"Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 509 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 шілдеде № 11579 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 900 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.12.2018 № 900 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 3 маусым

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 509 бұйрығымен
бекітілген

"Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету
органының сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап:

      аэронавигациялық ұйымның бір әуе қозғалысына қызмет көрсету органына сертификат беру – 33 (отыз үш) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.09.2016 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің сертификаты (сертификаттың телнұсқасын) немесе мемлекеттік қызметті көрсету кезінде немесе негіздеме осы мемлекеттік қызмет Стандарттарының 10-шы тармағына сәйкес бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – қызмет алушы).

      Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің сертификаты үшін алым төлемі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.

      Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдығын және байланысын пайдалану қызметін сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері санатына байланысты:

      1) 201 адам және одан көп – алым төленетін күні қолданыстағы 435 айлық есептік көрсеткішті;

      2) 101 адамнан 200 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 324 айлық есептік көрсеткішті;

      3) 51 адамнан 100 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 313 айлық есептік көрсеткішті;

      4) 21 адамнан 50 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 302 айлық есептік көрсеткішті;

      5) 11 адамнан 20 адамға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 190 айлық есептік көрсеткішті;

      6) 10 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 180 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      Сертификаттау көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

      Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, қызмет берушінің арыз қабылдау және нәтижелерді беру, сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

      Қабылдау және нәтижелерді беру алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жарғының көшірмесі;

      3) жылдық аудиттелген қаржылық есептілігі;

      4) әуе қозғалысына қызмет көрсету органы және (немесе) аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі бағыныштылығының көрсетілуін қамтитын ұйымдық құрылымы;

      5) әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және (немесе) аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің штаттық кестесі және персоналмен жасақталуы туралы мәліметтер;

      6) Әуе қозғалысына қызмет көрсету органы және (немесе) аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі туралы ереже;

      7) құрамына әуе қозғалысына қызмет көрсету органы және (немесе) аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі кіретін аэронавигациялық ұйымның басшылық құрамы туралы мәліметтер, басшылық құрамның білімі және жұмыс тәжірибесі туралы тиісті құжаттар көшірмелері;

      8) аэронавигациялық ұйымның кемінде 3 жыл кезеңге арналған бекітілген даму жоспары;

      9) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамасының талаптарына сәйкес сақтандыру міндеттемелері туралы мәліметтер;

      10) персоналдың біліктілігін арттыру бойынша техникалық оқуды және курстарды жоспарлауды, өткізуді растайтын құжаттама;

      11) ӘҚҚК бұзылуына байланысты күтпеген жағдайларға арналған іс-шаралар жоспары;

      12) соңғы жылдағы инспекциялық тексеру актілерінің көшірмелері;

      13) салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, сертификаттау жүргізгені үшін мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем тапсырмасы данасының көшірмесі;

      14) әуе қозғалысына қызмет көрсету органының ұшу басшылары, аға диспетчерлері, авиациялық станция операторлары, нұсқаушы және диспетчерлік құрамы туралы мәліметтер, олар мыналарды қамтиды:

      лауазымы;

      тегі, аты, әкесінің аты;

      лауазымы;

      тегі, аты, әкесінің аты;

      алғашқы даярлығы;

      диспетчер, оператор куәлігінің класы, нөмірі, қолданылу мерзімі, кім берген;

      дербес жұмыс жасауға рұқсат беру;

      диспетчерді, операторды медициналық куәландыру, куәліктерінің қолданылу мерзімі;

      байланысты ағылшын тілінде жүргізуге рұқсат беру, бітіргені туралы құжат нөмірі, кім және қашан берген;

      мамандығы бойынша біліктілігін арттырудың соңғы курстары;

      ағылшын тілі бойынша біліктілігін арттырудың соңғы курстары;

      тренажерлық даярлықтан өту (авария жағдайында, байланыс істен шыққанда және күтпеген мән-жайларда іс-қимыл жасауға оқыту және дағдыларын қолдау);

      жұмыс өтілі;

      жасы;

      15) диспетчер, оператор жұмысы технологиясының көшірмелері (сертификаттау объектісінің қолда бар әрбір пункті үшін);

      16) жауапкершілік аймақтарының, әуе трассаларының, жергілікті әуе желілерінің, әуе қозғалысына қызмет көрсету секторларының шекаралары белгіленген әуе кеңістігі құрылымының картасы;

      17) соңғы жылдағы әуе трассаларындағы (жауапкершілік ауданында) әуе қозғалысының қарқындылығы және әуе қозғалысына қызмет көрсету секторларының (аймақтарының) өткізу қабілеті туралы анықтама;

      18) соңғы жылдағы әуе қозғалысына қызмет көрсету ұйымының және қауіпсіздік жай-күйінің талдауы.

      Ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

      Көрсетілетін қызметті алушы аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органы сертификатының телнұсқасын алу үшін қажетті негіздемені қоса отырып, еркін нысандағы өтініш ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты, тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.09.2016 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      10. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органы сертификаттық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздеме болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: caa@mid.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 75-48-02.

      Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz ("Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-45-89, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Аэронавигациялық ұйымның әуе
қозғалысына қызмет көрсету органының
сертификатын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету
органының сертификатын алуға арналған өтінім

      __________________________________________________________ мақсатында

      (сертификат алу)

      _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы, БСН-і, мекенжайы)

      __________________________________ сертификаттау жүргізуді сұраймын.

      Аэронавигациялық қызметтің мәлімделген түрі (кіші түрі):

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      өтініш беруші:

      - сертификаттау рәсімдерін орындауға;

      - қойылатын сертификаттық талаптарға cай болуға;

      - өтініш беруші әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі

      саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік

      құқықтық актілерінің талаптарын мойындайды және оларды орындауға,

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға аэронавигациялық

      қызмет көрсетуге бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруына мүмкіндік

      беруге міндеттенеді.

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы/ қолы/ Т.А.Ә./күні)

      М.О.

Об утверждении стандарта государственной услуги "Выдача сертификата органа обслуживания воздушного движения аэронавигационной организации"

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 509. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 июля 2015 года № 11579. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 декабря 2018 года № 900 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 21.12.2018 № 900 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования)

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый стандарт государственной услуги "Выдача сертификата органа обслуживания воздушного движения аэронавигационной организации".

      2. Комитету гражданской авиации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Сейдахметов Б.К.) обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан Қасымбек Ж.М.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

Министр


по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

А. Исекешев

      "СОГЛАСОВАНО":

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      _____________ Е. Досаев

      3 июня 2015 года



  Утвержден
приказом Министра по инвестициям и
развитию Республики Казахстан
от 28 апреля 2015 года № 509

Стандарт государственной услуги
"Выдача сертификата органа обслуживания воздушного движения
аэронавигационной организации"
1. Общие положения

      1. Государственная услуга "Выдача сертификата органа обслуживания воздушного движения аэронавигационной организации" (далее – государственная услуга).

      2. Стандарт государственной услуги разработан Министерством по инвестициям и развитию Республики Казахстан (далее – Министерство).

      3. Государственная услуга оказывается Комитетом гражданской авиации Министерства (далее – услугодатель).

      Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются через канцелярию услугодателя.

2. Порядок оказания государственной услуги

      4. Сроки оказания государственной услуги:

      1) с момента сдачи пакета документов услугодателю:

      выдача сертификата – 33 (тридцать три) рабочих дня для одного органа обслуживания воздушного движения аэронавигационной организации;

      2) максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов услугополучателем – 20 минут;

      3) максимально допустимое время обслуживания услугополучателя – 30 минут.

      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 28.09.2016 № 687 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      5. Форма оказания государственной услуги: бумажная.

      6. Результат оказания государственной услуги – сертификат службы обслуживания воздушного движения аэронавигационной организации либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги в случаях и по основаниям, предусмотренным пунктом 10 настоящего стандарта государственной услуги.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: бумажная.

      7. Государственная услуга оказывается на платной основе юридическим лицам (далее - услугополучатель).

      Оплата сбора за сертификат службы обслуживания воздушного движения аэронавигационной организации осуществляется в порядке и размерах, определяемых Кодексом Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс).

