бүкiл мәтiн бойынша "стандарттау, метрология және сертификаттау" деген сөздер "техникалық реттеу және метрология" деген сөздермен ауыстырылды - 2006.12.29 № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз);
бүкіл мәтін бойынша "қадағалау", "қадағалауға", "қадағалауды", "қадағалаудың" деген сөздер тиісінше "бақылау", "бақылауға", "бақылауды", "бақылаудың" деген сөздермен ауыстырылды - 2008.07.05 № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз);
техникалық реттеу және метрология жөніндегі" деген сөздер алынып тасталды - 2008.07.05 № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Осы Заң өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, оның мақсаттарын, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);2) заңдық метрология - метрологияның уәкiлеттi мемлекеттiк орган атқаратын қызметке жататын және өлшем бiрлiктерiне, әдiстерiне, өлшем құралдары мен өлшемдiк зертханаларына қатысты мемлекеттiк талаптары бар бөлiгi;
3) мемлекеттiк метрологиялық бақылау – уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау жөніндегі қызметі;
4) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);4-1) метрологиялық бақылап тексеру – өлшем нәтижесінің қасиеті, оған сәйкес нәтиже салыстырып тексеру мен калибрлеудің құжатталған үздіксіз тізбегі арқылы шама бірлігінің мемлекеттік эталонымен сәйкестендірілуі мүмкін;
5) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);5-1) метрологиялық сараптама – метрологиялық талаптарды, өлшем бірлігімен байланысты қағидалар мен нормаларды қолдану дұрыстығын және толықтығын талдау және бағалау;
5-2) метрологиялық сипаттама (өлшем құралдары) – өлшем нәтижесіне әсер ететін, өлшем құралы қасиеттерінің бірінің сипаттамасы;";
5-3) метрологиялық талаптар – өлшемдердің, шама бірліктері эталондарының, стандартты үлгілердің, өлшем құралдарының өлшем дәлдігінің нәтижесі мен көрсеткіштеріне әсер ететін сипаттамаларына (өлшемдеріне), сондай-ақ осы сипаттамалар (өлшемдер) қамтамасыз етілуге тиіс жағдайларға қойылатын талаптар;
6) өлшем – шамаға негізделіп жазылуы мүмкін шаманың бір немесе одан көп сандық мәндерін эксперименттік алу процесі;
6-1) өлшем белгісіздігі – өлшем нәтижесімен байланысты және өлшенетін шамаға негізделіп жазылуы мүмкін мәндердің шашырап кетуін сипаттайтын параметр;
7) өлшем бiрлiгi – өлшемнiң жай-күйi, бұл ретте осы өлшемнің нәтижелері қолдануға рұқсат етілген шама бірліктерінде көрсетіледі, ал өлшем дәлдігінің көрсеткіштері белгіленген шекаралардан шықпайды;
8) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi – өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында қызметін жүзеге асыратын объектiлердiң, мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;
9) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмi – өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы объектiлердiң, жұмыстарға қатысушылар мен құжаттардың электрондық дерекқоры;
9-1) өлшемдерді орындаудың референттік әдістемесі – сол біртекті шама өлшемдерін орындаудың басқа әдістемелерінің көмегімен алынған өлшенген шама мәндерінің дұрыстығын бағалау үшін қолданылуы мүмкін өлшем нәтижелерін алу үшін, сондай-ақ өлшем құралдарын калибрлеу үшін немесе стандартты үлгілердің сипаттамаларын айқындау үшін пайдаланылатын өлшемдерді орындау әдістемесі;
9-2) өлшем құралдарын калибрлеу әдістемесі – шама бірлігінің эталонына немесе өлшем құралына калибрлеуді жүргізу тәртібін және рәсімін белгілейтін құжат;
10) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);11) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
12) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау – айналымға санаулы данада шығарылатын өлшем құралдарының Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу (растау);
12-1) өлшем құралдарын салыстырып тексеру – өлшем құралдарының міндетті метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн растау мақсатында орындалатын операциялар жиынтығы;
12-2) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемесi – орындалуы өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларға белгiленген талаптарға сәйкестiгiн айқындауға және растауға мүмкiндiк беретiн операциялар жиынтығының сипаты;
13) өлшем құралдарын салыстырып тексерушi – өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргiзу құқығына аттестатталған жеке тұлға;
14) өлшем құралдарын сынау - сынау объектiлерiне түрлi сынау әсерлерiн қолдана отырып өлшем құралдарының белгiленген нормаларға сәйкестiк дәрежесiн анықтау үшiн өткiзiлетiн операциялар жиынтығы;
15) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);16) өлшем құралы – өлшемге арналған және метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;
16-1) өлшем құралының типін бекіту – уәкілетті органның сынақтардың оң нәтижелері негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бекітілген типтегі өлшем құралын қолдануға рұқсат ету туралы шешімі;
17) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);18) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
19) өлшемдердi орындау әдiстемесi - орындалуы өлшем жүргiзудiң осы әдiстемесiмен белгiленген дәлдiкпен өлшем нәтижелерiнiң алынуын қамтамасыз ететiн операциялар мен ережелер жиынтығы;
20) өлшемдердi орындау әдiстемесiн метрологиялық аттестаттау - өлшемдердi орындау әдiстемесiнiң оған қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн белгiлеу (растау);
20-1) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);21) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
21-1) стандартты үлгі – өлшем дәлдігінің және метрологиялық бақылап тексерудің белгіленген көрсеткіштері бар, болжанатын мақсатына сәйкес сапалық қасиеттерді өлшеу кезінде немесе бағалау кезінде пайдалану үшін белгілі бір қасиеттерге қатысты жеткілікті біртекті және тұрақты материал (зат);
22) уәкілетті орган - техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
23) шама бiрлiгi – бірлікке тең сандық мән шартты түрде берiлген тіркелген мөлшердiң шамасы және өзімен біртекті шамаларды сандық жағынан білдіру үшін қолданылатын шама;
24) шама бірлігінің мемлекеттік эталоны – шама бiрлiгiнiң уәкiлеттi органның шешiмiмен танылған және мемлекеттік меншіктегі эталоны;
24-1) шама бірлігінің мөлшерін беру – өлшем құралымен сақталатын шама мөлшерін осы шама бірлігінің эталонымен немесе дәлдік көрсеткіштері анағұрлым жоғары стандартты үлгімен жаңғыртылатын немесе сақталатын шама бірлігіне келтіру;
25) шама бiрлiгiнiң эталоны - уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен бекiтiлген, мөлшерiн осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында, шама бiрлiгiн (шама бiрлiгiнiң еселiк не үлестiк мәндерiн) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған өлшем құралы;
26) шама бірлігінің эталонын немесе өлшем құралын калибрлеу – шама бірлігі эталонының немесе өлшем құралының метрологиялық сипаттамаларының шынайы мәндерiн айқындау мақсатында осы шама бірлігі эталонының немесе өлшем құралының көмегімен алынған шаманың мәнi мен анағұрлым жоғары дәлдіктегі шама бірлігі эталонының көмегiмен айқындалған тиісті шама мәні арасындағы арақатынасты белгiлейтiн операциялар жиынтығы;
27) шама бірліктерінің эталондарын салғастыру – бір дәлдік деңгейіндегі шама бірліктерінің эталондарымен өлшем бірлігін жаңғыртқан және берген кезде өлшем нәтижелері арасындағы арақатынастарды белгілеу.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерісnth енгізілді - 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
Осы Заң барлық мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).4-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мақсаттары
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының мүдделерiн өлшемнiң анық емес нәтижелерiнен қорғау;
2) іргелі зерттеулер мен ғылыми әзірлемелер кезінде өлшемнің анық нәтижелерін алу;
3) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің халықаралық жүйесіне интеграциялау.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).5-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк басқару
Ескерту. 5-бап алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
6-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесiнiң құрылымы
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесiнің құрылымына:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар;
4) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық;
5) жеке және заңды тұлғалар кіреді.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыретіне:
1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықты айқындау жатады.
3) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 2-тарау 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
6-2-бап. Уәкілетті органның өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті
Уәкілетті органның құзыретіне:
1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
2) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықты айқындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну беру;
3) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
4) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын бекіту;
5) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салғастыру тәртібін айқындау;
6) шама бірліктері эталондарының сыныптамасын бекіту;
7) мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
8) метрология жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
9) өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өткізу және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу тәртібін, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын айқындау;
10) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау тәртібін айқындау;
11) өлшем құралдарының типін бекіту туралы және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың нысандарын бекіту;
12) салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану тәртібін айқындау;
13) өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу тәртібін айқындау;
14) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу тәртібін айқындау;
15) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану тәртібін айқындау;
16) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;
17) өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;
18) мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін қалыптастыру тәртібін және оларға қойылатын метрологиялық талаптарды айқындау;
19) мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдерге метрологиялық талаптарды мемлекеттік органдармен бірлесіп белгілеу;
20) өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу және өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу тәртібін айқындау;
21) өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және типті бекіту белгісінің нысанын белгілеу тәртібін айқындау;
21-1) өлшем құралдарын бастапқы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша айналымға шығарылатын өлшем құралдарының тізбесін бекіту;
21-2) дайындаушы немесе сатушы өлшеп-ораған кез келген түрдегі қаптамадағы өнімнің, сондай-ақ өткізу кезіндегі импорттаушы әкелген өлшеніп-оралған өнімнің және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім санының сәйкестігін мемлекеттік метрологиялық бақылау мақсатында анықтау жөніндегі тәртіпті айқындау;
22) аккредиттеу кезінде аккредиттеу субъектілері мен заңды тұлғалар үшін өлшемді метрологиялық бақылап тексеруді қамтамасыз ету тәртібін айқындау;
23) стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу тәртібін айқындау;
24) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
25) уақыт пен жиіліктің өлшем бірлігін қамтамасыз етуге және Жердің айналу параметрлерін айқындауға бағытталған жұмыстарды өңіраралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және орындау;
26) стандартты үлгілерді әзірлеумен және енгізумен байланысты жұмыстарды өңіраралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және орындау;
27) заттар мен материалдардың физикалық константтары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалық деректерді әзірлеумен және енгізумен байланысты жұмыстарды өңіраралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және орындау;
28) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 2-тарау 6-2-баппен толықтырылды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.6-3-бап. Мемлекеттік органдардың өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті
Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында:
1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысуды;
2) мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін уәкілетті органмен бірлесіп бекітуді;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тарау 6-3-баппен толықтырылды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).6-4-бап. Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың құзыреті
Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың құзыретіне:
1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
2) өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу және зертханааралық салыстырмалы сынақтардың нәтижелеріне салғастыруды жүргізу;
3) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
4) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау, жетілдіру, сақтау және қолдану;
5) шама бірліктерінің мөлшерлерін беру жүйелерін құру;
6) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды, өлшемдерді орындау әдістемелерін, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу әдістемелерін әзірлеу;
7) өлшем құралдарын шығару және жөндеу;
8) стандартты үлгілерді, аттестатталған қоспаларды, салыстырып тексерілетін газ қоспаларын шығару;
9) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшем құралдарына салыстырып тексеруді және калибрлеуді жүргізу;
10) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшемдерді орындау әдістемелеріне метрологиялық аттестаттауды жүргізу;
11) метрологиялық сараптама жүргізу;
12) шама бірліктерінің эталондарын салғастыруды жүргізу және оған қатысу;
13) өлшем құралдарына типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау, сынақ жабдықтарына аттестаттау жүргізу;
14) өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу;
15) өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттау, қайта аттестаттау және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу;
16) салыстырып тексеру таңбаларын дайындауды ұйымдастыру;
17) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін байқаудан өткізу;
18) уақыт пен жиіліктің өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау, Жердің айналу параметрлерін айқындау;
19) заттар мен материалдардың физикалық константтары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалық деректерді әзірлеумен және енгізумен байланысты жұмыстарды орындау;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді орындау жатады.
Ескерту. 2-тарау 6-4-баппен толықтырылды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).6-5-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жеке және заңды тұлғалар
Жеке және заңды тұлғалардың:
1) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысуға;
2) қажет болған кезде өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша тиісті бөлімшелер мен қызметтер құруға;
3) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшем құралдарына салыстырып тексеру және калибрлеу жүргізуге;
4) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу және метрологиялық аттестаттау жөніндегі жұмысты жүргізуге;
5) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге;
6) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі жұмысты жүргізуге құқығы бар.
Ескерту. 2-тарау 6-5-баппен толықтырылды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).7-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесiнiң объектiлерi
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесiнiң объектiлерi мыналар болып табылады:
1) шама бірліктері;
2) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;
3) шама бірліктерінің эталондары;
4) өлшем құралдары;
5) стандартты үлгілер;
6) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері;
7) өлшемдерді орындау әдістемелері;
8) өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелері;
9) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілер, техникалық регламенттер, стандарттау жөніндегі құжаттар.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).8-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөнiндегi құжаттар
1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөнiндегi құжаттар "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленеді және қолданылады.
2. Нормативтік құқықтық актілердің талаптарын іске асыру үшін:
салыстырып тексеру схемалары мен метрологиялық бақылап тексеру схемаларын белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды;
өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда – өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін белгілейтін ұйымдардың стандарттарын;
аттестатталған және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген, өлшемдерді орындау әдістемелерін белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда – өлшемдерді орындау әдістемелерін белгілейтін ұйымдардың стандарттарын;
Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жарамдылығы бағалаудан өткен, өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелерін белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда – өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелерін белгілейтін ұйымдардың стандарттарын қолдануға рұқсат етіледі.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Өлшемдер және салмақтар жөнiндегi бас конференция қабылдаған және Халықаралық заңдық метрология ұйымы ұсынған Халықаралық бiрлiк жүйесiнiң шама бiрлiктерiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiледi.
Уәкiлеттi органның шешiмi бойынша Халықаралық бiрлiктер жүйесiне кiрмейтiн шама бiрлiктерiн қолдануға жол беріледі.
2. Өлшем құралдарын қоса экспортқа шығарылатын өнiмдердiң сипаттамалары мен параметрлерi тапсырыс берушi белгiлеген шама бiрлiктерiнде көрсетiлуi мүмкiн.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.10-бап. Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары
Қазақстан Республикасында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесiнiң техникалық негiзiн шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары құрайды, олардың құрылуын және ұстап-тұруын мемлекет жүзеге асырады.
Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары шама бiрлiктерiн (шама бiрлiктерiнiң еселiк не үлестiк мәндерiн) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналады және олардың мөлшерлерін Қазақстан Республикасының аумағындағы шама бірліктерінің эталондарына, осы шамалардың өлшем құралдарына беру мақсатында пайдаланылады.
Шама бірліктерінің мөлшерлерін беру – шама бірліктерінің эталондарын калибрлеу, өлшем құралдарын салыстырып тексеру немесе калибрлеу арқылы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан, ал Қазақстан Республикасында шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары болмаған жағдайда Халықаралық өлшем және салмақ бюросының маңызды салғастыру дерекқорында барабарлық дәрежесі расталған, басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарынан жүзеге асырылады.
Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары Халықаралық өлшем және салмақ бюросы шама бірліктерінің эталондарымен және басқа мемлекеттер шама бірліктерінің ұлттық эталондарымен салғастыруға жатады.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).10-1-бап. Шама бірліктерінің эталондары
Шама бiрлiктерiнiң эталондары олардың мөлшерлерін осы шамалардың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында шама бiрлiктерiн (шама бiрлiктерiнiң еселiк не үлестiк мәндерiн) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналады.
Шама бiрлiктерiнiң эталондары – Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына, ал олар болмаған жағдайда Халықаралық өлшем және салмақ бюросының маңызды салғастыру дерекқорында барабарлық дәрежесі расталған, басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарына метрологиялық бақылап тексерілуге тиіс.
Ескерту. 10-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.06.09. N 558 Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Өлшем құралдары бiрлiктерi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген шамаларды айқындау үшiн пайдаланылады.
Өлшем құралдары Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына, ал олар болмаған жағдайда Халықаралық өлшем және салмақ бюросының маңызды салғастыру дерекқорында барабарлық дәрежесі расталған, басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарына метрологиялық бақылап тексерілуге тиіс.
Өлшем құралдарына стандартты үлгілер де, өлшеуіш жүйелер де жатқызылады.
Техникалық құралдардың өлшем құралдарына жататындығын белгілеуді оларды дайындаушылар, берушілер немесе пайдаланушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).11-1-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi осы Заңның 8-бабына сәйкес әзірленеді және өлшем құралдарының белгiленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн растау үшiн пайдаланылады.
Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде метрологиялық талаптар белгіленген өлшемдер кезінде қолданылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуге жатады.
Ескерту. 11-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.06.09. N 558 Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Стандартты үлгілер Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген шама бірліктерінің мәндерінде көрсетілген заттар (материалдар) құрамының немесе қасиеттерінің сипаттамаларын жаңғыртуға, сақтауға және беруге арналады.
Стандартты үлгілер өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу, градуирлеу, өлшемдерді орындау әдістемелерін бағалау, шығарылатын өнімнің сапасын бақылау үшін қолданылады.
2. Осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын стандартты үлгілер типін бекітуге және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуге жатады.
Ескерту. 2-тарау 11-2-баппен толықтырылды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).11-3-бап. Өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелері
1. Өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелері шама бірліктері эталондарының және өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларының шынайы мәндерін белгілеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін пайдаланылады.
2. Өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелерін шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеуді орындайтын заңды тұлғалар, оларды жасаушылар, иелері және (немесе) пайдаланушылар әзірлейді және бекітеді.
Ескерту. 2-тарау 11-3-баппен толықтырылды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.12-бап. Өлшемдердi орындау әдiстемелерi
Өлшемдерді орындау әдiстемелерi осы Заңның 8-бабына сәйкес әзірленеді және олардың параметрлерін белгіленген дәлдікпен бағалау мақсатында, сондай-ақ есепке алу операцияларын жүргізу үшін зерттеу объектілерін сынау кезінде қолданылады.
Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде метрологиялық талаптар белгіленген өлшемдер кезінде қолданылатын өлшемдерді орындау әдістемелері метрологиялық аттестаттауға және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуге жатады.
Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне стандарттар тізбесіне енгізілген өлшемдерді орындау әдістемелері метрологиялық аттестаттауға және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуге жатпайды.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.3-тарау. Метрологиялық қызмет
Ескерту. 3-тарау алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4-тарау. Өлшем құралдарының типін бекіту, оларды метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру, калибрлеу және метрологиялық сараптама
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
17-бап. Өлшем құралдарының түрiн бекiту және оларды метрологиялық аттестаттау
1. Осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары айналымға шығарылу алдында типін бекітуге жатады.
Уәкілетті орган өлшем құралдарының типін бекіту туралы шешімді өлшем құралдарының типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтардың оң нәтижелері негізінде қабылдайды және ол өлшем құралдарының типін бекіту туралы белгіленген үлгідегі сертификатпен куәландырылады, оның қолданылу мерзімі берілген кезде белгіленеді.
2. Айналымға санаулы данада шығарылатын, осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары үшін метрологиялық аттестаттау жүргізуге рұқсат етіледі.
Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы шешім өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы белгіленген үлгідегі сертификатпен куәландырылады, оның қолданылу мерзімі берілген кезде белгіленеді.
3. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынақтарды және метрологиялық аттестаттауды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық, оның ішінде үшінші елдердің сынақ зертханаларының материалдық-техникалық базасын пайдалана отырып жүргізеді.
Өлшем құралдарының бекітілген типі және метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiне енгiзiледi.
3-1. Өлшем құралдарын бастапқы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша айналымға шығарылатын өлшем құралдарының тізбесіне енгізілген өлшем құралдары өлшем құралдарының типін бекіту және оларды метрологиялық аттестаттау мақсатында сынақтарға жатпайды.
4. Алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).5. Өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы ақпарат және бекiтiлген түрдiң күшiн жою туралы шешiм уәкiлеттi органның ресми басылымдарында жарияланады.
6. Типін бекiту туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн пайдаланудағы және сақтауда тұрған өлшем құралдары осы Заңның 19-бабының талаптары сақтала отырып, толық физикалық тозғанға дейiн қолданылады.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.06.09. N 558 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29. N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.18-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеу
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу құқығына аккредиттеу, өлшемдерді орындау әдiстемелерiн метрологиялық аттестаттау "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттеу және өлшемдерді орындау әдiстемелерiн метрологиялық аттестаттау міндетті болып табылады.
Өлшем құралдарын калибрлеу құқығына аккредиттеу ерікті болып табылады.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).19-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру
1. Осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары айналымға шығарылу алдында олардың типі бекітілгеннен кейін немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелгеннен кейін, жөндеуден кейін пайдаланылу кезеңінде салыстырылып тексеріледі.
2. Алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3. Алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруге аккредиттелген заңды тұлғалар мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын жағдайларды қоспағанда, салыстырып тексерiлетiн өлшем құралдары туралы деректердi электрондық есепке алуды және уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа берудi жүзеге асыруға тиiс.
5. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді аккредиттелген заңды тұлғалардың аккредиттелген салыстырып тексерушiлерi өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырады. Салыстырып тексерушiлердi аттестаттау уәкiлеттi орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
6. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудiң оң нәтижелерi өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінде белгіленген талаптарға сәйкес салыстырып тексеру таңбасының бедерімен және салыстырып тексеру туралы сертификатпен куәландырылады.
7. Физикалық шамалардың өзгерiстерiн олардың мәндерiн нормаланған дәлдiкпен шамалар бiрлiктерiнде бағалаусыз байқау үшiн қолданылатын өлшем құралдары салыстырып тексеруге жатпайды.
Мұндай техникалық құралдардың жарамдылығын бақылауды оларды пайдаланушылар жүзеге асырады.
Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.06.09. N 558, өзгерістер енгізілді - 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.20-бап. Шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеу
Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына және шама бірліктерінің эталондарына калибрлеу жүргізіледі.
Типі бекітуге және салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдарына ерікті түрде калибрлеу жүргізілуі мүмкін.
Мемлекеттік реттеуге жататын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген метрологиялық талаптар өлшемдер кезінде қолданылатындарды қоспағанда, аккредиттеу субъектілері қолданатын өлшем құралдары калибрлеуге жатады.
Өлшем құралдарын калибрлеу осы өлшем құралдарын жасаушы, иесі немесе пайдаланушы айқындайтын тәртіппен орындалады.
Шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеу нәтижелері өлшем құралына басылатын калибрлеу белгісімен және (немесе) калибрлеу туралы сертификатпен куәландырылады. Калибрлеу туралы сертификатта өлшемдердің метрологиялық сипаттамаларының шынайы мәндерi, метрологиялық бақылап тексерілуі, өлшем белгісіздігі және белгілі бір метрологиялық сипаттамаларға сәйкестігі туралы мәлімдеме көрсетіледі.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.5-тарау. Мемлекеттік метрологиялық бақылау
20-1-бап. Метрологиялық сараптама
1. Өлшемдерге, өлшем құралдарына, оның ішінде нормативтік құқықтық актілердің, техникалық регламенттердің, мемлекетаралық және ұлттық стандарттардың (сәйкестік дәрежесі бірдей халықаралық және өңірлік стандарттар негізінде әзірленетін стандарттарды қоспағанда) жобаларындағы стандартты үлгілерге қойылатын талаптар мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық жүргізетін міндетті метрологиялық сараптамаға жатады.
2. Өлшемдерге, өлшем құралдарына, оның ішінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі және техникалық регламенттердегі стандартты үлгілерге қойылатын талаптар мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық жүргізетін міндетті метрологиялық сараптамаға жатады.
Ескерту. 5-тарау 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.21-бап. Мемлекеттiк метрологиялық бақылаудың мақсаты
Уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi мемлекеттiк метрологиялық бақылауды Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.22-бап. Мемлекеттiк метрологиялық бақылау объектiлерi
1. Мыналар мемлекеттiк метрологиялық бақылау объектiлерi болып табылады:
1) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;
2) шама бірліктерінің эталондары мен өлшем құралдары;
3) стандартты үлгілер;
4) нормативтік құқықтық актілер, техникалық регламенттер;
5) өлшемдерді орындау әдістемелері және өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері;
6) сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнімнің саны;
7) кез келген түрдегі қаптамаларда өлшеніп-оралған өнімді өткізу кезінде оның саны.
2. Мемлекеттік метрологиялық бақылау осы баптың 1-тармағында көрсетілген, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде метрологиялық талаптар белгіленген өлшемдер кезінде қолданылатын объектілерге қолданылады.
3. Алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
23-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау саласы
Ескерту. 23-бап алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
24-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау
1. Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді мемлекеттік метрологиялық бақылау жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектісіне (объектісіне) беру және оған әкімшілік жүктемені төмендету бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, оның ішінде:
1) мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар берген;
2) ақпараттық жүйелерден алынған;
3) бұқаралық ақпарат құралдарынан және өзге де ашық көздерден, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарынан алынған мәліметтер негізінде зерделеу, талдау, салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) бұзушылықтарды жою тәсілі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жою туралы ұсыным (бұдан әрі – ұсыным) жасалады.
Ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным бақылау субъектісіне мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – алғаны туралы ұсынымға белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен – тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен – бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша ұсыным ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылықты жіберуге құқылы.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі – ай сайын 25-інен кешіктірілмей, айына бір реттен артық емес.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бармай профилактикалық бақылауды тіркеудің арнайы журналында есепке алынуға жатады, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекемделген болуға тиіс.
3. Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерге мемлекеттік метрологиялық бақылау:
1) мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген метрологиялық талаптардың іс жүзінде орындалуын айқындау үшін;
2) иеліктен шығарылатын өнімнің массасын, көлемін, шығысын немесе санын сипаттайтын басқа да шамаларды айқындаудың дұрыстығын тексеру мақсатында;
3) қаптамадағы өнім санының қаптамада белгіленген шамаға сәйкестігін тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.25-бап. Өлшем құралдарының шығарылуын, пайдалануға берілуін, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын мемлекеттiк метрологиялық бақылау
Ескерту. 25-бап алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
26-бап. Сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын мемлекеттiк метрологиялық бақылау
Ескерту. 26-бап алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
27-бап. Кез келген түрдегi бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезiнде олардың санын мемлекеттiк метрологиялық бақылау
Ескерту. 27-бап алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
28-бап. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары
1. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган ведомствосының және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары жүзеге асырады.
Мыналар мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы – уәкілетті орган ведомствосының басшысы;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары – уәкілетті орган ведомствосы басшысының орынбасарлары;
3) мемлекеттік бақылау жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлар – уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
4) мемлекеттік бақылау жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары – уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
5) мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар – уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары.
2. Алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
1) тексеру тағайындау туралы актіні, сондай-ақ қызметтік куәлiгін не сәйкестендіру картасын көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк метрологиялық бақылау үшiн белгiленген объектiлерге кедергiсiз кiруге;
2) жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттiк метрологиялық бақылау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер сұратуға және алуға;
3) техникалық құралдарды пайдалануға және тексерiлетiн объектiлердiң мамандарынан ақпарат алуға;
4) сынақтан және түрiн бекiтуден, салыстырып тексеруден, метрологиялық аттестаттаудан өтпеген, бекiтiлген түрге сәйкес келмейтiн өлшем құралдарын қолдануға, өткiзуге, өндiрiстен және жөндеуден шығаруға тыйым салуға;
5) егер өлшем құралдары жұмысқа жарамсыз болса олардың көрсетулерiнiң қателiгi рұқсат етiлген нормалардан асып кетсе немесе өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi бiтсе, салыстырып тексеру таңбаларының баспа-таңбасын өшіруге немесе өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттың күшiн жоюға;
5-1) өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану дұрыстығына тексеру жүргізуге;
6) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті ұсынымдар, нұсқамалар жасауға, беруге;
7) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.06.09. N 558 Заңымен, 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
28-1-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың міндеттері
Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) мемлекеттік метрологиялық бақылау жөніндегі іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын қолдану бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге;
2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру тәртібін сақтауға;
4) жүргізілген мемлекеттік метрологиялық бақылау нәтижелері негізінде анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Ескерту. 5-тарау 28-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 6-тарау. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы
заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық және дауларды шешу
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
29-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.06.09. N 558 Заңымен .30-бап. Осы Заң нормаларының бұзылуына қатысты дауларды шешу
Осы Заң нормаларының және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттардың бұзылуына байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
7-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі
жұмыстарды қаржыландыру
31-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк метрологиялық бақылау жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру
1. Бюджет қаражаты есебiнен:
1) Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында өз қызметiн жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуы және мүшелiк жарналар төлеу;
2) Қазақстан Республикасының шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондарын, мемлекеттік меншіктегі шама бірліктерінің эталондарын жасауға және күтіп-ұстауға арналған шығыстар;
3) нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге және олардың жобаларына міндетті метрологиялық сараптама жүргізуге арналған шығыстар қаржыландырылады.
2. Осы Заңда көзделген және осы баптың 1-тармағында аталмаған метрологиялық жұмыстар мен қызмет көрсетулер шарттық негiзде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен қаржыландырылады.
Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.06.09. N 558 Заңымен, 2004.12.20. N 13 Заңымен (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының |