Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11122 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 536 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 № 536 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидалары бекітілсін.

      2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов) заңнамада белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Сәрінжіпов


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 230 бұйрығымен бекітілген

Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми
қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 36) тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындарының штаттық кестесінде қарастырылған (бұдан әрі – штаттағы лауазымдар) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуы тәртібін анықтайды.

      2. Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуы бос лауазым орыны бар жоғары оқу орнымен (бұдар әрі - жоо) жүзеге асырылады.

      3. Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуына тиісті бейіндері бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын (бұдан әрі – үлгілік біліктілік сипаттамалары) бекіту туралы" 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес адамдар жіберіледі (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5750 тіркелген)

      Өнер, мәдениет және спорт саласындағы жоғары оқу орындарының қауымдастырылған профессорлар (доцент), профессорлар лауазымдарына орналасу конкурсына тиісті ғылыми атағы мен ғылыми дәрежесі жоқ, бірақ осы мамандық бойынша танылғын жетістіктерге ие мамандар жіберіледі.

2. Конкурс туралы хабарландыру

      4. Жоғары оқу орындарында профессор-оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлерінің бос лауазымы болған жағдайда тиісті жоғары оқу орны құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында, интернет-ресурстарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) профессор-оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлердің бос лауазымының атауы;

      2) жоғары оқу орнының орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон көрсетілген атауы;

      3) құжаттарды қабылдаудың аяқталатын күні мен уақыты;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес анықталатын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Бос лауазымдарға арналған конкурсқа өтініштер (еркін нысанда) хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей беріледі.

3-бөлім. Конкурстық комиссияны қалыптастыру

      Ескерту. 3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Профессор-оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына тағайындауға арналған конкурстық комиссияның (бұдан әрі – конкурстық комиссия) саны мен дербес құрамын және оның өкілеттік мерзімін жоғары оқу орны басшысы анықтайды.

      8. Конкурстық комиссия жұмысының негізгі міндеттері:

      1) конкурсқа қатысу үшін барлығына бірдей теңдік мүмкіндігін беру;

      2) конкурсқа қатысушылардың арасында әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету;

      3) әділдіктің сақталуына және конкурстың жариялы түрде өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру;

      4) конкурстық комиссия отырысының кестесін анықтау;

      5) конкурстық құжаттамаларға талдау жүргізу;

      6) конкурстың қорытындысы бойынша шешім шығару болып табылады.

      9. Конкурстық комиссия мына құрамда құрылады:

      1) конкурстық комиссияның төрағасы – жоғары оқу орны басшысының орынбасары (проректор);

      2) конкурстық комиссия төрағасының орынбасары – жоғары оқу орны басшысының орынбасары (проректор) немесе жоғары оқу орны құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

      3) конкурстық комиссияның хатшысы – жоғары оқу орнының штаттық қызметкері;

      4) құрамында кемінде үш адам бар конкурстық комиссия мүшелері (жоғары оқу орнының штаттық оқытушылары немесе ғылыми қызметкерлері арасынан, кадрлық қызметтің басшысы, заң кеңесшісі, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан ұйымдар өкілдері).

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-бөлім. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және қарау

      Ескерту. 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар, жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады (ерікті нысанда). Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:

      1) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;

      2) өмірбаян;

      3) жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

      4) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

      5) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

      6) № 086 нысанындағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген);

      7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

      8) профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес);

      9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 11304 тіркелген) (бұдан әрі – № 272 бұйрық) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

      10) № 272 бұйрықпен бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.

      Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

      Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-бөлім. Конкурсты өткізу тәртібі

      Ескерту. 5-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Конкурс мына кезеңдерден тұрады:

      1) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің бос лауазымдарға орналасуы үшін үміткерлердің өтінімдерін қарастыру;

      2) профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жобаның презентациясы негізінде үміткерлермен әңгімелесу өткізу;

      3) конкурстың қорытындыларын шығару.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Жоғары оқу орны:

      1) конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;

      2) конкурс өткізілетін күн мен орынды белгілейді;

      3) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді;

      4) Комиссия отырысын ұйымдастырады.

      13. Хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталатын күнге дейін қажетті құжаттарды табыс еткен азаматтар конкурсқа қатысушылар болып табылады.

      14. Профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарына тағайындау конкурсы сауалнама, тестілеу, әңгімелесу, шығармашылық есеп беру, авторлық әзірлемелерді қорғау, практикалық тапсырмалар нысанында үміткерлердің қызмет қорытындылары талдамалық жалпылау негізінде өткізіледі, бұл ретте кәсіби деңгейді анықтау үшін әрбір лауазым бойынша үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес білімдері тексеріледі.

      15. Әңгімелесудің мақсаты бос лауазымға конкурс жариялаған нақты жоғары оқу орнының ерекшеліктерін, үлгілік біліктілік сипаттамаларын ескере отырып, үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттеріне баға беру болып табылады.

      Әңгімелесу қорытындылары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бағалау парағына енгізіледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Бұдан кейін конкурстық комиссия профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналастыру үшін конкурстық іріктеу бойынша ашық немесе жасырын дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16-1. Ашық дауыс беру жағдайында конкурстық комиссияның шешімі бағалау парақтарының нәтижелері негізінде конкурстық комиссияның мүшелері санының басым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Конкурстық комиссия отырысы конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екісі отырысқа қатысқанда заңды деп саналады.

      Талқылау барысы және конкурстық комиссияның қабылданған шешімі конкурстық комиссияның барлық мүшелері мен хатшысы қол қоятын хаттама түрiнде ресiмделедi.

      Ерекше пікірі бар конкурстық комиссияның мүшелері оны білдірген жағдайда оны комиссия хаттамасына қоса берілетін жазбаша нысанда баяндайды.

      Ескерту. 5-бөлім 16-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16-2. Жасырын дауыс беру барысында конкурстық комиссия осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес, лауазымға конкурстық іріктеу бойынша жасырын дауыс беру үшін үміткерді бюллетеньге (бұдан әрі – Бюллетень) енгізу туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 5-бөлім 16-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Дауыс беруші тұлға кандидатты қабылдауға келісетіндігін немесе келіспейтіндігін әр кандидаттың аты-жөнінің қасында жазылған "келісемін" немесе "келіспеймін" деген сөздерді белгілеу арқылы білдіреді. Конкурстық іріктеуде бір лауазымға екі және одан да көп үміткер қатысқан жағдайда, бюллетеньде бірде-бір аты-жөні сызылып тасталмаса, онда ол жарамсыз деп танылады.

      18. Дауыстарды санау үшін конкурстық комиссия жасырын дауыс берудің алдында конкурстық комиссия арасынан кемінде үш адамнан тұратын есептеу комиссиясын сайлайды. Есептеу комиссиясы әр кандидатура бойынша берілген дауыстардың нәтижесін жариялайды. Есептеу комиссиясының хаттамасын конкурстық комиссия бекітеді және конкурс материалдарына қосады.

      19. Конкурс өткізу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің кемінде 2/3 мүшесі дауыс беруге қатысқан жағдайда, конкурстық комиссияның шешімі жарамды болып саналады.

      20. Кандидат, егер оған комиссия құрамынан қатысып отырғандардың көпшілігі дауыс берген жағдайда оң қорытындыға ие болады. Дауыс берген кезде дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Жасырын дауыс беру арқылы қабылданған конкурстық комиссияның шешімі, егер ол осы Қағидаларды сақтау негізінде қабылданған болса, түбегейлі болып саналады.

      21. Құпия дауыс берудің нәтижелері бойынша конкурстық комиссия әр бос лауазымға үміткер бойынша еңбек шартын жасау үшін "жоғары оқу орнының басшысына ұсынылады" немесе "жоғары оқу орнының басшысына ұсынылмайды" деген жазумен ұсынымдар дайындайды.

      Комиссия хатшысы конкурсқа қатысқан тұлғаларды конкурстың нәтижелерімен және конкурстық комиссияның ұсынымдарымен таныстырады

      22. Еңбек шартын жасау 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей, конкурстық комиссия отырысы аяқталғаннан және жоғары оқу орны ректорының шешімінен кейін жүргізіледі.

      23. Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын және ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау конкурсының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты жасалады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6. Шағымдану тәртібі

      Ескерту. 6-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысы бар бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссияның шешімдерімен таныса алады.

      25. Комиссияның шешіміне конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Жоғары оқу орындарының
профессор-оқытушы құрамы
мен ғылыми қызметкерлерін
лауазымдарға конкурстық
тағайындау қағидаларына
1-қосымша

БАҒАЛАУ ҚАҒАЗЫ

      Ескерту. Қағида 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Конкурстық комиссия

      (ректордың №___ "__" _______ 20___ жылғы бұйрығымен бекітілді)

      20___ жылғы "__" _______ отырыс.

      Хаттама №___

      лауазым__________________________________________________________

      кафедра/институт/мектеп____________________________________________

      үміткердің Т.А.Ә.________________________________________________

      1 ДЕРЕКТЕРДІ БАҒАЛАУ

Біліктілік талаптар

Бағалау өлшемдері

Ескертпе

Білімі

сәйкес/сәйкес емес


Дәрежесі/атағы

сәйкес/сәйкес емес



5

4

3

2

1


Кәсіби тәжірибесі







Кәсіби талаптар (жарияланымдардың болуы, іргелі және/немесе ғылыми қолданбалы жобаларға жетекші немесе орындаушы ретінде қатысуы, мұғалім студенттердің көзімен сауалнама нәтижелері және т.б.)







Тілдерді білу







      2 ПРЕЗЕНТАЦИЯНЫ БАҒАЛАУ

Бағалау критерийлері

5

4

3

2

1

Ескертпе

Мазмұны мен тақырыптың сәйкестігі







Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану







Жағдаяттық тапсырмалар және кейстердің болуы







Берілген ақпараттың өзектілігі







Баяндау мәнері және аудиторияның қатысуы







      3 ӘҢГІМЕЛЕСУДІ БАҒАЛАУ

Сұрақтар

5

4

3

2

1

Ескертпе















      4 ҚОРЫТЫНДЫ ШЕШІМ

Шешім

Негіздеме

Ескертпе

Бос лауазымға орналасуға ұсынылады



Бос лауазымға орналасуға ұсынылмайды



      __________________________________________________

      Конкурстық комиссия мүшесінің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Қолы__________________             күні____________________

  Жоғары оқу орындарының
профессор-оқытушы құрамы
мен ғылыми қызметкерлерін
лауазымдарға конкурстық
тағайындау қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. Қосымшаның оң жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2017 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Лауазымға конкурстық іріктеу бойынша жасырын дауыс
беруге арналған бюллетень (үлгі)

      ____________________________________________________________________

      (ЖОО атауы)

      Конкурстық комиссия

      (ректордың №___ "__" _______ 20___ жылғы бұйрығымен бекітілді)

      20___ жылғы "__" _______ отырыс. №___ хаттама

      лауазым _____________________________________________________________

      кафедра _____________________________________________________________

      Факультет (Институт) ________________________________________________

      Жарияланған бірліктер саны ___________

Үміткердің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайжа)

Дауыс беру нәтижелері

1


Келісемін

Келіспеймін

2


Келісемін

Келіспеймін






      Ескертпе:

      1) Аты-жөндері алфавиттік тәртіпте енгізіледі.

      2) Кандидатураны "Жақтап" дауыс беру нәтижелері "Келіспеймін" сөзін сызып тастаумен, ал "Қарсы" дауыс берген жағдайда – "Келісемін" сөзін сызып тастаумен білдіріледі.

      3) Комиссия мүшесі "Келісемін" деп дауыс берген кандидатура саны жарияланған бірлік санынан аспауы тиіс.

      4) Аталған қағидаларды бұзу арқылы толтырылған бюллетень жарамсыз деп саналады.

Об утверждении Правил конкурсного замещения должностей профессорско-преподавательского состава и научных работников высших учебных заведений

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 23 апреля 2015 года № 230. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 мая 2015 года № 11122. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 октября 2018 года № 536 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 04.10.2018 № 536 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 36) статьи 5 Закона Республики Казахстан 27 июля 2007 года "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила конкурсного замещения должностей профессорско-преподавательского состава и научных работников высших учебных заведений.

      2. Департаменту высшего, послевузовского образования и международного сотрудничества (Шаймарданов Ж.К.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) после государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан официальное опубликование настоящего приказа;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Балыкбаева Т.О.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

Министр

А. Саринжипов


  Утверждены
приказом Министра образования и науки
Республики Казахстан
от 23 апреля 2015 года № 230

Правила
конкурсного замещения должностей профессорско-преподавательского состава и научных работников высших учебных заведений
Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок Главы 1 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 26.06.2017 № 305 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила конкурсного замещения должностей профессорско-преподавательского состава и научных работников высших учебных заведений (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 36) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" и определяют порядок конкурсного замещения должностей профессорско-преподавательского состава и научных работников высших учебных заведений независимо от форм собственности, предусмотренных штатным расписанием высшего учебного заведения (далее – штатных должностей).

      2. Конкурс на занятие вакантной должности профессорско-преподавательского состава и научных работников высших учебных заведений проводится высшим учебным заведением (далее - вуз) имеющим вакантную должность.

      3. К конкурсу на замещение должностей профессорско-преподавательского состава и научных работников высших учебных заведений допускаются лица, имеющие высшее или послевузовское образование соответствующим типовым квалификационным характеристикам должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц, утвержденными приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 июля 2009 года № 338 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5750) (далее - типовые квалификационные характеристики).

      На конкурс по замещению должностей ассоциированных профессоров (доцент), профессоров в высших учебных заведениях в области искусства, культуры и спорта допускаются специалисты, не имеющие соответствующего ученого звания и ученой степени, но обладающие опытом практической работы и имеющие признанные достижения по данной специальности.

2. Объявление о конкурсе

      4. В случае наличия в высшем учебном заведении вакантной должности профессорско-преподавательского состава и научных работников, соответствующее высшее учебное заведение размещает объявление о проведении конкурса в периодических печатных изданиях, распространяемых на всей территории Республики Казахстан, интернет-ресурсах, не менее чем за тридцать календарных дней до даты завершения приема документов.

      Сноска. Пункт 4 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 26.06.2017 № 305 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      5. Объявление о проведении конкурса содержит следующие сведения:

      1) название вакантной должности профессорско-преподавательского состава и научных работников;

      2) наименование высшего учебного названия с указанием местонахождения, почтового адреса, телефона;

      3) дату и время окончания приема документов;

      4) основные требования к участнику конкурса, определяемые в соответствии с типовыми квалификационными характеристиками, за исключением случаев установленных законодательством Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 5 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 26.06.2017 № 305 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      6. Заявление на конкурс вакантных должностей подаются не позднее тридцати календарных дней со дня опубликования объявления.

Глава 3. Формирование конкурсной комиссии

      Сноска. Заголовок Главы 3 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 26.06.2017 № 305 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      7. Количество и персональный состав конкурсной комиссии на замещение должностей профессорско-преподавательского состава и научных работников высших учебных заведений (далее - конкурсная комиссия) и сроки ее полномочий определяются первым руководителем вуза.

      8. Основными задачами работы конкурсной комиссии являются:

      1) предоставление всем равных возможностей для участия в конкурсе;

      2) обеспечение добросовестной конкуренции среди участников конкурса;

      3) осуществление контроля за соблюдением объективности, гласности проведения конкурса;

      4) определение графика заседаний конкурсной комиссии;

      5) проведение анализа конкурсной документации;

      6) вынесение решения по итогам конкурса.

      9. Конкурсная комиссия создается в следующем составе:

      1) председатель конкурсной комиссии – заместитель руководителя (проректор) вуза;

      2) заместитель председателя конкурсной комиссии – заместитель руководителя (проректор) вуза или руководитель структурного подразделения вуза;

      3) секретарь конкурсной комиссии – штатный сотрудник вуза;

      4) члены конкурсной комиссии в составе не менее трех человек (из числа штатных преподавателей или научных сотрудников вуза, руководителя кадровой службы, юрисконсульта, а также представителей организаций независимо от формы собственности).

      Сноска. Пункт 9 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 26.06.2017 № 305 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

Глава 4. Прием и рассмотрение документов участников конкурса

      Сноска. Заголовок Главы 4 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 26.06.2017 № 305 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      10. Лица, желающие участвовать в конкурсе, подают заявление (в произвольной форме) на имя руководителя вуза. К заявлению прилагаются следующие документы:

      1) личный листок по учету кадров;

      2) автобиография;

      3) копии дипломов о высшем образовании, академической и ученой степени, документ об ученом звании и подлинники для сверки;

      4) копии сертификатов о переподготовке и повышении квалификации (при наличии) и подлинники для сверки;

      5) список научных работ и изобретений (при наличии);

      6) медицинская справка по форме № 086, утвержденной приказом и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6697);

      7) справка о наличии либо отсутствии сведений по учетам выдаваемая Комитетом правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан о совершении лицом уголовного правонарушения;

      8) презентация проекта по образовательной программе на замещение вакантных должностей профессорско-преподавательского состава или проекта научно-исследовательской работы на замещение вакантных должностей научных работников (в электронном виде, объемом не более 10 слайдов);

      9) справка наркологической организации о том, что участник конкурса на учете не состоит по форме согласно приложению 1 к стандарту государственной услуги "Выдача справки с наркологической организации", утвержденной приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 272 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11304) (далее – Приказ № 272);

      10) справка с психоневрологической организации о том, что участник конкурса на учете не состоит по форме согласно приложению 1 к стандарту государственной услуги "Выдача справки с психоневрологической организации", утвержденной Приказом № 272.

      Представление неполного пакета документов согласно перечню, предусмотренного настоящим пунктом, является основанием для отказа в произвольной форме в приеме заявления.

      Участник конкурса вправе представить дополнительную информацию, касающуюся его образования, профессионального уровня (список научных публикаций, рекомендации от руководства предыдущего места работы), а также документы подтверждающие опыт работы и квалификацию.

      Сноска. Пункт 10 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 26.06.2017 № 305 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

Глава 5. Порядок проведения конкурса

      Сноска. Заголовок Главы 5 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 26.06.2017 № 305 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      11. Конкурс состоит из следующих этапов:

      1) рассмотрение заявок кандидатов на замещение вакантных должностей профессорско-преподавательского состава и научных работников высших учебных заведений;

      2) проведение собеседования с кандидатами на основе презентации проекта по образовательной программе на замещение вакантных должностей профессорско-преподавательского состава или проекта научно-исследовательской работы на замещение вакантных должностей научных работников;

      3) подведение итогов конкурса.

      Сноска. Пункт 11 с изменениями, внесенными приказом Министра образования и науки РК от 26.06.2017 № 305 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      12. Высшее учебное заведение:

      1) принимает решение о проведении конкурса;

      2) определяет дату и место проведения конкурса;

      3) производит прием, регистрацию и хранение представленных для участия в конкурсе документов;

      4) организует заседание комиссии.

      13. Участниками конкурса являются лица, подавшие необходимые документы до указанной в объявлении даты окончания приема документов.

      14. Конкурс на замещение должностей профессорско-преподавательского состава и научных работников высших учебных заведений проводится на основе аналитического обобщения итогов деятельности претендентов в форме тестирования, собеседования, творческих отчетов, защиты авторских разработок, практических заданий, при этом проверяются знания в соответствии с типовыми квалификационными характеристиками по каждой должности для определения уровня профессионализма.

      15. Целью собеседования является оценка профессиональных и личностных качеств кандидатов с учетом типовых квалификационных характеристик, особенностей конкретного вуза, на вакантную должность которого объявлен конкурс.

      Итоги собеседования вносятся в оценочный лист согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      Сноска. Пункт 15 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 26.06.2017 № 305 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      16. После этого конкурсная комиссия принимает решение о проведении открытого или тайного голосования по конкурсному отбору на замещение вакантных должностей профессорско-преподавательского состава и научных работников.

      Сноска. Пункт 16 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 26.06.2017 № 305 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      16-1. При открытом голосовании решение конкурсной комиссии принимается на основе результатов оценочных листов простым большинством голосов от общего числа членов конкурсной комиссии. При равенстве голосов, голос председателя конкурсной комиссии является решающим. Заседание конкурсной комиссии считается правомочным при участии не менее двух третей от общего числа членов конкурсной комиссии.

      Ход обсуждения и принятое конкурсной комиссией решение оформляются в виде протокола, который подписывается всеми членами и секретарем конкурсной комиссии.

      Члены конкурсной комиссии, имеющие особое мнение, в случае его выражения, излагают его в письменной форме, которое прикладывается к протоколу.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 16-1 в соответствии с приказом Министра образования и науки РК от 26.06.2017 № 305 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      16-2. При тайном голосовании конкурсная комиссия принимает решение о включении кандидатуры в бюллетень для тайного голосования по конкурсному отбору на должность, согласно приложению 2 к настоящим Правилам (далее – Бюллетень).

      Сноска. Правила дополнены пунктом 16-2 в соответствии с приказом Министра образования и науки РК от 26.06.2017 № 305 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      17. Согласие или несогласие с кандидатурой выражается словами "согласен" или "не согласен" против фамилии каждого кандидата. Бюллетень, в котором не вычеркнута ни одна фамилия в случае участия в конкурсном отборе двух и более претендентов на одну должность, признается недействительным.

      18. Для подсчета голосов конкурсная комиссия перед началом тайного голосования избирает из числа конкурсной комиссии счетную комиссию в составе не менее трех членов комиссии. Счетная комиссия оглашает результаты голосования по каждой кандидатуре. Протокол счетной комиссии утверждается конкурсной комиссией и приобщается к материалам конкурса.

      19. Решение конкурсной комиссии при проведении конкурса является действительным, если в голосовании участвовало не менее 2/3 ее членов.

      20. Кандидат получает положительное заключение в случае, если за него проголосовало большинство присутствующих из состава комиссии. В случае равенства голосов при голосовании решающим является голос председателя комиссии.