      Ставки сбора за сертификацию службы эксплуатации радиотехнического оборудования и связи аэронавигационной организации в зависимости от категорий, составляют:

      1) от 201 человека и выше – 435 месячных расчетных показателя, действующих на дату уплаты сбора;

      2) от 101 до 200 человек – 324 месячных расчетных показателя, действующих на дату уплаты сбора;

      3) от 51 до 100 человек – 313 месячных расчетных показателя, действующих на дату уплаты сбора;

      4) от 21 до 50 человек – 302 месячных расчетных показателя, действующих на дату уплаты сбора;

      5) от 11 до 20 человек – 190 месячных расчетных показателя, действующих на дату уплаты сбора;

      6) до 10 человек – 180 месячных расчетных показателя, действующих на дату уплаты сбора.

      Сертификация осуществляется после уплаты в бюджет указанного сбора по месту нахождения услугополучателя.

      Оплата сбора осуществляются в наличной и безналичной форме через банки второго уровня и организации.

      8. График работы услугодателя: с понедельника по пятницу включительно с 9.00 до 18.30 часов, с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов, кроме выходных (суббота и воскресенье) и праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан.

      Прием заявления и выдача результата оказания государственных услуг осуществляется с 9.00 часов до 17.30 часов, с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов.

      Государственная услуга оказывается в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания.

      9. Перечень документов необходимых для оказания государственной услуги при обращении услугополучателя (либо его представителя по доверенности) к услугодателю:

      1) заявление по форме согласно приложению к настоящему стандарту государственной услуги;

      2) копия устава;

      3) годовая аудированная финансовая отчетность;

      4) организационная структура, включающая указание подчиненности органа обслуживания воздушного движения и (или) службы эксплуатации радиотехнического оборудования и связи аэронавигационной организации;

      5) штатное расписание и сведения об укомплектованности персоналом органа обслуживания воздушного движения и (или) службы эксплуатации радиотехнического оборудования и связи аэронавигационной организации;

      6) Положение об органе обслуживания воздушного движения и (или) службе эксплуатации радиотехнического оборудования и связи аэронавигационной организации;

      7) сведения о руководящем составе аэронавигационной организации, в состав которой входит орган обслуживания воздушного движения и (или) служба эксплуатации радиотехнического оборудования и связи, копии соответствующих документов об образовании и опыте работы руководящего состава;

      8) утвержденный план развития аэронавигационной организации на период не менее 3 лет;

      9) сведения по страховым обязательствам в соответствии с требованием законодательства Республики Казахстан об обязательных видах страхования;

      10) документация, подтверждающая планирование, проведение технической учебы и курсов повышение квалификации персонала;

      11) план мероприятий на случай непредвиденных обстоятельств в связи с нарушением обслуживания воздушного движения;

      12) копии актов инспекционных проверок за последний год;

      13) копии экземпляра платежного поручения, подтверждающий факт уплаты государственной пошлины за проведение сертификации, с предоставлением оригинала для сверки;

      14) сведения о руководителях полетов, старших диспетчерах, операторах авиационных станций, инструкторском и диспетчерском составе органа обслуживания воздушного движения, включающие:

      должность;

      фамилия, имя, отчество (при наличии);

      первичная подготовка;

      класс, номер, срок действия свидетельства диспетчера, оператора, кем выдано;

      допуск к самостоятельной работе;

      медицинское освидетельствование, срок действия свидетельства диспетчера, оператора;

      допуск к ведению связи на английском языке, номер документа об окончании, кем и когда выдан;

      последние курсы повышения квалификации по специальности;

      последние курсы повышения квалификации по английскому языку;

      прохождение тренажерной подготовки (обучение и поддержание навыков по действиям в аварийной обстановке, при отказе связи и в непредвиденных обстоятельствах);

      стаж работы;

      возраст;

      15) копии технологии работы диспетчера, оператора (для каждого имеющегося пункта объекта сертификации);

      16) карта структуры воздушного пространства с нанесением на нее границ зон ответственности, воздушных трасс, местных воздушных линий, секторов обслуживания воздушного движения;

      17) справка об интенсивности воздушного движения на воздушных трассах (в районе ответственности) за последний год и пропускной способности секторов (зон) обслуживания воздушного движения;

      18) анализ организации и состояния безопасности обслуживания воздушного движения за последний год.

      Примечание: *свидетельство о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридического лица (филиала, представительства), выданное до введения в действие Закона Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств", является действительным до прекращения деятельности юридического лица.

      При сдаче услугополучателем всех необходимых документов услугодателю подтверждением принятия заявления на бумажном носителе является отметка на его копии с указанием даты его получения, фамилии, имени, отчества (при наличии) и времени приема пакета документов.

      Сноска. Пункт 9 с изменением, внесенным приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 28.09.2016 № 687 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      10. Основанием для отказа в оказании государственной услуги является, если орган обслуживания воздушного движения аэронавигационной организации не соответствуют требованиям предусморенные Правилами сертификации и выдачи сертификата органа обслуживания воздушного движения и (или) службы эксплуатации радиотехнического оборудования и связи аэронавигационной организации, а также Сертификационных требований, предъявляемых к органам обслуживания воздушного движения и (или) службам эксплуатации радиотехнического оборудования и связи аэронавигационной организации, утвержденные приказом и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 6 февраля 2015 года № 117, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10452.

3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия)
услугодателя и (или) его должностных лиц по вопросам оказания
государственных услуг

      11. Обжалование решений, действий (бездействий) услугодателя и (или) его должностных лиц по вопросам оказания государственных услуг: жалоба подается на имя руководителя услугодателя по адресу, указанному в пункте 12 настоящего стандарта государственной услуги, либо на имя руководителя Министерства по адресу: 010000, город Астана, проспект Кабанбай батыра 32/1, адрес электронной почты: caa@mid.gov.kz, телефон приемной: 8 (7172) 75-48-02.

      Жалоба подается в письменной форме по почте либо нарочно через канцелярию услугодателя или Министерства в рабочие дни.

      Подтверждением принятия жалобы является ее регистрация (штамп, входящий номер и дата) в канцелярии услугодателя или Министерства, с указанием фамилии и инициалов лица, принявшего жалобу, срока и места получения ответа на поданную жалобу.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя или Министерства, подлежит рассмотрению в течение пяти рабочих дней со дня ее регистрации.

      В случае несогласия с результатами оказанной государственной услуги услугополучатель может обратиться с жалобой в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение пятнадцати рабочих дней со дня ее регистрации.

      В жалобе юридического лица указывается его наименование, почтовый адрес, исходящий номер и дата. Жалоба должна быть подписана услугополучателем.

      12. В случаях несогласия с результатами оказанной государственной услуги, услугополучатель обращается в суд в установленном законодательством порядке Республики Казахстан.

4. Иные требования с учетом особенностей оказания
государственной услуги

      13. Адреса мест оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсе услугодателя: www.mid.gov.kz, (в подразделе "Государственные услуги" раздела "Комитет гражданской авиации").

      14. Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг.

      15. Контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания государственной услуги: 8 (7172) 75 45 89, единый контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг: 1414.

  Приложение
к стандарту государственной услуги
"Выдача сертификата органа
обслуживания воздушного движения
аэронавигационной организации"

      Форма

      Кому:__________________

      __________________

      (Уполномоченный орган

      в сфере гражданской авиации)

Заявление
на получение сертификата
органа обслуживания воздушного движения
аэронавигационной организации

      Прошу провести сертификацию _________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (полное наименование заявителя, БИН, адрес)

      с целью _____________________________________________________________

      (получения сертификата)

      Заявленный вид (подвид) аэронавигационного обслуживания:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      заявитель обязуется:

      выполнять процедуры сертификации;

      отвечать предъявляемым сертификационным требованиям;

      заявитель признает и обязуется выполнять требования законодательства

      Республики Казахстан и нормативных правовых актов в сфере

      использования воздушного пространства и деятельности авиации,

      предоставлять возможность уполномоченному органу в сфере гражданской

      авиации осуществлять контроль и надзор за предоставлением

      аэронавигационного обслуживания.

      _____________________________________________________________________

      (должность/ подпись/ Ф.И.О./дата)

      М.П.