"Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 303 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 мамырда № 11106 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 275 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2020 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаменті:

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ішкі істер министірі


полиция генерал-лейтенанты

Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ___________________Ә. Исекешев

      2015 жылғы 20 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      ____________________М. Құсайынов

      2015 жылғы 17 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 6 сәуірдегі
№ 303 бұйрығымен бекітілген

"Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық көші-қон полициясы бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші, оның ішінде "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

      Портал арқылы мемлекеттік қызмет шетелдікті қабылдайтын жеке тұлға алғашқы тіркеуге жүгінген кезде көрсетіледі.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні;

      құжаттардың топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут.

      2) портал арқылы өтініш білдірген кезде – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi көшi-қон карточкасына мөр және көрсетілетін қызмет беруші лауазымды адамның қолын қою болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тіркелгені туралы паспортқа жапсырма қағаз жолданады, ол қағаз тасымалдағышқа басып шығарылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: электронды және (немесе) қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда (сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiн түскi асқа үзiлiспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейiн).

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiн түскi асқа үзiлiспен сағат 9-00-ден 17-30-ға дейiн көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.

      2) Порталдың жұмыс кестесі - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (шетелдiктi, азаматтығы жоқ адамды қабылдайтын көрсетілетін қызметті алушылар, сондай-ақ шетелдіктер) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынатын қажетті құжаттар тізбесі:

      1) Қазақстан Республикасына кіруге және болуға визасы бар шетелдiктiң не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын жарамды құжат, визасыз болу туралы келісімдер ратификацияланған елдердің азаматтары үшiн виза талап етiлмейдi;

      2) Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң лауазымды адамдары беретiн шекараны кесіп өткенi туралы белгiсi бар көшi-қон карточкасы;

      3) еркін нысандағы тiркеу туралы қолдаухат.

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада көрсетілген санаттардың бiрiне жататын көрсетілетін қызметті алушылар жеке өтініші бойынша тіркеледі.

      Қазақстан Республикасында уақытша болуы 6 (алты) айдан астам мерзiмдi құрайтын көрсетілетін қызметті алушыларды (шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды) тiркеу үшiн қосымша:

      толтырылған екi мекенжай келу парағы;

      келу парағына толтырылған статистикалық есепке алу талоны;

      35х45 мм мөлшердегi бiр фотосурет ұсынылады.

      Портал арқылы өтініш білдірген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар жөніндегі мәліметтерді көрсете отырып, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу жолдайды.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Министрліктің атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе электрондық түрде Министрлік басшысының блогына не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушы тегiн, атын, әкесiнiң атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмiрi мен күнiн көрсетедi. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Қабылданған шағым қызметті берушінің жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін есепке алу журналдарында тiркеледi. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегi және аты-жөнi, сондай-ақ берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны және шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта бойынша жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш білдіре алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Мемлекеттiк көрсетiлген қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар

      12. Мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызмет берушіге өтініш білдірген кезде оларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет ерекшеліктері:

      1) физикалық мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, ғимараттарға кіреберістер пандустармен жабдықталған, күтуге арналған креслолар бар;

      2) денсаулық жағдайы бойынша көрсетілетін қызметті берушіге жеке келуіне мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жеріне шыға отырып жүзеге асырады.

      13. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mvd.kz интернет-ресурсында "Iшкi iстер органдарының қызметi туралы" бөлiмде орналастырылады.

      14. Көрсетілетін қызметті алушыда ЭЦҚ болған жағдайда, ол мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда ала алады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан ену режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен барысы туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

  "Қазақстан Республикасында уақытша
болатын шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдарды тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша

Тiркеу жеке өтiнiшi бойынша жүзеге асырылатын шетелдiктер
мен азаматтығы жоқ адамдардың санаттары

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 175 және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 5 наурыздағы № 08-1-1-1/71 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың жарамдылық мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес Азаматтары "A1", "А2", "В1", "В2", "D1", және "G1" санаттағы бір мәртелік визаларды, сондай-ақ "F1" санатындағы бір мәртелік және екі мәртелік санаттағы визаларды ресімдеген кезде визалық қолдауды немесе шақыруды ұсыну қажеттілігінен босатылған мемлекеттердің тізімінде көрсетілген елдердің азаматтары;

      2. "Туристiк" санаттағы визалардың иелерi;

      3. Қазақстан Республикасына жұбайларымен, балаларымен немесе ата-аналарымен - шетел азаматтарымен бiрге келген шетелдiктер;

      4. Қазақстан Республикасымен байланысын растайтын құжаттардың иелерi (ұлттық паспорттағы баған немесе Қазақстан Республикасында туғаны туралы куәлiк, Қазақстан Республикасында жақын туысының жерленгенi туралы құжаттың көшiрмесi, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтаманың көшiрмесi);

      5. Қазақ диаспорасының өкiлдерi-шетелдiктер.

Об утверждении стандарта государственной услуги "Регистрация иностранцев и лиц без гражданства, временно пребывающих в Республике Казахстан"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 6 апреля 2015 года № 303. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 мая 2015 года № 11106. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 31 марта 2020 года № 275.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 31.03.2020 № 275 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый стандарт государственной услуги "Регистрация иностранцев и лиц без гражданства, временно пребывающих в Республике Казахстан".

      2. Департаменту миграционной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан Тургумбаева Е.З. и Департамент миграционной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Саинов С.С.).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

Министр внутренних дел


Республики Казахстан

К. Касымов

генерал-лейтенант полиции


      "СОГЛАСОВАН"

      Министр по инвестициям и развитию

      Республики Казахстан

      ______________________ А. Исекешев

      "_____" _______________ 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Исполняющий обязанности

      министра национальной экономики

      Республики Казахстан

      _______________________ М. Кусаинов

      "_____" _______________ 2015 года



  Утвержден
Приказом Министра внутренних дел
Республики Казахстан
от 6 апреля 2015 года № 303

Стандарт государственной услуги
"Регистрация иностранцев и лиц без гражданства,временно пребывающих в Республике Казахстан"
1. Общие положения

      1. Государственная услуга "Регистрация иностранцев и лиц без гражданства, временно пребывающих в Республике Казахстан" (далее – государственная услуга).

      2. Стандарт государственной услуги разработан Министерством внутренних дел Республики Казахстан (далее – Министерство).

      3. Государственная услуга оказывается территориальными подразделениями Министерства (далее – услугодатель).

      Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется через услугодателя, в том числе через веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал).

      Через портал государственная услуга оказывается при обращении физического лица, принимающего иностранца, в части первичной регистрации.

2. Порядок оказания государственной услуги

      4. Сроки оказания государственной услуги:

      1) со дня сдачи услугополучателем пакета документов услугодателю – 1 (один) рабочий день;

      максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов – 20 (двадцать) минут;

      максимально допустимое время обслуживания услугополучателя – 20 (двадцать) минут;

      2) При обращении через портал – 15 (пятнадцать) минут.

      5. Форма оказания государственной услуги: электронная (частично автоматизированная) и (или) бумажная.

      6. Результатом оказания государственной услуги является проставление в миграционной карточке печати и подписи должностного лица услугодателя.

      При обращении через портал в "личный кабинет" услугополучателя в форме электронного документа, удостоверенного электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП) уполномоченного лица услугодателя, направляется вкладыш к паспорту о регистрации иностранца или лица без гражданства, который распечатывается на бумажном носителе.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: электронная и (или) бумажная.

      7. Государственная услуга оказывается бесплатно физическим и юридическим лицам (далее – услугополучатель).

      8. График работы:

      1) услугодателя – с понедельника по пятницу (с 9-00 до 18-30 часов, с перерывом на обед с 13-00 до 14-30 часов) кроме выходных (суббота, воскресенье) и праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан.

      Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется по месту регистрации услугополучателя с 9.00 часов до 17.30 часов с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов.

      Государственная услуга оказывается в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания.

      2) портала – круглосуточно, за исключением технических перерывов, связанных с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).

      9. Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги при обращении услугополучателя (услугополучатели принимающие иностранца, лица без гражданства, а также иностранцы) к услугодателю:

      1) действительный документ, удостоверяющий личность иностранца либо лица без гражданства с визой на въезд и пребывание в Республике Казахстан, для граждан стран с которыми ратифицированы соглашения о безвизовом пребывании виза не требуется;

      2) миграционную карточку с отметкой о пересечении границы, которая выдается должностными лицами Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в пунктах пропуска через государственную границу;

      3) ходатайство о регистрации в произвольной форме.

      Услугополучатели относящиеся к одной из категорий, указанных в приложении к настоящему стандарту государственной услуги регистрируются по личному заявлению.

      Для регистрации услугополучателей (иностранцев и лиц без гражданства), срок временного пребывания которых в Республике Казахстан составляет свыше 6 (шести) месяцев, дополнительно представляются:

      два заполненных адресных листка прибытия;

      заполненный талон статистического учета к листку прибытия;

      одну фотографию размером 35 х 45 мм.

      При обращении через портал услугополучатель направляет запрос в форме электронного документа, удостоверенного ЭЦП, с указанием сведений о документах, указанных в подпунктах 1), 2) данного пункта.

      Сведения о документах, удостоверяющих личность услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) услугодателей и (или) их должностных лиц по вопросам оказания государственной услуги

      10. Обжалование решений, действий (бездействий) услугодателя и (или) его должностных лиц по вопросам оказания государственных услуг: жалоба подается на имя руководителя услугодателя, или Министерства, по адресу, указанному в пункте 13 настоящего стандарта государственной услуги.

      Жалоба подается в письменной форме по почте или в электронном виде на блог руководителя Министерства, либо нарочно через канцелярию услугодателя, или Министерства.

      В жалобе услугополучателем указывается его фамилия, имя, отчество, почтовый адрес, исходящий номер и дата. Жалоба подписывается услугополучателем.

      Принятая жалоба регистрируется в журналах учета жалоб и обращений физических и юридических лиц услугодателя. Документом, подтверждающим принятие жалобы, является талон, с указанием даты и времени, фамилии и инициалов лица, принявшего жалобу, а также срока и места получения ответа на поданную жалобу и контактные данные должностных лиц, у которых можно узнать о ходе рассмотрения жалобы.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации. Мотивированный ответ о результатах рассмотрения жалобы направляется услогополучателю по почте либо выдается нарочно в канцелярии услугодателя или Министерства.

      В случае несогласия с результатами оказанной государственной услуги услугополучатель может обратиться с жалобой в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, рассматривается в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      11. В случаях несогласия с результатами оказанной государственной услуги, услугополучатель имеет право обратиться в суд в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

4. Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме

      12. Особенности оказания государственной услуги услугополучателям с ограниченными возможностями при обращении к услугодателю:

      1) предусмотрены условия для обслуживания услугополучателей с ограниченными физическими возможностями, входы в здания оборудованы пандусами, имеются кресла для ожидания;

      2) за услугополучателей, у которых в связи с состоянием здоровья отсутствует возможность личной явки к услугодателю, прием документов, необходимых для оказания государственной услуги производится услугодателем с выездом по месту регистрации услугополучателя.

      13. Адреса мест оказания государственной услуги размещаются на интернет-ресурсах Министерства: www.mvd.gov.kz в разделе "О деятельности органов внутренних дел".

      14. Услугополучатель имеет возможность получения государственной услуги в электронной форме через портал при условии наличия ЭЦП.

      15. Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг.

      16. Контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания государственной услуги указаны на интернет-ресурсе Министерства www.mvd.gov.kz. Единый контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг: 1414.

  Приложение
к стандарту государственной услуги
"Регистрация иностранцев и лиц без
гражданства, временно пребывающих
в Республике Казахстан"

Категории иностранцев и лиц без гражданства, регистрация
которых осуществляется по личному заявлению

      1. Гражданам стран, указанных в Списке государств, граждане которых освобождены от необходимости предъявления визовой поддержки или приглашения при оформлении однократных виз категорий "А1", "А2", "В1", "В2", "D1" и "G1", а также однократных и двукратных виз категории "F1" согласно приложению 7 к Правилам выдачи виз Республики Казахстан, а также продления и сокращения сроков их действия, утвержденых совместным приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 7 марта 2013 года № 175 и исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 5 марта 2013 года № 08-1-1-1/71.

      2. Владельцы виз категории "туристическая".

      3. Иностранцы, въехавшие в Республику Казахстан совместно с супругами, детьми или родителями - иностранными гражданами.

      4. Владельцы документов, подтверждающих связь с Республикой Казахстан (графа в национальном паспорте или свидетельство о рождении в Республике Казахстан, копия документа о захоронении близкого родственника в Республике Казахстан, копия справки о выходе из гражданства Республики Казахстан).

      5. Иностранцы-представители казахской диаспоры.