Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдарының тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 370 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11136 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 4 мамырдағы № 381 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2023 № 381 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Әскери полиция органдары туралы" 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр полиция


генерал-лейтенанты

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 370 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери полиция
органдарының арнайы көлік құралдарының тізбесі

р/с №

Көлік құралдарының түрі

Негізгі тактикалық-техникалық сипаттамалары

Орнатылған арнайы жабдық

Қолдану саласы

1. Әскери автомобильдік полицияның арнайы автомобильдері

1.1 Ілесіп алып жүру автомобилі

1.

Жеңіл

Қозғалтқыш – көлемі 3000 текше см. аспайды; трансмиссиясы – автоматты, механикалық;

екпін алуы 100 км/сағ - 9 сек. аспайды.

Бейнетіркеуіш, радиостанция, жарықты және дыбысты сигнализация, арнайы түсті-графикалық сызбалар бойынша бояу

Әскери лектердің көлік құралдарын ілесіп алып жүру

2.

Жол талғамайтын автомобиль

Қозғалтқыш – көлемі 4000 текше см. аспайды; трансмиссиясы – автоматты, механикалық; екпін алуы 100 км/сағ - 9 сек. аспайды.

3.

Жеңіл

Қозғалтқыш – көлемі 1600 текше см. кем емес; трансмиссиясы – механикалық; екпін алуы 100 км/сағ - 13 сек. аспайды.

4.

Жол талғамайтын автомобиль

Қозғалтқыш – көлемі 2300 текше см. кем емес; трансмиссиясы – автоматты, механикалық;

екпін алуы 100 км/сағ - 13 сек. аспайды.

5.

Жүк

Қозғалтқыш - бензинді, дизельді; трансмиссиясы - автоматты, механикалық; дөңгелек формуласы - толық жетекті

Бейнетіркеуіш, радиостанция, жарықты және дыбысты сигнализация, арнайы түсті - графикалық сызбалар бойынша бояу

Әскери лектердің көлік құралдарын ілесіп алып жүру

1.2 Жылжымалы техникалық байқау пункті

6.

Шағын автобус

Қозғалтқыш – көлемі 2000 текше см. кем емес; трансмиссиясы – автоматты, механикалық

Бақылау-диагностикалық жабдық, радиостанция, жарықты және дыбысты сигнализация, бейнетіркеуіш, арнайы түсті - графикалық сызбалар бойынша бояу

Міндетті техникалық байқау өткізу кезінде көлік құралдарының техникалық жай - күйін диагностикалау


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады