Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 16 тамыздағы № 51/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 тамызда № 29145 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлері таныстырылсын.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
Е. Сагимбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының 2022 жылғы
16 тамыздағы
№ 51/қе бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына, тыңдаушыларына олар демалысқа кеткенде азық-түлік сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төлеу нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 39 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11461 болып тіркелген):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттарына, тыңдаушыларына олар демалысқа кеткенде азық-түлік сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төлеу нормаларын бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттарына, тыңдаушыларына олар демалысқа кеткенде азық-түлік сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төлеу нормасы тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алу туралы шартпен айқындалған әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына арналған үлес бағасы және демалыс күндерінің саны негізінде айқындалады деп белгіленсін.".

      2. "Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне мемлекет есебінен ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 26 тамыздағы № 69 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15747 болып тіркелген):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабы 8-тармағының үшінші бөліміне және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженің 15-тармағы 311) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне ақша төлеу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне мемлекет есебінен ақша төлеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне (бұдан әрі – әскери қызметшілер) ақша төлеу қағидалары Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалар әскери қызметтен шығарылған адамдарға да (мерзімді әскери қызметтен, ҚР азаматтығын тоқтатуға байланысты, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда) ҚР шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін қолданылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен әскери қызметшілерге ақша төлеу тәртібі";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Ішкі қызмет жарғысының 50-тармағына сәйкес баянат (өтініш) істер мен лауазымды қабылдаған немесе мекеме тізімінен шығарылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай лауазымды адамдардың атына ұсынылады:

      1) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) Төрағасына – ҰҚК ведомстволарының бірінші басшылары, "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелерінің және әскери, арнаулы оқу орындарының бастықтары;

      2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелерінің бастықтарына – олардың қарамағындағы әскери қызметшілер және көрсетілген бөлімшелерде бұрын қызмет өткерген әскери қызметтен босатылған адамдар;

      3) ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің әскери қызметшілері мен әскери қызметтен босатылған адамдар, ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының бастықтары;

      4) ҰҚК мемлекеттік мекемелерінің бірінші басшыларына – олардың қарамағындағы әскери қызметшілер және көрсетілген бөлімшелерде бұрын әскери қызмет өткерген әскери қызметтен босатылған адамдар.".

      3. "Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 26 тамыздағы № 70 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15793 болып тіркелген):

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабы 8-тармағының екінші бөлігіне және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженің 15-тармағы 312) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ҰҚО) әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидаларда ҰҚО әскери қызметшісінің отбасы мүшелеріне мыналар жатады:

      1) жұбайы (зайыбы);

      2) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған баланы (балаларды) қоспағанда, баласы (балалары), оның ішінде ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласы (балалары);

      3) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) қоспағанда, жасына қарамастан, ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүгедектігі бар баласы (мүгедектігі бар балалары), оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адам (мүгедектігі бар адамдар).";

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған кезде, сондай-ақ әуе көлігімен тасымалдау қажеттігі туралы денсаулық сақтау ұйымының немесе әскери – дәрігерлік комиссияның қорытындысы болғанда;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Курсанттардың, кадеттердің жəне мерзімді әскери қызметтегі əскери қызметшілердің отбасы мүшелерін қоспағанда, ҰҚО əскери қызметшілерінің отбасы мүшелері әуе көлігімен мемлекет есебінен əскери қызметші басқа жергілікті жерге ауысқан жағдайда жол жүреді, егер:

      1) жол жүру қашықтығы 1500 (бір мың бес жүз) шақырымнан асса;

      2) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) қоспағанда, жасына қарамастан, ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүгедектігі бар баласы (мүгедектігі бар балалары), оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адам (мүгедектігі бар адамдар) болса;

      3) әуе көлігімен жол жүру құны теміржол көлігімен жол жүру құнына тең немесе одан төмен болса, ол жоқ болған кезде – теңіз, өзен және автомобиль көлігімен, ал бірнеше көлік түрлерімен жүру кезінде – сол көлік түрлерінің барлық жол жүру құны тең болса.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады