Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.12.2015 № 1057 бұйрығымен (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 16-бабының 33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті белгіленген заңнамалық тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрi Д.Р. Арғындықовқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр |
Т. Дүйсенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 20 сәуір
Қазақстан Республикасы |
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттаудан өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің (бұдан әрі –Еңбек кодексі) 16-бабы 33) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – өндірістік объектілерді (өндірістік қызметті жүзеге асыратын цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын, сондай-ақ жұмыс берушілердің бөлек тұрған өзге де бөлімшелерін) оларда орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндылығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет;
2) зертханалар – өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулермен және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындауға байланысты қызметті жүзеге асыратын зертханалар;
3) өндірістік объектілер – өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымның цехтары, учаскелері және өзге де жеке тұрған өндірістік бөлімшелері;
4) жұмыс орны – қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;
5) өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар – білікті кадрлары бар және өзінің құрамында өндірістік орта және еңбек жағдайларының факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханасы бар немесе осындай зертханалары бар ұйымдармен шарттары бар өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
6) білікті кадрлар – өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың тиісті білімі бар немесе дайындық курстарынан өткен және тиісті сертификаты бар қызметкерлері;
7) сертификат – тиісті білім беру ұйымдары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша даярлық курсынан өткен адамдарға беретін белгіленген үлгідегі құжат;
8) жеке қорғану заттары – қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, соның ішінде арнайы киім;
9) ұжымдық қорғану құралдары – екі немесе одан да көп жұмыс істеушілерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір уақытта қорғауға арналған техникалық құралдар;
10) жарақат қауіпсіздігі – өндірістік объектілердің еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген жағдайларда жұмыс істеушілердің жарақаттануын болдырмайтын еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі;
11) еңбектің ауырлығы – еңбек процесінің тірек-қозғалыс аппаратына және оның ағзаның қызметін қамтамасыз ететін функционалдық (жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және басқа) жүйесіне түсетін жүктемені көрсететін сипаттамасы;
12) еңбек қауырттылығы – еңбек процесінің қызметкердің негізінен орталық жүйке жүйесіне, сезу органдарына, эмоционалдық жүйесіне түсетін жүктемені көрсететін сипаттамасы;
13) қауіпсіздік нормалары – қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер.
3. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар немесе өзінің ұйымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі мен өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханасы бар жұмыс беруші бес жылда кемінде бір рет мерзімді түрде жүргізеді.
4. Өндірістік объектілерді аттестаттау:
1) ұйымның өндірістік объектілерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкес аттестаттауды;
2) ұйымның өндірістік объектілерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкестігін кешенді бағалауды:
еңбек зияндылығының және қауіптілігінің дәрежесін бағалауды;
жарақат қауіпсіздігінің дәрежесін және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалауды;
қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалауды қамтиды.
5. Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелері:
1) өндірістік объектілерді қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарымен сәйкестікке келтіру үшін еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешенін жүргізу;
2) өндірістік орта мен жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі жағдайларының нақты жай-күйін бағалау;
3) қызметкерлердің қажетті жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін, олардың нақты еңбек жағдайларына және оларға қойылатын стандарт талаптарына сәйкестігін айқындау;
4) кәсіптік ауруға күдік туғанда және кәсіптік аурудың диагнозын белгілеген кезде, оның ішінде даулар мен өзге де келіспеушіліктерді сот тәртібімен шешкен кезде аурудың кәсіппен және орындайтын жұмысымен байланысын айқындау үшін зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс фактісін растау;
5) өндірістік объектінің немесе жабдықтың пайдаланылуын тоқтату (тоқтата тұру), сондай-ақ технологияны өзгерту туралы шешім қабылдау;
6) еңбек жағдайларының жай-күйі туралы статистикалық есептілікті жасау;
7) еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандырған кезде сақтандырушының (жұмыс берушінің) сақтандыру тарифін айқындау;
8) еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге еңбекақы төлеуді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жеңілдіктер мен кепілдіктер беруді негіздеу;
9) қызметкерлердің еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйі, зиянды өндірістік факторлар және олардың әсерінен қорғану шаралары туралы шынайы ақпарат алу мақсатында пайдаланылады.
6. Аттестаттауға Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық ұйымдардың өндірістік объектілері жатады.
7. Аттестаттаудан өткізу мерзімін ұйым, еңбек жағдайларының өзгеруіне қарай, бірақ өндірістік объектілердің соңғы аттестаттаудан өткізілген күнінен бастап 5 жылда кемінде бір рет белгілейді.
8. Өндірістік объектілерді кезектен тыс аттестаттау еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу тәртібінің бұзылғаны анықталған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды мемлекеттік қадағалау және бақылау органының талабы бойынша жүргізіледі.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау нәтижелері өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша алдыңғы аттестаттау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.
9. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы ақпаратты (атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны, қызмет түрлері, білікті кадрлары туралы мәліметтер, зертханалардың болуы немесе қызметтің осындай түрлерін жүзеге асырушы зертханалармен шарттарының болуы) интернет-ресурста орналастырады.
10. Өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізудің уақтылылығы мен сапасын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
2. Жұмыс берушінің аттестаттаудан өткізуге дайындығы
11. Өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру үшін жұмыс беруші құрамында төраға, мүшелер және өндірістік объектілерді аттестаттау жөніндегі құжаттаманы жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшы бар аттестаттау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады.
12. Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамына жетекші не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және өзге де ұйымдардың мамандары (келісім бойынша), сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері кіреді.
13. Ұйымның аттестаттау комиссиясы:
1) орындайтын жұмыстары мен еңбек жағдайларының сипаттамасы бойынша ұқсас жұмыс орындарын бөле отырып, аттестаттауға жататын өндірістік объектілердің толық тізбесін жасайды;
2) өндірістік ортаның, еңбек және технологиялық процестердің сипаттамаларына, қолданылатын жабдықтар мен механизмдердің, шикізат пен материалдардың түрлеріне қарай зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеулер мен бағалауға) жататын қауіпті және зиянды факторлардың толық тізбесін жасайды;
3) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізуге өзінің мүмкіндіктері болмаған жағдайда өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымды немесе зертхананы белгілейді және онымен тиісті шарт жасасу жөнінде жұмыс берушіге ұсыныс енгізеді;
4) ұйымның өндірістік объектілерін аттестаттаудан өткізу кестесін жасайды және оны жұмыс берушіге бекітуге ұсынады;
5) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін автоматты түрде өңдеу үшін цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар береді;
6) өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу үшін қажетті нормативтік анықтамалық базаны қалыптастырады;
7) өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың себептерін талдайды;
8) өндірістік жарақаттануды талдау негізінде жарақаттану қаупі басым жұмыстарды, жұмыс орындарының учаскелерін, технологияларды, машиналарды, механизмдерді, станоктар мен жабдықтарды айқындайды;
9) аттестаттау жөніндегі жұмыс көлемін ескере отырып, тартылатын өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйыммен және жұмыс берушімен өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу мерзімін келіседі;
10) ұйымдардың өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізудің сапасына ұйымдарда ішкі бақылауды жүзеге асырады.
3. Аттестаттаудан өткізу тәртібі
14. Еңбек жағдайлары бойынша бағалауға жұмыс орнындағы барлық қауіпті және зиянды өндірістік (физикалық, химиялық, биологиялық, технологиялық) факторлар, оның ішінде еңбек ауырлығы мен қауырттылығы жатады.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың деңгейлері зертханалық және аспаптық өлшеулер негізінде айқындалады. Физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық факторлардың зертханалық және аспаптық өлшеулері және эргономикалық зерттеулер ұжымдық және жеке қорғану құралдары жарамды болған кезде жұмыс жағдайында және өндірістік процестерде орындалуға тиіс. Жұмысшылардың үнемі ашық ауада және жерасты көмір шахталарында болуына байланысты жұмыс орындарында зертханалық және аспаптық өлшеулер жүргізілмейді.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеу, еңбек процесінің ауырлығы мен еңбек қауырттылығы көрсеткіштерін айқындау, өндірістегі еңбек гигиенасы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілген санитарлық қағидаларда, гигиеналық нормативтерде көзделген тәртіппен және көлемде жүзеге асырылады.
Зертханалық және аспаптық зерттеулердің зиянды өндірістік факторларын өлшеу нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зиянды өндірістік факторларды өлшеу хаттамасында ресімделеді.
Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеуді жүргізген кезде белгіленген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік тексеруден өткен өлшеу құралдарын пайдалану қажет.
Еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалауды қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың шекті рұқсат етілген концентрацияларына (деңгейіне) сәйкестігіне өлшенген параметрлер сәйкестігі негізінде аттестаттау комиссиясы жүргізеді.
15. Жарақат қауіпсіздігін бағалаудың негізгі объектілері:
1) өндірістік жабдықтар;
2) құрылғылар мен құрал-саймандар;
3) ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу;
4) оқу және нұсқау құралдарымен қамтылу болып табылады.
16. Өндірістік жабдықтардың, құрылғылардың және жабдықтардың зақым келтіру қауіпсіздігін бағалау нормативтік техникалық құжаттар, ұлттық стандарттар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтар негізінде жүргізіледі және олардың техникалық жай-күйіне, паспорттық параметрлерге және өндірістік процесс технологиясының талаптарына сәйкестігіне байланысты болады.
Техникалық паспорттар мен сертификаттар болмаған кезде өндірістік жабдықтардың қауіпсіздік нормативтік талаптарына сәйкестігі осы жабдықта қолданылатын нақты конструкциялық қауіпсіздік элементтері жабдық бірліктерінің әрқайсысына көрсетіліп, сәйкестік актісімен (бұдан әрі – сәйкестік актісі) расталады.
Сәйкестік актісін жұмыс беруші құрған комиссия еркін нысанда жасайды.
Жабдықтардың жекелеген түрлеріне техникалық паспорттар, сертификаттар немесе актілер болмаған кезде, олардың техникалық жағдайына қарамастан жарақат қауіпсіздігіне теріс баға беріледі және оларды пайдалануды тоқтата тұру қажеттілігі туралы мәселе қаралады.
17. Өндірістік жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін, ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін, сондай-ақ оқу мен нұсқау құралдарымен қамтылуды бағалау осы Қағидаларға 2–қосымшаға сәйкес жарақат қауіпсіздігін бағалау хаттамасында ресімделеді.
18. Қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау.
Әр кәсіп үшін қызметкерлердің арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және жеке қорғану құралдарымен (бұдан әрі – ЖҚҚ) қамтамасыз етілуі айқындалады. Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау нақты берілген құралдарды өндірістік ортаның зиянды факторларын ескере отырып, қызметкерлерге арнайы киім, арнайы аяқкиім және басқа жеке қорғану құралдарын жұмыс берушінің қаражаты есебінен берудің нормаларымен салыстыру арқылы айқындалады.
Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау кезінде бір уақытта берілген ЖҚҚ-ның нақты еңбек жағдайларына сәйкестігін бағалау жүргізіледі. ЖҚҚ-ның сапасы сәйкестік сертификаттарымен расталады.
ЖҚҚ-ның сапасын және олармен қызметкерлердің қамтамасыз етілуін бағалау осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамасымен ресімделеді.
"Қамтамасыз етілді" деген баға ұйым қызметкерлері Еңбек кодексінің 16-бабының 37) тармақшасына сәйкес бекітілген қызметкерлерге ЖҚҚ беру нормаларына сәйкес ЖҚҚ-мен толық қамтамасыз етілгенде ғана қойылады.
4. Жұмыс орындарында еңбек жағдайларын бағалау
19. Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының жай-күйін бағалау:
1) өндірістік ортаның зияндылығы мен қауіптілігінің, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығының дәрежесінен;
2) жарақат қауіпсіздігінің және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу дәрежесінен;
3) жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуден, олардың сапасы және еңбек жағдайларына сәйкестілігінен тұрады.
