауар өндірушілерді және жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық жеткізушілерін қолдау.
5. Стратегиялық тауарларды сатып алуды табиғи монополия субъектісі:
1) электр энергиясы мен қуатының орталықтандырылған сауда нарығына қол жеткізу мүмкін болмаған кезде тиісті тауар нарығында электр энергиясы тапшылығының болуы;
2) электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысу үшін тұтынушыларға қойылатын шарттарға табиғи монополия субъектісінің сәйкес келмеуі;
3) электр энергиясын беру және тарату салаларындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шаруашылық қажеттіліктеріне электр энергиясын сатып алуы;
4) газ тапшылығы кезінде оның импортын жүзеге асыратын ұйымдардан газ сатып алу;
5) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясын сатып алу жағдайларын қоспағанда, стратегиялық тауар өндірушілерден тікелей сатып алуды жүзеге асырады.
6. Табиғи монополиялар субъектілері мазут және (немесе) дизель отыны түріндегі стратегиялық тауарларды мұнайдың меншік иелерінен немесе көрсетілген мұнай өнімдерінің меншік иелері болып табылатын мұнай өнімдерін өндірушілерден сатып алуды жүзеге асырады.
7. Сатып алуға қатысу үшiн әлеуеттi өнім берушi мынадай бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келеді:
1) кәсiби бiлiктiлiкке, сондай-ақ сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң нарығында кемiнде бiр жыл жұмыс тәжiрибесiне ие. Сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң нарығында жұмыс тәжiрибесiнiң болу қажеттiлiгi туралы талаптар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне және мүгедектердің қоғамдық бiрлестiктерiнiң ұйымдарына қолданылмайды;
2) сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындауға қажеттi қаржылық, материалдық және еңбек ресурстардың болуы;
3) сатып алуды жүргiзу сәтiнде төлемге қабiлеттi, сондай-ақ оның қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмаған және таратылуға жатпауы тиіс.
8. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде мiндеттi түрде аудит жүргiзу белгiленген әлеуетті өнім беруші сатып алуға қатысу үшін "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес соңғы қаржылық жылға аудиторлық есептің түпнұсқасын немесе куәландырылған көшірмесін ұсынады.
9. Шарт жасасу үшiн мынадай қосымша құжаттар:
1) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама;
2) құрылысқа арналған техникалық құжаттама қажет.
10. Ұзақ мерзiмдi кезеңге сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер Тiзбеде шарттың қолданылу мерзiмiмен көрсетiлуге тиiс.
2. Сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
11. Сатып алу процесi:
1) тiзбені күнтiзбелiк жылға қалыптастыруды;
2) өнім берушіні таңдауды, онымен шарт жасасуды;
3) шартты орындауды қамтиды.
12. Табиғи монополия субъектiсi бiрiншi басшының бұйрығымен бекiтiлген, оның қолы мөрмен расталған келесi күнтiзбелiк жылға Тiзбенi жыл сайын 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде қалыптастырады және құзыреттi мен уәкiлеттi органдарға мәлiмет үшiн жiбередi. Құзыреттi және уәкiлеттi органға ұсынылатын Тiзбе тiгiлуге және нөмiрленуге, соңғы парағы тапсырыс берушінің бiрiншi басшысының немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның қолымен және тапсырыс берушінің мөрiмен расталуға тиiс.
Табиғи монополия субъектiсi күнтізбелік жыл ішінде Тiзбеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге құқылы. Тiзбеге өзгерiстер мен толықтырулар осы Қағидалардың 3-тармағының 5) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келеді және құзыреттi мен уәкiлеттi органдарға олар қабылданған кезден бастап он жұмыс күнінен кешiктiрілмей ұсынылады.
13. Осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеліп көрсетілетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алуы тендер нысанында және Тiзбеге сәйкес жүзеге асырылады.
14. Осы Қағидаларда белгіленген жағдайларда табиғи монополия субъектісі бір көзден алу, жабық тендер, екі кезеңді рәсімдер қолданылатын тендер, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
Табиғи монополия субъектісі тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді тендер өткізбестен сатып алуды, егер бір жылда сатып алынатын көлем құндық көріністе осы Қағидалардың 77-тармағында белгіленген шекті мөлшерден аспаған жағдайда жүзеге асырады.
15. Ашық және жабық тендерлер екi кезеңдi рәсiмдер қолданыла отырып өткiзiледі.
16. Табиғи монополия субъектiсiнiң көрсетілетін қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы табиғи монополия субъектiсi көрсетілетін қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыратын тендерлерге байқаушы ретiнде қатысуға құқылы.
Табиғи монополия субъектiсiнiң көрсетілетін қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы уәкiлеттi органға тапсырыс берушінің, тендерлiк комиссияның, тендерлiк комиссия хатшысының (хатшылығының), техникалық сарапшылардың заңсыз iс-әрекеттерiне шағым жасауға құқылы.
17. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң аффилиирленген тұлғалары үшiн тендердi бiрыңғай ұйымдастырушы ретiнде болуға құқылы.
3. Тендер өткiзу туралы хабарландыру (хабарлама)
18. Тендер өткiзу туралы хабарландыру (хабарлама) мынадай мәлiметтердi қамтиды:
1) тапсырыс берушiнiң толық атауы мен пошта мекенжайы;
2) сатып алудың атауы (сатып алудың атауы Тiзбеде көрсетiлген сатып алудың атауына сәйкес келуге тиiс), көлемi, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң бесеуден кем атауы, сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткiзу орны. Бір тендерде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бес немесе одан көп атауын сатып алған жағдайда, тендер өткізу туралы хабарлама тапсырыс берушінің тендерлік құжаттамасында көрсетілген сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің толық тізбесі туралы сілтемені қамтиды. Тапсырыс берушіде тұрақты жұмыс істейтін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын тұлғаға тиесілі интернет-ресурсы болған жағдайда, тапсырыс беруші сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң толық тiзбесiн интернет-ресурста көрсетедi;
3) сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi жеткiзудiң талап етiлетін мерзiмi;
4) тендерлік құжаттаманы алу тәсiлдері мен орны және оның құны, егер осындай көзделсе;
5) тендерлiк өтiнiмдерді ұсыну орны мен соңғы мерзiмi;
6) тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнi, уақыты мен орны;
7) тапсырыс берушiнің сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлген сомасы;
8) конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілгені үшін әлеуетті өнім берушінің төлемақы енгізуі үшін тапсырыс берушінің деректемелері, егер осындай төлемақы конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда.
4. Тендерлiк комиссия
19. Осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ашық тендер өткізу туралы хабарландыруды жариялағанға немесе осы қағидаларға 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жасалатын жабық конкурс өткізу кезінде әлеуетті өнім берушілерге хабарламаларды жібергенге дейін тапсырыс беруші тендерлік құжаттаманы, сондай-ақ тендерлік комиссияның құрамын, тендерлік комиссияның хатшысын бекітеді және қажет болған жағдайда тендерлік құжаттамаға сәйкес қажетті техникалық ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда техникалық және сапалық сипаттамаларға тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін анықтау үшін техникалық сарапшыларды айқындайды.
Осы тармақта көрсетiлген барлық шешiмдерді тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы тұлға қабылдайды.
Тендерлiк комиссия тапсырыс берушi тендерлiк комиссияны құру және сатып алуды өткізу туралы шешiмдi бекiткен кезден бастап сатып алу туралы шарт күшiне енгенге дейiн жұмыс iстейді.
Тендерлiк комиссия мүшелерiнiң саны тақ болуы және бес адамнан кем болмауы қажет.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн тендерлiк комиссия мүшелерiнiң саны тақ санды құрайды және үш адамнан кем болмауға тиiс.
Тендерлік комиссияның құрамына конкурстық комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және мүшелері кіреді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тендерлiк комиссияның отырысында тендерлiк комиссияның қандай да бір мүшесi өндiрiстiк немесе өзге де себептермен болмаған жағдайда, тендерлiк комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебi және осы фактiнi растайтын құжатқа сiлтеме көрсетiледі.
Тапсырыс берушi барлық қаржы жылына тұрақты құрамы бар тендерлiк комиссияны құруға құқылы.
