Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2023 № 381 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Әскери полиция органдары туралы" 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция | |
генерал-лейтенанты | Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 370 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери полиция
органдарының арнайы көлік құралдарының тізбесі
р/с № | Көлік құралдарының түрі | Негізгі тактикалық-техникалық сипаттамалары | Орнатылған арнайы жабдық | Қолдану саласы |
1. Әскери автомобильдік полицияның арнайы автомобильдері | ||||
1.1 Ілесіп алып жүру автомобилі | ||||
1. | Жеңіл | Қозғалтқыш – көлемі 3000 текше см. аспайды; трансмиссиясы – автоматты, механикалық; екпін алуы 100 км/сағ - 9 сек. аспайды. | Бейнетіркеуіш, радиостанция, жарықты және дыбысты сигнализация, арнайы түсті-графикалық сызбалар бойынша бояу | Әскери лектердің көлік құралдарын ілесіп алып жүру |
2. | Жол талғамайтын автомобиль | Қозғалтқыш – көлемі 4000 текше см. аспайды; трансмиссиясы – автоматты, механикалық; екпін алуы 100 км/сағ - 9 сек. аспайды. | ||
3. | Жеңіл | Қозғалтқыш – көлемі 1600 текше см. кем емес; трансмиссиясы – механикалық; екпін алуы 100 км/сағ - 13 сек. аспайды. | ||
4. | Жол талғамайтын автомобиль | Қозғалтқыш – көлемі 2300 текше см. кем емес; трансмиссиясы – автоматты, механикалық; екпін алуы 100 км/сағ - 13 сек. аспайды. | ||
5. | Жүк | Қозғалтқыш - бензинді, дизельді; трансмиссиясы - автоматты, механикалық; дөңгелек формуласы - толық жетекті | Бейнетіркеуіш, радиостанция, жарықты және дыбысты сигнализация, арнайы түсті - графикалық сызбалар бойынша бояу | Әскери лектердің көлік құралдарын ілесіп алып жүру |
1.2 Жылжымалы техникалық байқау пункті | ||||
6. | Шағын автобус | Қозғалтқыш – көлемі 2000 текше см. кем емес; трансмиссиясы – автоматты, механикалық | Бақылау-диагностикалық жабдық, радиостанция, жарықты және дыбысты сигнализация, бейнетіркеуіш, арнайы түсті - графикалық сызбалар бойынша бояу | Міндетті техникалық байқау өткізу кезінде көлік құралдарының техникалық жай - күйін диагностикалау |