Анатомиялық сыйды жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына берудің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 177 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 мамырда № 11175 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-150/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.10.2020 № ҚР ДСМ-150/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 142-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған анатомиялық сыйды жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына берудің қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова

"КЕЛІСІЛГЕН"


Қазақстан Республикасының


Әділет министрі


Б. Имашев


2015 жылғы " "



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 177 бұйрығымен бекітілген

Анатомиялық сыйды жасау және оны денсаулық сақтау
ұйымдарына берудің қағидалары

      1. Осы Анатомиялық сыйды жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына берудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 142-бабына сәйкес әзірленді және анатомиялық сый жасау тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Анатомиялық сый - әрекетке қабілетті адамның өз тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де өз еркімен құрбандық етуі, оны адам тиісінше ресімдеген сыйға беру шарты немесе өсиеті арқылы жүзеге асырады.

      Өсиет етілген тіндерден және (немесе) ағзалардан (ағзалардың бөліктерінен) басқа, табылған күнінен бастап қырық бес күн ішінде танылмаған және сұрауы болмаған адамдардың мәйіттері де анатомиялық сый ретінде танылады.

      3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әлеуметтік мәні бар аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесіне сәйкес айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан қайтыс болғандардың, зорлықпен өлтіруден, өзін-өзі өлтіруден, жазатайым жағдайдан қайтыс болғандардың тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін), сондай-ақ мәйіттерін биомедициналық зерттеулер жүргізу үшін анатомиялық сый түрінде беруге болмайды.

      4. Биомедициналық зерттеулер жүргізу үшін анатомиялық сый мынадай денсаулық сақтау ұйымдарына беріледі:

      1) патологиялық анатомия қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;

      2) ғылыми-зерттеу ұйымдары (ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар), жоғары медициналық білім беру ұйымдары.

      5. Тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) тасымалдау арнайы жабдықты пайдалана отырып жүзеге асырылады, ал мәйітті тасымалдау оларды сақтауға және тасымалдауға арналған арнайы көлікпен жүзеге асырылады.

      6. Анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымы басшысы бұйрығының шартымен немесе өсиетпен тиісінше ресімдеу арқылы жүзеге асыратын адам тірі кезінде және қайтыс болғаннан кейін өзінің тіндерін және/немесе ағзаларын ерікті берген адамдардың мәйіттерінің тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) беруді, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарына анатомиялық сый ретінде берілген танылмаған және сұрауы болмаған адамдардың мәйіттерін беруді Комиссия жүзеге асырады. Денсаулық сақтау ұйымдарына анатомиялық сый беру туралы акті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

      7. Комиссияның құрамына анатомиялық сыйды беруші және анатомиялық сыйды алушы денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, сот-медициналық сараптама жүргізген органның өкілдері кіреді.

      8. Анатомиялық сыйды беру және алу кезінде анатомиялық сыйды беруші және қабылдап алушы денсаулық сақтау ұйымдары анатомиялық сыйдың берілуін және келіп түсуін тіркеуді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес анатомиялық сыйдың берілуін және келіп түсуін есепке алу журналында жүргізеді.

      9. Мәйітте ерекше белгілері болған кезде бұл факт анатомиялық сыйдың берілуін және келіп түсуін есепке алу журналында жазба түрінде тіркеледі және (немесе) суретке түсіріледі, сурет анатомиялық сыйдың берілуін және келіп түсуін есепке алу журналына қосып салынады.

      10. Танылмаған және сұрауы болмаған адамдардың мәйіттерін анатомиялық сый ретінде қабылдап алған жағдайда:

      1) анатомиялық сыйды беру және келіп түсуін есепке алу журналында мәйіттің табылған күні көрсетіледі;

      2) денсаулық сақтау ұйымы туыстары табылған жағдайда "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 42-бабының 3-тармағында көзделген мерзімнің ішінде оларды сақтайды.

      11. Денсаулық сақтау ұйымдарында анатомиялық сыйды пайдаланудың міндетті шарты медициналық этиканы және дәрігерлік құпияны сақтау болып табылады.

      12. Анатомиялық сый туралы мәліметтер жариялауға жатпайды.

  Анатомиялық сыйды жасау
және оны денсаулық сақтау
ұйымдарына берудің
қағидаларына 1-қосымша

Анатомиялық сыйды денсаулық сақтау ұйымдарына берудің туралы акт

      20__ ж. "___"________________

      _____________________________________________________________________

      (анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымы басшысы

      бұйрығының № мен күні)

      құрамында: __________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Комиссия мүшелерінің аты, жөні, тегі (болған жағдайда))

      _____________________________________________________________________

      (шарт немесе өсиет жасалған күн және анатомиялық сыйды жасаған

      адамның аты, жөні, тегі (болған жағдайда) көрсетіледі не мәйіттің

      табылған күнінен бастап қырық бес күннен ерте болмайтын мерзімде

      танылмаған және сұрауы болмаған мәйіттерді танылмаған және сұрауы

      болмаған мәйіт тіркелген нөмір мен күн көрсетіледі)