20. Еңбек кодексінің 321-бабына сәйкес жұмыс орындарында қауіпті және зиянды өндірістік факторлар болмағанда немесе олардың нақты мәндері қауіпсіздік нормаларына сәйкес болғанда, сондай-ақ жарақат қауіпсіздігінің талаптары орындалғанда және қызметкерлер ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілгенде, жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі жағдайлары белгіленген еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі.
21. Жұмыс орындары төмендегі факторлардың бірі болған кезде:
1) өндірістік орта факторларының нақты мәні қолданыстағы нормалардан жоғары болған;
2) жарақат қауіпсіздігі бойынша талаптар сақталмаған;
3) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуі қолданыстағы нормаларға сәйкес келмеген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес емес болып есептеледі.
22. Еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті өндірістік факторларға жатқызылған кезде аттестаттау комиссиясы жұмыс орнын қайта жарақтандыру немесе тарату жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.
23. Өндірістік объектілерді аттестаттауды аттестаттау комиссиясы Ұйымдағы еңбек жағдайын жақсарту және сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын (бұдан әрі – Жоспар жобасы) қоса отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, өндірістік объектісін аттестаттау актісімен ресімдейді.
24. Жоспар жобасында ескірген техника мен жабдықты ауыстыру, өндірістік процесс технологиясын жетілдіру, еңбек жағдайларына сәйкес келетін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдану жөнінде іс-шаралар, сауықтыру іс-шаралары және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар көзделеді.
25. Жоспар жобасында барлық жұмыс орындарын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келтіру көзделеді.
26. Жоспар жобасына аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.
5. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін ресімдеу және беру тәртібі
27. Аттестаттау нәтижелері:
1) жалпы мәліметтерді (ұйымның толық заңды атауы, мекенжайы, ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны, жұмыс істейтіндердің жалпы және жеке өндірістік бөлімшелер бойынша санын, оның ішінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді көрсете отырып, ұйымның құрылымы, аттестаттаудан өткізудің негіздемесі, тартылатын өндірістік объектілерге аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы мәліметтер, аттестаттау комиссиясының құрамы);
2) өндірістің қысқаша технологиясын (өндіріс қызметінің сипаты, қолданылатын технологиялар, барлық зиянды, қауіпті өндірістік факторлардың, қауіпті өндірістік жабдықтардың және процестердің тізбесі);
3) жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының зертханалық, аспаптық және эргономикалық зерттеулер хаттамаларын;
4) жарақат қауіпсіздігін бағалау хаттамаларын;
5) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамаларын қамтитын құжат түрінде ресімделеді.
28. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандарда ресімделеді.
Еңбек кодексінің 317-бабы 1-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін аттестаттау нәтижелерін бір ай мерзімде қағаз жеткізкіште ұйымның орналасқан жері бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясына және электронды жеткізкіште еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға мынадай ақпарат:
1) өндірістік объектілерді еңбек жағдайы бойынша аттестаттау нәтижелері жөніндегі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпорындардың есебі;
2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістік факторлар бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін жұмыс орындары жөніндегі мәліметтер;
3) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарақат қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін жұмыс орындары бойынша мәліметтер;
4) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖҚҚ қамтамасыз етілмеген жұмыс орындары бойынша мәліметтер береді.
Өндірістік объектілерді еңбек |
|
Нысан |
Өлшеуді жүргізген: ________________________________________________________
(өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы немесе ұйымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі мен өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханасы бар жұмыс берушінің атауы)
Зиянды өндірістік факторларды өлшеу
20___ ж. ____ ___________
№ _____ ХАТТАМАСЫ
1. Ұйым: __________________________________________________________________
2. Өндіріс, цех, учаске: ______________________________________________________
3. Мекенжайы: _____________________________________________________________
4. Үй-жайдың сипаттамасы:
ауданы: ___________________________________________________________________
ұжымдық қорғану жүйесі: ___________________________________________________
жабдықтардың түрі және олардың саны ________________________________________
кәсіптердің, лауазымдардың атауы ____________________________________________
5. Өлшеу құралдары:
Р/с |
Атауы |
Зауыттық нөмірі |
Тексеру күні |
1 |
2 |
3 |
4 |
6. Сынама және жабдықтарды іріктеу нүктелері көрсетілген үй-жай эскизі:
Ескертпе: бір іріктеу нүктесінің ауданы 50 м2 дейін есебімен |
7. Зиянды өндірістік факторларды өлшеу нәтижелері:
Эскиз бойынша нүкте № |
Жұмыс орнының коды |
Жұмыс орындары саны |
Өндірістік орта факторларының атауы, өлшем бірлігі |
Норма, ШРК, ШРШ |
Нақты деңгей |
Шамадан асып кету |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Өлшеуді жүргізген: __________________ ____________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Ұйымның /қызметкерлердің өкілі: __________________ ________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Өндірістік объектілерді еңбек |
|
Нысан |
Бағалауды жүргізген: _______________________________________________________
(өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы немесе ұйымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі мен өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханасы бар жұмыс берушінің атауы)
Жарақат қауіпсіздігін бағалау
20___ ж.____ ___________
№ ____ ХАТТАМАСЫ
1. Ұйым: _______________________________________________________
(ұйымның атауы)
2. Өндіріс, цех, учаске: ____________________________________________
3. Мекенжайы: ___________________________________________________
4. Жарақат қауіпсіздігін бағалау нәтижелері:
Жұмыс орнының коды |
Жабдықтар, құрылғылар мен құрал-саймандардың атауы |
Техникалық құжаттамасының (паспорттың, сертификаттың және т.б.) болуы |
Жұмыс орындарының саны |
Жарақат қауіпсіздігін бағалау нәтижелері |
|
Сәйкестігі |
Сәйкес келмеу себептері |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бағалауды жүргізді: __________________ ________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Өлшеуді жүргізді: __________________ ________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Ұйымның/қызметкерлердің өкілі: __________________ ________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Өндірістік объектілерді еңбек |
|
Нысан |
Бағалауды жүргізген: _______________________________________________________
(өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы немесе ұйымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі мен өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханасы бар жұмыс берушінің атауы)
Қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен
қамтамасыз етілуін бағалау
20___ ж.____ ___________
№ _____ ХАТТАМАСЫ
1. Ұйым: ________________________________________________________
(ұйымның атауы)
2. Өндіріс, цех, учаске: ____________________________________________
3. Мекенжайы: ___________________________________________________
4. ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау
Жұмыс орнының коды |
Кәсіптердің, лауазымдардың атауы |
Жұмыс орнының саны |
Қызметкерге берілуге тиіс жеке қорғану құралдарының (ЖҚҚ) тізбесі (ЖҚҚ атауы) |
ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау (қамтамасыз етілген/ қамтамасыз етілмеген) |
Ескертпе |
||
қолданыстағы нормаға сәйкес |
нақты берілгені |
МЕМСТ, сертификаты |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Бағалауды жүргізді: __________________ ________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Өлшеуді жүргізді: __________________ ________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Ұйымның/қызметкерлердің өкілі: __________________ ________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Өндірістік объектілерді еңбек |
|
Нысан |
Бекітемін:
Ұйымның басшысы
_______ ______________
(қолы) (Т.А.Ә.)
20__ ж.____ ________
Ұйымда еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с |
Жұмыс орнының коды |
Іс-шаралар атауы |
Орындалу мерзімі |
Іс-шараларды орындауға жауапты |
Орындалуы туралы белгі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Өндірістің, цехтың, учаскенің атауы |
|||||
Аттестаттау комиссиясының төрағасы ______________ ___________________
(қолы) (Т. А. Ә.)
Аттестаттау комиссиясының мүшелері ______________ ___________________
(қолы) (Т. А. Ә.)
Өндірістік объектілерді еңбек |
|
Нысан |
Бекітемін
Ұйымның басшысы
________ _____________
(қолы) (Т.А.Ә.)
20___ ж. _____ __________
Кәсіпорындардың өндірістік объектілерді еңбек жағдайы бойынша аттестаттаудан өткізу нәтижесі жөніндегі есебі
Ұйымның атауы ___________________________________________________________
Ұйымның мекенжайы _______________________________________________________
Мамандандырылған ұйымның атауы __________________________________________
Жалпы мәліметтер
Аттестаттаудан өткізілген күн |
Экономикалық қызмет түрі |
Аттестатталған жұмыс орындарының саны |
||||
Барлығы |
Олардың ішіндегі белгіленген еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес еместері |
Белгіленген еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді |
||||
Өндірістік орта факторларының зияндылығы және қауіптілігі көрсеткіштері бойынша |
Берілу нормасына сәйкес ЖҚҚ қамтамасыз етілуі бойынша |
Жарақат қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Ұйым әкімшілігінің өкілі ___________________ _____________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Ұйымның еңбек ұжымының
(кәсіподақ комитетінің) өкілі __________________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Өндірістік объектілерді еңбек |
|
Нысан |
Бекітемін
Ұйымның басшысы
________ _____________
(қолы) (Т.А.Ә.)
20___ ж. _____ __________
Өндірістік факторлар бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін жұмыс орындары жөніндегі мәліметтер
Цех, учаске |
Кәсіп атауы |
Жұмыс орындарының саны |
Кәсіптің коды |
* Рұқсат етілген нормалар шегінен асатын өндірістік факторлар |
РЕШД, РЕШШ, норма |
Нақты мағынасы |
Химиялық |
||||||
Биологиялық |
||||||
ПФД аэрозольдар |
||||||
Шу |
||||||
Инфрадауыс |
||||||
Контактілі ультрадыбыс |
||||||
Ауа ультрадыбысы |
||||||
Жалпы вибрация |
||||||
Жергілікті вибрация |
||||||
Жарықталғандық |
||||||
Жарықталғандық |
||||||
Микроклимат |
||||||
Иондамайтын сәулелену |
||||||
Иондайтын сәулелену |
||||||
Электростатистикалық өріс |
||||||
Тұрақты магнит өрісі |
||||||
Электр өрісінің өндірістік жиілігі (50 Гц) |
||||||
Магнит өрісінің өндірістік жиілігі (50 Гц) |
||||||
ЭМС, құрылу ВДТ и ПЭВМ |
||||||
ЭМС радиожиілік диапозоны |
||||||
Лазерлік сәулелену |
||||||
Ультракүлгін түсті сәулелену |
* - РЕШД (рұқсат етілген шекті деңгейі), РЕШШ (рұқсат етілген шекті шоғырлану), нормалардан артық факторлар бойынша толтырылады
Ұйым әкімшілігінің өкілі ___________________ _____________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Ұйымның еңбек ұжымының
(кәсіподақ комитетінің) өкілі __________________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Өндірістік объектілерді еңбек |
|
Нысан |
Бекітемін
Ұйымның басшысы
________ _____________
(қолы) (Т.А.Ә.)
20___ ж. _____ __________
Жарақат қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін жұмыс орындары бойынша мәліметтер
Цех, учаске |
Кәсіп атауы |
Жұмыс орындарының саны |
Кәсіп коды |
Жарақат қауіпсіздігін бағалау |
|
сәйкес келмейді |
сәйкес келмеу себебі |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Ұйым әкімшілігінің өкілі ___________________ _____________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Ұйымның еңбек ұжымының
(кәсіподақ комитетінің) өкілі __________________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Өндірістік объектілерді еңбек |
|
Нысан |
Бекітемін
Ұйымның басшысы
________ _____________
(қолы) (Т.А.Ә.)
20___ ж. _____ __________
Жеке қорғану құралдарымен (ЖҚҚ) қамтамасыз етілмеген жұмыс орындары бойынша мәліметтер
Цех, участке |
Кәсіп атауы |
Жұмыс орындарының
саны |
Кәсіп коды |
ЖҚҚ қамтамасыз етілуді бағалау |
|
қамтамасыз етілмеген |
қамтамасыз етілмеу себебі |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Ұйым әкімшілігінің өкілі ___________________ _____________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Ұйымның еңбек ұжымының
(кәсіподақ комитетінің) өкілі __________________ ______________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)