Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 17.12.2024 № 803/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1–тармағының 6) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9808 болып тіркелген, газетіне 2014 жылғы 22 қазандағы № 206 (27827) "Казахстанская правда" газетіне жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесіне:
13–тармақ жана редакцияда жазылсын:
"13. Міндеті: байланыс, пошта саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, байланыс, пошта саласындағы қызметтерді ұсынатын немесе оларды пайдаланатын адамдардың қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу;
Функциялары:
1) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөлу және пайдалану;
2) радиожиілік спектрін жоспарлау және тиімді пайдалану;
3) байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
4) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауын тексеруді жүргізу;
5) радиобақылауды, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануын және байланыс қызметтерін көрсететін лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауын тексеруді жүргізуге қатысты құжаттардың (хаттамалардың, ұйғарымдардың, тексеру тағайындау туралы актілердің) нысандарын әзірлеу;
6) азаматтық пайдаланушыларға радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттарды бөлу, иелікке беру, шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;
7) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілерін байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін тиісті үлгіде ресімделген техникалық тапсырманы және қызметтік куәлікті көрсету арқылы кіру;
8) пайдалану құқығына рұқсаты болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
9) адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін байланыс желілері технологиялық жабдығын пайдалану, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жекелеген байланыс құралдарының немесе байланыс желілерінің жұмысындағы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар жіберу;
10) ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тізімдерінн жүргізу;
11) импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кірістірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру;
12) бөлінетін жиілік жолақтарын, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
13) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиожиілік спектрін пайдалануға, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды іске қосуға рұқсаттар беру;
14) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтата тұру;
15) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру;
16) нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін жүргізу;
17) байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзірлеу;
18) радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
19) азаматтық мақсаттағы иелікке берілген радиожиiлiктер белдеулерiнің электрондық дерекқорын жүргізу;
20) Қазақстан Республикасындағы электромагниттік жағдайды көрсететін радиожиілік спектрінің республикалық дерекқорын жүргізу;
21) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысына байланыс саласындағы бақылауды жүзеге асыру;
22) Уәкілетті орган Ұлттық пошта операторының пошта байланысы қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға қатысу;
23) почта байланысы қызметтерін көрсету жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
24) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;
25) Байланыс саласында техникалық регламенттерді әзірлеу;
26) почта төлемі белгілерінің мемлекеттік коллекциясын қалыптастыру;
27) Ұлттық почта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында почта байланысының өндірістік объектілеріне почталық индекстер беруді жүзеге асыру;
28) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жартыжылдық тексеру жоспарларын әзірлеуді жүзеге асыру;
29) радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ шетелден әкелу қағидаларын әзірлеу;
30) байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және өтініш берушінің сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін әзірлеу.";
14–тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"14. Міндеттері: ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және қызметті мемлекеттік реттеу;
Функциялары:
1) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу;
2) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалардың әзірленуін ұйымдастыру, ақпараттандыру саласын дамытудың және жетілдіруінің негізгі бағыттары мен басымдылықтарын жүзеге асыру, оның қолдану сапасын, қол жетімділігін және тұрақтылығын арттыру;
3) инвестициялар тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіруді жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйелерін және электрондық ақпараттық ресурстарды тіркеуді жүзеге асыру;
5) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын мемлекеттік ақпараттық жүйелердің, аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық құжаттама (техникалық тапсырма, техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық ерекшелік) талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
6) орталық мемлекеттік органдардың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының интернет-ресурстарының жұмыс істеуін және мемлекеттік қызметтер көрсетудің автоматтандырылуын бақылауды жүзеге асыру;
7) мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдастырылған мемлекеттік ақпараттық және мемлекеттік емес жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптары мен стандарттарға сәйкестігін аттестаттау;
8) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалануға (өнеркәсіптік пайдалануға) қабылдау жөніндегі іс-шараларға қатысу;
9) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының және ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен дұрыстығын растау қағидаларын әзірлеу;
10) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, оның ішінде оларға енгізілетін өзгерістердің техникалық-экономикалық негіздемесіне, техникалық ерекшелігіне және техникалық тапсырмасына сараптама жүргізу;
11) тіркеу орындарын айқындау, Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және бөлу тәртібін әзірлеу;
12) жылына кемінде бір рет депозитарий жүргізуді тексеру;
13) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету;
14) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысына ақпараттандыру саласындағы бақылауды жүзеге асыру;
15) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтау тұрғысынан электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы бақылауды жүзеге асыру;
16) ақпараттандыру саласында техникалық регламенттерді әзірлеу;
17) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын бағалау әдістемесін әзірлеу;
18) мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын және ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;
19) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды және ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін әзірлеу;
20) ақпараттық жүйелерге, ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларға сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша аудит жүргізу тәртібін әзірлеу;
21) куәландырушы орталықтың үлгі ережесін әзірлеу;
22) бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру қағидаларын әзірлеу;
23) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидаларын әзірлеу.";
16–тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"16. Міндеттері: табиғи монополиялар саласында және телекоммуникация мен почта байланысының әмбебап қызметтері саласындағы реттелетін нарықтарда мемлекеттік саясатты іске асыру мен мемлекеттік реттеу және бақылау.
Функциялары:
1) табиғи монополиялар және телекоммуникация саласында мен почта байланысының әмбебап қызметтері саласында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылауға қатысу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникация және почта байланысы қызметтері нарығында басым (монополиялық) жағдайдағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды мемлекеттік реттеуге қатысу;
3) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) және инфрақұрылымға кемсітушіліксіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;
4) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) бекіту;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кабелдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру бағаларын (тарифтерін) реттеуге қатысу;
6) телекоммуникация және почта байланысының әмбебап қызметтері саласындағы табиғи монополиялар салаларында тарифті (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) бекіту;
7) телекоммуникациялар және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласында реттелiп көрсетiлетiн қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша кірістерді және шығындарды, қолданыстағы активтерді бөлек есепке алуды жүргізу тәртібін әзірлеу;
8) телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін бекіту;
9) телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын әзірлеу;
10) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту;
11) жарғылық капиталына мемлекет және олармен үлестес тұлғалар қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің штат кестесін белгіленген тәртіппен келісуді жүзеге асыру;
12) жарғылық капиталына мемлекет және олармен үлестес тұлғалар қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейін белгіленген тәртіппен келісуді жүзеге асыру;
13) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдары құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеу мен басқа да қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келісуді жүзеге асыру;
14) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеуін бақылау;
15) телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің бағалау мониторингісін жүзеге асыру.";
17–тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"17. Міндеттері: телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және қызметті мемлекеттік реттеу;
Функциялары:
1) телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
2) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
3) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
4) Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
5) телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия құрамына ережелер әзірлеу және ұсыныс енгізу;
6) отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
7) цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату бөлігінде телерадио хабарларын таратушы ұлттық оператордың қызметін үйлестіру;
8) мемлекеттік техникалық қызметтің жұмысын үйлестіру;
9) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;
10) телерадио хабарларын тарату және байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
11) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық сипаттамаларының және ұлттық телерадио хабарларын тарату стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
12) телерадио хабарларын тарату құралдарына қойылатын техникалық талаптарды сақтау бөлігіндегі Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телерадио хабарларын тарату саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
14) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;
15) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;
16) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиілікті (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын әзірлеу.";
18–тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"18. Міндеттері: өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Функциялары:
1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру;
2) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін және олардың көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылын үйлестіру;
3) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын әзірлеу;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттын және регламентін әзірлеу;
7) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы қызметінің қағидаларын әзірлеу;
8) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;
9) бір өтініш негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесін әзірлеу;
10) автоматтандырылуға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрықты бекіту;
11) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
12) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу;
13) халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидаларын әзірлеу;
14) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын әзірлеу;
15) оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оларды электрондық нысанға көшіру мерзімдерін әзірлеу.";
27–тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) Комитеттің Құқықтық басқармасына жетекшілік етеді.";
32–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Комитеттің қарамағындағы аймақтық органдардың тізбесі осы ереженің 1–қосымшасында келтірілген.";
мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:
"32-1 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің қарамағындағы мекемелер тізбесі осы ереженің 2–қосымшасында келтірілген.";
қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму министрлігінің Байланыс,
ақпараттандыру және ақпарат комитеті"
республикалық мемлекеттік мекемесінің
ережесіне № 1 қосымша";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2–қосымшамен толықтырылсын.".
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрінің міндетін атқарушы | А. Рау |
Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті қарамағындағы мекемелер тiзбесi
1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Талдау және ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. Акционерлік қоғамдар:
1) "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы;
2) "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы;
3) "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы;
4) "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамы;
5) "Казахстанская правда" республикалық газеті" акционерлік қоғамы;
6) "Казконтент" акционерлік қоғамы.
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
1) "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2) "Жас өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
3) "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
4) "Жалын" журналы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
5) "Қазақпарт" халықаралық ақпараттық агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.