Аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19-1/275 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 маусымда № 11391 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің
37-бабы 1-тармағының 7-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу қағидалары бекiтілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ___________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 21 сәуір

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі
      ___________ И. Тасмағамбетов
      2015 жылғы 10 сәуір

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
      ___________ Н. Әбіқаев
      2015 жылғы 12 мамыр

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      ___________ Қ. Қасымов
      2015 жылғы 24 сәуір

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      ___________ В. Школьник
      2015 жылғы 14 сәуір

Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 19-1/275 бұйрығымен 
бекітілген        

Аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу,
іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне сәйкес әзірленді және аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидалар олардың тиесілігіне қарамастан, аумақтық суларда (теңізде) жүзуді және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізуді жүзеге асыратын барлық кемелерге қолданылады.
      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) зерттеу жұмыстарын жүргізу, зерттеу қызметі – гидрографиялық, гидрологиялық, гидрометеорологиялық, гидрохимиялық және геофизикалық жұмыстарды жүргізуге байланысты қызмет, сондай-ақ сулар мен теңіз түбі флорасының, фаунасының жай-күйін зерттеу;
      2) кәсіпшілік жұмыстарды жүргізу, кәсіпшілік қызмет – балықтарды, басқа су жануарларын және өсімдіктерді ұстауға және қорғауға байланысты кез келген жұмыс;
      3) шаруашылық жұмыстарын жүргізу, шаруашылық қызмет – аумақтық сулардағы (теңіздегі) кемелерде жүзеге асырылатын барлық жұмыстар мен қызметтердің түрлері;
      4) іздестіру жұмыстарын жүргізу, іздестіру қызметі – су түбін зерделеуге және пайдалы қазбаларды іздеуге байланысты геологиялық жұмыстар жүргізу.
      4. Теңіз порттары айдынының шегінде және кеме қозғалысын басқару қызметтерінің іс-қимылы аймағында жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу кезінде «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-11) тармақшасына сәйкес бекітілетін Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидалары сақталады.

2. Аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу,
іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу тәртібі

      5. Мемлекеттік және мемлекеттік емес кемелердің, мұз үстімен жылжитын құралдардың орналасу пунктерінен шығу (шығарылу) құжаттарын ресімдеу, айлақтарды, кеме тұрақтарын, орналасу пункттерін, мемлекеттік және мемлекеттік емес кемелерді, мұз үстімен жылжитын құралдарды уақытша есепке қою, күтіп-ұстау, сондай-ақ жабдықтау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10896 болып тіркелген) бекітілген кемелердің портқа кіру және олардың порттан шығу, кемелердің порт акваториясы шегінде жүзуі мен портта тұру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Аумақтық суларда (теңізде) жүзу кезінде мемлекеттік және мемлекеттік емес кемелер, шетелдік әскери емес кемелер және әскери корабльдер навигациялық-гидрографикалық жабдықпен қамтамасыз етілген қозғалыс жолдарын ұстанады.
      7. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы»
2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы
3-тармағына сәйкес шетелдік әскери корабль Қазақстан Республикасы белгілеген аумақтық суларда (теңізде) жүзу тәртібін бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – Шекара қызметі) және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері одан аумақтық суларды (теңізді) дереу тастап шығуды талап етеді.
      8. Аумақтық суларда (теңізде) сүңгуір қайықтар мен басқа су асты көлік құралдары су бетінде жүреді және өздерінің туларын көтереді.
      9. Мемлекеттік және мемлекеттік емес кемелер, шетелдік әскери емес кемелер және әскери корабльдер Қазақстан Республикасының аумақтық суларындағы (теңіздегі) кемелердің соқтығысуына жол бермейді.
      10. Аумақтық сулар (теңіз) арқылы өтуді жүзеге асыру кезінде ядролық қозғалтқышы бар шетелдік әскери емес кемелердің және әскери корабльдердің, сондай-ақ ядролық және басқа қауіпті немесе өзінің табиғаты бойынша улы заттарды тасымалдайтын кемелердің борттарында құжаттары болуы тиіс және осындай кемелер үшін Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері мен шарттарында белгіленген ерекше сақтық шараларын сақтайды.
      11. Аумақтық суларда (теңізде) шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу Шекара қызметін хабардар ете отырып, жүзеге асырылады.
      Жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары өздерінің функционалдық міндеттерін орындау үшін жүзу құралдарымен және өзге де көлік құралдарымен аумақтық суларға (теңізге) шығуды хабарлаусыз, Шекара қызметімен келісілген тізімдер бойынша жүзеге асырады. Тізім бес жұмыс күні ішінде келісіледі.
      12. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде) теңіз ғылыми зерттеулерін, іздестіру қызметін жүргізуге ниеті бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен халықаралық ұйымдар оларды Шекара қызметімен келіседі және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері Гидрографикалық қамтамасыз ету қызметіне жұмыстардың басталуының болжамды күніне дейін кемінде он күнтізбелік күн бұрын:
      1) шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға шығу мақсаттары, уақыты және маршруты (аудандары), олардың типтері және тіркеу нөмірлері, сондай-ақ тіркелімге алу орындары;
      2) жобаның сипаты мен мақсаттары;
      3) кеменің атауын, типі мен сыныбын және ғылыми жабдықтың сипаттамасын қоса алғанда, қолданылатын әдіс пен құралдар;
      4) жоба жүргізілетін аудандар бойынша дәл географиялық деректер;
      5) зерттеу кемелерінің алғашқы келуінің және соңғы кетуінің немесе тиісті жағдайларда жабдықты орналастырудың және алудың болжамды күндері;
      6) жобаға жауапты ұйымның атауы, басшысы және адамы туралы толық ақпаратты ұсынады.
      13. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде) шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу халық денсаулығына, экологиялық және өзге де қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі немесе осындай нұқсан келтіру қаупін тудырмауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ұстауға және Шекара қызметіне міндеттерін орындауға кедергі жасамауы тиіс.
      14. Зерттеу қызметі тек бейбіт сипатта болуы және Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауіпсіздігіне қатер төндірмеуі тиіс.

Об утверждении Правил плавания и производства хозяйственных исследовательских, изыскательских и промысловых работ в территориальных водах (море)

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 19-1/275. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 июня 2015 года № 11391.

      В соответствии с подпунктом 7-6) пункта 1 статьи 37 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила плавания и производства хозяйственных, исследовательских, изыскательских и промысловых работ в территориальных водах (море).

      2. Комитету по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр сельского хозяйства


Республики Казахстан

А. Мамытбеков

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр по инвестициям и развитию

      Республики Казахстан

      ___________ А. Исекешев

      21 апреля 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр обороны

      Республики Казахстан

      __________ И. Тасмагамбетов

      10 апреля 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Председатель Комитета

      национальной безопасности

      Республики Казахстан

      ___________ Н. Абыкаев

      12 мая 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр внутренних дел

      Республики Казахстан

      ___________ К. Касымов

      24 апреля 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр энергетики

      Республики Казахстан

      ___________ В. Школьник

      14 апреля 2015 года



  Утверждены
приказом Министра
сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 30 марта 2015 года № 19-1/275

Правила
плавания и производства хозяйственных, исследовательских,
изыскательских и промысловых работ в территориальных водах
(море)
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила плавания и производства хозяйственных, исследовательских, изыскательских и промысловых работ в территориальных водах (море) (далее – Правила) разработаны в соответствии с Водным кодексом Республики Казахстан от 9 июля 2003 года и определяют порядок плавания и производства хозяйственных, исследовательских, изыскательских и промысловых работ в территориальных водах (море).

      2. Настоящие Правила распространяются на все суда, независимо от их принадлежности, осуществляющие плавание и производство хозяйственных, исследовательских, изыскательских и промысловых работ в территориальных водах (море).

      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) производство исследовательских работ, исследовательская деятельность – деятельность, связанная с производством гидрографических, гидрологических, гидрометеорологических, гидрохимических и геофизических работ, а также исследования состояния флоры, фауны вод и дна моря;

      2) производство промысловых работ, промысловая деятельность – любая работа, связанная с ловлей и защитой рыб, других водных животных и растений;

      3) производство хозяйственных работ, хозяйственная деятельность – все виды работ и услуг, осуществляемых на судах в территориальных водах (море);

      4) производство изыскательских работ, изыскательская деятельность – проведение геологических работ, связанных с изучением дна и поиском полезных ископаемых.

      4. При плавании и производстве хозяйственных, исследовательских, изыскательских и промысловых работ в пределах акватории морских портов и в зонах действия служб управления движением судов соблюдаются правила плавания и стоянки судов в морских портах Республики Казахстан и на подходах к ним, утверждаемые в соответствии с подпунктом 55-11) пункта 3 статьи 4 Закона Республики Казахстан от 17 января 2002 года "О торговом мореплавании".

2. Порядок плавания и производства хозяйственных,
исследовательских, изыскательских и промысловых работ в
территориальных водах (море)

      5. Оформление документов на выход (выпуск) государственных и негосударственных судов, средств передвижения по льду с пунктов базирования, временный учет, содержание, а также оборудование причалов, пристаней, пунктов базирования, государственных и негосударственных судов, средств передвижения по льду осуществляется в соответствии с правилами захода судов в порт и выхода их из порта, плавания судов в пределах акватории порта и стоянки в порту, утвержденными приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10896).

      6. Государственные и негосударственные суда, иностранные невоенные суда и военные корабли при плавании в территориальных водах (море) придерживаются путей движения, обеспеченных навигационно-гидрографическим оборудованием.

      7. В соответствии с пунктом 3 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 16 января 2013 года "О Государственной границе Республики Казахстан" в случае нарушения иностранным военным кораблем установленного Республикой Казахстан порядка плавания в территориальных водах (море) Пограничная служба Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (далее – Пограничная служба) и Вооруженные Силы Республики Казахстан требуют от него немедленно покинуть территориальные воды (море).

      8. В территориальных водах (море) подводные лодки и другие подводные транспортные средства следуют в надводном положении и поднимают свой флаг.

      9. Государственные и негосударственные суда, иностранные невоенные суда и военные корабли не допускают столкновение судов в территориальных водах (море) Республики Казахстан.

      10. Иностранные невоенные суда и военные корабли с ядерными двигателями, а также суда, перевозящие ядерные и другие опасные или ядовитые по своей природе вещества, при осуществлении прохода через территориальные воды (море) имеют на борту документы и соблюдают особые меры предосторожности, установленные для таких судов международными соглашениями и договорами Республики Казахстан.

      11. Производство хозяйственных, исследовательских, изыскательских и промысловых работ в территориальных водах (море) осуществляется с уведомлением Пограничной службы.

      Должностные лица уполномоченного органа в области охраны, воспроизводства и использования животного мира и особо охраняемых природных территорий, для выполнения своих функциональных обязанностей осуществляют выход на плавательных и иных транспортных средствах в территориальные воды (море) без уведомления, по спискам, согласованным с Пограничной службой. Список согласовывается в течение пяти рабочих дней.

      12. Государственные органы Республики Казахстан и организации, которые намерены проводить морские научные исследования и (или) изыскательскую деятельность в территориальных водах (море) согласовывают их с Пограничной службой и предоставляют Службе гидрографического обеспечения Военно-морских сил Вооруженных Сил Республики Казахстан не менее чем за десять календарных дней до предполагаемой даты начала работ полную информацию о:

      1) целях, времени и маршруте (районах) выхода в территориальные воды (море) и внутренние воды маломерных самоходных и несамоходных (надводных и подводных) судов (средств) и средств передвижения по льду, их типе и регистрационных номерах, а также местах приписки;

      2) характере и целях проекта;

      3) методе и средствах, которые будут использованы, включая название, тип и класс судов, описание научного оборудования;

      4) точных географических данных по районам, в которых будет проводиться проект;

      5) дате прибытия и ухода исследовательских судов или в соответствующих случаях размещения и снятия оборудования;

      6) наименовании организации, руководителе или лице, ответственном за проект.

      13. Производство хозяйственных, исследовательских, изыскательских и промысловых работ в территориальных водах (море) не должны наносить вред здоровью населения, экологической и иной безопасности Республики Казахстан или содержать угрозу нанесения такого ущерба, а также создавать помехи содержанию Государственной границы Республики Казахстан и выполнению задач Пограничной службой.

      14. Исследовательская деятельность должна носить исключительно мирный характер и не создавать угрозу обороне и безопасности Республики Казахстан.