Келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 411 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 маусымда № 11393 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 325 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 № 325 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 32-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев) заңнамада бекітілген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелері мерзімді басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы "__" ________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ______________ В. Школьник

      2015 жылғы "__" __________


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 411 бұйрығымен
бекітілген

Келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару
қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару қағидалары "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 32-11) тармақшасына сәйкес әзірленді және аумақты немесе оның бөліктерін қайтару тәртібін анықтайды.

      2. Келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталуы немесе жарамсыз деп танылуы, жер қойнауын пайдаланушыны мемлекетке келісімшарттық аумақты қайтару және жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар салдарын жою жөніндегі жауапкершіліктен босатпайды.

2. Келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару тәртібі

      3. Келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару келісімшарттың шарттарына сәйкес, келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, жарамсыз деп танылғаннан кейін жүзеге асырылады.

      4. Келісімшарттық аумақ немесе оның бөліктері қайтарылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушымен Заңның 111-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану объектілерін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге, оның ішінде барлау жөніндегі операцияларды жүргізу салдарынан бұзылған жер учаскелері мен басқа да табиғи объектілерді келісімшарттық аумақтың қайтарылатын бөлігінде (бөліктерінде) одан әрі пайдалану үшін жарамды жағдайға дейін қалпына келтіру бойынша жою немесе консервациялау жұмыстары жүргізілуі қажет.

      Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушының барлық өндірістік объектілері мен жер учаскелері халық өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жағдайға келтірілуге тиіс, ал жер қойнауын пайдаланушылар жұмысының салдары Заңда белгіленген тәртіппен жойылуға тиіс.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақ немесе оның бөліктері бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар аяқталғаннан кейін бір айдан кешіктірмей жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне "Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 396 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің № 11028 тіркелген) сәйкес жасалған жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу туралы есебін (бұдан әрі – есеп) ұсынады.

      6. Заңның 111-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану объектілерін консервациялау немесе жою бойынша жұмыстары жүргізілгеннен кейін, осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша келісімшарттық аумақтың бөліктерін қайтару келісімшарттық аумақтың қайтарылатын бөліктері тиісті геологиялық бөлуден шығарыла отырып, геологиялық бөлуді қайта ресімдеу жолымен жүзеге асырылады.

      7. Келісімшарттық аумақты жалпы қайтару және келісімшарттың қолданылуы тоқтатылуы немесе жарамсыз деп танылуы геологиялық (тау-кендік) бөлуі жарамсыз деп танылуына негіз болады.

  Келісімшарттық аумақты
немесе оның бөліктерін
қайтару қағидаларына
қосымша

      Үлгі

      Жер қойнауын зерттеу мен

      пайдалану жөніндегі

      уәкілетті органмен

      "БЕКІТІЛГЕН"

      ____________________ барлауды (барлау мен өндіруді),

      пайдалы қазбаның түрі

      барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты

      құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізуге арналған

      _______________________________________________________________

      (келісімшарттық аумақтың немесе оның бөліктерінің аймағы)

      (20___ж. "___" _________ №____келісімшарт) бойынша

      келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару

      АКТІСІ

      Астана қ. 20__ж. "_____"_______________

      1. Жер қойнауын пайдаланушы:___________________________________

      . ________________ облысында___________алаңдағы_______________ жүргізуге арналған келісімшарт (20___ж. № _______________________ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісі).

      3. Келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару.

      3.1. Қайтаруға жататын аумақтың немесе оның бөліктерінің географиялық координаттары:

Бұрыштық нүктелер

Бұрыштық нүктелердің

координаттары


солтүстік ендік

(градустар, минуттар, секундтар)

шығыс бойлық

(градустар, минуттар, секундтар)





      3.2. Қайтарылатын келісімшарттық аумақтың немесе оның бөліктерінің алаңы ________________құрайды.

      3.3. Қорытынды: __________ келісімшарттық аумақ немесе бөлігі жалпы пайдалануға қайтарылады. (20_ ж. "__"______ №_____ Жер қойнауы объектісін жою (консервациялау) мақсатында орындалған жұмыстарды қабылдау және бағалау актісін көрсету)

      Аумақты жоспарлы қайтарылуына және оны халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қалпына келтірілуіне байланысты жер қойнауын пайдаланушы ________________________________ қайтаратын келісімшарттық аумақтың географиялық координаттары:

Бұрыштық нүктелер

Бұрыштық нүктелердің

координаттары


солтүстік ендік

(градустар, минуттар, секундтар)

шығыс бойлық

(градустар, минуттар, секундтар)





      _________ км көлемде жалпы пайдалануға.

      4. Одан әрі жер қойнауын пайдалануға қалған _______ шаршы шақырым алаң бұрыштық нүктелердің координаттары шегінде:

Бұрыштық нүктелер

Бұрыштық нүктелердің

координаттары


солтүстік ендік

(градустар, минуттар, секундтар)

шығыс бойлық

(градустар, минуттар, секундтар)





      5. 20___ ж. "___" ___________ №_____ келісімшарт бойынша жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары бойынша бастапқы материалдар (далалық құжаттама, зертханалық зерттеулердің нәтижелері) келісімшарттық аумақта барлау түпкілікті аяқталғаннан кейін ________ жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің аумақтық геологиялық қорының мұрағатына тапсырылады.

      6. ____________қайтарылатын аумақта жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі есеп оны бекіткеннен кейін _________________ жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығының геологиялық қорларына сақтауға тапсырылады.

      Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану "Қазгеоақпарат" республикалық

      жөніндегі уәкілетті органның аумақтық геологиялық ақпарат

      бөлімшесінің басшысы орталығының басшысы

      _____________________________________ _____________________________

      тегі, аты, әкесінің аты тегі, аты, әкесінің аты

      20__жылғы "____"_________ 20__жылғы "____"__________

      М.О. М.О.

      Жер қойнауын пайдаланушы:

      _____________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты

      20__жылғы "____"___________

      М.О.

Об утверждении Правил возврата контрактной территории или ее частей

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 411. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 июня 2015 года № 11393. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 325 (вводится в действие с 29.06.2018)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 11.05.2018 № 325 (вводится в действие с 29.06.2018).

      В соответствии с подпунктом 32-11) статьи 20 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила возврата контрактной территории или ее частей.

      2. Комитету геологии и недропользования Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Нурабаев Б.К.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр по инвестициям


и развитию Республики Казахстан

А. Исекешев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      ___________ Е. Досаев

      "__" __________ 2015 год

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр энергетики

      Республики Казахстан

      ______________ В. Школьник

      "__" __________ 2015 год



  Утверждены
приказом Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 31 марта 2015 года № 411

Правила возврата контрактной территории или ее частей
1. Общие положения

      1. Правила возврата контрактной территории или ее частей (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 32-11) статьи 20 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" (далее – Закон) и определяют порядок возврата контрактной территории или ее частей.

      2. Прекращение действия контракта или признание его недействительным не освобождает недропользователя от исполнения обязательств по возврату государству контрактной территории и ликвидации последствий операций по недропользованию.

2. Порядок возврата контрактной территории или ее частей

      3. Возврат контрактной территории или ее частей осуществляется в соответствии с условиями контракта, после прекращения действия контракта или признания его недействительным.

      4. При возврате контрактной территории или ее частей недропользователем проводятся работы по ликвидации или консервации объектов недропользования в соответствии со статьей 111 Закона, в том числе восстановлению участков земли и других природных объектов, нарушенных вследствие проведения операций по разведке, до состояния, пригодного для дальнейшего использования на возвращаемой части контрактной территории.

      Все производственные объекты недропользователя и земельные участки должны быть приведены в состояние, обеспечивающее безопасность жизни, здоровья населения и охрану окружающей среды, а последствия деятельности недропользователей ликвидируются в порядке, установленном Законом.

      5. Недропользователь не позднее одного месяца после завершения операций по недропользованию по контрактной территории или ее частей представляет в соответствующее территориальное подразделение уполномоченного органа по изучению и использованию недр отчет о проведении операций по недропользованию, составленный в соответствии с приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 396 "Об утверждении Правил представления недропользователями отчетов о проведении операций по недропользованию" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11028).

      6. Возврат частей контрактной территории осуществляется путем переоформления геологического отвода с исключением возвращаемых частей контрактной территории из соответствующего геологического отвода на основании акта возврата контрактной территории или ее частей, оформленного по форме согласно приложению к настоящим Правилам, после проведения работ по ликвидации или консервации объектов недропользования в соответствии со статьей 111 Закона.

      7. Возврат контрактной территории в целом и прекращение действия контракта или признание его недействительным является основанием признания геологического (горного) отвода недействительным.

  Приложение
к Правилам возврата контрактной
территории или ее частей

      Форма

  "УТВЕРЖДЕНО"
Уполномоченным органом по
изучению и использованию недр

      АКТ

      возврата контрактной территории или ее частей _______________________

      (Контракт №_________ от "_____"_______________20__ года).

      ____________________________________________________________

      (область контрактной территории или ее частей)

      на проведение разведки (разведки и добычи), строительства и (или)

      эксплуатации подземных сооружений, не связанные с разведкой и (или)

      добычей __________________________________

      вид полезного ископаемого

      город Астана "_____"_______________20__г.

      1. Недропользователь:_______________________

      2. Контракт на проведение:______________________на_____________

      площади в ________________ области (Акт государственной регистрации

      Контракта на проведение операции по недропользованию от

      "___"_________20__года №____.

      3. Возврат контрактной территории или ее частей:

      ____________________________________________________________________

      (указать причину возврата контрактной территории или ее частей)

      3.1. Географические координаты территории или ее частей,

      подлежащие возврату:

Угловые точки

координаты угловых точек


северная широта

(градусы, минуты, секунды)

восточная долгота

(градусы, минуты, секунды)








      3.2. Площадь возвращаемой контрактной территории или ее частей

      составляет _____________.

      3.3. Заключение: Контрактная территория или ее части

      ___________________________________________________________________

      (Указать Акт приемки и оценки работ, выполненных в целях ликвидации

      ____________________________________________________________________

      (консервации) объекта недропользования от "___"________20__года

      №____)

      В связи с плановым возвратом и приведением территории в

      состояние, обеспечивающее безопасность жизни и здоровья населения,

      возвращаемую недропользователем___________________________

      контрактную территорию с географическими координатами:

Угловые точки

координаты угловых точек


северная широта

(градусы, минуты, секунды)

восточная долгота

(градусы, минуты, секунды)





      В объеме _________ км2 в общее пользование.

      4. Оставшаяся для дальнейшего недропользования площадь _______

      в пределах координат угловых точек:

Угловые точки

координаты угловых точек


северная широта

(градусы, минуты, секунды)

восточная долгота

(градусы, минуты, секунды)





      5. Первичные материалы по проведенным геологоразведочным

      работам по контракту от "___"_________20__года №____ (полевая

      документация, результаты лабораторных исследований) будут сданы в

      архив территориального геологического фонда территориального

      подразделения уполномоченного органа по изучению и использованию недр

      _______________ после завершения окончательной разведки на

      контрактной территории.

      6. Отчет по проведенным геологоразведочным работам на

      возвращаемой территории _______________________ после его утверждения

      будут передан на хранение в геологические фонды территориального

      подразделения уполномоченного органа по изучению и использованию недр

      ________________ и Республиканского центра геологической информации

      "Казгеоинформ".

Руководитель территориального

подразделения уполномоченного

органа по изучению и использованию

недр________________Ф.И.О.

"___"__________20__г.

М.П.

Недропользователь:

__________________Ф.И.О.

"___"__________20__г.

М.П.

Руководитель

Республиканского центра

геологической информации

"Казгеоинформ"

________________Ф.И.О.

"___"__________20__г.

М.П.