Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 269 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 маусымда № 11250 тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 16-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықтың күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы

М. Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрі

      _________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 10 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрі

      ___________ Б. Имашев

      2015 жылғы 17 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      ____________ Н. Әбіқаев

      2015 жылғы 28 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 269 бұйрығымен бекітілген

Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар
салу үшін беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидалары Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 16-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін (бұдан әрі - жер учаскесі) жасанды ғимараттарды салу үшін беру тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынандай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жасанды ғимарат - топырақты шаю немесе топырақ салу жұмыстарын немесе өзге технологияларды пайдалана отырып, жүргізілетін жұмыстар арқылы жасалған, күрделі құрылыс объектілері орналасқан су бетіндегі жайлақ объект;

      2) тапсырыс беруші - Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамытуға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілген жасанды ғимараттарды теңізде жасайтын заңды немесе жеке тұлға;

      3) уәкілетті орган - тиісті облыстың жергілікті атқарушы органының табиғатты пайдалану саласындағы құрылымдық бөлімше.

      3. Жер учаскелері берілетін жасанды ғимараттарға: айлақ, пирс, толқын тоспасы, мол, эллинг, док, слип, су жинау, су реттеуші және су қорғаушы құрылыстар, кеме және кеме жөндеу құрылысы зауыты (верфь), теңіз металл конструкцияларын дайындау зауыты, бұрғылау ерітінділерін жасау зауыты, теңіз мұнай операцияларын сүйемелдеудің жағалық базасы, мұнайдың төгілуіне әсер ету базасы, теңіз кемелеріне май құю станциясы, мұнай өнімдерін ауыстырып құю терминал, құбырларды бетондау зауыты, су түбін тереңдету флотын техникалық сүйемелдеу базасы, сұйытылған газ терминалы мен порт флотының базасы жатады.

      4. Жасанды ғимараттарды салу үшін жер учаскелері 49 жыл мерзімге дейінгі мерзімде уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беріледі.

2. Жасанды ғимараттарды салу үшін жер учаскелерін беру

      5. Жасанды ғимараттарды салу үшін жер учаскелерін беруді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі тиісті бассейндік инспекциясымен келісім бойынша Атырау және Маңғыстау облыстарының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады. Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық сулар шегіндегі облыстардың шекаралары облыстардың Каспий теңізі жағалауы құрлығындағы әкімшілік шекараларының түйіскен нүктесін ескере отырып, солтүстік ендіктің 46 градус сызығына параллель сызық ретінде анықталады.

      6. Жасанды ғимараттарды салу үшін жер учаскелерін беру мынандай тәртіпте жүргізіледі:

      1) жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы өтінішті қарауға қабылдау;

      2) жер учаскесін алдын ала таңдау;

      3) тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесін беру туралы қорытындысын дайындау;

      4) жерге орналастыру жобасын әзірлеу және бекіту;

      5) облыстың жергілікті атқарушы органының жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімін қабылдауы;

      6) жер учаскесін уақытша өтеулі пайдалану (жалдау) туралы шарт жасасу;

      7) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру.

      7. Жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беруге мүдделі тапсырыс берушілер сұралып отырған жер учаскесінің орналасқан жері бойынша облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына өтініш береді.

      8. Өтініште, жер учаскесінің нысаналы мақсаты, оның болжамды мөлшері, орналасқан жері және сұралып отырған пайдалану құқығы көрсетіледі.

      9. Өтінішке:

      1) жеке тұлғаға жеке куәлік (көшірмесі);

      2) бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілген (БСН) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе нотариалды расталған куәліктің* көшірмесі қоса беріледі.

      Ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болады;

      10. Тапсырыс берушінің өтініші түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде қоса берілген құжаттары бар өтініш жасанды ғимараттар орналасқан жерін алдын ала таңдауды ұйымдастыру үшін уәкілетті органға түседі.

      11. Жасанды ғимараттарды салу үшін жер учаскесін беру туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі өтініш түскен сәтінен бастап екі айға дейінгі уақытты құрайды.

      Аталған мерзімге:

      1) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабының 3-тармағына сәйкес дайындалатын жерге орналастыру жобасын жасау;

      2) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабының 6-тармағына сәйкес келісу кезеңдері кірмейді.

      12. Жасанды ғимаратты орналастыратын орынды алдын ала таңдау қоса берілген құжаттары бар өтініш түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Жасанды ғимараттың орналастыратын орнын алдын ала таңдау жер учаскесін таңдау туралы актімен үш данада рәсімделеді. Жер учаскесін таңдау актісінде бұрылу нүктелерінің географиялық координаттары көрсетіле отырып жер учаскесінің орналасқан жерінің сипаттамасы, сондай-ақ жер учаскесінің көлемі көрсетіледі.

      13. Уәкілетті орган жер учаскесін таңдау акті рәсімдеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің орталық аппаратына келісуге жібереді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің орталық аппараты жер учаскесін таңдау туралы акті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны қарайды және нақты жер учаскесін таңдау актісін немесе келісу туралы дәлелді жауабы бар хатты жолдайды.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің орталық аппаратының хатын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы тармақта көрсетілген хатты қоса беріп, жер учаскесін таңдау туралы акті тиісті облыстың жергілікті атқарушы органы жергілікті өкілді органның депутаттарына, жер қатынастары саласындағы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, балық ресурстарын қорғау, өсімін молайту және қорғау саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы, ауданның уәкілетті органдарының өкілдерінен құрған тиісті комиссияға келісуге жолдайды.

      14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген комиссия негізделген оң немесе теріс қорытынды шығарады. Оң қорытынды жасанды ғимараттарды салу үшін жер учаскесін беруге негіз болып табылады, ал теріс қорытынды - жасанды ғимараттарды салу үшін жер учаскесін беруден бас тарту үшін негіз бола алады.

      15. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген комиссияның қорытындысы жер учаскесін таңдау туралы акт түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады.

      16. Хаттамалық шешімге қол қойылғаннан кейін оң қорытындысы бар хаттамалық шешімнің бір данасы жерге орналастыру жобасын әзірлеу үшін үш жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге жолданады, екінші данасы уәкілетті органға тапсырылады.

      17. Құрамында берілетін жер учаскесінің көлемі, оның шекарасы мен орналасқан жері, жер учаскесінің жанама иелері және жерді пайдаланушылар, сондай-ақ беріліп отырған жер учаскесінің ауыртпалықтары мен сервитуті нақтыланған жерге орналастыру жобасын тапсырыс беруші уәкілетті органға енгізеді.

      18. Жерге орналастыру жобасының негізінде уәкілетті орган уақытша өтеулі түрде жер учаскесін жасанды ғимараттарды салу үшін пайдалануға (жалға) беру туралы тиісті облыстың атқарушы органы шешімінің жобасын әзірлеп, бекітуге енгізеді.

      19. Облыстың жергілікті атқарушы органы жерге орналастыру жобасы түскен кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде жер учаскесін жасанды ғимараттарды салу үшін уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беру туралы шешім қабылдайды.

      20. Жасанды ғимараттарды салу үшін жер учаскесін уақытша жер пайдалануға (жалға) беру туралы шешім комиссияның оң қорытындысы және жерге орналастыру жобасы негізінде қабылданады.

      21. Жасанды ғимараттарды салу үшін жер учаскесін уақытша жер пайдалануға (жалға) беруден бас тарту туралы шешім комиссияның теріс қорытындысы келіп түскен кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.

      22. Жер учаскесін беру немесе беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесі оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жолданады.

      23. Жер учаскесін беру туралы шешім қабылданғаннан кейін жер учаскесін уақытша өтеулі пайдалану (жалдау) туралы шарт жасалынады.

      24. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын әзірлеу және беру "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.05.2023 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24-1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған болса, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын әзірлеуден және беруден бас тартқан жағдайда, тапсырыс берушіге бас тарту себептерін көрсете отырып, жауап жолдайды.

      Ескерту. 2-тарау 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 318 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Жасанды ғимарат жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады.

Об утверждении Правил предоставления земельных участков, занятых территориальными водами, для строительства искусственных сооружений

Приказ и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 269. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 июня 2015 года № 11250.

      В соответствии с подпунктом 16-4) пункта 1 статьи 14 Земельного кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила предоставления земельных участков, занятых территориальными водами, для строительства искусственных сооружений.

      2. Комитету по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности


Министра

М. Кусаинов

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр сельского хозяйства

      Республики Казахстан

      _______________ А. Мамытбеков

      от 10 апреля 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр юстиции

      Республики Казахстан

      _______________ Б. Имашев

      от 17 апреля 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Председатель Комитета

      национальной безопасности

      Республики Казахстан

      _______________ Н. Абыкаев

      от 28 апреля 2015 года

  Утверждены
приказом исполняющего
обязанности Министра национальной
экономики Республики Казахстан
от 27 марта 2015 года № 269

Правила
предоставления земельных участков, занятых территориальными
водами, для строительства искусственных сооружений
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с подпунктом 16-4) пункта 1 статьи 14 Земельного кодекса Республики Казахстан и устанавливают порядок предоставления земельных участков, занятых территориальными водами Каспийского моря Республики Казахстан (далее - земельный участок), для строительства искусственных сооружений.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) искусственное сооружение - плоскостной надводный объект, созданный путем выполнения работ по намыву или отсыпке грунта либо работ, проводимых с использованием иных технологий, с размещенными объектами капитального строительства;

      2) заказчик - юридическое или физическое лицо, создающее искусственное сооружение на море, включенное в план мероприятий по реализации государственной программы по вопросам, касающимся развития нефтегазового сектора в Республике Казахстан;

      3) уполномоченный орган - структурное подразделение в сфере природопользования местного исполнительного органа соответствующей области.

      3. К искусственным сооружениям, для которых предоставляются земельные участки, относятся: причал, пирс, волнолом, мол, эллинг, док, слип, водозаборные, водорегулирующие и водозащитные сооружения, судостроительный и судоремонтный завод (верфь), морской судозаходный канал, завод по изготовлению морских металлоконструкций, завод по приготовлению буровых растворов, береговая база поддержки морских нефтяных операций, база реагирования на разливы нефти, станция заправки морских судов, терминал по перевалке нефтепродуктов, завод по обетонированию труб, база технической поддержки дноуглубительного флота, терминал сжиженного газа, база портового флота.

      4. Земельные участки для строительства искусственных сооружений предоставляются во временное возмездное землепользование (аренду) сроком до 49 лет.

2. Предоставление земельных участков для строительства
искусственных сооружений

      5. Предоставление земельных участков для строительства искусственных сооружений осуществляется местными исполнительными органами Атырауской и Мангистауской областей по согласованию с соответствующей бассейновой инспекцией по регулированию использования и охране водных ресурсов Комитета по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан. Границы областей в пределах территориальных вод Республики Казахстан на Каспийском море определяются как параллельная линия, исходящая от точки стыка административной границы областей на суше на побережье Каспийского моря к линии 46 градусов северной широты.

      6. Предоставление земельных участков для строительства искусственных сооружений производится в следующем порядке:

      1) принятие к рассмотрению заявления о предоставлении права временного возмездного землепользования (аренды) на земельный участок;

      2) предварительный выбор земельного участка;

      3) подготовка заключения комиссией, создаваемой соответствующими местными исполнительными органами, о предоставлении земельного участка;

      4) разработка и утверждение землеустроительного проекта;

      5) принятие решения местным исполнительным органом области о предоставлении права временного возмездного землепользования (аренды) на земельный участок;

      6) заключение договора о временном возмездном землепользовании (аренды) на земельный участок;

      7) изготовление и выдача идентификационного документа на земельный участок.

      7. Заказчики, заинтересованные в предоставлении им прав землепользования на земельные участки, подают заявление в соответствующий местный исполнительный орган области по местонахождению испрашиваемого земельного участка.

      8. В заявлении указываются цель использования земельного участка, его предполагаемые размеры, местоположение и испрашиваемое право пользования.

      9. К заявлению прилагаются:

      1) удостоверения личности для физических лиц (копия);

      2) нотариально заверенная копия свидетельства* или справка о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица с указанием бизнес-идентификационного номера (БИН).

      Примечание:* Свидетельство о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридического лица, выданное до введения в действие Закона Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств", является действительным до прекращения деятельности юридического лица;

      10. Со дня поступления заявления заказчика в течение трех рабочих дней заявление с прилагаемыми документами поступает в уполномоченный орган для организации предварительного выбора места расположения искусственного сооружения.

      11. Общий срок рассмотрения заявления о предоставлении земельного участка для строительства искусственных сооружений составляет до двух месяцев со дня его поступления.

      В указанный срок не входят периоды:

      1) составления землеустроительного проекта, подготавливаемого в соответствии с пунктом 3 статьи 44 Земельного кодекса Республики Казахстан;

      2) согласования, установленного пунктом 6 статьи 44 Земельного кодекса Республики Казахстан.

      12. Предварительный выбор места расположения искусственного сооружения осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня поступления заявления с прилагаемыми документами.

      Предварительный выбор места расположения искусственного сооружения оформляется актом о выборе земельного участка в трех экземплярах. В акте о выборе земельного участка отражается описание местоположения земельного участка с указанием географических координат его поворотных точек, а также площадь земельного участка.

      13. Уполномоченный орган направляет на согласование в центральный аппарат Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан акт о выборе земельного участка в течение двух рабочих дней со дня его оформления.

      Центральный аппарат Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в течение десяти рабочих дней со дня получения акта о выборе земельного участка рассматривает и направляет письмо с мотивированным ответом об отказе в согласовании либо о согласовании акта о выборе земельного участка.

      Уполномоченный орган в течение двух рабочих дней со дня получения письма центрального аппарата Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан направляет акт о выборе земельного участка с приложением письма, указанного в настоящем пункте в комиссию, создаваемую местным исполнительным органом соответствующей области, из числа депутатов местного представительного органа, представителей уполномоченного органа области, района по земельным отношениям, в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, в сфере использования и охраны водного фонда, в сфере охраны, воспроизводства и использование рыбных ресурсов в сфере охраны окружающей среды.

      14. Комиссия, указанная в пункте 13 настоящих Правил, выносит обоснованное положительное заключение или отрицательное заключение. Положительное заключение является основанием для предоставления земельного участка для строительства искусственных сооружений, а отрицательное заключение — для отказа в представлении земельного участка для строительства искусственных сооружений.

      15. Заключение комиссии, указанной в пункте 13 настоящих Правил, составляется в двух экземплярах в форме протокольного решения в течение пяти рабочих дней со дня поступления акта о выборе земельного участка.

      16. В течение трех рабочих дней после подписания протокольного решения один экземпляр протокольного решения с положительным заключением направляется заказчику для подготовки им землеустроительного проекта, второй экземпляр передается уполномоченному органу.

      17. Землеустроительный проект, в составе которого уточняется площадь предоставляемого земельного участка, его границы и местоположение, смежные собственники земельного участка и землепользователи, а также обременения и сервитута предоставляемого земельного участка, вносится заказчиком в уполномоченный орган.

      18. На основании землеустроительного проекта уполномоченный орган подготавливает проект решения местного исполнительного органа соответствующей области о предоставлении во временное возмездное землепользование (аренду) земельного участка для строительства искусственных сооружений и вносит его на утверждение.

      19. Местный исполнительный орган области в течение семи рабочих дней принимает решение о предоставлении во временное возмездное землепользование (аренду) земельного участка для строительства искусственных сооружений со дня поступления землеустроительного проекта.

      20. Решение о предоставлении во временное возмездное землепользование (аренду) земельного участка для строительства искусственных сооружений принимается на основании положительного заключения комиссии и землеустроительного проекта.

      21. Решение об отказе в предоставлении во временное возмездное землепользование (аренду) земельного участка для строительства искусственных сооружений принимается на основании отрицательного заключения комиссии, в течение семи рабочих дней со дня поступления заключения.

      22. Копия решения о предоставлении земельного участка или об отказе в предоставлении земельного участка направляется в течение пяти рабочих дней со дня его подписания.

      23. После принятия решения о предоставлении земельного участка заключается договор о временном возмездном землепользовании (аренды) на земельный участок.

      24. Изготовление и выдача идентификационного документа на земельный участок осуществляется в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Изготовление и выдача актов на земельные участки", утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 октября 2020 года № 301 "Об утверждении Правил по оказанию государственных услуг в сфере земельных отношений" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 21366).

      Сноска. Пункт 24 - в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 24.05.2023 № 196 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      24-1. При отказе в изготовлении и выдаче идентификационного документа на земельный участок, ввиду установления недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них, некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" направляет заказчику ответ с указанием причин отказа.
      Сноска. Правила дополнены пунктом 24-1 в соответствии с приказом Заместителя Премьер-Министра РК - Министра сельского хозяйства РК от 20.07.2016 № 318 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      25. Искусственное сооружение является объектом недвижимости и подлежит государственной регистрации в соответствии с законодательством Республики Казахстан.