Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 325 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 маусымда № 17059 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      ___________ Е. Сағадиев

      2018 жылғы "__" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      ________________ Е. Біртанов

      2018 жылғы "__" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

      министрі

      ________________ М. Әбілқасымова

      2018 жылғы "__" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы "__" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "__" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ________________ Қ. Қасымов

      2018 жылғы "__" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ___________ Қ. Бозымбаев

      2018 жылғы "__" ___________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
11 мамырдағы
№ 325 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

      1. "Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 17 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6784 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 110-111 (26513) санында жарияланған).

      2. "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 44 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 5 наурызда № 6800 тіркелді, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 134-137 (26539) санында жарияланған).

      3. "Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторингілеу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою бойынша жұмыстарды жүргізумен байланысты объектілердің жобалық-сметалық құжаттамасына экономикалық сараптама жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 14 маусымдағы № 184 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7069 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 10 қыркүйектегі № 425-430 (26823) санында жарияланған).

      4. "Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 257 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8735 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 257 (28196) санында жарияланған).

      5. "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 44 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 258 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 қыркүйекте № 8736 тіркелді, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 237 (28176) санында жарияланған).

      6. "Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидаларын, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру ерекшеліктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 94 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10614 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 сәуірде жарияланған).

      7. "Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залал мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 207 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10643 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 сәуірде жарияланған).

      8. "Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 215 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10920 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 мамырда жарияланған).

      9. "Тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес қаттарға айдау үшін оларды барлау мен өндіруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезінде су деңгейін төмендету мақсатында жерасты суларын өндіруге арналған рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 235 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11034 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 маусымда жарияланған).

      10. "Кең таралған пайдалы қазбалардың тiзбесiн айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 372 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11235 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 маусымда жарияланған).

      11. "Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге геологиялық ақпаратты әкету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 385 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11328 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 маусымда жарияланған).

      12. "Барлауға арналған үлгілік келісімшарт нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 409 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11179 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымда жарияланған).

      13. "Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геофизикалық, экологиялық-геологиялық және геохимиялық тұрғыдан зерттелуін есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 410 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11404 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 маусымда жарияланған).

      14. "Келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 411 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11393 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 шілдеде жарияланған).

      15. "Жер қойнауын пайдалану түрлері бойынша модельдік келісімшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 412 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11167 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымда жарияланған).

      16. "Осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау критерийлерін қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 422 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11331 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 маусымда жарияланған).

      17. "Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетiлетiн қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды есептеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 464 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11117 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған).

      18. "Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 512 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11419 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 шілдеде жарияланған).

      19. "Уранды және көмірді қоспағанда, стратегиялық маңызы бар жерасты суларына, емдік балшыққа және қатты пайдалы қазбаларға қатысты мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 қазандағы № 992 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12298 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 желтоқсанда жарияланған).

      20. "Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 қарашадағы № 1049 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12356 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 желтоқсанда жарияланған).

      21. "Қазақстан Республикасы пайдалы қазбаларының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1096 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12444 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 қаңтарда жарияланған).

      22. "Жер қойнауын пайдалану түрлері бойынша модельдік келісімшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 412 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 109 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13759 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 тамызда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      23. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 138 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13629 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 маусымда жарияланған).

      24. "Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 215 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 600 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14280 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 қазанда жарияланған).

      25. "Кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 372 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 417 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15465 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 тамызда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      26. "Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге геологиялық ақпаратты әкету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 385 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 427 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15807 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қазанда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады