"Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 195 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 56 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 маусымда № 11291 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 249 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 249 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 195 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5495 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Листингтік комиссия тақ саны бар мүшелерден тұрады. Листингтік комиссия мүшелерінің саны жеті адамнан кем болмайды.
      4. Листингтік комиссияның құрамына:
      1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) өкілі;
      2) қор биржасы атқарушы органының қор биржасының сауда жүйесіне айналысқа жіберілген бағалы қағаздар тізімінің листингі, делистингі немесе санатын ауыстыру мәселелеріне жетекшілік ететін мүшесі;
      3) қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелері кіреді.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің құрамына:
      1) уәкілетті органның өкілі;
      2) қор биржасының атқарушы органының мүшесі;
      3) негізгі функциясы бағалы қағаздар листингі болып табылатын қор биржасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      4) негізгі функциясы бағалы қағаздардың листингтік талаптарға болашақта сәйкес келуіне мониторинг жүргізу болып табылатын қор биржасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      5) қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелері кіреді.
      Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің шешімі бойынша оның отырыстарына қатысу үшін аудит және қаржылық есептілік саласында кәсіби білімі бар сарапшылар шақырылады.».
      2. Сауда-саттықты ұйымдастырушылар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өздерінің ұйымдық құрылымын және ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      3. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Қ. Келімбетов

О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 ноября 2008 года № 195 "О требованиях к организационной структуре организатора торгов и к составу листинговой комиссии фондовой биржи, и об утверждении Правил осуществления деятельности структурного подразделения организатора торгов, осуществляющего деятельность по надзору за совершаемыми сделками в торговой системе организатора торгов"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 56. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 июня 2015 года № 11291. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 19 декабря 2015 года № 249

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 19.12.2015 № 249 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования нормативных правовых актов, регулирующих деятельность организаторов торгов с ценными бумагами и иными финансовыми инструментами Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 ноября 2008 года № 195 «О требованиях к организационной структуре организатора торгов и к составу листинговой комиссии фондовой биржи, и об утверждении Правил осуществления деятельности структурного подразделения организатора торгов, осуществляющего деятельность по надзору за совершаемыми сделками в торговой системе организатора торгов» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5495) следующие изменения:
      пункты 3 и 4 изложить в следующей редакции:
      «3. Листинговая комиссия состоит из нечетного количества членов. Число членов листинговой комиссии составляет не менее семи человек.
      4. В состав листинговой комиссии входят:
      1) представитель уполномоченного государственного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - уполномоченный орган);
      2) член исполнительного органа фондовой биржи, курирующий вопросы листинга, делистинга или смены категории списка ценных бумаг, допущенных к обращению в торговой системе фондовой биржи;
      3) члены совета директоров фондовой биржи.»;
      пункт 11 изложить в следующей редакции:
      «11. В состав комитета по аудиту эмитентов входят:
      1) представитель уполномоченного органа;
      2) член исполнительного органа фондовой биржи;
      3) руководитель структурного подразделения фондовой биржи, основной функцией которого является листинг ценных бумаг;
      4) руководитель структурного подразделения фондовой биржи, основной функцией которого является мониторинг дальнейшего соответствия ценных бумаг листинговым требованиям;
      5) члены совета директоров фондовой биржи.
      По решению комитета по аудиту эмитентов для участия в его заседаниях приглашаются эксперты, обладающие профессиональными знаниями в области аудита и финансовой отчетности.».
      2. Организаторам торгов в течение тридцати календарных дней со дня введения в действие настоящего постановления привести свою организационную структуру и внутренние документы в соответствие с требованиями настоящего постановления.
      3. Департаменту методологии контроля и надзора (Абдрахманов Н.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) совместно с Департаментом правового обеспечения (Досмухамбетов Н.М.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в информационно-правовой системе «Әділет» республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан» в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования.
      4. Департаменту международных отношений и связей с общественностью (Казыбаев А.К.) обеспечить направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Кожахметова К.Б.
      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      Национального Банка                        К. Келимбетов