20. Тендерлiк комиссияның хатшысы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) бұқаралық ақпарат құралдарында ашық тендер өткiзілетіні туралы хабарландыру жариялайды;
2) әлеуеттi өнім берушiлерге жабық конкурс өткiзілетіні туралы хабарламалар жiбередi;
3) тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердiң сақталуын қамтамасыз етедi;
4) тендерге қатысушыларды тендер қорытындысы туралы жазбаша хабардар етедi.
21. Тендерлiк комиссияның отырысы тендерлiк комиссияның жалпы санының кем дегенде үштен екi мүшелерi қатысқан жағдайда өткiзiледi.
Тендерлiк комиссияның шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады және оған тендерлiк комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыс тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
Тендерлiк комиссия мүшесі ерекшe пiкiр айтуға құқылы, ол жазбаша түрде баяндалады және ашу немесе тендердiң қорытындыларын шығару хаттамасына қоса берiледі.
22. Тендерлiк комиссияның хатшысы тендерлiк комиссияның мүшесi болып табылмайды және тендерлiк комиссия шешiмдер қабылдаған кезде қатыспайды.
Тендерлiк комиссияның хатшысы әлеуеттi өнім берушiлерге тендерлiк құжаттаманы ұсынады, тендерлiк құжаттаманы алған әлеуеттi өнім берушiлердi тiркеу журналын жүргiзедi, әлеуеттi өнім берушiлерден тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi қабылдайды, тендерлiк комиссия отырыстарының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындайды және тендерлiк комиссия отырыстары өткеннен кейiн оның хаттамаларын ресiмдейдi, келiп түскен тендерлiк өтiнiмдер мен конверттердi ашу рәсiмiне қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнім берушiлердi тiркеу журналын жүргiзедi, онда тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердiң ұсынылған уақыты мен күнi, әлеуеттi өнім берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң (тендерлiк өтiнiмi салынған конверттi ұсынған және тендерге қатысушы тұлғаның) тегі, аты, әкесінің аты көрсетiледі.
Тендерлiк құжаттаманы алған әлеуеттi өнім берушiлердi тiркеу журналы және тендерлiк өтiнiмдер мен тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмiне қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнім берушiлердi тiркеу журналы тiгiлуге, нөмiрленуге, соңғы парағы бiрiншi басшының қолымен және тапсырыс берушінің мөрiмен расталуға тиiс.
Тапсырыс беруші қажет болған жағдайда хатшының жұмысын орындау үшiн хатшылық құрайды, ол тапсырыс берушінің тендерлiк комиссия құру туралы бұйрығында хатшылық атынан құжаттарға осы Қағидаларда белгiленген жағдайларда қол қоюға уәкiлеттi жауапты тұлғаны көрсете отырып көрсетіледі.
Әлеуеттi өнім берушiлердi тiркеу журналы мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) тендердің атауы мен оны өткізу мерзімі;
2) әлеуеттi өнім берушiнің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты;
3) әлеуеттi өнім берушінің толық атауы және пошталық мекенжайы;
4) конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверттi тіркеу күні мен уақыты;
5) конкурсқа қатысу өтiнiміне әлеуеттi өнім берушi енгiзген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат.
Тапсырыс беруші конкурсқа қатысу өтiнiмдерін тiркеу журналында тендерге қатысуға өтінімдері тіркеуге қабылданбаған әлеуеттi өнім берушілерді осындай қабылдамау себептерін жаза отырып көрсетеді.
23. Техникалық сарапшылар тендерлiк комиссия құрамына кiрмейдi және олардың тендерлiк комиссияның шешiм қабылдауы кезінде дауыс беру құқығы жоқ.
Техникалық сарапшылар әлеуеттi өнім берушiлер ұсынған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң тендерлiк құжаттамадағы талаптарға сәйкестiгi жөнiнде қорытынды бередi. Сараптамалық қорытынды жазбаша ресiмделедi және тендерлiк комиссия отырысының хаттамасына қоса берiледi.
5. Тендерлiк құжаттаманың мазмұны
24. Тапсырыс берушi барлық әлеуеттi өнім берушiлерге мынадай ақпаратты қамтитын тендерлік құжаттаманы береді:
1) әлеуеттi өнім берушi өзінің бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшін ұсынатын құжаттар тiзбесi;
2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң сипаты, техникалық ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, олардың қажеттi техникалық және сапалық сипаттамалары;
3) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң саны (көлемi);
4) сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi жеткізу орны мен шарты;
5) сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi жеткізудің талап етiлетін мерзiмi;
6) төлем шарты мен сатып алу шартының жобасы;
7) бағадан басқа, критерийлерге сәйкес жеңген тендерлiк өтiнiм анықталатын олардың сипаты, оларға, тендерлiк өтiнiмдердi бағалау және салыстыру әдісінің сипаты;
8) бағада тасымалдау мен сақтандыру, кеден баждарын, салықтарды, алымдарды төлеу шығыстары сияқты және басқа да элементтер қамтылатын нұсқауды қоса алғанда, тендерлiк өтiнiмді есептеу тәсiлi мен әдiстемесі;
9) тендерлiк өтiнiмнің бағасы көрсетiлетін валюта немесе валюталар және тендерлiк өтiнiмдердің бағасын бiрыңғай валютаға сәйкес келтiру үшiн оларды салыстыру және бағалау мақсатында қолданылатын бағам;
10) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасына сәйкес тендерлiк өтiнiмдi, сатып алу туралы шартты жасасу және ұсыну тiлiне қойылатын талаптар;
11) әлеуеттi өнім берушiнiң тендерлiк өтiнiмнiң қолданыс мерзiмiн көрсету мiндетi туралы ақпарат;
12) тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етуді енгiзу тәртiбі, мөлшері, нысаны, мерзiмi;
13) тендерлiк өтiнiмдi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн әлеуеттi өнім берушiнiң тендерлiк өтiнiмдi өзгерту немесе қайтарып алу құқығына және тапсырыс берушінің, тендерлiк комиссияның, тендерлiк комиссия хатшысының (хатшылықтың) және техникалық сарапшылардың заңсыз iс-әрекетіне әлеуеттi өнім берушінiң шағымдану құқығына сілтеме;
14) тендерлiк өтiнiмдердi ұсыну орны мен соңғы мерзiмi және оларды қолдану мерзiмi;
15) әлеуеттi өнім берушiлер тендерлiк құжаттаманың мазмұны бойынша түсiндiрмелер сұрататын тәсiлдер, сондай-ақ тапсырыс берушiнiң осы кезеңде өнім берушiлермен ашық нысанда және хаттама жасалып өткізілетін кездесулер өткiзуге ниетi туралы хабар;
16) тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу орны, күнi және уақыты (тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу уақыты тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталған кезден бастап екi сағаттан аспауға тиiс);
17) тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу және тендерлiк өтiнiмдердi қарау үшiн пайдаланылатын рәсiмдер;
18) тендер өткiзу кезiнде тапсырыс берушiнiң мүддесін білдіруге уәкiлеттi лауазымды тұлғалар туралы мәлiметтер;
19) әлеуеттi өнім берушi - отандық тауар өндiрушiлерге басымдық беру шарттары мен тәртiбi.
25. Бiртекті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алу бойынша тендер өткiзу кезiнде тапсырыс берушiге тендерлiк құжаттамада тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi оларды жеткізу (орындау, көрсету) орны бойынша бөлiктерге (лоттарға) бөлу қажет. Бұл ретте тендердiң жеңiмпазы тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң әрбiр лоты бойынша айқындалады.
26. Әлеуеттi өнім берушi тапсырыс берушiден тендерлiк құжаттаманың түсiнiктемесiн тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн күнтiзбелiк он күн бұрын сұратуға құқылы. Тапсырыс берушi өтiнiмдi алған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей осы сауалға жауап беруге және мұндай түсiнiктеменi тендерлiк құжаттама жолдаған барлық әлеуеттi өнім берушiлерге жiбереді.
27. Тапсырыс беруші тендерлік өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін жеті жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей өзінің бастамасымен немесе әлеуетті өнім берушілердің сауалына жауап ретінде тендерлік құжаттамаға тапсырыс берушінің бірінші басшысының немесе оның міндеттерін атқаратын тұлғаның шешім қабылдау жолымен өзгерістер енгізеді.
Осындай өзгерістер туралы тендерлiк құжаттама ұсынылған барлық әлеуеттi өнім берушiлерге хабарлама беріледі. Бұл ретте тапсырыс берушi тендерлiк өтiнiмдер ұсынудың соңғы мерзiмiн осы өзгерiстердi әлеуеттi өнім берушiлер тендерлiк өтiнiмдерде ескеруi үшiн кемінде күнтiзбелiк он күн мерзiмге ұзартады.
Осы тармақтың талаптары тендерлік комиссия мүшелері жұмыстан шығу немесе олардың лауазымдары өзгеру нәтижесінде болған тендер өткізу кезінде тапсырыс берушінің мүддесін білдіруге уәкілетті лауазымды тұлғалар туралы мәліметтердің өзгеруіне қатысты емес.
28. Тапсырыс берушi тендерлiк құжаттамада көрсетiлген белгiлi бір жерде және уақытта тендерлiк құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн әлеуеттi өнім берушiлермен кездесулер өткiзеді.
Бұл ретте тапсырыс берушi кездесу барысында тендерлiк құжаттаманы түсiндiру туралы қойылған сұрақтарды, сондай-ақ осы сұрақтарға берiлген жауаптарды қамтитын хаттама жасайды. Хаттама тендерлiк құжаттама ұсынылған барлық әлеуеттi өнім берушiлерге жiберiледi.
6. Тендерлiк өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi, мазмұны, ұсынылуы,
өзгертілуі және кері қайтарылуы
29. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнім берушi тапсырыс берушiге тендерлiк құжаттамаға сәйкес тендерлiк өтiнiмдi желімделген конвертте тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн ұсынуы қажет.
30. Тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн алынған тендерлiк өтiнiм ашылмайды және оны ұсынған әлеуеттi өнім берушiге қайтарылады.
31. Тендерлiк өтiнiм тендерлiк құжаттамаға сәйкес онда көрсетiлген мерзiм iшiнде күшiнде болады.
Әлеуеттi өнім берушi тендерге қатысу үшiн ұсынған тендерлiк өтiнiмді қолдану мерзiмi кемінде күнтiзбелiк отыз бес күн.
Қолдану мерзiмi тендерлiк құжаттамада көрсетiлгеннен қысқа тендерлiк өтiнiм қабылданбайды.
32. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген заңды тұлға болып табылатын әлеуеттi өнім берушінің тендерлiк өтiнiмi:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендерге қатысуға арналған өтiнiмдi;
2) әлеуеттi өнім берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды:
әлеуеттi өнім берушiнiң сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi өндiруге, өңдеуге, жеткізуге және өткiзуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
егер сатып алынатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер лицензияланбайтын жағдайда, онда әлеуеттi өнім берушi орындайтын көрсетілетін қызметтер түрлерiнiң тiзбесi бар заңды тұлға жарғысынан алынған үзiндiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн немесе сауда тiзiлiмiнен (Қазақстан Республикасының резиденті еместерi үшiн) мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiне аудармасы бар нотариалды куәландырылған заңдастырылған үзiндi ұсыну қажет;
бiрiншi басшы немесе оның орнын алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
"Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес мiндеттi түрде аудиттi өткізу белгiленген заңды тұлғалардың соңғы қаржылық жыл үшiн аудиторлық есебiнiң түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
құрылтай шартынан немесе құрылтайшылар құрамы туралы жарғыдан алынған нотариалды куәландырылған үзiндiнi не конверттердi ашу күнiнiң алдындағы күнтiзбелiк отыз күн өткеннен кейін берiлген акциялар ұстаушыларының тiзiлiмiнен нотариалды куәландырылған көшiрмені;
тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күнге дейiн үш ай өткеннен кейін берiлген салық төлеушiде Қазақстан Республикасы бойынша салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екені туралы белгiленген нысандағы анықтаманы;
қосымша құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 30 шілде № 274 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу тізілімінде № 1972 тіркелген) Екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлік есептің үлгі есепшот жоспарына (бұдан әрі – Үлгі жоспар) сәйкес банкке және банк филиалына анықтама беру күнінің алдында үш айдан астам созылатын әлеуетті өнім беруші міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасын (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әркайсысынан осындай анықтамаларды) қамтиды. Анықтама тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiнiң алдындағы бір ай өткеннен кейін берілуі қажет. Егер анықтамада банктiң бiрiншi басшысының қолы қойылмаса, онда анықтама осындай анықтамаларға осы тұлғаның қол қою құқығы берiлгенiн көздейтiн құжаттың көшiрмесiмен бірге ұсынылады;
егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаған және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, онда осы әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының резиденті емес екендігі және салықтық есепте тұрмайтындығы туралы Қазақстан Республикасының салық органы анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады;
егер тендер стратегиялық тауарды сатып алуға жарияланған жағдайда – әлеуетті өнім беруші стратегиялық тауарды өндіруші болып табылатындығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
3) ілеспе көрсетілетін қызметтердің құнын қоса алғанда, жеткізілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің соңғы бағасын құрайтын әлеуетті өнім берушінің барлық нақты шығынын қамттиын осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген әлеуетті өнім беруші ұсынатын бағаны;
4) сәйкестігін растау саласындағы құжаттардың және сатып алу үшін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң қолайлылығы мен тендерлiк құжаттамаға сәйкестiгiн растайтын басқа құжаттардың көшiрмелерiн;
5) техникалық сертификаттарды;
6) ұсынылатын iлеспе көрсетілетін қызметтердi;
7) тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудiң енгiзiлуiн растайтын құжаттың түпнұсқасын қамтиды.
33. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген дара кәсiпкер немесе жеке тұлға болып табылатын әлеуеттi өнім берушi ұсынатын тендерлiк өтiнiм:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендерге қатысу өтiнiмін және жеке куәлiгiнiң немесе паспортының немесе жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға қабылданғаны туралы әділет органдары берген анықтаманың көшiрмесiн;
2) әлеуеттi өнім берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды:
сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi өндiруге, өңдеуге, жеткізуге және өткiзуге әлеуеттi өнім берушiнiң құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн тиiстi мемлекеттiк орган берген құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
Үлгі жоспарға сәйкес банкке немесе банк филиалына анықтама беру күнінің алдында үш айдан астамға созылатын әлеуетті өнім беруші міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасын (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан осындай анықтамаларды) қамтиды. Анықтама тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiнiң алдындағы бір айдан кейін берілуі ұажет. Егер анықтамада банктiң бiрiншi басшысының қолы болмаса, онда анықтама осындай анықтамаларға осы тұлғаның қол қою құқығы берiлгенiн көздейтiн құжаттың көшiрмесiмен бірге ұсынылады;
тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күнге дейiн үш ай өткеннен кейін берілген салық төлеушiде Қазақстан Республикасы бойынша салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екені туралы тиiстi салық органның анықтамасын;
егер тендер стратегиялық тауарды сатып алуға жарияланған жағдайда – әлеуетті өнім беруші стратегиялық тауарды өндіруші болып табылатындығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылған және жеткізілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң түпкiлiктi бағасын құрайтын әлеуеттi өнім берушiнiң барлық нақты шығындарын қамтитын әлеуеттi өнім берушi ұсынатын бағаны;
4) сәйкестігін растау саласындағы құжаттардың және сатып алу үшін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң қолайлылығы мен тендерлiк құжаттамаға сәйкестiгiн растайтын басқа құжаттардың көшiрмелерiн;
5) техникалық ерекшеліктерді;
6) ұсынылатын iлеспе көрсетілетін қызметтердi;
7) тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудiң енгiзiлуiн растайтын құжаттың түпнұсқасын қамтиды.
34. Әлеуеттi өнім берушi өзiнiң тендерлiк өтiнiмiн тендерлік өтінімді ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн, сонымен бiрге өзiнiң тендерлiк өтiнiмiн кепiлдi қамтамасыз етiлуiн қайтарып алу құқығын жоғалтпастан өзгертуге немесе қайтаруға құқылы.
Әлеуеттi өнім берушi қайтарып алу туралы хабарламаны жазбаша нысанда, бiрақ тендерлiк өтiнiмдер ұсынудың соңғы мерзiмiнен кешiктiрмей жiбереді.
Тендерлiк өтiнiмдi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн тендерлiк өтiнiмдерге өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
35. Әлеуеттi өнім берушi тендерлiк өтiнiмдi тiгiлген, беттерi нөмiрленген түрде ұсынады және соңғы бетi өнім берушiнің мөрімен және қолымен расталады.
Тендерлiк өтiнiмнің түпнұсқасы және барлық көшiрмелерi басылған немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылған оған әлеуеттi өнім берушi қол қойған түрде ұсынылады.
Тендерлiк өтiнiмнiң техникалық бөлiгi (тiгiлген, беттерi нөмiрленген, соңғы бетi заңды тұлғаның немесе дара кәсiпкердің қолымен және мөрімен расталған түрде) және банк кепiлдiгiнiң түпнұсқасы тендерлiк өтiнiмге жеке берiледi. Бұл ретте, егер техникалық ерекшелiк және (немесе) банктiк кепiлдiк тендерлiк өтiнiммен бiрге тiгiлсе, онда ол осы тендерлiк өтiнiмнен бас тартуға негiз болып табылмайды. Мұндай жағдайда банктiк кепiлдiктiң түпнұсқасы әлеуеттi өнім берушіге қайтарылмайды.
36. Әлеуеттi өнім берушi тендерлiк құжаттамада көрсетілген тендерлiк өтiнiм көшiрмелерiнiң қажеттi санын "Түпнұсқа" және "Көшiрме" деп жазып ұсынады. Олардың арасында айырмашылық болған жағдайда басымдық түпнұсқада болады.
Тендерлiк өтiнiмде әлеуеттік өнім берушiге ұсынылған өтінімнің мәнін өзгертпей грамматикалық немесе арифметикалық қателердi түзету қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасына ешбір енгiзулерге, өшірулерге және немесе қосымша жазуларға жол берілмейді.
37. Әлеуеттi өнім берушi тендерлiк өтiнiмнiң түпнұсқасы мен әрбiр көшiрмесiн, оларды "Түпнұсқа" және "Көшiрме" деп белгiлей отырып, әртүрлi конверттерде желімдейді. Осы конверттерде әлеуеттi өнім берушiнiң атауы мен мекенжайы көрсетiледі. Бұдан кейiн конверттер сыртқы конвертке салынып желімделеді.
Iшкi және сыртқы конверттер:
1) тендерлiк құжаттамада көрсетiлген мекенжай бойынша тапсырыс берушiге жолданады;
2) "___________________________________"(тендердiң атауы)" сатып алу жөнiндегi тендер, _______________________________________________ (тендерлiк құжаттамада көрсетiлген конверттердi ашу күнi және уақыты) дейін ашылмасын" деген сөздерді қамтиды.
Осы Қағидалардың 34-тармағында көзделген тендерлiк өтiнiмдi өзгертудi әлеуеттi өнім берушi дайындайды, желімделеді және тендерлiк өтiнiм сияқты ұсынылады.
7. Тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз ету
38. Әлеуеттi өнім берушi тендерлiк өтiнiмдi ұсынған кезде сонымен бiр мезгiлде оның тендерлiк өтiнiмінде ұсынылған сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнының бiр пайыз мөлшерінде кепiлдi қамтамасыз етудi тендерлiк құжаттамада көзделген нысанда, тәсiлмен және шарттармен енгiзедi.
39. Тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз ету мынадай бір түрде ұсынылады:
1) банкте орналастырылатын ақша кепiлi;
2) банк кепiлi.
Әлеуеттi өнім берушi тендерлiк өтiнiмдi ақша кепiлi түрiнде қамтамасыз етудi тапсырыс берушiнiң тиiстi шотына енгiзедi.
40. Тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудi қолдану мерзiмi осы тендерлiк өтiнiмді қолдану мерзiмiнен кем болмайды.
41. Тапсырыс берушi тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай:
1) тендерлiк өтiнiмді қолдану мерзiмiнің аяқталуы;
2) сатып алу шартының күшiне енуі;
3) тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн тендерлiк өтiнiмдi қайтарып алу;
4) тендерлiк өтiнiмдi тендерлiк құжаттаманың талаптарына жауап бермейтін өтінім ретінде қабылдамау;
5) тендер жеңiмпазын айқындамастан сатып алу рәсiмiн тоқтату жағдайлары туындаған сәттен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде қайтарады.
42. Тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз ету, егер әлеуеттi өнім берушi:
1) тендерлiк өтiнiмдi берудiң соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн тендерлiк өтiнiмдi қайтарып алған немесе өзгерткен;
2) егер ол тендер жеңiмпазы деп белгiленсе, сатып алу шартын жасамаған жағдайларда тендерлiк өтiнiмдi және оның қамтамасыз етiлуiн ұсынған әлеуеттi өнім берушiге қайтарылмайды.
43. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi және тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндiретiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдар болып табылатын әлеуеттi өнім берушілер олардың тендерлiк өтiнiмдерiнде ұсынылған сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң құнынан бiр пайыз мөлшерде тендерлiк өтiнiмнiң кепiлдi қамтамасыз етуiн тендерлiк құжаттамада көзделген нысанда, тәсiлмен және шарттармен енгiзедi.
44. Әлеуеттi өнім берушілер, егер:
1) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылса және тұтастай тендер бойынша олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң көлемi құндық көрiнiсiнде айлық есептiк көрсеткiштің алты мың есе мөлшерінен аспаса;
2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндiретiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдар болып табылса, тендер бойынша олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң көлемi құндық көрiнiсiнде айлық есептiк көрсеткiштің он сегiз мың есе мөлшерінен аспаса;
3) тендердiң бiрiншi кезеңiне екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып қатысса, тендерлiк өтiнiмнiң қамтамасыз етуiн енгiзбейдi.
8. Тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу
45. Тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi тендерлiк комиссия тендерлiк құжаттамада көрсетiлген күні, уақытта және орында ашады.
Әлеуеттi өнім берушiлер немесе олардың өкiлдерi тендерлiк өтiнiмдердi ашу кезiнде қатысады және бейне- мен аудио техника құралдарын пайдаланады.
46. Тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу кезiнде тендерлiк комиссия қатысушы тұлғаларға тендерге қатысып отырған әлеуеттi өнім берушiлердiң атауы мен мекенжайын, олар ұсынған бағаларды, жеткізу шарты мен төлемiн, тендерлiк өтiнiмдердi қайтарып алу мен өзгерту, егер олар құжаттамалық көрсетiлсе, тендерлiк өтiнiмдi құрайтын құжаттардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты хабарлайды және осы ақпаратты тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасына тiркейдi.
Тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасының көшiрмесi ашу рәсiмi кезiнде қатысқан әлеуеттi өнім берушiлерге алған күнi мен уақытын көрсете отырып, қолдарын қойғызып берiледi, жоқ болғандарға - олардан тиiстi сұраным алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешiктiрілмейтiн мерзiмде жолданады.
Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверттерді ашу хаттамасына отырысқа қатысқан барлық конкурстық комиссияның мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды және әр параққа қол қояды.
9. Тендерлiк өтiнiмдердi бағалау және салыстыру
47. Тендерлiк өтiнiмдердi бағалау және салыстыру кезінде:
1) тендерлiк комиссия әлеуеттi өнім берушiлерден олардың тендерлiк өтiнiмдерiне байланысты түсiнiктемелер сұратады;
2) тендерлiк құжаттаманың талаптарына жауап бермейтін тендерлiк өтiнiмді осы талаптарға сәйкес келтіру үшін сұратуларға, ұсыныстар немесе рұқсаттарға жол берiлмейдi.
48. Тендерлiк комиссия тендерлік өтiнiмдi, егер:
1) әлеуеттi өнім беруші бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмесе;
2) әлеуеттi өнім беруші тендерлік өтiнiмнiң қамтамасыз етуін тендерлiк құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттармен енгізбесе;
3) осы тендерлiк өтiнiм тендерлiк құжаттаманың талаптарына жауап бермесе;
4) тендерге қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнім берушінiң тендерлiк өтiнiмдерiнiң бағалары осы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алуға бөлiнген сомадан артық болса қабылдамайды.
49. Тендерлiк комиссия бас тартқан тендерлiк өтiнiм тендерлiк өтiнiмдердi бағалау мен салыстыруға қабылданбайды.
50. Тендерлiк комиссия, егер:
1) осы Қағидалардың 48-тармағында көзделген негіздердің кез келгені бойынша әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерінен бас тартқаннан кейін екеуден кем тендерлік өтінім қалған;
2) тендерге қатысуға бірде-бір өтінім түспеген өнім;
3) тендерге қатысуға бiр ғана әлеуетті өнім беруші өтiнiм берген жағдайда тендер немесе лот бойынша сатып алу өтпеді деп таниды. Мұндай жағдайда тендерлiк өтiнiм салынған конверт әлеуетті өнiм берушiге ашылмастан қайтарылады.
51. Егер тендер жалпы немесе қандай да бір лот бойынша өткiзiлмеген деп танылса, онда тапсырыс берушi:
1) тендерлiк құжаттаманың мазмұнын өзгертедi және қайта тендер өткiзедi;
2) осы Қағидалардың 82-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда бiр көзден сатып алуды өткізеді.
Осы тармақта көрсетiлген iс-қимылдар тапсырыс берушінің бiрiншi басшысының немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның шешiмiмен ресiмделедi.
Қайта ашық тендер өткiзу қажет болған жағдайда тапсырыс беруші тендерлiк өтiнiм қабылдау аяқталғанға дейiн күнтiзбелiк он күн мерзiмнен кешіктірмей мерзімді баспасөз басылымында хабарлама жариялайды.
52. Тендерлiк комиссия бас тартпаған тендерлiк өтiнiмдердi тендерлiк комиссия бағалайды және салыстырады және жеңіп алған тендерлік өтінімді ең төменгі бағаның негізінде және мынадай критерийлерді ескере отырып айқындайды:
1) пайдалану, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу шығыстары;
2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi жеткізу мерзiмi;
3) материалдық ресурстардың функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамасы;
4) төлем шарттары;
5) тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған кепiлдi шарттар;
6) отандық тауар өндiрушi - әлеуеттi өнім берушiлердi қолдау;
7) әлеуеттi өнім берушінiң бiлiктiлiк деректерi.
53. Тендерлiк комиссия тендерлiк өтінімнің жеңiмпазын анықтаған кезде, отандық тауар өндірушілер болып табылатын әлеуетті өнім берушiлердiң тендерлiк өтiнiмiнiң бағасын 20 пайызға шартты түрде төмендетедi.
Отандық тауар өндіруші – әлеуетті өнім берушілер Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және:
кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында толығымен өндірілген тауарларды;
кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу критерийлеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті дәрежеде қайта өңделген тауарларды өндіретін (бұдан әрі - отандық тауар өндірушілер) жеке және (немесе) заңды тұлғалар.
54. Тендерлiк комиссия тендердiң қорытындысын тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттер ашылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзiмде шығарады.
55. Тапсырыс беруші тендердiң қорытындыларын шығарған күннен бастап қатысқан барлық әлеуеттi өнім берушiлердi тендер өткiзiлетiнi туралы хабарландыру жарияланған мерзiмдi баспасөз басылымында тендердiң атауын көрсете отырып, тендер нәтижелерiн, ал тендер өткен жағдайда жеңiмпазды, тендер жеңiмпазы ұсынған тауардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы мен бірлік бағасын көрсете отырып, жетi жұмыс күнi iшiнде жариялауды хабардар етедi.
10. Тендердiң қорытындысы туралы хаттама
56. Тендер арқылы сатып алуды жүзеге асырған кезде тендерлiк комиссия тендердiң қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейді, онда мынадай ақпарат қамтылады:
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы мен қысқаша сипаттары;
2) тендерлiк өтiнiмдердi ұсынған әлеуеттi өнім берушiлердiң атаулары мен мекенжайлары;
3) тендерлiк өтiнiмдерді ұсынған әлеуеттi өнім берушiлердiң бiлiктiлiк деректерi;
4) әр тендерлiк өтiнiмнiң бағасы мен басқа да негiзгi шарттары;
5) тендерлiк өтiнiмдердiң салыстыруын және бағасын жазу;
6) тендерлiк өтiнiмдi қабылдамаған жағдайда - оларды қабылдамау негiздерi;
7) әр лот бойынша тендер жеңiмпазының атауы мен мекенжайы және жеңiмпаз анықталатын шарттар;
8) егер тендер нәтижесінде жеңiмпаз анықталмаса – тендерлік комиссияның осындай шешiм қабылдауға негiздерi;
9) тендерлiк құжаттаманы түсіндіру туралы сұрауларды, оларға жауаптарды қорытып жазу, сондай-ақ тендерлік құжаттамаға өзгерістер мен толықтыруларды қорытып жазу;
10) сатып алу туралы шартқа қол қойылатын (бірақ тендер жеңiмпазы хабарды алған кезден бастап он жұмыс күнiнен аспайтын) мерзiм;
11) техникалық сарапшыларды тарту туралы ақпарат;
12) егер конкурс өткен жағдайда, онда Тiзбеде көзделген осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу үшiн Тапсырыс берушiнің бөлген сомасы.
57. Тендерге қатысушының талабы бойынша оған тендер нәтижелерi мен жеңiмпазын таңдау себептері туралы жазбаша толық ақпарат ұсынылады.
58. Әлеуеттi өнім берушi уәкiлеттi органға тапсырыс берушінің, тендерлiк комиссияның, тендерлiк комиссия хатшысының (хатшылығының) және техникалық сарапшылардың заңсыз iс-әрекеттеріне шағымдануға құылы.
11. Сатып алу процесiне байланысты шектеулер
59. Тапсырыс берушiнiң екi және одан көп аффилиирленген тұлғасы көрсетiлген Тапсырыс берушi өткiзетiн тендерге (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.
60. Тапсырыс берушiнiң қызметкерi, егер ол әлеуеттi өнім берушiнiң лауазымды немесе сенiмдi тұлғасының жақын туысқаны (ата-анасы, жұбайы, зайыбы, бауырлары, апа-сiңлiлерi, балалары) немесе өзгеше түрде тендер қорытындысына жеке мүдделi болса, сатып алу рәсiмдерiне байланысты мiндеттердi орындай алмайды.
61. Әлеуеттi өнім берушiнің және оның аффилиирленген тұлғасының бiр тендерге (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.
12. Сатып алу шарты
62. Тапсырыс берушiнің қолы қойылған шартпен бірге тендерлік өтiнiмді жеңiмпаз деп тану туралы жазбаша хабарламаны тапсырыс беруші әлеуеттi өнім берушіге тендер қорытындысын шығарған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жiбередi.
Сатып алу шарты тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған сәттен бастап күшіне енедi.
63. Тендердiң жеңiмпазы оның өтiнiмi жеңiмпаз деп танылғаны туралы хабарламаны және сатып алу шартының жобасын алған сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде шартқа қол қояды немесе орын алған келiспеушiлiктер туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тартқаны туралы тапсырыс берушiні жазбаша хабардар етеді.
64. Егер әлеуетті өнім беруші тендер жеңімпазы деп танылса және Қағидалардың 63-тармағында белгіленген мерзімде сатып алу шартына қол қоймаса, онда тапсырыс бepуші Қағидалардың 52-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес ұсынысы жеңімпаздың ұсынысынан кейін тапсырыс бepуші үшін барынша басым болып табылатын тендердің басқа қатысушысымен сатып алу шартын жасасады, ол тендер қорытындылары туралы хаттамамен расталады.
65. Сатып алу шарттары, тендерлік құжаттама, сатып алу хаттамалары, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері және өткізілген сатып алу жөніндегі өзге материалдар тапсырыс берушіде кемінде бес жыл сақталады.
66. Тапсырыс бepушi өткізілген сатып алу қорытындылары бойынша жасалған шарттарды тіркеудің бірыңғай журналын жүргізеді.
67. Сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған сатып алу туралы шартқа өнім берушіні таңдау үшін негiз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетiн қандай да бір өзгерістерді және (немесе) жаңа талаптарды (бағаны төмендетуден басқа) енгiзуге жол берілмейді.
Сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған сатып алу туралы шартқа бағаны төмендету бөлігінде өнім берушінi таңдау үшін негiз болған сапа, көлем және басқа да талаптар өзгермеген жағдайда өзгерiстер енгiзуге жол берiледi.
Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу туралы шарттың орындалу процесiнде сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұқсастардың бағалары төмендеу жағына өзгерсе, онда тапсырыс беруші мен өнім берушінiң өзара келiсiмi бойынша осы тармақтың ережелерiн ескере отырып, сатып алу туралы шартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiледі.
68. Сатып алу шартына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормалары қолданылады.
13. Сатып алу тәсiлдерi және оны ұйымдастыру
69. Әлеуеттi өнім берушiлер ашық тендер өткiзілетіні туралы хабарландыруды тендерлiк өтiнiмдердi қабылдау аяқталған күнге дейiн күнтiзбелiк жиырма күн бұрын мерзімді баспасөз басылымында жариялаумен хабардар етіледі.
Шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын табиғи монополия субъектiсi тендер өткiзілетіні туралы хабарламаны реттеліп көрсетілетін қызметті көрсететін тиісті облыс аумағында таралатын мерзiмдi баспа басылымында, ал ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын табиғи монополия субъектiсі аптасына кемінде үш рет шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзiмдi баспа басылымында жариялайды.
Тендерлiк өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi мен тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу процесiнің басталуы арасындағы уақыт ұзақтығы екi сағаттан аспауға тиiс.
70. Жабық тендер, егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Кеден одағының шеңберінде Бірыңғай экономикалық кеңістік аумағындағы тапсырыс берушіге алдын ала белгілі бесеуден аспайтын әлеуетті өнім берушілерде бар тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жүргізіледі.
71. Жабық тендер өткiзілетіні туралы хабарлама қолдарында сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бар барлық әлеуеттi өнім берушiлерге осы тендерге қатысуға өтiнiмдердi қабылдау аяқталған күнге дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын жiберiледі.
Хабар жiберiлетiн әлеуеттi өнім берушiлердiң тiзiмiн тапсырыс берушiнiң басшысы бекiтедi.
72. Екi кезеңдi рәсiмдер қолданылатын тендер:
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің егжей-тегжейлі ерекшеліктерін тұжырымдау, сондай-ақ олардың техникалық сипаттамалары мен сапалық көрсеткiштерін анықтау күрделi болған;
2) ғылыми зерттеулер, сынақтар, iздестiрулер немесе әзiрлемелер жүргізу қажет болған жағдайларда қолданылады.
73. Екi кезеңдi рәсiмдi пайдаланатын тендер мынадай кезеңдердiң жиынтығын білдіреді:
1) әлеуеттi өнім берушiлерден тендерлiк құжаттаманың негiзiнде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және өзге де сипаттамаларына, оларды жеткiзудiң (орындаудың, көрсетудің) шарттық талаптарына қатысты ұсыныстар сұрату;
әлеуеттi өнім берушiлер тендерлік құжаттамаға сәйкес ұсынған бағалары көрсетілмеген алғашқы тендерлік өтінімдерді қарау;
әлеуеттi өнім берушiлердiң бiлiктiлiк деректерiн қарау;
біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілермен тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық немесе өзге де сипаттамаларына, шарттық талаптарына, оларды жеткiзуге (орындауға, көрсетуге) қатысты мәселелерді талқылау;
2) тапсырыс берушiнiң әлеуеттi өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық немесе өзге де сипаттамалардың негiзiнде тендерлiк құжаттамаға өзгерістер енгiзуi;
тендердiң бiрiншi кезеңiнен өткен әлеуеттi өнім берушілердің түпкiлiктi тендерлік өтiнiмдерді ұсынуы;
баға ұсыныстары мен бағалау өлшемдерін ескере отырып, оларды бағалау және салыстыру;
тендер қорытындысын шығару.
74. Тендерлiк комиссия екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын тендердің қорытындысын соңғы тендерлік өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзiмде шығарады.
75. Баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып өнім берушіні таңдау әлеуетті өнім берушілердің қолдарындағы тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге өткізіледі, олардың егжей-тегжейлі ерекшелігінің тапсырыс беруші үшін елеулі мәні болмайды, бұл ретте шешуші шарт баға болып табылады.
76. Баға ұсыныстарын сұрату, егер тауарларды, (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатып алудың жылдық көлемi: табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiнiң республикалық бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн – төрт мың айлық есептiк көрсеткiштен; табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - екi мың айлық есептiк көрсеткiштен аспаған жағдайда ғана пайдаланылады.
77. Баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып өнім берушіні таңдау тәсілін қолдану мақсатында жыл бойы сатып алынатын бiртектi тауарлар түрлерінің жылдық көлемiн қаржы жылы ішінде бөлшектеуге жол берiлмейдi.
78. Тапсырыс берушi сатып алынатын материалдық ресурстарға жазбаша баға ұсыныстарын тапсырыс берушiмен және (немесе) өзара аффилиирленбеген кемінде екі әлеуеттi өнім берушiден сұратады және келіп түскен барлық баға ұсыныстарын белгiленген мерзiмде қарайды. Тапсырыс беруші сатып алу шартын ең төмен баға ұсынысын берген әлеуеттi өнім берушiмен жасасады.
79. Әрбiр әлеуеттi өнім берушi бiр ғана баға ұсынысын ұсынады, ол жазбаша түрде ресімделеді.
Егер сатып алынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатуға және жеткiзуге арналған қызмет мiндеттi түрде лицензиялануға жататын жағдайда, тапсырыс беруші осындай лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн сұратады.
80. Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілерден баға ұсыныстарын сұратуды тipкeу журналын және әлеуетті өнім берушілерден түскен баға ұсыныстарын тіркеу журналын жүргізеді, соңғысында сатып алу тәсілі, әлеуетті өнім берушінің атауы мен пошта мекенжайы, оның жеке сәйкестендіру нөмipi, бизнес сәйкестендiру нөмiрi, баға ұсынысын тipкeу күні мен уақыты көрсетіледі.
Көрсетілген журналдар тігілуге, нөмірленуге, соңғы парағы бipiншi басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен және тапсырыс берушінің мөрімен расталады.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары баға ұсыныстарын ұсыну күні аяқталған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде бекітіледі.
81. Бiр көзден сатып алу – бұл тендер қолданылмайтын сатып алу тәсілі және мынадай:
1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер табиғи монополия субъектiсi болып табылатын әлеуетті өнiм берушiде ғана болатын немесе нарықтың қандай да бiр субъектiсi тауардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң тиiстi түрiнiң бiр ғана әлеуетті өнiм берушiсi болып табылатын немесе сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер белгiлi бiр тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсiнде ғана болатын немесе қандай да бiр нақты әлеуетті өнiм берушi осы тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге ерекше құқыққа ие болатын;
2) дүлей апаттар (жер сiлкiнісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, эпидемия мен эпизоотия, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен ормандардың кеселдері және зиянкестермен зақымдануы, сондай-ақ өнеркәсіп, көлік және басқа да апаттар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық қауіпті заттар тастандыларының (тарату қауіпі бар) апаты, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр энергетикалық және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылғыларында апаттық жағдай туғызған төтенше жағдайлардың болу салдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен осы тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге шұғыл қажеттілік туындайды, бұл тендер өткiзу мүмкіндігін болдырмайтын;
3) қандай да бiр өнiм берушiден тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алған тапсырыс берушiде осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бiріздендіру, стандарттау немесе сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сол бiр өнім берушiден сатып алу қажеттiгi туындайтын;
4) тендер екi рет өткiзілмеді деп танылған және тапсырыс берушiнiң осы Қағидалардың 51-тармағының 1) тармақшасында көзделген шараларды қабылдауы сатып алу шартын жасасуға алып келмеген;
5) тендер әлеуеттi өнім берушiлерден өтiнiмдердің болмауына байланысты өтпедi деп танылған жағдайларда ғана өткізіледі.
82. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi бiр көзден сатып алудың негiздерi мынадай құжаттармен расталады:
1) әлеуеттi өнім беруші тиiстi біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң жалғыз әлеуеттi өнім берушісi болып табылатынына байланысты сатып алу қажеттiлiгiн растау үшiн - тиiстi құзыреттi органның осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi тапсырыс берушінің сатып алу қажеттiлiгi туралы сатып алу күніне бір жылдан кешіктірмей берген қорытындысы, осы өнім беруші тиiстi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң жалғыз әлеуеттi өнім берушісi болып табылатынын растайтын құжаттар;
2) қолда бар тауарлармен, жұмыстармен немесе көрсетілетін қызметтермен біріздендіру, стандарттау немесе сәйкестендiруді қамтамасыз ету мақсатында сатып алудың қажеттiлiгiн растау үшiн – оған сәйкес әлеуетті өнім берушіден бастапқыда тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер сатып алынған шарт, құзыретті органның сатып алынатын тауардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сандық және құндық көріністегі көлемі, сондай-ақ қолда бар тауарлармен, жұмыстармен және көрсетілетін қызметтермен стандарттау, біріздендіру және сәйкестендіруді қамтамасыз ету қажеттілігін растайтын техникалық ерекшелік және (немесе) өзге де құжаттама көрсетілген біріздендіру, стандарттау немесе сәйкестендіруді қамтамасыз ету мақсатында осы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушінің сатып алу қажеттілігі туралы қорытындысы;
3) екi ашық тендердiң өткiзiлмегенiн растауға байланысты сатып алу қажеттiлiгiн растау үшiн – осы тендерлер бойынша құжаттар: тендерлiк комиссияларды құру туралы бұйрықтар; тендерлiк құжаттамалар; тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамалары; тендерлердiң қорытындылары туралы хаттамалар; әлеуеттi өнім берушілердiң қосымшаларымен бiрге тендерлiк өтiнiмдерi; тендер өткізу туралы мерзімді баспадағы хабарландырулар;
4) ашық тендер өткiзген кезде әлеуеттi өнім берушілерден тендерлiк өтiнiмдер болмауына байланысты сатып алудың қажеттiгiн растау үшiн – осы тендер бойынша құжаттар: тендерлiк комиссия құру туралы бұйрық, тендерлiк құжаттама, тендердiң қорытындылары туралы хаттама, тендер өткізу туралы мерзімді баспасөздегі хабарландыру.
83. Осы Қағидалардың 82-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бiр көзден сатып алуды жүзеге асыру кезiнде әлеуетті өнiм берушi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуі қажет.
84. Бiр көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушi әлеуеттi өнім берушіден осы әлеуетті өнім беруші ұсынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бағасының барлық қажеттi негiздемелерiн сұратады.
85. Тапсырыс берушi бiр көзден сатып алуды жүзеге асырған кезде хаттама жасайды, онда мынадай ақпарат қамтылады:
1) бiр көзден сатып алу тәсiлiн қолдану негіздемесі;
2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң қысқаша сипаты;
3) сатып алу шарты жасалатын әлеуеттi өнім берушiнiң атауы мен мекенжайы және осындай шарттың бағасы.
Нысан
Алдағы болатын тендер туралы хабарландыру нысаны
_____________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің толық атауы)
мынадай тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi:
(тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң және олардың
санын (көлемiн) құнын көрсетпей-ақ қысқаша сипаттау); (бiр тендерде
тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң бес және одан көп
атауларын сатып алған жағдайда, тендердi өткiзу туралы хабарландыру
сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң
толық тiзбесi тапсырыс берушінің тендерлiк құжаттамасында көрсетiлген
сiлтеменi қамтуға тиiс. Тапсырыс берушінің интернет-ресурсы болған
кезде, соңғысы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтердiң толық тiзбесiн интернет-ресурста көрсетедi) сатып алу
жөнiнде ашық (қайталама) тендер өткiзу туралы хабарлайды.
Тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер: ________________
_____________________________________________________________________
(тауарлар жеткiзiлетiн, жұмыстар орындалатын немесе қызметтер
көрсетiлетiн орын көрсетілсін) жеткiзiлуге (орындалуға/көрсетiлуге)
тиiс.
Жеткiзудiң (орындаудың, көрсетудiң) талап етiлген мерзiмi______
Тендерге қатысуға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрінің _____ жылғы _____ № ____ бұйрығымен бекітілген Реттеліп
көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар
мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерін және тарифтiк
сметаларды бекiту кезiнде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстармен көрсетілетін қызметтердi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидаларының 7-тармағында
көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн барлық әлеуетті өнiм
берушiлер жiберiледi.
Тендерлiк құжаттама пакетiн _____ жылғы "___" ________________ сағат____ минутқа дейiнгi мерзiмдi қоса алғанда (тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашқанға дейiн 24 сағат бұрын уақыты мен күнi көрсетілсін)___________________, мына мекенжай бойынша №___ бөлмеде сағат ____-дан ____-ге дейiн алады.
Тендерлiк құжаттама пакетiнiң құны___ теңгенi құрайды және____ Тапсырыс берушінің шотына (тапсырыс берушiнiң тиiстi шоты көрсетілсін) немесе бухгалтерияға енгiзiледi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi өндiретiн Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құрған ұйымдарға тендерлiк құжаттама тегiн берiледi (егер тендерлiк құжаттаманы бергенi үшiн ақы өндiрiп алу көзделмеген жағдайда, хабарландыруда тендерлiк құжаттаманың тегiн берiлетiндiгiн көрсеткен жөн).
Конвертке салынып желімделген тендерге қатысуға тендерлiк өтiнiмдердi әлеуетті өнiм берушiлер
_____________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің толық атауы)
мына мекенжай бойынша ________________________ № ____ бөлмеде береді.
Тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi ____жылғы "___"
________________сағат______ минутқа дейiн.
Тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттерді тендерлiк комиссия мына мекенжай бойынша: __________________________ № бөлме ______ жылғы "___" _________ сағат ___ минутта ашады.
Әлеуетті өнiм берушiлер және олардың өкiлдерi (бірінші басшының қолымен және мөрмен расталған сенімхатты ұсынып) тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу кезiнде қатысады.
Табиғи монополия субъектiсiнiң көрсетілетін қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылар тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатып алу бойынша ____________________ өткiзетiн тендерге (тапсырыс берушінің атауы)
байқаушы ретiнде қатысуға құқылы.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы (телефон нөмiрi көрсетілсін) телефон арқылы алады.
Нысан
Жабық тендер өткiзу туралы хабарлама нысаны
Кiмге _______________________________________________________________
(әлеуеттi өнім берушiнiң атауы)
_____________________________________________________________________
(тапсырыс берушiнiң атауы)
мынадай көрсетілетін қызметтердi (тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң қысқаша сипаты және олардың саны (көлемi); (тапсырыс берушi сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң толық тiзбесi, олардың саны мен егжей-тегжейлі ерекшелiгi тендерлiк құжаттамада көрсетiлген деп сiлтеме жасауға құқылы) сатып алу бойынша жабық тендердi өткiзу туралы Сiзді хабарландырады және Сiздi оған қатысуға шақырады.
Материалдық, қаржылық ресурстар жеткiзiледі (жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер орындалады/көрсетiледі): (материалдық, қаржылық ресурстарды жеткізу, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтердi орындау/көрсету орны көрсетілсін).
Жеткiзудiң (орындаудың/көрсетудiң) талап етiлген мерзiмi ________.
Тендерге Қағидалардың 7-тармағында көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сай болатын барлық өнім берушiлер жiберiледi.
Тендерлiк құжаттама пакетiн _____ ж. "__"__________(тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттi ашқанға дейiн 24 сағат бұрын күнi мен уақыты көрсетілсін) қоса алғанда, дейінгі мерзімде мына мекенжай бойынша _________ № _________ бөлме сағат ___-ден ____-ге дейін немесе мекенжайы ___________________ электрондық пошта арқылы әлеуеттi өнім берушi тендерлiк құжаттаманың төлемi туралы құжатын ұсынғаннан кейiн алады.
Тендерлiк құжаттама пакетiнiң құны ______ теңгені құрайды (егер ақы төлеу көзделмесе, осы абзац алып тасталсын).
Әлеуеттi өнім берушiлер тендерге қатысуға арналған конверттерге салынып желімделген тендерлiк өтiнiмдерін (тапсырыс берушiнiң атауы көрсетілсін) мекенжай бойынша (толық мекенжай, бөлменiң № көрсетілсін) ұсынады (жолдайды).
Тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi _________ дейiн (уақыты және күні көрсетілсін).
Тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттер мынадай мекенжай бойынша (толық мекенжайы, бөлменiң № көрсетілсін) ашылады (уақыты және күнi көрсетілсін). Әлеуетті өнiм берушiлер және олардың өкiлдерi (бірінші басшының қолымен және мөрмен расталған сенімхатты ұсынып) тендерлiк өтiнiмдер салынған конверттердi ашу кезiнде қатысады.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы (телефон нөмiрi көрсетілсін) телефон арқылы алады.
Нысан
Тендерге қатысуға арналған өтiнiм (заңды тұлғалар үшiн)
(Кiмге)_____________________________________________________________
(тапсырыс берушiнiң атауы)
(Кiмнен)____________________________________________________________
(әлеуеттi өнім берушiнiң атауы)
___________________________________________________________________
(тендердiң атауы)
тендердi өткiзу жөнiндегi тендерлiк құжаттамаларды қарап, алынуы
осымен куәландырылатын, тендерлiк құжаттамаға сәйкес
_____________________________________________________________________
(цифрмен және жазбаша)
жалпы сомаға тауарларды (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету)
мынадай лоттар бойынша:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________
(лоттар бойынша тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң
егжей-тегжейлі сипаты)
_______________________________ жеткiзуді жүзеге асыруды ұсынады.
(әлеуеттi өнім берушiнiң атауы)
Осы тендерлiк өтiнiм мыналардан тұрады:
1. _________________________________________________________________
2. _________________________________________________________________
3. _________________________________________________________________
4. _________________________________________________________________
5. _________________________________________________________________
6. _________________________________________________________________
7. _________________________________________________________________
8. _________________________________________________________________
9. _________________________________________________________________
10. ________________________________________________________________
Біздің тендерлік өтінім ұтып шықты деп танылған жағдайда,_________(жазбаша) күн iшiндe материалдық, қаржылық ресурстарды (жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді) жеткізуді бастауға және осы тeндepлiк өтінімде көрсетілген барлық материалдық, қаржылық ресурстарды (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) біздің конкурстық өтінімді ұтып шықты деп тану туралы Сізден хабарлама алған сәттен бастап ___________ күн ішінде аяқтауға міндеттенеміз.
(жазбаша)
Біз тендерлік құжаттамада ескертілген Сіздің төлем шартыңызбен келісеміз. Төлемнің мынадай балама шарттарын
___________________________________________________________________
(төлем шарттарының баламалары, егер мұндай бар болса, санамаланады)
немесе басқа шарттарды ұсынамыз, (санамалау:________________________) бұл ретте _________________ (ақшалай мәнде жазбаша көрсетіледі) мөлшерінде баға шегерімін ұсынамыз.
Осы тендерлік өтінім тендерлiк өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап _____________ күн ішінде қолданыста болады.
(жазбаша)
Сатып алу туралы шартты жасасқан сәтке дейін осы тендерлік өтінім оны ұтып шықты деп тану туралы Сіздің хабарламаңызбен бipгe біздің арамыздағы міндетті шарт рөлін атқарады.
_____________________________________________________________________
(Қолы, күні) (Лауазымы, Т.А.Ә.) М.О.
_____________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
атынан немесе тапсырмасы бойынша барлық өкілеттілігі бар тендерлік
өтінімге қол қоюшы.
Нысан
Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімінің бағалар кестесі
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
(әpбip лотқа жеке толтырылады)_______________________________________
Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызмeттepдiң атауы____________
1. Қысқаша сипаты
2. Шығарылған елі (жұмыстарды сатып алу кезінде алып тасталсын)
3. Шығарушы зауыт (жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде алып тасталсын)
4. Өлшем бірлігі
5. Баға_______бiрлiкке___________ ИНКОТЕРМС 2010 шарттары бойынша _________ (белгiленген пунктi)
6. Саны (көлемі)
7. Барлық бағасы = 5 жол х 6 жол _________
8. Жалпы бағасы,_________ИНКОТЕРМС 2010 шарттары бойынша __________ (белгiленген пунктi) әлеуеттi өнiм берушiнiң тасымалдау, сақтандыру, кеден бажын, ҚҚС және өзге салықтарды төлеу, төлемдер мен алымдар, жинақтаушы бөлшектер, мiндеттi қосалқы бөлшектер құны, бiр өлшем бiрлiгiне пайдаланудың бастапқы мерзiмi iшiнде қызмет көрсетудің барлық шығыстарын қоса алғанда, басқа да шығыстар
Әлеуетті өнім беруші басқа да шығыстарды көрсетуге құқылы, оның ішінде:8.1., 8.2.
9. Оны ұсыну кезіндегі жеңілдік мөлшері 9.1., 9.2._____________
Ескертпе: Әлеуетті өнім беруші 8-жолда көрсетілген жалпы бағаның құрамдастырын көрсетпейді, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны тендерлік комиссия әлеуетті өнім берушінің барлық шығыстарын ескере отырып, айқындалған ретінде қарайды және қайта қарауға жатпайды.
_____________________________________________________________________
(қолы) (Лауазымы, Т.А.Ә.) М.О.
Нысан
(Кімге) _____________________________________________________________
(Тапсырыс берушінің атауы)
(Кімнен) ___________________________________________________________
(Әлеуетті өнім берушінің аты, әкесінің аты, тeгi)
Тендерге қатысуға арналған өтінім (дара кәсіпкерлер және жеке
тұлғалар үшін)
___________________________________(тендердің атауы) алынуы осымен куәландырылатын, тендерді өткізу жөніндегі тендерлік құжаттамаларды қарап, тендерлік құжаттамаға сәйкес (цифрмен және жазбаша) жалпы сомаға материалдық, қаржылық ресурстарды (жұмыстар орындау, қызметтер көрсету) мынадай лоттар бойынша
_________________________________________ (лоттар бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін кызметтердің егжей-тегжейлі сипаты)
_______________________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы) жеткізуді жүзеге асыруды ұсынамын.
Осы тендерлік өтінім мыналардан тұрады:
1.________________________________________________________________
2.________________________________________________________________
3.________________________________________________________________
4.________________________________________________________________
5.________________________________________________________________
6.________________________________________________________________
7.________________________________________________________________
8.________________________________________________________________
9.________________________________________________________________
10._______________________________________________________________
Мен, менің тендерлік өтінімім ұтып шықты деп танылған жағдайда, ________ (жазбаша) күн ішінде материалдық, қаржылық ресурстарды жеткізуді (жұмыстар орындауды, қызмeттep көрсетуді) бастауға және менің тендерлік өтінімім ұтып шықты деп тану туралы Сізден хабарлама алған сәттен бастап осы тендерлік өтінімде көрсетілген барлық материалдық, қаржылық ресурстарды жеткізуді (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) __________ күн (жазбаша) ішінде аяқтауға міндеттенемін.
Мен тендерлік құжаттамада ескерілген Сіздің төлем шартыңызбен
келісемін. Төлемнің мынадай балама шарттарын ________________________
_________________________________________________ (төлем шарттарының баламалары, егер мұндай бар болса, санамаланады) ____________________
немесе басқа шарттарды ұсынамын, (ақшалай мәнде жазбаша көрсетіледі) (санамалау:______________________________________________) және бұл ретте______________ мөлшерінде баға шегерімін ұсынамын.
Осы тендерлік өтінім тендерлiк өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап _____________ (жазбаша) күн ішінде қолданыста болады.
Сатып алу туралы шартты жасасқан сәтке дейін осы тендерлік өтінім оны ұтып шықты деп тану туралы Сіздің хабарламаңызбен бipгe біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.
___________________________________________________________________
қолы) (Т.А.Ә.)