      ___________________________________________________________ негізінде

      құрылған комиссия ___________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (анатомиялық сыйды жасаған адамның тіндері және (немесе) ағзалары

      (ағзаларының бөліктері) және Т.А.Ә. не жынысын, жасын, нәсілін,

      денесінің көлемін және басқа да жеке ерекшеліктерін көрсетіп,

      танылмаған және сұрауы болмаған мәйіт көрсетіледі)

      _____________________________________________________________________

      (қайтыс болу себебі) анатомиялық сый деп таныды және "Халық

      денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан

      Республикасы Кодексінің 142-бабының негізінде осы актімен тіндерді

      және (немесе) мүшелерді (мүшелердің бөліктерін) не танылмаған және

      сұрауы болмаған мәйітті (керегінің астын сызу керек)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымының атауы)

      ________________________________________________________________ -дан

      _________________________________________________________________ -ға

      (анатомиялық сыйды қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымының атауы)

      биомедициналық зерттеулер жүргізу үшін ғылыми, ғылыми-практикалық

      және оқу мақсаттарына пайдалану үшін береді.

      Осы акт 2 данада жасалды.

      Комиссия мүшелерінің аты, жөні, тегі (болған жағдайда), лауазымы, қолы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ______________________________________________________________ (күні)

      Анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымдарының М.О.

  Анатомиялық сыйды жасау
және оны денсаулық сақтау
ұйымдарына берудің
қағидаларына 2-қосымша

Анатомиялық сыйдың берілуін және келіп түсуін есепке алу журналы 20__ жылғы "__" ________ басталды

р/с

Анатомиялық сыйды жасаған адамның не танылмаған және сұрауы болмаған мәйіттің сипаттамалары*

Анатомиялық сыйды жасаған адамның туған күні**

Анатомиялық сыйды жасаған адамның қайтыс болған күні немесе мәйіттің табылған күні**

Анатомиялық сыйды жасау туралы актінің № мен күні**

Анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымының атауы

Берілген күні (танылмаған және сұрауы болмаған мәйітті берген жағдайда оның табылған күні көрсетіледі)**

Анатомияық сыйды қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымының атауы

Анатомияық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымы басшысының аты, жөні, тегі (болған жағдайда) және қолы

Анатомиялық сыйды қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымы өкілінің аты, жөні, тегі (болған жағдайда), лауазымы және қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
































      Ескертпе:

      * танылмаған және сұрауы болмаған ерекше белгілері мәйіттің жынысы, аты, жөні, тегі (болған жағдайда), жасы, нәсілі, денесінің көлемі және басқа да жеке ерекшеліктері көрсетіледі.

      ** Датасы күні, айы және жылы белгіленіп көрсетіледі.

Об утверждении Правил совершения и передачи организациям здравоохранения анатомического дара

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 177. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 мая 2015 года № 11175. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № ҚР ДСМ-150/2020.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 23.10.2020 № ҚР ДСМ-150/2020 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 142 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила совершения и передачи организациям здравоохранения анатомического дара.

      2. Департаменту организации медицинской помощи Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан в установленном законодательстве порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Цой А.В.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр здравоохранения


и социального развития


Республики Казахстан

Т. Дуйсенова

      "СОГЛАСОВАНО"

      Министр юстиции

      Республики Казахстан

      _________________Б. Имашев

      " " _____________2015 года


  Утверждены приказом
Министра здравоохранения
и социального развития
Республики Казахстан
от 30 марта 2015 года № 177

Правила совершения и передачи организациям здравоохранения
анатомического дара

      1. Настоящие Правила совершения и передачи организациям здравоохранения анатомического дара (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей 142 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" и определяют порядок и условия совершения анатомического дара.

      2. Анатомический дар - добровольное пожертвование дееспособным лицом тканей и (или) органов (частей органов) как при жизни, так и после его смерти, осуществляемое лицом посредством надлежаще оформленного договора или завещания.

      В качестве анатомического дара, помимо завещанных тканей и (или) органов (частей органов), признаются также трупы лиц, не опознанные и не востребованные в течение сорока пяти дней со дня их обнаружения.

      3. Не подлежат передаче в виде анатомического дара для проведения биомедицинских исследований ткани и (или) органы (части органов), а также трупы умерших от заболеваний, представляющих опасность для окружающих, согласно перечню социально значимых заболеваний и заболеваний, представляющих опасность для окружающих, утверждаемому в соответствии с пунктом 89 статьи 7 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения", умерших от насильственной смерти, самоубийства, смерти от несчастного случая.

      4. Для проведения биомедицинских исследований, анатомический дар передается следующим организациям здравоохранения:

      1) организациям, осуществляющим деятельность патологической анатомии;

      2) научно-исследовательским организациям (научно- исследовательские институты, научные центры), высшим медицинским организациям образования.

      5. Транспортировка тканей и (или) органов (частей органов) осуществляется с использованием специального оборудования, а транспортировка трупа осуществляется специальным транспортом, предназначенным для их хранения и перевозки.

      6. Передача тканей и (или) органов (частей органов) трупов лиц, добровольно пожертвовавших свои ткани и (или) органы как при жизни, так и после смерти, осуществляемое лицом посредством надлежаще оформленного договора или завещания, а также неопознанных и невостребованных трупов в качестве анатомического дара в организации здравоохранения осуществляется Комиссией по передаче анатомического дара, утверждаемой приказом руководителя организации здравоохранения, передающей анатомический дар. Акт о передаче анатомического дара организациям здравоохранения составляется по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      7. В состав Комиссии входят руководители организаций здравоохранения, передающей анатомический дар и принимающей анатомический дар, местных органов государственного управления здравоохранением областей, городов Астана и Алматы, органа, проводившего судебно-медицинскую экспертизу.

      8. При передаче и получении анатомического дара организации здравоохранения, передающие и принимающие анатомический дар, производят регистрацию передачи и поступления анатомического дара в журнале учета передачи и поступления анатомического дара по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      9. При наличии особых примет на трупе данный факт регистрируется в виде записи в журнале учета передачи и поступления анатомического дара и фотографируется, фотография прикладывается к журналу учета передачи и поступления анатомического дара.

      10. В случае принятия в качестве анатомического дара трупов неопознанных и невостребованных лиц:

      1) в журнале учета передачи и поступления анатомического дара указывается день обнаружения трупа;

      2) организация здравоохранения хранит их в течение срока,

      предусмотренного пунктом 3 статьи 42 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" на случай объявления родственников.

      11. Обязательным условием использования анатомического дара в организациях здравоохранения является соблюдение медицинской этики и врачебной тайны.

      12. Сведения об анатомическом даре разглашению не подлежат.

  Приложение 1
к Правилам совершения
и передачи организациям здравоохранения
анатомического дара

      форма

      Акт о передаче анатомического дара

      организациям здравоохранения № ______________________________________

      "___" _________ 20____г.

      Комиссия, созданная приказом

      ______________________,______________________________________________

      (дата приказа и № руководителя организации здравоохранения,передающей

      анатомический дар)

      в составе:___________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (фамилия, имя, отчество (при наличии) членов Комиссии)

      на основании: _______________________________________________________

      (указывается дата совершения договора или завещания и фамилия, имя,

      отчество (при наличии) лица, совершившего анатомический дар, либо

      указывается номер и дата регистрации неопознанного и

      невостребованного трупа, не ранее чем за сорок пять дней со дня

      обнаружения трупа)

      передает:____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (указываются ткани и (или) органы (части органов) и фамилия, имя,

      отчество (при наличии) лица, совершившего анатомический дар, либо

      неопознанный и невостребованный труп с указанием пола, возраста,

      расы, размеров тела и других индивидуальных особенностей трупа)

      _____________________________________________________________________

      (причина смерти) анатомическим даром и на основании статьи 142

      Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе

      здравоохранения" настоящим актом передает ткани и (или) органы

      (части органов) либо неопознанный и невостребованный труп (нужное

      подчеркнуть)

      из __________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (наименование организации здравоохранения, передающей

      анатомический дар)

      в ___________________________________________________________________

      (наименование организации здравоохранения, принимающей анатомический

      дар) для использования в научных, научно-практических и учебных целях

      для проведения биомедицинских исследований.

      Настоящий акт составлен в 2-х экземплярах.

      Фамилия, имя, отчество (при наличии), должность, подпись членов

      комиссии:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (дата)

      М.П. организаций здравоохранения,

      передающей анатомический дар

  Приложение 2
к Правилам совершения
и передачи организациям здравоохранения
анатомического дара

      форма

      Журнал учета передачи и поступления анатомического дара

      Начат "___" ________________ 20 ____ г.

№ п/п

Характеристики лица, совершившего анатомический дар, либо характеристики не опознанного и не востребованного трупа*

Дата рождения лица, совершившего анатомический** дар**

Дата смерти лица, совершившего анатомический дар, или дата обнаружения трупа

№ и дата акта о совершении анатомического** дара

Наименование организации здравоохранения, передающей анатомический дар

Дата передачи (в случае передачи не опознанного и не востребова нного трупа указывается дата его обнаружения)

Наименование организации здравоохранения, принимающей анатомический дар

Фамилия, имя, отчество (при наличии), и подпись руководителя организации здравоохранения, передающей анатомический дар

Фамилия, имя, отчество (при наличии), должность и подпись представителя организации здравоохранения, принимающей анатомический дар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












      Примечание:

      * указываются фамилия, имя, отчество (при наличии), пол,

      возраст, раса,размеры тела и другие особые приметы неопознанного и

      невостребованного трупа.

      ** Даты указываются с обозначением дня, месяца и года.