Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттарына, тыңдаушыларына олар демалысқа кеткенде азық-түлік сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төлеу нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11461 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 16.08.2022 № 51/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 16.08.2022 № 51/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттарына, тыңдаушыларына олар демалысқа кеткенде азық-түлік сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төлеу нормасы тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алу туралы шартпен айқындалған әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына арналған үлес бағасы және демалыс күндерінің саны негізінде айқындалады деп белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 16.08.2022 № 51/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери-техникалық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықты заңнамада белгілеген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төраға

Н. Әбіқаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________________ Б. Сұлтанов


      2015 жылғы "___" ________

Об утверждении норм выплаты денежной компенсации взамен продовольственного пайка курсантам, слушателям военных, специальных учебных заведений органов национальной безопасности Республики Казахстан при убытии в отпуск

Приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 26 мая 2015 года № 39. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 июня 2015 года № 11461.

      Сноска. Заголовок - в редакции приказа Председателя Комитета национальной безопасности РК от 16.08.2022 № 51/қе (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 77 Закона Республики Казахстан "О специальных государственных органах Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Председателя Комитета национальной безопасности РК от 16.08.2022 № 51/қе (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Установить, что норма выплаты денежной компенсации взамен продовольственного пайка курсантам, слушателям военных, специальных учебных заведений органов национальной безопасности Республики Казахстан при убытии в отпуск определяется исходя из стоимости пайка для курсантов, слушателей военных, специальных учебных заведений, определенной договором о государственных закупках на соответствующий финансовый год, и количества дней отпуска.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Председателя Комитета национальной безопасности РК от 16.08.2022 № 51/қе (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Департаменту военно-технического обеспечения Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

Председатель

Н. Акыбаев

      СОГЛАСОВАН

      Министр финансов

      Республики Казахстан

      ______________ Б. Султанов


      "___" __________ 2015 года