      Решение конкурсной комиссии, принятое тайным голосованием, является окончательным, если оно принято с соблюдением настоящих Правил.

      21. По результатам тайного голосования конкурсная комиссия готовит рекомендации по каждому претенденту на вакантную должность с формулировкой "рекомендуется ректору вуза" или "не рекомендуется ректору вуза" для заключения трудового договора.

      С результатами конкурса и рекомендациями конкурсной комиссии секретарь комиссии знакомит лиц, участвовавших в нем.

      22. Заключение трудового договора проводится после окончания заседаний конкурсной комиссии и решения ректора вуза, но не позднее, чем через 10 календарных дней.

      23. По итогам конкурса на замещение должностей профессорско-преподавательского состава и научных работников высших учебных заведений заключается трудовой договор в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 23 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 26.06.2017 № 305 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

Глава 6. Порядок обжалования

      Сноска. Заголовок Главы 6 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 26.06.2017 № 305 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      24. Участники конкурса и кандидаты в части, их касающейся могут знакомиться с конкурсными документами и решениями комиссии.

      25. Участники и кандидаты конкурса вправе обжаловать решение комиссии в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

      Сноска. Пункт 25 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 26.06.2017 № 305 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

  Приложение 1
к Правилам конкурсного
замещения должностей
профессорско-
преподавательского
состава и научных работников
высших учебных заведений

      Сноска. Правила дополнены Приложением 1 в соответствии с приказом Министра образования и науки РК от 26.06.2017 № 305 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

                              ОЦЕНОЧНЫЙ ЛИСТ

                                    Конкурсная комиссия
            (утверждена приказом ректора № ___ от "__" _______ 20___ года.)

            Заседание от "__" _______ 20___ года.
      Протокол № ___
      на должность ______________________________________________________________
      кафедры/института/школы __________________________________________________
      Ф.И.О (при наличии) кандидата______________________________________________

            1 ОЦЕНКА ДАННЫХ

Квалификационные требования

Критерии оценивания

Примечание

Образование

соответствует/
не соответствует


Степень/звание

соответствует/
не соответствует



5

4

3

2

1


Профессиональный опыт







Профессиональные требования (наличие публикаций, участие в качестве руководителя или исполнителя в фундаментальных и/или научно-прикладных проектах, результаты анкетирования преподаватель глазами студентов)







Знание языков







            2 ОЦЕНКА ПРЕЗЕНТАЦИИ

Критерии оценивания

5

4

3

2

1

Примечание

Соответствие содержания и темы







Использование интерактивных методик преподавания







Наличие ситуационных задач и кейсов







Актуальность представленной информации







Стиль изложения и вовлеченность аудитории







            3 ОЦЕНКА СОБЕСЕДОВАНИЯ

Вопросы

5

4

3

2

1

Примечание















            4 ИТОГОВОЕ РЕШЕНИЕ     

Решение

Обоснование

Примечание

Рекомендуется к занятию вакантной должности



Не рекомендуется к занятию вакантной должности



            ___________________________________________
      Ф.И.О (при наличии) члена конкурсной комиссии
      Подпись __________________ дата_____________


  Приложение 2
к Правилам конкурсного
замещения должностей
профессорско-
преподавательского состава и
научных работников высших
учебных заведений

      Сноска. Правый верхний угол Приложения 2 к Правилам в редакции приказа Министра образования и науки РК от 26.06.2017 № 305 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      Бюллетень

      для тайного голосования по конкурсному отбору на должность (образец)

      ____________________________________________________________________

      (наименование вуза)

      Конкурсная комиссия

      (утверждена приказом ректора № ___ от "__" _______ 20___ года.)

      Заседание от "__" _______ 20___ года. Протокол № ___

      на должность ________________________________________________________

      кафедры _____________________________________________________________

      Факультета __________________________________________________________

      Количество объявленных единиц ___________

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) претендента

Результаты голосования

1


Согласен

Не согласен

2


Согласен

Не согласен





      Примечание:

      1. Фамилии вносится в алфавитном порядке.

      2. Результаты голосования "За" кандидатуру выражаются вычеркиванием

      слова "Не согласен", при голосовании "Против" - вычеркиваниям слова

      "Согласен".

      3. Количество кандидатур, за которых член комиссии голосует слова

      "Согласен" , "Не согласен", не должно превышать количество

      объявленных единиц.

      4. Бюллетень, заполненный с нарушениями указанных правил, признается

      недействительным.