Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 03 шілдеде № 8555 тіркелді.

      "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті (Б.Б. Мусин):

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және МОИП-да орналастыруды;

      3) осы бұйрықтан шығатын басқа шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

С. Сарсенов

      "КЕЛІСІЛДІ:"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет істері

      агенттігінің Төрағасы

      _______________ Ә. Байменов

      2013 жылғы 14 маусым



  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 14 маусымдағы
№ 452 бұйрығымен бекітілді

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің
ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету
сатысы туралы деректер енгізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 08.12.2017 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) көрсетілетін қызметті берушілермен қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізу тәртібін анықтайды.

      2. Қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізудің мақсаты халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы көрсетілетін қызметті берушілерге, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі - Мемкорпорация), Бірыңғай байланыс-орталығына қызмет берушілерге жолдануы кезінде қызмет алушыларды тиісті ақпараттандыру болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 08.12.2017 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

            3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде Мемкорпорациясы арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингілеуге арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ХҚКО ЫАЖ);

      2) ХҚКО ЫАЖ МО АЖО ішкі жүйесі – ХҚКО ЫАЖ-да мемлекеттік органның автоматтандырылған жұмыс орны.

            Осы Қағидада қолданылған басқа ұғымдар мен қысқартулар "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағынада қолданылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 08.12.2017 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді ХҚКО ЫАЖ-ға енгізу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 08.12.2017 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қызмет берушіде мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі жөнінде ХҚКО ЫАЖ-ға деректер енгізу үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтер есебі жүргізілетін ақпараттық жүйесі бар болған жағдайда, қызмет беруші Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) "Электрондық үкімет" ақпараттандыру объектілері интеграциясының қағидаларында белгіленген тәртіппен өзінің ақпараттық жүйесін ХҚКО ЫАЖ-мен ықпалдастыру жүргізеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.03.2020 № 98/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қызмет берушіде мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі жөнінде ХҚКО ЫАЖ-ға деректер енгізу үшін мемлекеттік қызметтер есебі жүргізілетін ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда уәкілетті орган қызмет берушілерге ХҚКО ЫАЖ МО АЖО ішкі жүйесін орнатуды жүзеге асырады.

      6. Қызмет берушінің ақпараттық жүйелерінде мемлекеттік қызметтің нәтижесін алуға қызмет алушының өтінімі бойынша мемлекеттік қызметті көрсетудің келесі кезеңдері ХҚКО ЫАЖ-да тіркелу және жіберілу қажет:

      1) қызмет алушыдан қабылданды;

      2) орындауға жіберілді;

      3) жұмысқа қабылданды;

      4) орындалды (өтінім бойынша жұмыстар аяқталды);

      5) берудің болжалы;

      6) жабылды (берілді немесе бас тартылды).

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңін жіберу бойынша қызмет берушінің ақпараттық жүйесінің ХҚКО ЫАЖ-мен әрекеттесуі кезінде қызмет алушының өтінімінің келесі мәліметтерін жіберу орындалады:

      1) қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      2) жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      3) Мемлекеттік қызмет атауы;

      4) өтінімнің қабылдау орны;

      5) өтінімнің қабылдау күні;

      6) орындаушы;

      7) өтінімді орындаудың жоспарлы күні;

      8) орындаудың күні.

      8. ХҚКО ЫАЖ-да мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі жөніндегі мәліметтер қызмет беруші уәкілетті органның электронды сандық қолтаңбамен куәландырылады.

      9. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушының тікелей ХҚКО ЫАЖ МО АЖО ішкі жүйесі орнатылған қызмет берушіге жолданымы жағдайында, қызмет алушының өтінімі ХҚКО ЫАЖ МО АЖО ішкі жүйесінде қызмет берушінің жұмыскерлерімен тіркелуі қажет. Қызмет алушының барлық өтінімдерінің өңдеу және жабу мезгілдері қызмет берушімен ХҚКО ЫАЖ ішкі жүйесінде тіркелуі қажет. Осы кезде қызмет алушының өтінімінің өту кезеңі туралы ақпарат автоматты тәртіпте ХҚКО ЫАЖ-ға келіп түседі.

      ХҚКО ЫАЖ МО АЖО ішкі жүйесінде өтінімнің тіркелуі және орындалу кезінде қызмет берушінің жұмыскерлерінің іс-қимыл реттігінің сипаттамасы ХҚКО ЫАЖ техникалық құжаттамада көрсетілген.

      10. Қызмет алушының өтінімі қызмет берушінің ақпараттық жүйесінде немесе ХҚКО ЫАЖ МО АЖО ішкі жүйесінде тіркелуі кезінде өтінімді қабылдау нақты күні бекітіледі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативті құқықтық актісіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің жоспарлы күнін автоматты түрде есептейді.

      Қызмет алушының өтінімін одан арғы өңдеуі және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кезінде қызмет алушының өтінімінің барлық кезеңдерінің өтілу нақты уақыты көрсетіледі.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.03.2020 № 98/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Қызмет алушының өтінімінің жоспарлы орындалу күні мен нақты орындалу күні сәйкес келмеген жағдайда автоматты түрде мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі өткені есептеледі.

      12. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау және бағалау бойынша уәкілетті органға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді орындау мерзімдерін орталық мемлекеттік органдармен, олардың ведомстволарымен, аумақтық бөлімдерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен, қызмет берушілермен бұзушылықтар саны туралы ХҚКО ЫАЖ арқылы талдамалық есеп береді. Талдамалық есепте мемлекеттік қызметті көрсетудің бекітілген мерзімін бұзушылық саны, мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметтер бөлігіндегі бұзушылық мерзімі, оның ішінде техникалық себептерге байланысты мерзімінің бұзушылықтары ("Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамымен сүйемелдеген ақпараттық жүйелерінің іркілістері) көрсетіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 18.03.2020 № 98/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады