Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 352 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11460 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының 41-61) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 7-тармағы 2) тармақшасының тоғызыншы абзацын және 8-тармақтың 10) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының



Инвестициялар және даму



министрінің міндетін атқарушы


Ж. Қасымбек



      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 27 мамыр




  Қазақстан Республикасы
  Инвестициялар және даму
  министрінің міндетін атқарушының
  2015 жылғы 27 наурыздағы
  № 352 бұйрығымен бекітілген

Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын
орындауға рұқсат беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының 41-61) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті (облысішілік) коммерциялық әуе жолаушылар тасымалдары – бір облыс шегіндегі елді мекендер арасында жүзеге асырылатын коммерциялық әуе жолаушылар тасымалы;

      2) өңірлік (республикаішілік) коммерциялық әуе жолаушылар тасымалдары – әр облыста орналасқан елді мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе елді мекендерді республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен байланыстыратын коммерциялық әуе жолаушылар тасымалы.

      3. Авиакомпанияға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру туралы шешімді қабылдауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      4. Авиакомпанияға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарының түрлері бойынша жүзеге асырылады.

      5. Рұқсат беру үшін тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдары мынадай түрлер бойынша жіктеледі:

      1) жергілікті (облысішілік) коммерциялық әуе жолаушылар тасымалдары;

      2) өңірлік (республикаішілік) коммерциялық әуе жолаушылар тасымалдары.

      6. Авиакомпанияға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат бір немесе екі тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарының түрлері бойынша беріледі.

2. Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын
орындауға рұқсат беруге қойылатын біліктілік талаптары

      7. Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру үшін мынадай біліктілік талаптары белгіленеді:

      1) жергілікті (облысішілік) коммерциялық әуе жолаушылар тасымалын орындау үшін:

      уәкілетті органмен берілген пайдаланушы сертификатының болуы;

      авиакомпания белгілеген кесте бойынша (резервте сақтауды есепке ала отырып) ұшуды орындау үшін қажетті мөлшерде қолданыстағы ұшу жарамдылығы сертификаттары, бірақ жолаушылар сыйымдылығы бірдей кемінде екі әуе кемесі бар әуе кемелер паркінің болуы (жеке меншіктегі немесе кемінде үш жыл мерзімге жалға алынған (лизингтегі));

      жергілікті (облысішілік) коммерциялық әуе жолаушылар тасымалдары жоспарланатын әрбір әуежайда персоналдың болуы немесе жерүсті қызмет көрсетуге жасалған шарттың болуы;

      2) өңірлік (республикаішілік) коммерциялық әуе жолаушылар тасымалдарын орындау үшін:

      уәкілетті органмен берілген пайдаланушы сертификатының болуы;

      авиакомпания белгілеген кестеге сәйкес (резервте сақтауды есепке ала отырып) ұшуды орындау үшін қажетті мөлшерде ұшу жарамдылығы сертификаттары, бірақ жолаушылар сыйымдылығы бірдей кемінде үш әуе кемесі болатын әуе кемесі паркінің болуы (жеке меншікте немесе кемінде үш жыл мерзімге жалға алынған (лизингтегі));

      әуе кемелерінің түрлері бойынша шектеулері бар әуеайлақтарға ұшуларды орындауды қоспағанда, тұрақты емес тасымалдарды орындау немесе жергілікті (облысішілік) жолаушылар авиатасымалдарын орындау бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, сондай-ақ басқа авиакомпанияның құрамындағы бөлімше ретінде тұрақты рейстерді бір пайдаланушы сертификатымен орындаған авиакомпаниялар;

      автоматтандырылған броньдау және әуе тасымалдарды сату жүйесінде ресурстарды орналастыру бойынша персоналдың болуы;

      өңірлік (республикаішілік) әуе жолаушылар тасымалдарын орындау жоспарланатын әрбір әуежайда персоналдың болуы немесе жерүсті қызмет көрсетуге жасалған шарттың болуы;

      авиамаршрутты пайдалану сәтінен бастап болжанатын авиамаршрут (авиамаршруттар) бойынша ұсынылған кестеге сәйкес кірісті есепке алмағанда күнтізбелік отыз күн ішінде авиакомпанияның ұшуды орындау қабілеттілігін білдіретін қаржылық ресурстардың болуы және жеткіліктігі;

      тасымалдау құжаттарын электрондық және қағаз нысанында ресімдеуді қоса алғанда, автоматтандырылған әуе тасымалдарын сату жүйесінің бірінде ресурстарды орналастыруға жасасқан шарттың болуы;

      авиабилеттерді онлайн-брондауды және сатуды ұсынатын өз интернет-ресурсының болуы және/немесе ұшуды орындау жоспарланатын кемінде екі қалада авиабилеттерді сату офистерінің болуы.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 24.11.2023 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7-1. Осы Қағидалардың 7-тармағымен белгіленген біліктілік талаптарына өтініш берушінің сәйкессіздігі авиакомпанияны ішкі тұрақты коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға жіберуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 18.08.2016 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын
орындауға рұқсат беруге қойылатын біліктілік талаптарына
сәйкестігін растайтын құжаттар

      8. Өңірлік (республикаішілік) коммерциялық әуе жолаушылар тасымалдарын орындауға рұқсат алу үшін өтініш беруші авиакомпанияның осы Қағидалардың 7-тармағымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш беруші үміттеніп отырған тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдар түрлеріне рұқсаттарды және пайдаланушының қолданыстағы сертификатының болуы туралы мәліметтерді көрсете отырып авиакомпанияның бірінші басшысы қол қойған еркін нысандағы өтінішті;

      2) мыналарды көрсете отырып, әуе кемелерінің паркі туралы анықтама:

      ұшу жарамдылығы сертификаттарының жарамдылық мерзімін көрсете отырып, жеке меншіктегі және (немесе) жалға алынған (лизингтегі) әуе кемелерінің саны;

      әуе кемелерін жалға алу (лизинг) туралы жасалған шарттың нөмірі және күні, жасалған шарттардың жарамдылық мерзімі;

      3) авиакомпания белгілеген кесте бойынша әуе кемелерінің айналым кестесі;

      4) тасымалдау құжаттарын электрондық және қағаз нысанында рәсімдеуді қоса алғанда, автоматтандырылған броньдау және әуемен тасымалдауларды сату жүйесінде ресурстарды орналастыру туралы келісімнің көшірмесі;

      5) автоматтандырылған броньдау және әуемен тасымалдауларды сату жүйесінде ресурстарды орналастыру бойынша авиакомпания персоналының дайындығы туралы куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      6) соңғы қаржылық жылдағы, сондай-ақ ағымдағы уақытқа бухгалтерлік теңгерім;

      7) соңғы қаржылық жылға аудиторлық есеп;

      8) авиамаршрут (авиамаршруттар) бойынша ұсынылған кестеге сәйкес, авиамаршрутты пайдалану сәтінен бастап болжанатын кірісті есепке алмағанда, отыз күнтізбелік күн ішінде ұшуды қамтамасыз ету үшін қажет мөлшерде шотында шетелдік немесе ұлттық валютадағы қаржы қаражатының болуы туралы банктің анықтамасы;

      9) тұрақты ұшуды орындау жоспарланатын авиамаршруттар тізбесін және отыз күнтізбелік күн ішінде ұсынылған кестеге сәйкес авиамаршрут (авиамаршруттар) бойынша жоспарланған жүктемені есепке ала отырып, авиамаршрут (авиамаршруттар) бойынша ұшуды орындау шығындарының есебі;

      10) алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 18.08.2016 № 616 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен;

      11) тұрақты ішкі рейстерді ашу жоспарланатын әрбір әуежайда персоналды жалға алу туралы анықтама немесе әуежайлық және жерүсті қызмет көрсетуге жасалған шарттың көшірмесі;

      12) авиабилеттерді онлайн-брондау және сату мүмкіндігін беретін өз интернет-ресурсының бар-жоғын көрсете отырып анықтама және/немесе ұшуды орындау жоспарланып отырған кемінде екі қалада авиабилеттерді сату офистерінің бар-жоғын көрсете отырып анықтама.

      13) алып тасталды - ҚР Көлік министрінің м.а. 24.11.2023 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жергілікті (облысішілік) коммерциялық әуе жолаушылар тасымалдарын орындау үшін осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар ғана ұсынылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 18.08.2016 № 616 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2023 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

4. Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе
тасымалдарын орындауға рұқсат беру тәртібі

      9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар бір данада, тігілген түрде, нөмірленген парақтармен ұсынылады, соңғы парағы заңды тұлғаның (авиакомпания) мөрімен куәландырылады.

      Уәкілетті орган өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      10. Уәкілетті органда құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалауды уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі – комиссия) жүргізеді.

      Комиссия мүшелерінің саны тақ болуы және жеті адамнан кем болмауы тиіс. Комиссияны комиссия төрағасы, ол болмаған кезде төраға орынбасары басқарады. Комиссия шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады және комиссия мүшесі болып табылмайтын комиссия хатшысы әзірлейтін хаттамамен ресімделеді.

      Дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Дауыс беру рәсіміне комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда комиссия шешімі заңды болып танылады.

      Комиссия төрағасы, егер ол болмаған жағдайда, төраға орынбасары комиссия қызметін басқарады, комиссия отырыстарына төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.

      11. Бағалау осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар негізінде жүргізіледі.

      12. Егер авиакомпаниямен ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда, онда олар комиссияның теріс қорытындысы негізінде уәкілетті органмен бас тартылады және кері қайтарылады.

      13. Өтініштері бас тартылған авиакомпанияларды уәкілетті орган бас тарту себептерін көрсете отырып, уәкілетті орган өтінішті алған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.

      14. Авиакомпанияның тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауына рұқсат беруді ресімдеуді уәкілетті орган авиакомпанияның осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы комиссияның оң қорытындысы негізінде жүзеге асырады.

      Авиакомпанияның тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауына рұқсат беру пайдаланушы сертификатының арнайы ережесінің "В" бөлігінде тиісті белгілер түрінде ресімделеді.

      Уәкілетті орган авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарының түрлеріне рұқсат беру туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастырады, сондай-ақ өтінім берушіге уәкілетті орган шешімінің көшірмесін осы авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру Қағидалардың 10-тармағында белгіленген мерзім шегінде жібереді.

      15. Авиакомпанияларды тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға жіберу қағидаларында белгіленген біліктілік талаптарын авиакомпания сақтамаған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұрын берілген рұқсатты үш айға дейін тоқтата тұрады. Тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтар осы тармақта белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, бұрын берілген рұқсат қайтарып алынады.

      Ескерту. 15-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 18.08.2016 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Об утверждении Правил допуска авиакомпаний к выполнению регулярных внутренних коммерческих воздушных перевозок

Приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 352. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 июня 2015 года № 11460.

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 4.

      В соответствии с подпунктом 41-61) пункта 1 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 15 июля 2010 года "Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила допуска авиакомпаний к выполнению регулярных внутренних коммерческих воздушных перевозок (далее – Правила).

      2. Комитету гражданской авиации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Сейдахметов Б.К.) обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования, за исключением абзаца девятого подпункта 2) пункта 7 и подпункта 10) пункта 8 Правил, которые вводятся в действие с 1 января 2016 года.

Исполняющий обязанности


Министра по инвестициям и


развитию Республики Казахстан

Ж. Касымбек

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      ______________________ Е. Досаев

      от 27 мая 2015 год

  Утверждены приказом
исполняющего обязанности
Министра по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 27 марта 2015 года № 352

Правила
допуска авиакомпаний к выполнению регулярных
внутренних коммерческих воздушных перевозок

1. Общие положения

      1. Правила допуска авиакомпаний к выполнению регулярных внутренних коммерческих воздушных перевозок (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 41-61) пункта 1 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 15 июля 2010 года "Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации".

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местные (внутриобластные) коммерческие воздушные пассажирские перевозки – коммерческие воздушные пассажирские перевозки, осуществляемые между населенными пунктами в пределах одной области;

      2) региональные (внутриреспубликанские) коммерческие воздушные пассажирские перевозки – коммерческие воздушные пассажирские перевозки, осуществляемые между населенными пунктами, находящимися в разных областях, или соединяющие населенные пункты с городами республиканского значения, столицей.

      3. Принятие решения о допуске авиакомпании к выполнению регулярных внутренних коммерческих воздушных перевозок осуществляет уполномоченный орган в сфере гражданской авиации (далее – уполномоченный орган).

      4. Допуск авиакомпании к выполнению регулярных внутренних коммерческих воздушных перевозок осуществляется по видам регулярных внутренних коммерческих воздушных перевозок.

      5. Регулярные внутренние коммерческие воздушные перевозки для выдачи допуска классифицируются по следующим видам:

      1) местные (внутриобластные) коммерческие воздушные пассажирские перевозки;

      2) региональные (внутриреспубликанские) коммерческие воздушные пассажирские перевозки.

      6. Допуск авиакомпании к выполнению регулярных внутренних коммерческих воздушных перевозок выдается по одному или двум видам регулярных внутренних коммерческих воздушных перевозок.

2. Квалификационные требования для допуска авиакомпаний
к выполнению регулярных внутренних коммерческих воздушных
перевозок

      7. Устанавливаются следующие квалификационные требования для допуска авиакомпаний к выполнению регулярных внутренних коммерческих воздушных перевозок:

      1) для выполнения местных (внутриобластных) коммерческих воздушных пассажирских перевозок:

      наличие сертификата эксплуатанта, выданное уполномоченным органом;

      наличие парка воздушных судов с действующими сертификатами летной годности в количестве, необходимом для выполнения полетов по установленному авиакомпанией расписанию (с учетом резервирования), но не менее двух воздушных судов одинаковой пассажировместимости (в собственности или аренде (находящихся в лизинге) на срок не менее трех лет);

      наличие персонала в каждом аэропорту, в (из) которых планируются местные (внутриобластные) коммерческие воздушные пассажирские перевозки, или наличие заключенного договора на наземное обслуживание;

      2) для выполнения региональных (внутриреспубликанских) коммерческих воздушных пассажирских перевозок:

      наличие сертификата эксплуатанта, выданное уполномоченным органом;

      наличие парка воздушных судов с действующими сертификатами летной годности в количестве, необходимом для выполнения полетов по установленному авиакомпанией расписанию (с учетом резервирования), но не менее трех воздушных судов одинаковой пассажировместимости (в собственности или аренде (находящихся в лизинге) на срок не менее трех лет);

      наличие опыта работы по выполнению нерегулярных перевозок или выполнению местных (внутриобластных) пассажирских авиаперевозок не менее одного года, за исключением выполнения полетов в аэродромы, имеющие ограничения по типам воздушных судов, а также авиакомпаний, выполнявших регулярные рейсы в качестве структурного подразделения в составе другой авиакомпании под одним сертификатом эксплуатанта;

      наличие персонала по размещению ресурсов в автоматизированной системе бронирования и продажи авиаперевозок;

      наличие персонала в каждом аэропорту, где планируется выполнение региональных (внутриреспубликанских) пассажирских авиаперевозок или наличие заключенного договора на наземное обслуживание;

      наличие и достаточность финансовых ресурсов, под которым подразумевается способность авиакомпании выполнять полеты, в соответствии с предлагаемым расписанием по авиамаршруту (авиамаршрутам) в течение тридцати календарных дней без учета дохода, предполагаемого с момента эксплуатации авиамаршрута;

      наличие заключенного договора на размещение ресурсов в одной из автоматизированных систем продаж авиаперевозок, включая оформление перевозочных документов в электронной и бумажной формах;

      наличие собственного интернет-ресурса, предоставляющего онлайн-бронирование и продажу авиабилетов и/или наличие офисов продаж авиабилетов не менее чем в двух городах, в которые планируется выполнение полетов.

      Сноска. Пункт 7 – в редакции приказа и.о. Министра транспорта РК от 24.11.2023 № 94 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7-1. Несоответствие заявителя квалификационным требованиям, установленным пунктом 7 настоящих Правил, является основанием для отказа допуска авиакомпании к выполнению внутренних регулярных коммерческих перевозок.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 7-1 в соответствии с приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 21.06.2017 № 366 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

3. Документы, подтверждающие соответствие квалификационным
требованиям для допуска авиакомпаний к выполнению регулярных
внутренних коммерческих воздушных перевозок

      8. Для получения допуска к выполнению региональных (внутриреспубликанских) коммерческих воздушных пассажирских перевозок заявителем предоставляются следующие документы, подтверждающие соответствие авиакомпании квалификационным требованиям, установленным пунктом 7 настоящих Правил:

      1) заявление в произвольной форме, подписанное первым руководителем авиакомпании, с указанием допусков к видам регулярных внутренних коммерческих воздушных перевозок, на которые претендует заявитель, и сведений о наличии действующего сертификата эксплуатанта;

      2) справка о парке воздушных судов с указанием:

      количества собственных и (или) арендованных (находящихся в лизинге) воздушных судов с указанием сроков действия их сертификатов летной годности;

      номера и даты заключения договора на аренду (лизинг) воздушных судов, сроки действия заключенных договоров;

      3) график оборота воздушных судов по установленному авиакомпанией расписанию;

      4) копия соглашения о размещении ресурсов в автоматизированной системе бронирования и продажи авиаперевозок, включая оформление перевозочных документов в электронной и бумажной формах;

      5) копия документа, свидетельствующего о подготовке персонала авиакомпании по размещению ресурсов в автоматизированной системе бронирования и продажи авиаперевозок;

      6) бухгалтерский баланс за последний финансовый год, а также на текущую дату;

      7) аудированная отчетность за последний финансовый год;

      8) справка банка об имеющихся финансовых средствах на счете в национальной или иностранной валютах в количестве, необходимом для обеспечения полетов, в соответствии с предлагаемым расписанием по авиамаршруту (авиамаршрутам) в течение 30 дней без учета дохода, предполагаемого с момента эксплуатации авиамаршрута;

      9) перечень авиамаршрутов, по которым планируется выполнение регулярных полетов, и расчеты расходов на выполнение полетов по авиамаршруту (авиамаршрутам) с учетом планируемой загрузки в соответствии с предлагаемым расписанием по авиамаршруту (авиамаршрутам) в течение тридцати календарных дней;

      10) исключен приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 18.08.2016 № 616 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования);

      11) справка о найме персонала в каждом аэропорту, в которых планируется открытие внутренних регулярных рейсов или копия заключенного договора на наземное обслуживание;

      12) справка с указанием наличия собственного интернет-ресурса, предоставляющего возможность онлайн-бронирования и продажи авиабилетов и/или справка с указанием наличия офисов продаж авиабилетов не менее чем в двух городах, в которые планируется выполнение полетов.

      13) исключен приказом и.о. Министра транспорта РК от 24.11.2023 № 94 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Для выполнения местных (внутриобластных) коммерческих воздушных пассажирских перевозок предоставляются только документы, предусмотренные подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными приказами Министра по инвестициям и развитию РК от 18.08.2016 № 616 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования); и.о. Министра транспорта РК от 24.11.2023 № 94 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

4. Порядок допуска авиакомпаний к выполнению регулярных
внутренних коммерческих воздушных перевозок

      9. Документы, указанные в пункте 8 настоящих Правил, представляются в одном экземпляре, в прошитом виде, с пронумерованными страницами, последняя страница заверяется печатью юридического лица (авиакомпании).

      Уполномоченный орган в течение 2 (двух) рабочих дней с момента получения документов заявителя проверяет полноту представленных документов. В случае установления факта неполноты представленных документов, уполномоченный орган в указанные сроки дает письменный мотивированный отказ в дальнейшем рассмотрении документов.

      10. В течение тридцати календарных дней с момента получения документов в уполномоченном органе оценку соответствия заявителя квалификационным требованиям проводит постоянно действующая комиссия, созданная приказом уполномоченного органа (далее – комиссия).

      Количество членов комиссии должно быть нечетным и составлять не менее семи человек. Комиссию возглавляет председатель комиссии, а в его отсутствие - заместитель председателя. Решение комиссии принимается большинством голосов членов, участвующих в заседании, и оформляется протоколом, составляемым секретарем комиссии, который не является членом комиссии.

      В случае равенства голосов, принятым считается решение, за которое проголосовал председатель конкурсной комиссии. Решение комиссии признается легитимным при присутствии на процедуре голосования не менее двух третей от общего количества членов комиссии.

      Председатель комиссии, а в случае его отсутствия заместитель председателя руководят деятельностью комиссии, председательствуют на заседаниях комиссии, планируют работу и осуществляют общий контроль за реализацией ее решений.

      11. Оценка проводится на основании представленных в соответствии с пунктом 8 настоящих Правил документов.

      12. В случае если документы, представленные авиакомпанией, не соответствуют требованиям, указанным в пункте 8 настоящих Правил, то они на основании отрицательного заключения комиссии отклоняются и подлежат возврату уполномоченным органом.

      13. Авиакомпании, чьи заявления отклонены, письменно уведомляются об этом уполномоченным органом не позднее тридцати календарных дней с момента получения заявления уполномоченным органом с указанием причин отказа.

      14. Оформление допуска авиакомпании к видам регулярных внутренних коммерческих воздушных перевозок осуществляется уполномоченным органом на основании положительного заключения комиссии о соответствии авиакомпании квалификационным требованиям, указанным в пункте 7 настоящих Правил.

      Допуск авиакомпании к регулярным внутренним коммерческим воздушным перевозкам оформляется в виде соответствующих отметок в части "В" специального положения сертификата эксплуатанта.

      Информацию о разрешенных для авиакомпании видах регулярных внутренних коммерческих воздушных перевозок уполномоченный орган размещает на своем интернет-ресурсе, а также направляет копию решения уполномоченного органа заявителю в пределах сроков, установленных пунктом 10 настоящих Правил допуска авиакомпаний к выполнению регулярных внутренних коммерческих воздушных перевозок.

      15. При несоблюдении авиакомпанией квалификационных требований, установленных правилами допуска авиакомпаний к выполнению регулярных внутренних коммерческих воздушных перевозок, ранее выданный допуск приостанавливается уполномоченным органом в сфере гражданской авиации до трех месяцев. В случае не устранения нарушений, явившихся основанием для приостановления, в срок, установленный настоящим пунктом, отзывается ранее выданный допуск.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 15 в соответствии с приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 21.06.2017 № 366 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).