Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 360 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 маусымда № 11381 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-308/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ҚР ДСМ-308/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.02.2018 № 43 (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 118) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.02.2018 № 43 (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті белгіленген заңнамалық тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін, 2017 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енетін, осы бұйрықпен бекітілген, Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде құрбандық ету қағидаларының 4-тармағын қоспағанда қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 18 мамырдағы
№ 360 бұйрығымен
бекітілді

Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.05.2020 № ҚР ДСМ-50/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен cоң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 118) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қайтыс болғаннан кейін транспланттау мақсатында тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тірі кезінде ерікті түрде беру тәртібін айқындайды.

      2. Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беру медициналық–санитариялық алғашқы көмек ұйымының жауапты қызметкерінің қайтыс болғаннан кейін өзінің тіндерін (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында өтеусіз ерікті түрде беруге өзінің келісімін, келісімін қайтарып алуды (бас тартуын) мәлімдеген тұлға туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Бекітілген халық тіркелімі" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – БХТ) енгізуі арқылы жүзеге асырылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) өтініш беруші (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) - қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында ерікті түрде беруге келісім немесе келісімді қайтарып алу (бас тарту) құқығын іске асыруға ниет білдірген, кәмелет жасқа толған және іс-әрекетке қабілетті адам;

      3) Тіркелім – "Бекітілген халық тіркелімі" ақпараттық жүйесіндегі қайтыс болғаннан кейінгі ағзалар донорлығына келісім/келісімді қайтарып алу (бас тарту) тіркелімі;

      4) МСАК – медициналық–санитариялық алғашқы көмек ұйымы.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің БХТ мемлекеттік ақпараттық жүйесіне енгізілген мәліметтер құпиялы ақпарат болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда үшінші тұлғаға берілмейді.

2-тарау. Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беру тәртібі

      5. "Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді немесе келісімді қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік қызметі медициналық–санитариялық алғашқы көмекті ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы МСАК ұйымына БХТ бекіту орны бойынша жүгінеді және осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді, келісімді қайтарып алуды (бас тартуды) тіркеу үшін өтініш толтырады.

      6. Процестің сипаттамаларын, көрсету нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын, мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері есепке алынған басқа мәліметтер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметте келтірілген.

      7. МСАК ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен өтініштерді қабылдау, Тіркелімде тіркеу және тіркеу туралы анықтамалар беру үшін жауапты қызметкерді бекітеді.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынған, көрсетілетін қызметті алушының БХТ-ға тіркелгенін растаған және дербес деректері сәйкес келген жағдайында МСАК ұйымының жауапты адамы Тіркелімге мынадай мәліметтерді енгізеді:

      1) көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН);

      2) өтініштің электрондық көшірмесі (сканерленген құжат).

      9. Тіркелімде көрсетілетін қызметті алушының мынадай өтініштері тіркеледі:

      1) қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісім туралы;

      2) қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді қайтарып алу (бас тарту) туралы.

      10. Мәліметтерді Тіркелімге енгізуден кейін МСАК ұйымының жауапты қызметкері 1 жұмыс күнінің ішінде ұйымының мөрімен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша МСАК басшысының және жауапты қызметкерінің қолы қойылған, қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді, келісімді қайтарып алуды (бас тартуды) тіркеу туралы сәйкес анықтаманы береді.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, МСАК ұйымының жауапты қызметкері осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.

      12. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларымен белгіленеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіру тәртібі

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тікелей көрсетушінің атына тікелей келіп түскен шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеу жағдайында көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібінде шағым келтіре алады.

  Қайтыс болғаннан кейін
тіндерді (тіндердің бөлігін) және
(немесе) ағзаларды (ағзалардың
бөлігін) транспланттау
мақсатында оларды тірі кезінде,
ерікті түрде беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді тіркеуге арналған өтініш

      Мен,______________________________________________________________________

                        (адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Туған күні "___" ____________ ___________

      ЖСН_____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                  (жеке басын куәландыратын құжаттың №, кіммен және қашан берілген)

Төмендегі мүмкін нұсқалардың біреуін таңдаңыз:



1. Менің қайтыс болғандығым туралы факті белгіленген жағдайда кез келген ішкі ағзаларым және тіндерім транспланттау үшін алынуы мүмкін екенін растаймын.

2. Төмендегілерден басқа, барлық ағзаларымды алуға болады:


жүрек ______________________________


бауыр ______________________________


бүйрек ______________________________


ұйқы безі ______________________________


өкпе______________________________


көз алмалары ______________________________


тіндер (тері, бұлшық еттер, шеміршек, сүйек тіні, қан жүретін тамыр)

3. Тек қана мына ағзалар мен тіндерді алуға болады:


жүрек ______________________________


бауыр ______________________________


бүйрек ______________________________


ұйқы безі ______________________________


өкпе ______________________________


көз алмалары ______________________________


тіндер (тері, бұлшық еттер, шеміршек, сүйек тіні, қан жүретін тамыр)


      Дербес деректерімді енгізуге, жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін.

      ______________________________________________ /______________/

      (адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)             қолы

      20____жылғы "____" _____________

                  Қол қойылған күні

  Қайтыс болғаннан кейін
тіндерді (тіндердің бөлігін) және
(немесе) ағзаларды (ағзалардың
бөлігін) транспланттау
мақсатында оларды тірі кезінде,
ерікті түрде беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді қайтарып алуды (бас тартуды) тіркеуге арналған өтініш

      Мен,______________________________________________________________________

                  (адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Туған күні "___" _________ _____

      ЖСН _____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                  жеке басын куәландыратын құжаттың №, кім және қашан берілген)

      Мен ертеде өзім берген қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді қайтарып аламын (бас тартамын).


Дербес деректерімді енгізуге, жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін.

      ____________________________________________________/___________/

      (адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)             қолы

      20______жылғы "___" _____________

                  Қол қойылған күні

  Қайтыс болғаннан кейін
тіндерді (тіндердің бөлігін) және
(немесе) ағзаларды (ағзалардың
бөлігін) транспланттау
мақсатында оларды тірі кезінде,
ерікті түрде беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

"Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді немесе келісімді қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік қызметінің стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 жұмыс күнінің ішінде.
Құжаттар пакетін тапсыру үшін шекті рұқсат берілетін күту уақыты – 15(он бес) минуттан артық емес.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің шекті рұқсат берілетін уақыты – 1 жұмыс күннің ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді тіркеу туралы анықтама;
Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді қайтарып алуды (бас тартуды) тіркеу туралы анықтама.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасы еңбек кодексіне сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8.00 бастап 20.00 дейін үзіліссіз, сенбі күні сағат 9.00 бастап 14.00 дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) жеке басты куәландыратын құжат, сәйкестендіру үшін;
2) осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініш.

9

Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда көрсетілген деректердің (мәліметтің) дәйексіздігінің анықталуы.

10

Оның ішінде, электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері есепке алынған басқа талаптар

Көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушылар үшін қызмет көрсету жағдайлары (пандустар мен лифттер) қарастырылған.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары арқылы ұсынылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету сұрақтары бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Қайтыс болғаннан кейін
тіндерді (тіндердің бөлігін) және
(немесе) ағзаларды
(ағзалардың бөлігін)
транспланттау мақсатында
оларды тірі кезінде ерікті түрде
беруге келісімді немесе
келісімді қайтарып алуды
тіркеу" мемлекеттік қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді тіркеу туралы анықтама

      Құрметті _____________________________________________

      Сіздің қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісім туралы өтінішіңіз тіркелді.

      Тіркелген күні: 20__ жылғы "___" ____________.

      МСАК жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      _____________________________________________ қолы /__________/

      МСАК ұйымы басшысының тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда)

      _____________________________________________ қолы /__________/

      МСАК ұйымының мөрі

  "Қайтыс болғаннан кейін
тіндерді (тіндердің бөлігін) және
(немесе) ағзаларды
(ағзалардың бөлігін)
транспланттау мақсатында
оларды тірі кезінде ерікті түрде
беруге келісімді немесе
келісімді қайтарып алуды
тіркеу" мемлекеттік қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

Қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді қайтарып алуды (бас тартуды) тіркеу туралы анықтама

      Құрметті ____________________________________________

      Сіздің қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беруге келісімді қайтарып алу (бас тарту) туралы өтінішіңіз тіркелді.

      Тіркелген күні: 20____ жылғы "___" ____________.

      МСАК жауапты адамының тегі, аты, әкісінің аты(болған жағдайда)

      _____________________________________________ қолы /__________/

      МСАК ұйымы басшысының тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда)

      _____________________________________________ қолы /__________/

      МСАК ұйымының мөрі



Об утверждении Правил прижизненного добровольного пожертвования тканей (части ткани) и (или) органов (части органов) после смерти в целях трансплантации

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 18 мая 2015 года № 360. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 июня 2015 года № 11381. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-308/2020.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 21.12.2020 № ҚР ДСМ-308/2020 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. В заголовок внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется приказом Министра здравоохранения РК от 01.02.2018 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п.4

      В соответствии с подпунктом 118) пункта 1 статьи 7 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила прижизненного, добровольного пожертвования тканей (части ткани) и (или) органов (части органов) после смерти в целях трансплантации.

      Сноска. В пункт 1 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется приказом Министра здравоохранения РК от 01.02.2018 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Департаменту организации медицинской помощи Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Цой А.В.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования, за исключением пункта 4 Правил прижизненного добровольного пожертвования тканей (части ткани) и (или) органов (части органов) после смерти в целях трансплантации, утвержденных настоящим приказом, который вводится в действие с 1 января 2017 года.

Министр здравоохранения


и социального развития


Республики Казахстан

Т. Дуйсенова


  Утверждены приказом
Министра здравоохранения
и социального развития
Республики Казахстан
от 18 мая 2015 года № 360

Правила прижизненного добровольного пожертвования тканей (части ткани) и (или) органов (части органов) после смерти в целях трансплантации

      Сноска. Правила - в редакции приказа Министра здравоохранения РК от 18.05.2020 № ҚР ДСМ-50/2020 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила прижизненного добровольного пожертвования тканей (части тканей) и (или) органов (части органов) после смерти в целях трансплантации (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 118) пункта 1 статьи 7 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" и подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" (далее – Закон) и определяют порядок прижизненного добровольного пожертвования тканей (части ткани) и (или) органов (части органов) после смерти в целях трансплантации.

      2. Прижизненное добровольное пожертвование тканей (части ткани) и (или) органов (части органов) после смерти в целях трансплантации осуществляется путем внесения ответственным лицом организации первичной медико-санитарной помощи сведений о лице, заявившем о безвозмездном добровольном согласии, отзыве согласия (отказе) на пожертвование тканей (части ткани) и (или) органов (части органов) после смерти в целях трансплантации, в информационной системе "Регистр прикрепленного населения" Министерства здравоохранения Республики Казахстан (далее - РПН).

      3. В настоящих Правилах использованы следующие понятия:

      1) уполномоченный орган в области здравоохранения (далее - уполномоченный орган) – государственный орган, осуществляющий руководство в области охраны здоровья граждан, медицинской и фармацевтической науки, медицинского и фармацевтического образования, обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники, контроля за качеством медицинских услуг;

      2) заявитель (далее - услугополучатель) – совершеннолетнее и дееспособное лицо, добровольно изъявившее желание реализовать свое право на согласие или отзыв согласия (отказ) на прижизненное добровольное пожертвование тканей (части ткани) и (или) органов (части органов) после смерти в целях трансплантации;

      3) Регистр – регистр согласие/отзыв согласия (отказ) на донорство органов после смерти в информационной системе "Регистр прикрепленного населения";

      4) ПМСП – организация первичной медико-санитарной помощи.

      4. Сведения, внесенные в государственную информационную систему РПН Министерства здравоохранения Республики Казахстан, являются конфиденциальной информацией и не передаются третьим лицам, за исключением случаев, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок прижизненного добровольного пожертвования тканей (части ткани) и (или) органов (части органов) после смерти в целях трансплантации

      5. Государственная услуга "Регистрация согласия или отзыва согласия на прижизненное добровольное пожертвование тканей (части ткани) и (или) органов (части органов) после смерти в целях трансплантации" (далее – государственная услуга) оказывается организациями первичной медико-санитарной помощи (далее – услугодатель).

      Услугополучатель обращается в организацию первичной медико-санитарной помощи (далее – ПМСП) по месту прикрепления в РПН и заполняет заявление для регистрации согласия, отзыва согласия (отказа) на прижизненное добровольное пожертвование тканей (части ткани) и (или) органов (части органов) после смерти в целях трансплантации по формам, согласно приложениям 1 и 2 к настоящим Правилам.

      6. Перечень основных требований к оказанию государственной услуги, включающий характеристики процесса, форму, содержание и результат оказания, а также иные сведения с учетом особенностей предоставления государственной услуги приведен в государственной услуге согласно приложению 3 настоящих Правил.

      7. Организация ПМСП приказом первого руководителя закрепляет лицо, ответственное за принятие, регистрацию заявлений в Регистре и выдачу справок о регистрации.

      8. В случае предоставления услугополучателем полного пакета документов, подтверждения прикрепления услугополучателя в РПН и соответствия персональных данных, ответственное лицо организации ПМСП вносит сведения в Регистр:

      1) индивидуальный идентификационный номер услугополучателя (далее – ИИН);

      2) электронную копию заявления (сканированный документ).

      9. В Регистре регистрируются следующие заявления от услугополучателя:

      1) о согласии на прижизненное добровольное пожертвование тканей (части ткани) и (или) органов (части органов) после смерти в целях трансплантации;

      2) на отзыв согласия (отказ) на прижизненное добровольное пожертвование тканей (части ткани) и (или) органов (части органов) после смерти в целях трансплантации.

      10. После внесения сведений в Регистр, ответственное лицо организации ПМСП в течение 1 рабочего дня выдает соответствующую справку о регистрации согласия, отзыва согласия (отказ) на прижизненное добровольное пожертвование тканей (части ткани) и (или) органов (части органов) после смерти в целях трансплантации за подписью ответственного лица и руководителя организации ПМСП, скрепленной печатью организации ПМСП, по формам, согласно приложениям 1 и 2 к государственной услуге.

      11. В случае представления услугополучателем неполного пакета документов, ответственным лицом организации ПМСП в сроки, указанные пунктом 10 настоящих Правил, готовится мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги по основаниям, установленным государственной услугой.

      12. В соответствии с подпунктом 11) пункта 2 статьи 5 Закона внесение данных в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг устанавливаются правилами внесения данных в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг о стадии оказания государственной услуги, утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 14 июня 2013 года № 452 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8555).

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействий) услугодателя и (или) его должностных лиц по вопросу оказания государственной услуги

      13. Жалоба на решение, действие (бездействие) услугодателя по вопросам оказания государственных услуг подается на имя руководителя услугодателя в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      14. Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес непосредственно оказывающего государственную услугу, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" подлежит рассмотрению в течение пяти рабочих дней со дня ее регистрации.

      15. Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение пятнадцати рабочих дней со дня ее регистрации.

      16. В случае несогласия с результатами решения услугодателя, услугополучатель может обжаловать результаты в судебном порядке.

  Приложение 1 к Правилам
прижизненного добровольного
пожертвования
тканей (части ткани) и (или)
органов (части органов) после
смерти в целях трансплантации
  Форма

            Заявление для регистрации согласия на прижизненное добровольное пожертвование тканей (части ткани) и
                        (или)органов (части органов) после смерти в целях трансплантации

      Я,________________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии) лица)
Дата рождения "___" ____________ ___________
ИИН______________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(документ, удостоверяющий личность: №, кем и когда выдан)

Выберите один из возможных вариантов:


1. Я подтверждаю, что в случае установленного факта моей смерти любые мои внутренние органы и ткани могут быть взяты для трансплантации.

2. Можно забрать все органы, кроме:


сердце ______________________________


печень ______________________________


почки ______________________________


поджелудочная железа ______________________________


легкие______________________________


глазные яблоки ______________________________


ткани (кожа, мышцы, хрящи, костная ткань, кровеносные сосуды)

3. Можно забрать только:


сердце ______________________________


печень ______________________________


почки ______________________________


поджелудочная железа ______________________________


легкие ______________________________


глазные яблоки ______________________________


ткани (кожа, мышцы, хрящи, костная ткань, кровеносные сосуды)


      Даю согласие на занесение, сбор, обработку и хранение моих персональных данных.
______________________________________________ /______________/
(фамилия, имя, отчество (при его наличии) лица)       подпись
"____" _____________ 20____г.
Дата подписания

  Приложение 2 к Правилам
прижизненного добровольного
пожертвования тканей
(части ткани) и (или) органов
(части органов) после
смерти в целях трансплантации
  Форма

            Заявление для регистрации отзыва согласия (отказа) на прижизненное добровольное пожертвование тканей
                  (части ткани) и (или) органов (части органов) после смерти в целях трансплантации

      Я,________________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии) лица)
Дата рождения "___" _________ _____
ИИН______________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(№, дата выдачи документа, удостоверяющего личность, кем и когда выдан)
Я отзываю данное мною ранее согласие (отказываю) на прижизненное добровольное пожертвование тканей (части ткани) и (или) органов (части органов) после смерти для трансплантации.


      Даю согласие на занесение, сбор, обработку и хранение моих персональных данных.
____________________________________________________/___________/
(фамилия, имя, отчество (при его наличии) лица)             подпись
"___" _____________ 20______г.
Дата подписания

  Приложение 3 к Правилам
прижизненного
добровольного пожертвования
тканей (части ткани) и (или)
органов (части органов) после
смерти в целях трансплантации
  Форма

Стандарт государственной услуги "Регистрация согласия или отзыва согласия на прижизненное добровольное пожертвование тканей (части ткани) и (или) органов (части органов) после смерти в целях трансплантации"

1

Наименование услугодателя

Медицинские организации, оказывающие первичную медико-санитарную помощь (далее - услугодатель).

2

Способы предоставления государственной услуги

     Через услугодателя.

3

Срок оказания государственной услуги

В течение1 рабочего дня.
Максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов - не более 15(пятнадцати) минут.
Максимально допустимое время обслуживания услугополучателя - в течение1 рабочего дня.

4

Форма оказания оказания государственной услуги

Бумажная

5

Результат оказания государственной услуги

Справка о регистрации согласия на прижизненное добровольное пожертвование тканей (части ткани) и (или) органов (части органов) по форме согласно приложению 1 к настоящему стандарту;
Справка о регистрации отзыва согласия (отказа) от прижизненного добровольного пожертвования тканей (части ткани) и (или) органов (части органов) по форме согласно приложению 2 к настоящему стандарту.

6

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Бесплатно.

7

График работы

С понедельника по пятницу с 8.00 до 20.00 часов без перерыва, в субботу с 9.00 до 14.00 часов, кроме выходных и праздничных дней согласно трудовому законодательству Республики Казахстан.
Государственная услуга оказывается в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания.

8

Перечень документов необходимых для оказания государственной услуги

1) документ удостоверяющий личность, для идентификации личности;
2) заявление по формам, согласно приложениям 1, 2 к настоящим Правилам.

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан

установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них.

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме и через Государственную корпорацию

В помещениях услугодателя предусмотрены условия для обслуживания услугополучателей с ограниченными возможностями (пандусы и лифты).
Информация о порядке и статусе оказания государственной услуги предоставляется по контактным телефонам услугодателя.
Контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания государственной услуги указаны на интернет-ресурсе Министерства www.dsm.gov.kz. Единый контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг: 8-800-080-7777, 1414.

  Приложение 1 к Стандарту
государственной услуги
"Регистрация согласия
или отзыва согласия на
прижизненное добровольное
пожертвование тканей
(части ткани) и (или) органов
(части органов) после смерти в
целях трансплантации"
  Форма

            Справка о регистрации согласия на прижизненное добровольное пожертвование тканей
            (части ткани) и (или) органов (части органов) после смерти в целях трансплантации

      Уважаемый(ая) _____________________________________________
Ваше заявление о согласии на прижизненное добровольное пожертвование тканей
(части ткани) и (или) органов (части органов) после смерти в целях трансплантации
зарегистрировано.
Дата регистрации: "___" ____________ 20______ года.
Фамилия, имя, отчество (при его наличии) ответственного лица организации ПМСП
_____________________________________________подпись /__________/
Фамилия, имя, отчество (при его наличии) руководителя организации ПМСП
_____________________________________________подпись /__________/
Печать организации ПМСП

  Приложение 2 к Стандарту
государственной услуги
"Регистрация согласия или
отзыва согласия на
прижизненное добровольное
пожертвование тканей
(части ткани) и (или) органов
(части органов) после смерти
в целях трансплантации"
  Форма

            Справка о регистрации отзыва согласия (отказа) на прижизненное добровольное пожертвование тканей
                  (части ткани) и (или) органов (части органов) после смерти в целях трансплантации

      Уважаемый (ая) ____________________________________________
Ваше заявление на отзыв согласия (отказ) на прижизненное добровольное
пожертвование тканей (части ткани) и (или) органов (части органов) после смерти в
целях трансплантации зарегистрировано.
Дата регистрации: "___" ____________ 20____ года.
Фамилия, имя, отчество (при его наличии) ответственного лица организации ПМСП
_____________________________________________подпись /__________/
Фамилия, имя, отчество (при его наличии) руководителя организации ПМСП
_____________________________________________подпись /__________/
Печать организации ПМСП