Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйекте № 687 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 5 желтоқсанда № 14480 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 900 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.12.2018 № 900 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 509 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11579 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап:

      аэронавигациялық ұйымның бір әуе қозғалысына қызмет көрсету органына сертификат беру – 33 (отыз үш) жұмыс күні;";

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жарғының көшірмесі;";

      2) "Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметіне сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 510 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11583 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметіне сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап:

      аэронавигациялық ұйымның бір радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметіне сертификат беру – 33 (отыз үш) жұмыс күні;";

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жарғының көшірмесі;";

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне (Б. К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ж. Қасымбек


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ К. Бишімбаев

      2016 жылғы 4 қараша



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады