Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 66 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11335 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 313 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 313 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7739 тіркелген, 2012 жылғы 25 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 551-556 (27629) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Есептілік уәкілетті органға Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде мынадай кезеңділікпен:

      1) банктер, ипотекалық ұйымдар, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы – ай сайын;

      2) уәкілетті органның банктік қарыз беру операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешені саласында ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымдары – тоқсан сайын ұсынылады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген, есептілігі есепті кезеңнің соңында қолданылатын не есепті кезеңде қолданылған бес жүз мыңнан аспайтын қарыз беру шарттарын және шартты міндеттемелерін қамтитын ұйымдар есептілікті мынадай мерзімдерде:

      есепті кезеңнің соңында филиалдары жоқ не бестен аспайтын филиалы бар банктер – есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасына дейін (қоса алғанда);

      есепті кезеңнің соңында алты (қоса алғанда) – он (қоса алғанда) аралығында филиалы бар банктер – есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесіне дейін (қоса алғанда);

      есепті кезеңнің соңында он бір (қоса алғанда) – жиырма (қоса алғанда) аралығында филиалы бар банктер – есепті кезеңнен кейінгі айдың отызына дейін (қоса алғанда);

      есепті кезеңнің соңында жиырмадан астам филиалы бар банктер – есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың бесіне дейін (қоса алғанда);

      банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар не "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы – есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесіне дейін (қоса алғанда) ұсынады.

      Ұсынылатын есептілігі есепті кезеңнің соңында қолданылатын не есепті кезеңде қолданылған бес жүз мыңнан астам қарыз беру шарттарын және шартты міндеттемелерін қамтитын ұйымдар есептілікті есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың бесіне дейін (қоса алғанда) ұсынады.";

      4-тармақ алынып тасталсын;

      4-1-тармақ алынып тасталсын.

      2. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Үмбеталиев М.Т.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы, осы қаулының 1-тармағының 2015 жылғы 1 сәуірден бастап туындайтын қатынастарға қолданылатын он алтыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк

Төрағасы

Қ. Келімбетов


О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 апреля 2012 года № 174 "Об утверждении Правил представления банками второго уровня, Акционерным обществом "Банк Развития Казахстана" и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, отчетности по займам и условным обязательствам"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 66. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 июня 2015 года № 11335. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 декабря 2018 года № 313 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 28.12.2018 № 313 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 31 августа 1995 года " О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" и от 4 июля 2003 года " О государственном регулировании, контроле и надзоре финансового рынка и финансовых организаций" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 апреля 2012 года № 174 "Об утверждении Правил представления банками второго уровня, Акционерным обществом "Банк Развития Казахстана" и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, отчетности по займам и условным обязательствам" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7739, опубликованное 25 августа 2012 года в газете "Казахстанская правда" № 286-287 (27105-27106) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах представления банками второго уровня, Акционерным обществом "Банк Развития Казахстана" и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, отчетности по займам и условным обязательствам, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Отчетность представляется в уполномоченный орган в электронном виде по форме согласно приложению 2 к Правилам со следующей периодичностью:

      1) банками, ипотечными организациями, Акционерным обществом "Банк Развития Казахстана" – ежемесячно;

      2) дочерними организациями национального управляющего холдинга в сфере агропромышленного комплекса, имеющими лицензию уполномоченного органа на осуществление банковских заемных операций – ежеквартально.";

      дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:

      "2-1. Организации, указанные в пункте 2 Правил, отчетность которых содержит не более пятисот тысяч договоров займа и условных обязательств, действующих на конец отчетного периода либо действовавших в отчетном периоде, представляют отчетность в следующие сроки:

      являющиеся банками, не имеющими филиалы либо имеющими не более пяти филиалов на конец отчетного периода, – до двадцатого числа (включительно) месяца, следующего за отчетным периодом;

      являющиеся банками, имеющими от шести (включительно) до десяти (включительно) филиалов на конец отчетного периода, – до двадцать пятого числа (включительно) месяца, следующего за отчетным периодом;

      являющиеся банками, имеющими от одиннадцати (включительно) до двадцати (включительно) филиалов на конец отчетного периода, – до тридцатого числа (включительно) месяца, следующего за отчетным периодом;

      являющиеся банками, имеющими свыше двадцати филиалов на конец отчетного периода, – до пятого числа (включительно) второго месяца, следующего за отчетным периодом;

      являющиеся организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, либо Акционерным обществом "Банк Развития Казахстана" – до двадцать пятого числа (включительно) месяца, следующего за отчетным периодом.

      Организации, отчетность которых содержит свыше пятисот тысяч договоров займа и условных обязательств, действующих на конец отчетного периода либо действовавших в отчетном периоде, представляют отчетность до пятого числа (включительно) второго месяца, следующего за отчетным периодом.";

      пункт 4 исключить;

      пункт 4-1 исключить.

      2. Департаменту платежного баланса, валютного регулирования и статистики (Умбеталиев М.Т.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) совместно с Департаментом правового обеспечения (Досмухамбетов Н.М.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Департаменту международных отношений и связей с общественностью (Казыбаев А.К.) обеспечить направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Смолякова О.А.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзаца шестнадцатого пункта 1 настоящего постановления, который распространяется на отношения, возникшие с 1 апреля 2015 года.

Председатель


Национального Банка

К. Келимбетов