Анатомиялық сыйды жасау және денсаулық сақтау ұйымдарына беру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-150/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 қазанда № 21520 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 155-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Анатомиялық сыйды жасау және денсаулық сақтау ұйымдарына беру қағидалары мен шарттары бекітілсін.

      2. "Анатомиялық сыйды жасау және оны денсаулық сақтау ұйымдарына берудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 177 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11175 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 23 қазаны
№ ҚР ДСМ-150/2020
бұйрығына қосымша

Анатомиялық сыйды жасау және денсаулық сақтау ұйымдарына беру қағидалары мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Анатомиялық сыйды жасау және денсаулық сақтау ұйымдарына беру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 155-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және анатомиялық сыйды жасау және денсаулық сақтау ұйымдарына берудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Анатомиялық сый - әрекетке қабілетті адамның өз ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де өз еркімен құрбандық етуі, адам оны тиісінше ресімделген шарт немесе өсиеті арқылы жүзеге асырады

      Жеке басы анықталған, медициналық ұйымда қайтыс болған күннен бастап жиырма күн ішінде жерлеу үшін сұрауы болмаған адамның мәйіті, өсиет етілген ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) қоспағанда, анатомиялық сый ретінде танылады.

      Танылмаған мәйіттер анатомиялық сый ретінде танылмайды.

      3. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 158) тармақшасына сәйкес бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесіне сәйкес танылмаған қайтыс болған және айналасындағылары үшін қауіп төндіретін аурулардан қайтыс болған адамдардың, сондай-ақ оларға қатысты сот-медициналық сараптама жүргізілген адамдардың ақауын анықтау бөлігінде қайтыс болғандардың ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) биомедициналық зерттеу жүргізу үшін анатомиялық сый ретінде беруге жатпайды.

2-тарау. Анатомиялық сыйды жасау және денсаулық сақтау ұйымдарына беру тәртібі

      4. Өз ағзаларын (ағзаның бөлігі) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігі) тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де ерікті түрде берген адамдардың ағзаларын (ағзаның бөлігі) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігі) беруді тиісінше ресімделген шарт немесе өсиет арқылы, сондай-ақ анатомиялық сый ретінде талап етілмеген мәйіттерді денсаулық сақтау ұйымдарына беруді анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілетін анатомиялық сыйды беру жөніндегі комиссия жүзеге асырады. Анатомиялық сыйды денсаулық сақтау ұйымдарына беру туралы акт осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жасалады.

      5. Комиссияның құрамына анатомиялық сый беретін және анатомиялық сыйды қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымдарының, республикалық мәні бар облыстардың, қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, сот-медициналық сараптаманы жүргізген органның басшылары кіреді.

      Анатомиялық сыйды шарт немесе өсиет бойынша беру тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Ағзаларды (ағзаның бөлігі) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігі) тасымалдау арнайы жабдықты пайдалана отырып жүзеге асырылады, мәйітті тасымалдау оларды сақтауға және тасымалдауға арналған арнайы көлікпен жүзеге асырылады.

      7. Анатомиялық сыйды беру және алу кезінде анатомиялық сыйды беретін және қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымдары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анатомиялық сыйды беру мен түсуді есепке алу журналына анатомиялық сыйды беру мен түсуіне тіркеу жүргізеді.

      8. Талап етілмеген мәйітте ерекше белгілер болған кезде осы факт анатомиялық сыйды беру мен түсуді есепке алу журналында жазба түрінде тіркеледі және суретке түсіріледі, фотосурет анатомиялық сыйды беру мен түсуді есепке алу журналына қоса беріледі

      9. Талап етілмеген адамдардың мәйіттерін анатомиялық сый ретінде қабылдаған жағдайда анатомиялық сыйды беру мен түсуді есепке алу журналында қайтыс болған күні көрсетіледі;

      10. Анатомиялық сый туралы мәліметтер жариялауға жатпайды.

3-тарау. Анатомиялық сыйды жасау және денсаулық сақтау ұйымдарына беру шарттары

      11. Ағзаны (ағзаның бөлігін) және (немесе) тінді (тіннің бөлігін), сондай-ақ мәйітті анатомиялық сый ретінде беру мынадай шарттарды сақтай отырып, жүзеге асырылады:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тінді (тіннің бөлігін) өз еркімен беруге ресімделген шарттың және (немесе) өсиеттің болуы немесе сондай-ақ мәйіт түскен күннен бастап жиырма күн өткеннен кейін анатомиялық сыйды өз еркімен беру;

      2) зорлық-зомбылықпен өлтіру немесе оған күдіктену белгілерінің жоқтығы.

  Анатомиялық сыйды жасау
және денсаулық сақтау
ұйымдарына беру
қағидаларына
1-қосымша

Анатомиялық сыйды денсаулық сақтау ұйымдарына беру туралы акт 20__ жылғы "___"________________

      _________________________________________________________________________

      (анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымының басшысы бұйрығының күні мен №)

      бұйрығымен

      _________________________________________________________________

      (шарт немесе өсиет жасалған күн және анатомиялық сыйды жасаған адамның тегі, аты,

      әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі немесе мәйіт табылған күнінен бастап

      жиырма күннен бұрын емес мерзімде талап етілмеген мәйітті тіркеген нөмірі мен күні

      көрсетіледі)

      негізінде құрылған мынадай құрамдағы комиссия

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (Комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (анатомиялық сыйды жасаған адамның ағзалары (ағзаның бөлігі) және (немесе) тіндері

      (тіннің бөлігі) және Т.А.Ә. немесе жынысын, жасын, нәсілін, денесінің көлемін және

      басқа да жеке ерекшеліктерін көрсете отырып, талап етілмеген мәйіт көрсетіледі)

      __________________________________________________________________________

      (қайтыс болу себебі) анатомиялық сый деп таныды және "Халық денсаулығы және

      денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 155-бабының

      негізінде осы акт арқылы ағзалары (ағзаның бөлігі) тіндерді (тіннің бөлігі) және

      (немесе) талап етілмеген мәйітті (қажетті сөздің астын сызыңыз)

      __________________________________________________________________________

      (анатомиялық сыйды қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымының атауы)

      биомедициналық зерттеулерді жүргізу үшін ғылыми, ғылыми-практикалық және оқу

      мақсатында пайдалану үшін

      ______________________________________________________________________-дан

      (анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымының атауы)

      _____________________________________________________________________

      _________________________________________________________________ -ға береді.

      Осы акт 2 данада жасалды.

      Комиссия мүшелерінің тегі,аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, қолы

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________ (күні)

      Анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымының М.О. (болған жағдайда)

  Анатомиялық сыйды жасау
және денсаулық сақтау
ұйымдарына беру
қағидаларына
2-қосымша

Анатомиялық сыйды беруді және түсуді есепке алу журналы 20__ жылғы "__" ________ басталды

Р/с №

Анатомиялық сыйды жасаған адамның немесе талап етілмеген мәйіттің сипаттамалары*

Анатомиялық сыйды жасаған адамның туған күні**

Анатомиялық сыйды жасаған адамның қайтыс болған күні немесе мәйіттің табылған күні**

Анатомиялық сыйды жасау туралы актінің нөмірі мен күні**

Анатомиялық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымының атауы

Берілген күні (талап етілмеген мәйітті берген жағдайда оның табылған күні көрсетіледі)**

Анатомияық сыйды қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымының атауы

Анатомияық сыйды беретін денсаулық сақтау ұйымы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы

Анатомиялық сыйды қабылдайтын денсаулық сақтау ұйымы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы және қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10































      Ескертпе:

      * талап етілмеген мәйіттің жынысы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жасы, нәсілі, денесінің көлемі және басқа да ерекше белгілері көрсетіледі.

      ** күні, айы және жылы белгіленіп көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады