Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 382 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 маусымда № 11388 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 208 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.04.2019 № 208 (11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 Заңының 7-бабы 20-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):

      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсы мен мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ___________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 22 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2015 жылғы " " _______

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ___________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы " " _______



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 382 бұйрығымен
бекiтiлген

Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік
қорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20-тармақшасына сәйкес әзірленді және Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай қорын (бұдан әрі – бірыңғай қор) қалыптастыру, жүргізу тәртібін анықтайды.

      2. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бірыңғай қордың жұмысын ұйымдастырып, үйлестіреді.

      3. Бірыңғай қор мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.

      4. Бірыңғай қорды құрудың мақсаты пайдаланушыларды толық, анық және уақтылы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың нормативтік техникалық құжаттарын және стандарттау жөніндегі өзге құжаттарды жүйелеу болып табылады.

      5. Бірыңғай қор техникалық реттеу саласында басқа қорлармен және шетел мемлекеттерінің ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

      6. Бірыңғай қор ұйымдардың стандарттары, үкіметтік емес стандарттар мен консорциум стандарттарын қоспағанда, қабылданған стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері және нормативтік техникалық құжаттар (бұдан әрі - нормативтік техникалық құжаттар) туралы ақпаратты қамтиды.

2. Бірыңғай қорды қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      7. Бірыңғай қорды уәкілетті орган өз құзыреті шегінде қалыптастырады.

      8. Бірыңғай қордың құрамына:

      1) стандарттар (шетел мемлекеттерінің, Қазақстан Республикасының әскери стандарттарынан басқа ұлттық, өңірлік және халықаралық);

      2) техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері (мемлекеттік, ұлттық, өңірлік және халықаралық);

      3) нормативтік техникалық құжаттар:

      стандарттау бойынша қағидалар, нормалар және ұсынымдар (ұлттық, өңірлік және халықаралық);

      ресми ақпараттық басылымдар (көрсеткіштер, каталогтар);

      санитариялық қағидалар және гигиеналық нормативтер;

      өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидалары;

      әдістемелік нұсқаулар (қосымшалар), өлшемдерді орындау әдістемесі;

      техникалық, өнеркәсіптік, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нормалар мен қағидалар;

      авиация қағидалары;

      сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтер;

      қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі нормалар мен қағидалар;

      жер қойнауын қорғау және тиімді пайдалану жөніндегі қағидалар;

      техникалық реттеу саласындағы басқа да құжаттар.

      9. Құжатты қабылдаған адам бірыңғай ақпараттық жүйені қалыптастыру үшін әрбір стандартты, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуішін және нормативтік техникалық құжатты қабылдау туралы ақпаратты және олардың бір данасын бірыңғай қорға жібереді.

      10. Нормативтік техникалық құжаттарды алғаннан кейін немесе нормативтік техникалық құжаттарды бекіткеннен кейін уәкілетті орган 10 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде мемлекеттік құпия мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерден басқа нормативтік техникалық құжаттар мәтінін бірыңғай қор немесе уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.

      11. Мемлекеттік органдар осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес анықтаманы қоса беріп, бұрын бекітілген қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттарды қағаз және/немесе электронды тасығыштарда уәкілетті органға жібереді.

      12. Нормативтік техникалық құжатты бекітетін мемлекеттік орган, мұндай құжатта мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтер болатын жағдайлардан басқа кезде нормативтік техникалық құжатты бекіту туралы бұйрықтың көшірмесін бекітілген құжат мәтінімен бірге және осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес анықтаманы қоса отырып, тиісті құжаттар бекітілгеннен кейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей құжатты бекіткен мемлекеттік органның мөрі қойылған түпнұсқалардың бір дана көшірмелері түрінде қағаз және/немесе электронды тасығыштарда береді. Құжаттар мен мәліметтерді берудің бұл тәртібі бұйрықпен нормативтік техникалық құжатқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін жағдайларға да қолданылады.

      13. Анықтама мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:

      1) нормативтік техникалық құжатты қолданысқа енгізу күні;

      2) әзірлеуші туралы мәлімет (атауы, мекенжайы, электронды поштасы, байланыс телефоны/факсы және өзге де мәліметтер).

      14. Мемлекеттік орган уәкілетті органға нормативтік техникалық құжаттарды тапсырған кезде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру актісі жасалады.

      15. Егер нормативтік техникалық құжаттың атауын, белгіленуін дәл анықтау мүмкін болмаса, нормативтік техникалық құжат мәтінін оқу қиын болған кезде, сондай-ақ егер онда берілген суреттер мен кестелер анық көрсетілмесе, уәкілетті орган тиісті мемлекеттік органнан техникалық құжатты сұрата алады.

      16. Бірыңғай қорды жүргізу дегеніміз бірыңғай қорды ақпараттық жалпы пайдалану жүйесін мына жолдармен жаңартылған күйде ұстау процесін білдіреді:

      1) нормативтік техникалық құжаттардың қағаз нұсқаларын цифрлау;

      2) бірыңғай қордың жойылған, ауыстырылған және күшін жойған нормативтік техникалық құжаттарын бірыңғай қордың анықтамалық-библиографиялық деректер базасынан шығарып тастау;

      3) бірыңғай қордың анықтамалық-библиографиялық деректер базасын жаңа құжаттармен толықтыру.

      17. Мемлекеттік орган құжатты қағаз нұсқада берген жағдайда нормативтік техникалық құжатты цифрлауды уәкілетті орган жүргізеді.

      18. Уәкілетті орган келіп түсетін нормативтік техникалық құжаттар деректері негізінде бірыңғай қордың анықтамалық-библиографиялық деректер базасын жүргізеді.

      Анықтамалық-библиографиялық деректер базасын (бұдан әрі – деректер базасы) жүргізу:

      1) деректер базасына нормативтік техникалық құжаттарды және олар туралы мәліметтерді (белгіленуі, атауы және өзге де мәліметтер);

      2) деректер базасына әзірлеуші туралы мәліметтерді енгізуді қамтиды.

      19. Деректер базасын толтыру бірыңғай қордың жалпы қолданыстағы ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

      20. Деректер базасына енгізілген нормативтік техникалық құжаттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда мемлекеттік орган құжат қолданылуының жаңа мерзімдерін көрсете отырып, жаңартылған құжатты немесе егер құжат күшін жойған деп танылса, құжатты жоюға қою туралы ақпаратты уәкілетті органға жібереді.

      21. Нормативтік техникалық құжаттың әрбір өзгерісі, қолданылу мерзімінің ұзартылуы, қолданылу мерзіміне шектеудің алынуы, нормативтік техникалық құжат қолданысының тоқтатылуы бойынша нормативтік техникалық құжатты жаңартуды мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

      22. Мемлекеттік органдар өзара іс-қимыл жасау мақсатында осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес бірыңғай мемлекеттік қормен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын қорлар туралы мәліметтерді уәкілетті органға береді.

      23. Мемлекеттік органдардың бірыңғай қорды пайдалануы тегін негізде жүзеге асырылады.

  Нормативтік техникалық
құжаттардың бірыңғай мемлекеттік
қорын қалыптастыру және жүргізу
қағидаларына 1-қосымша

      нысан

Қабылдау-тапсыру актісі

      Мемлекеттік органның атынан _______ және уәкілетті органның атынан __________ мына нормативтік техникалық құжаттарды қабылдау-тапсыруды жүзеге асырды.

р/с

Атауы

Ескертпе (электронды/қағаз нұсқасы)

саны






      Тапсырды ____________________________

      (мемлекеттік орган өкілі) Мөр орны (болған жағдайда)

      Қабылдады _______________________

      (уәкілетті орган өкілі) Мөр орны (болған жағдайда)

  Нормативтік техникалық
құжаттардың бірыңғай мемлекеттік
қорын қалыптастыру және жүргізу
қағидаларына 2-қосымша

      нысан

Бірыңғай мемлекеттік қормен өзара іс-қимылды
жүзеге асыратын қорлар туралы мәліметтер

Мемлекеттік органның немесе ұйымның атауы

Толық


Қысқаша


Мамандандырылған қордың немесе қордың атауы


Пошталық мекенжайы


Электрондық поштасы


Телефон/факс


Өзара іс-қимылды жүзеге асыратын байланыс тұлғасы

Тегі


Аты


Әкесінің аты


Деректемелері


Телефоны


Қызмет саласы



Ақпараттың дұрыстығына мына тұлға жауапты болады

Тегі


Аты


Әкесінің аты



      Күні Басшы ____________________

      Мөр орны (болған жағдайда)

Об утверждении Правил формирования и ведения Единого государственного фонда нормативных технических документов

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 382. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 июня 2015 года № 11388. Утратил силу приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 11 апреля 2019 года № 208 (вводится в действие с 11.04.2019)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 11.04.2019 № 208 (вводится в действие с 11.04.2019).

      В соответствии подпункта 20) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 9 ноября 2004 года "О техническом регулировании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования и ведения Единого государственного фонда нормативных технических документов.

      2. Комитету технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Канешев Б.Б.) обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнений мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

Министр


по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

А. Исекешев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр сельского хозяйства

      Республики Казахстан

      ____________ А. Мамытбеков

      22 апреля 2015 год

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      ______________ Е. Досаев

      "___"____________ 2015 год

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр внутренних дел

      Республики Казахстан

      ______________К. Касымов

      "___"___________ 2015 год



  Утверждены
приказом Министра по инвестициям
и развитию Республики Казахстан
от 31 марта 2015 года № 382

Правила
формирования и ведения Единого государственного фонда
нормативных технических документов
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования и ведения Единого государственного фонда нормативных технических документов (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 20) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 9 ноября 2004 года № 603 "О техническом регулировании" и определяют порядок формирования и ведения Единого государственного фонда нормативных технических документов (далее - Единый фонд).

      2. Уполномоченный орган в области технического регулирования (далее – уполномоченный орган) организует и координирует работу Единого фонда.

      3. Единый фонд является государственным информационным ресурсом.

      4. Целью создания Единого фонда является систематизация нормативных технических документов государственных органов и иных документов по стандартизации для обеспечения пользователей полной, достоверной и своевременной информацией.

      5. Единый фонд взаимодействует с другими фондами и организациями иностранных государств, международными организациями в области технического регулирования.

      6. Единый фонд содержит информацию о принятых стандартах, классификаторах технико-экономической информации и нормативных технических документах (далее - нормативные технические документы), за исключением стандартов организаций, неправительственных стандартов и стандартов консорциума.

2. Порядок формирования и ведения Единого фонда

      7. Единый фонд формируется уполномоченным органом в пределах его компетенции.

      8. В состав Единого фонда включаются:

      1) стандарты (иностранных государств, национальные, за исключением военных стандартов Республики Казахстан, региональные и международные);

      2) классификаторы технико-экономической информации (национальные, региональные и международные);

      3) нормативные технические документы:

      правила, нормы и рекомендации по стандартизации (государственные, национальные, региональные и международные);

      официальные информационные издания (указатели, каталоги);

      санитарные правила и гигиенические нормативы;

      нормы и правила пожарной безопасности;

      методические указания (приложения), методика выполнения измерений;

      нормы и правила по обеспечению технической, промышленной, ядерной и радиационной безопасности;

      авиационные стандарты;

      государственные нормативы в области архитектуры, градостроительства и строительства, жилищных отношений и коммунального хозяйства;

      нормы и правила по обеспечению безопасной перевозки опасных грузов;

      правила по охране и рациональному использованию недр;

      иные документы в области технического регулирования.

      9. Информация о принятии каждого стандарта, классификатора технико-экономической информации и нормативного технического документа и один их экземпляр направляются лицом, принявшим документ, в Единый фонд для формирования единой информационной системы.

      10. После получения нормативных технических документов, либо после утверждения нормативных технических документов, уполномоченный орган в срок не более 10 календарных дней обеспечивает размещение текстов нормативных технических документов на интернет-ресурсе Единого фонда, либо уполномоченного органа, за исключением сведений, составляющих государственные секреты и иную охранаяемую законом тайну.

      11. Государственные органы направляют в уполномоченный орган на бумажных и/или электронных носителях ранее утвержденные действующие нормативные технические документы с приложением справки, согласно пункту 13 настоящих Правил, в срок не позднее 30 календарных дней со дня введения в действия настоящих Правил.

      12. Государственный орган, утверждающий нормативный технический документ, кроме случаев, когда в таком документе имеются сведения, составляющие государственные секреты, направляет копию приказа об утверждении нормативного технического документа с текстом утвержденного документа и приложением справки, согласно пункту 13 настоящих Правил, не позднее 30 календарных дней после утверждения соответствующих документов на бумажном и/или электронном носителях в виде копий оригиналов в одном экземпляре с печатью государственного органа, утвердившего документ. Данный порядок представления документов и сведений распространяется также на случаи, когда приказом в нормативный технический документ вносятся изменения и (или) дополнения.

      13. Справка должна содержать следующие сведения:

      1) дата введения в действие нормативного технического документа;

      2) данные о разработчике (наименование, адрес, электронная почта, контактный телефон/факс и иные сведения).

      14. При передаче государственным органом уполномоченному органу нормативных технических документов составляется акт приема-передачи по форме согласно приложению 1 к данным Правилам.

      15. Уполномоченный орган может запросить у соответствующего государственного органа нормативный технический документ, если невозможно однозначно определить наименование, обозначение нормативного технического документа, при затруднении чтения текста нормативного технического документа, а также, если рисунки и таблицы, содержащиеся в нем, трудно различимы.

      16. Ведение Единого фонда представляет собой процесс поддержания информационной системы общего пользования Единого фонда в актуализированном состоянии путем:

      1) оцифровки бумажных версий нормативных технических документов;

      2) изъятия отмененных, замененных и утративших силу нормативных технических документов Единого фонда из справочно-библиографической базы данных Единого фонда;

      3) пополнения справочно-библиографической базы данных Единого фонда новыми документами.

      17. Оцифровка нормативного технического документа проводится уполномоченным органом в случае представления государственным органом документа в его бумажной версии.

      18. На основе поступающих данных нормативных технических документов уполномоченный орган ведет справочно-библиографическую базу данных Единого фонда.

      Ведение справочно-библиографической базы данных Единого фонда (далее – база данных) включает внесение:

      1) в базу данных нормативных технических документов и сведений о них (обозначения, наименования и иные сведения);

      2) в базу данных сведений о разработчике.

      19. Заполнение базы данных осуществляется через информационную систему общего пользования Единого фонда.

      20. В случае истечения срока действия нормативного технического документа, внесенного в базу данных, государственный орган направляет в уполномоченный орган актуализированный (обновленный) документ с указанием новых сроков его действия или информацию о постановке документа на утрату, если документ признается утратившим силу.

      21. Актуализация нормативного технического документа по каждому его изменению, продлению срока действия, снятию ограничения срока действия, отмене нормативного технического документа осуществляется государственными органами в пределах их компетенции.

      22. Государственные органы в целях взаимодействия, представляют в уполномоченный орган сведения о фондах, осуществляющих взаимодействие с Единым государственным фондом согласно приложению 2, к настоящим Правилам.

      23. Пользование Единым фондом государственными органами осуществляется на безвозмездной основе.

  Приложение 1
к Правилам формирования и
ведения Единого государственного фонда
нормативных технических документов

      форма

Акт приема-передачи

      Государственный орган _____ в лице ____ и уполномоченный

      орган _____ в лице ______ осуществили прием-передачу следующих

      нормативных технических документов.

п/п

Наименование

Примечание (электронная/бумажная версия)

количество






      Передал _____________

      (представитель

      государственного органа) Место печати (при наличии)

      Принял ______________

      (представитель

      уполномоченного органа) Место печати (при наличии)

  Приложение 2
к Правилам формирования и ведения
Единого государственного фонда
нормативных технических документов

      форма

Сведения о фондах, осуществляющих взаимодействие с Единым
государственным фондом

Наименование государственного органа или организации

Полное


краткое


Наименование фонда


Адрес почтовый


Электронная почта


Телефон/факс


Контактное лицо, осуществляющее взаимодействие

Фамилия


Имя


Отчество


Координаты


Телефон


Область деятельности


Ответственность за достоверность информации несет

Фамилия

Имя

Телефон


      Дата Руководитель ______________

      Место печати (при наличии)