Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 410 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 шілдеде № 11607 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № ҚР ДСМ-129 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2022 № ҚР ДСМ-129 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1-бабының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 410 бұйрығымен бекітілген

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау
ұйымдарының басшыларын аттестаттаудан өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және оны өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Аттестаттауға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары (бұдан әрі - аттестатталатын адамдар) жатады.

      3. Аттестаттау аттестатталатын адамдардың кәсіби даярлық деңгейі мен оларға жүктелген лауазымдық міндеттерін уақтылы және сапалы, тиісті деңгейде орындау қабілетін айқындау болып табылады.

      4. Аттестаттау бірқатар дәйекті кезеңді қамтиды:

      1) аттестаттау өткізуге дайындық;

      2) аттестаттауға жататын аттестатталатын адамдарды тестілеу;

      3) аттестаттау комиссиясы өткізетін аттестатталатын адамдармен әңгімелесу;

      4) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы.

      5. Жүкті әйелдер аттестаттаудан өтпейді.

2. Аттестаттау өткізу тәртібі

      6. Аттестаттау өткізуді лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар тұлғаның тапсырмасы бойынша персоналды басқару қызметі ұйымдастырады.

      7. Лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар тұлға персоналды басқару қызметінің ұсынысы бойынша аттестатталуға тиіс адамдардың тізімі бекітіліп, аттестаттау өткізу мерзімі мен аттестаттау комиссиясының құрамы, сондай-ақ оның жұмыс кестесі белгіленетін бұйрық шығарады.

      8. Персоналды басқару қызметі аттестатталуға тиіс адамдарды аттестаттау өткізу мерзімі туралы оның өткізілуіне дейін кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етеді.

      9. Аттестатталуға тиіс адамның тікелей басшысы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қызметтік мінездемені ресімдеп, оны персоналды басқару қызметіне жолдайды.

      10. Қызметтік мінездеме аттестатталатын адамның кәсіби, жеке басының қасиеттері мен қызметтік іс-әрекеті нәтижелерінің негізделген бағасын қамтуға тиіс.

      11. Персоналды басқару қызметі аттестатталатын қызметшіні аттестаттау комиссиясының отырысына дейін үш апта мерзімнен кешіктірмей оған берілген қызметтік мінездемемен таныстырады.

      12. Аттестатталатын қызметшіге персоналды басқару қызметі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аттестаттау парағын ресімдейді.

      13. Персоналды басқару қызметі жинақталған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына жолдайды.

      14. Аттестатталуға тиіс аттестатталатын адамдардың аттестаттаудан өту мәселелерін аттестатталатын адамдарды лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар тұлға (бұдан әрі - лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар тұлға) шешеді.

      15. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауды аттестатталатын адамның қатысуымен өткізеді.

      16. Тестілеуден өтуде шекті мәннен төмен баға алған аттестатталатын адам әңгімелесуге жіберілмейді.

      Бұл ретте аттестатталатын адамға қайта тестілеуден өту құқығы беріледі.

      Егер қайта тестілеуден өту кезінде аттестатталатын адам тағы да шекті мәннен төмен баға алса, аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) қайтадан аттестатталуға тиіс;

      2) атқаратын лауазымына сәйкес емес.

      Аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелді себептермен қатыспаған аттестатталатын адам, жұмысқа шыққаннан кейін аттестаттаудан өтеді.

      17. Аттестаттау комиссиясы табыс етілген материалдарды зерделеп және тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен емес баға алған аттестатталатын адаммен әңгімелескеннен кейін мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес;

      2) қайтадан аттестатталуға тиіс;

      3) атқаратын лауазымына сәйкес емес.

      18. Тестілеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ұйымдастыру-кадрлық жұмыс басқармасы (бұдан әрі - персоналды басқару қызметі) ұйымдастырады.

      Персоналды басқару қызметінің жұмыскері тестілеу әкімшісі (бұдан әрі - әкімші) болып табылады.

      19. Тестілеуді өткізудің объективтілігі жағдайлардың, уақыттың, нәтижелерді есептеудің және тестердің мазмұнының стандарттылығымен қамтамасыз етіледі.

      20. Тестілеуге заңнаманы білу тесті жатады.

      21. Тестілеу қызметкердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.

      22. Персоналды басқару қызметі тестілеуге жіберілетін аттестатталатын адамдардың тізімін дайындайды.

      23. Тізім мынадай мәліметтерді: жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда), атқаратын лауазымын қамтиды.

      24. Персоналды басқару қызметі үш жұмыс күні ішінде тестілеуден өтуге жататын аттестатталатын адамдарды тестілеу өткізудің күні, орны мен уақыты, туралы хабардар етеді.

      25. Тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен баға алған аттестатталатын адамдар қайта тестілеуден алдыңғы аттестаттау өткізілген күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде өтеді.

      26. Тестілеуге жеке куәлігі немесе паспорты бар аттестатталатын адамдар жіберіледі.

      27. Тестілеу басталғанға дейін әкімші нұсқама өткізеді.

      28. Тестілеу кезінде өзін нашар сезінген аттестатталатын адам ол туралы әкімшіге тестілеу өткізу басталғанға дейін хабарлайды. Бұл жағдайда мұндай адамдарды тестілеу осы күні басқа уақытта немесе басқа күні өткізіледі.

      29. Тестерді орындау уақыты 100 минутты (100 сұрақты) қамтиды.

      30. Тестерді орындауға берілген уақыт біткенде, бағдарлама автоматты түрде жабылады.

      31. Тест бойынша шекті мәндер 100 сұрақтан 70 дұрыс жауапты құрайды.

      32. Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.

      33. Тестілеу аяқталғаннан кейін қызметкерлерге әкімшінің қолы қойылған тестілеу нәтижелері беріледі.

      Тестілеу нәтижелерінің екінші данасы қызметкердің аттестаттау материалдарына тіркеледі.

      34. Аттестаттау комиссиясының шешімі аттестаттау комиссиясының қарауы бойынша ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы қабылданады.

      35. Қайта аттестаттау алдыңғы аттестаттау өткізілген күннен бастап алты айдан кейін өткізіледі. Алдыңғы аттестаттауда тестілеуден өткен кезде шекті мәннен жоғары баға алған аттестатталатын адам қайта аттестаттау кезінде әңгімелесуге қайта тестілеуден өткізілмей жіберіледі.

      Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттау өткізіп, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес;

      2) атқаратын лауазымына сәйкес емес.

      Алдыңғы аттестаттауда тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен баға алған аттестатталатын адамға қайта аттестаттаудан өту кезінде тестілеуден өту құқығы бір рет қана беріледі. Аттестатталатын адам осы тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен баға алса, аттестаттау комиссиясы атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылдайды.

      36. Аттестаттау комиссиясының шешімдері оның отырысына қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелері мен хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді.

      37. Отырысты өткізген кезде аттестаттау комиссиясы бейне- немесе аудиожазбаны жүзеге асырады.

      38. Аттестатталатын адам аттестаттау комиссиясының шешімімен таныстырылуы тиіс.

      39. Аттестаттаудан өткен аттестатталатын адамның қызметтік мінездемесі және аттестаттау парағы оның жеке ісінде сақталады.

      40. Аттестаттаудың теріс нәтижелері аттестатталатын адамның еңбек шартын бұзу не лауазымын төмендету үшін негіз болып табылады.

      41. Аттестаттау комиссиясының шешіміне аттестатталушы адам жоғары тұрған лауазымыды адамға немесе сотқа шағым жасай алады.

  Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы қызметті
жүзеге асыратын денсаулық сақтау
ұйымдарының басшыларын аттестаттаудан
өткізу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      _____________________________________________________________________

      (мекенжайы: индекс, қала, көше, үй)

      _____________________________________________________________________

      (ведомствоның деректемелері)

      ________________________

      (күні)

      Қызметтік мінездеме

      _________________________________________ ________________ұйымында

      аттестаталатын адамның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (ұйымның атауы)

      _____________________лауазымында________________бастап жұмыс істейді.

      (лауазымының атауы) (жұмысқа орналасқан күні)

      Кәсіби және жеке басының қасиеттерін бағалау:

Мазмұны

Балдары

(0-5)

1

2

3

1

Бастамашылығы


2

Көшбасшылық қасиеттері және жұмысты ұйымдастыру қабілеті


3

Жауапкершілігі


4

Қызмет этикасын сақтауы


5

Адамдармен тіл табысуы және командада жұмыс істеуі


6

Мемлекеттік тілді білуі


7

Аттестатталатын адамды сипаттайтын басқа да мәліметтер



Құжаттың, іс-шараның атауы

Индикатордың атауы

Бағалау (қол жеткізілмеген-1, ішінара қол жеткізілген-2, қол жеткізілген-3)

1

2

3

4






      Басшы_____________________________/ _____________________________

      (қолы) Т.А.Ә. (бар болса)

      Мінездемемен таныстым:_________________________/_____________________

      (қолы) Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      Мінездемемен келіспеген жағдайдағы негіздеме:________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Ескертпе:

      Аттестатталатын адам бір жұмыс күні ішінде мінездемемен таныстырылуы тиіс. Мінездемемен келіспеген жағдайда аттестатталатын адам келіспеу себебінің жазбаша негіздемелерін келтіруге құқылы.

      Аттестатталатын адамның кәсіптік және тұлғалық құзыреттерін бағалау кестесінде оның қызметіне мінездеме беріледі.

      Қызметі 4 балдық шкала бойынша бағаланады: 5 - өте жақсы, 4 - жақсы, 3 - қанағаттанарлық, 2 — қанағаттанарлықсыз.

      Қызмет этикасының сақталуы:

      5 - жауапкершілік, өзін-өзі ұйымдастыру мен өзінің тәртібін сақтау дәрежесі жоғары.

      4 - еңбек және атқару тәртібі талаптарын сақтайды, тапсырылған барлық жұмысты адал орындауға тырысады.

      3 - еңбек және атқару тәртібінің бұзылуына жол береді, тапсырылған жұмысты орындауға ерекше зейін салып қарамайды.

      2 - ішкі тәртіп пен регламентті жиі бұзады, жұмыста жауапсыздыққа және немқұрайлыққа жол береді.

      Жауапкершілігі мен орындаушылығы:

      5 - жұмысты сапалы, негізінен қатесіз орындайды, орындаған жұмысының мазмұнына сай ақпаратты сауатты баяндай алады. Қарауындағы уақыт пен ресурстарды пайдалана отырып, басым мақсаттарды белгілей алады. 4 - жұмыс сапасы қойылатын талаптарға сай келеді, қателіктер сирек кездеседі. Өз жұмысын жоспарлай және жұмыс уақытын тиімді пайдалана алады. 3 - қателіктер жиі кездеседі, жұмысының нәтижелері тексеру мен түзетуді қажет етеді. Өз жұмысын жоспарлауда және жұмыс уақытын пайдалануда қиындықтар орын алуы мүмкін. 2 - жұмыс сапасы төмен, жұмыс нәтижелері үнемі елеулі түрде қайта қаралады. Жұмысын жоспарлай алмайды.

      Бастамашылдығы:

      5 - өз жұмысында бастамашыл және өзіне қосымша жүктемелерді алады, мәселелерді шешудің жаңа тәжірибелерін, әдістерін зерделейді және қолданады. Күрделі жағдайларда олардың шешімдерін таба алады. 4 - қосымша тапсырмалар мен міндеттемелерді орындауға дайын, өз жұмысын бағалайды және оны жақсартуға тырысады. Ағымдағы жұмыс мәселелерін өз бетінше шеше алады. 3 - бастамашылық көрсетпейді, қосымша тапсырмаларды орындауға тырыспайды, көп жағдайларда мәселелерді басқалардың шешуін күтеді. Қарапайым тапсырмаларды ғана өз бетінше орындай алады. 2 - жұмысқа мүдделілік танытпайды, енжар, басшының нұсқауынсыз әрекет ете алмайды.

      Көшбасшылық қасиеттері және қабілеті:

      5 - қойылған міндеттермен өз бетімен және тиімді жұмыс істей алады. Функционалдық қызмет саласын жетілдіру мен дамытуға қызметкерлерді үнемі бағыттап отырады. Балама әрекет нұсқалары белгісіз не күмәнді болған жағдайларда белгіленген қалыптан тыс басқарушы шешімдерді қабылдауға қабілетті. 4 - жүктелген міндеттерді сапалы орындайды, ағымдағы қызметтің тиімділігін арттыруға қызметкерлерді үнемі бағыт отырады. Күрделі жағдайларда уақтылы шешім қабылдауға, жауапкершілікті өзіне алуға қабілетті. 3 - жұмысты ұйымдастыруы жүктелген функционалдық міндеттерді, тапсырмалар мен іс-шараларды толық және уақтылы орындауына барлық кезде мүмкіндік бермейді. Жұмыстағы кемшіліктерді баяу түзетеді. Мәселелерді шешу кезінде жиі уақыты жетпей қалады. 2 - жұмысында елеулі қателіктер орын алады, мәселелерді шешу бойынша дағдылары жеткіліксіз, күрделі жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс шешім қабылдауға және жауапкершілікті алуға қабілетсіз.

      Мемлекеттік тілді білуі:

      5 - еркін жазады және оқиды. Сөздік қоры мол. Айтылған сөздерді түсінеді және ақпаратты дұрыс қабылдайды. Адамдармен қиналмай сөйлесе алады. 4 - сөйлем құрудың қарапайым құрылымдарын пайдалана отырып, адамдармен сөйлескенде жеңіл түсініседі. Адамдар оның айтқанын түсінеді. Сөздік қоры шектеулі, бірақ ол сөздік қорын тікелей қарым-қатынас үрдісінде толықтыра алады. 3 - кейбір сөздері ғана түсінеді, кез келген тақырып бойынша әңгімелесуге қиналады. Сөйлегенде көптеген қателіктерге жол береді. 2 - мемлекеттік тілді мүлдем білмейді.

      Адамдармен тіл табысуы мен командада жұмыс істеуі:

      5 - басқа қызметкерлермен ынтымақтаса отырып, тиімді жұмыс істейді, өз білімімен және тәжірибесімен бөліседі. 4 - өз қызметін басқалармен үйлестіре алады, іскерлік ынтымақтастыққа дайындығын көрсете біледі, қажет болған жағдайда әріптестеріне көмектеседі. 3 - тек өзінің функциялары мен міндеттеріне баса назар аударады, іскерлік ынтымақтастықтан жалтаруы мүмкін, команданы қолдауға ынта білдірмейді. 2 - басқа қызметкерлермен ынтымақтастыққа ұмтылмайды, командалық жұмысқа қатысудан бас тартады.

      Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметшіні сипаттайтын қосымша мәліметтер көрсетіледі. Осы мәліметтер еркін нысанда, бағалау балынсыз беріледі.

  Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы қызметті
жүзеге асыратын денсаулық сақтау
ұйымдарының басшыларын аттестаттаудан
өткізу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Аттестаттау парағы

      Аттестатталатын адамның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)__________________

      _____________________________________________________________________

      Туған күні___________________________________________________________

      Білімі туралы мәліметтер_____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Біліктілігін арттыру туралы мәліметтер (соңғы 3 жылдағы)_____________

      Лауазымы және тағайындалған (осы лауазымға бекітілген) күні__________

      Жалпы еңбек өтілі____________________________________________________

      Осы лауазымдағы жұмыс өтілі__________________________________________

      Біліктілік санатын беру туралы немесе онсыз маман сертификатының болу

      _____________________________________________________________________

      Тестілеу нәтижелері______________%

      Отырысқа аттестаттау комиссиясының_________________мүшесі қатысты

      Дауыстар саны:

      "атқаратын лауазымына сәйкес келеді/аттестатталды"__________

      "қайта әңгімелесуге жатады"___________

      "атқаратын лауазымына сәйкес келмейді/аттестатталмады"_______________

      Аттестаттау комиссиясының шешімі_____________________________________

      Аттестаттау комиссиясының төрағасы___________________________________

      Аттестаттау комиссиясының хатшысы____________________________________

      Аттестаттау комиссиясының мүшелері:__________________________________

      Аттестаттаудың өткізілген күні 20___жылғы "____"_____________________

      Аттестаттау парағымен таныстым_______________________________________

      (аттестатталатын адамның қолы және күні)

Об утверждении Правил проведения аттестации руководителей организаций здравоохранения, осуществляющих деятельность в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 410. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 июля 2015 года № 11607. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 4 ноября 2022 года № ҚР ДСМ-129.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 04.11.2022 № ҚР ДСМ-129 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 31) статьи 7-1 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения аттестации руководителей организаций здравоохранения, осуществляющих деятельность в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения.

      2. Комитету по защите прав потребителей Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

Министр национальной экономики


Республики Казахстан

Е. Досаев


  Утверждены
приказом Министра
Национальной экономики
Республики Казахстан
от 29 мая 2015 года № 410

Правила
Проведения аттестации руководителей организации
здравоохранения, осуществляющих деятельность в сфере
санитарно-эпидемиологического благополучия населения
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения аттестации руководителей организаций здравоохранения, осуществляющих деятельность в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения (далее - Правила) разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" и определяют порядок ее проведения.

      2. Аттестации подлежат руководители подведомственных организаций ведомства государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения (далее - аттестуемые лица).

      3. Аттестацией является определение уровня профессиональной подготовки аттестуемых лиц и их способности своевременно и качественно, на надлежащем уровне выполнять возложенные на них должностные обязанности.

      4. Аттестация включает в себя ряд последовательных этапов:

      1) подготовка к проведению аттестации;

      2) тестирование аттестуемых лиц, подлежащих аттестации;

      3) собеседование с аттестуемыми лицами, проводимое аттестационной комиссией;

      4) вынесение решения аттестационной комиссией.

      5. Аттестации не подлежат беременные женщины.

2. Порядок проведения аттестации

      6. Проведение аттестации организуется службой управления персоналом по поручению лица, имеющего право назначения на должности и освобождения от должностей.

      7. Лицо, имеющее право назначения на должности и освобождения от должностей, по представлению службы управления персоналом издает приказ, которым утверждается список лиц, подлежащих аттестации, устанавливаются сроки проведения аттестации и состав аттестационной комиссии, а также график ее работы.

      8. Служба управления персоналом письменно уведомляет лиц, подлежащих аттестации, о сроках проведения аттестации не позднее месяца до начала ее проведения.

      9. Непосредственный руководитель лица, подлежащего аттестации, оформляет служебную характеристику, и направляет ее в службу управления персоналом согласно приложению 1 к настоящему приказу.

      10. Служебная характеристика должна содержать обоснованную оценку профессиональных, личностных качеств и результатов служебной деятельности аттестуемого лица.

      11. Служба управления персоналом знакомит аттестуемого лица с представленной на него служебной характеристикой в срок не позднее чем за три недели до заседания аттестационной комиссии.

      12. На аттестуемого служащего службой управления персоналом оформляется аттестационный лист согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      13. Служба управления персоналом направляет собранные

      аттестационные материалы в аттестационную комиссию.

      14. Вопросы прохождения аттестации аттестуемых лиц решаются лицом, имеющим право назначения на должности и освобождения от должностей аттестуемых лиц, подлежащих аттестации (далее - лицо, имеющее право назначения на должности и освобождения от должностей).

      15. Аттестационная комиссия проводит аттестацию в присутствии аттестуемого лица.

      16. Аттестуемое лицо, получившее при прохождении тестирования результаты ниже пороговых значений, к собеседованию не допускается.

      При этом аттестуемому лицу предоставляется право повторного прохождения тестирования.

      Если при повторном прохождении тестирования аттестуемое лицо вновь получена оценка ниже пороговых значений, аттестационная комиссия принимает одно из следующих решений:

      1) подлежит повторной аттестации;

      2) не соответствует занимаемой должности.

      Аттестуемые лица, отсутствовавшие на заседании аттестационной комиссии по уважительным причинам, проходят аттестацию после выхода на работу.

      17. Аттестационная комиссия, изучив представленные материалы и проведя собеседование с аттестуемым лицом, получившим при прохождении тестирования результаты не ниже пороговых значений, принимает одно из следующих решений:

      1) соответствует занимаемой должности;

      2) подлежит повторной аттестации;

      3) не соответствует занимаемой должности.

      18. Тестирование организуется Управлением организационно-кадровой службой Комитета по защите прав потребителей Министерства национальной экономики Республики Казахстан (далее - служба управлением персоналом).

      Работник службы управления персоналом является администратором тестирования (далее - администратор).

      19. Объективность проведения тестирования обеспечивается

      стандартностью условий, времени, подсчета результатов и содержания тестов.

      20. Тестирование включает в себя тест на знание законодательства.

      21. Тестирование проводится на государственном или русском языках по выбору сотрудника.

      22. Службой управления персоналом подготавливают список аттестуемых лиц, направляемых на тестирование.

      23. Список включает следующие сведения: фамилия, имя и отчество (при его наличии), занимаемая должность с указанием индивидуального индификационного номера.

      24. Службой управления персоналом в течение трех рабочих дней уведомляют аттестуемых лиц, подлежащих тестированию, о дате, месте и времени проведения тестирования.

      25. Аттестуемые лица, получившие при прохождении тестирования оценку ниже пороговых значений, проходят повторное тестирование в срок не ранее шести месяцев со дня проведения первоначальной аттестации.

      26. К тестированию допускаются аттестуемые лица, имеющие при себе удостоверение личности или паспорт.

      27. До начала тестирования администратор проводит инструктаж.

      28. Аттестуемые лица, имеющие неудовлетворительное самочувствие на момент тестирования, сообщают об этом администратору до начала проведения тестирования. В этом случае тестирование таких лиц проводится в другое время в течение этого дня либо в другой день.

      29. Время на выполнение тестов составляет 100 минут (100 вопросов).

      30. По истечение времени, отведенного на выполнение тестов, программа автоматически закрывается.

      31. Пороговые значения по тесту составляют 70 правильных ответов из 100 вопросов.

      32. Подсчет правильньгх ответов тестирования проводится

      автоматически, при помощи компьютерной программы.

      33. После завершения тестирования сотрудникам выдаются результаты тестирования с подписью администратора.

      Второй экземпляр результатов тестирования приобщается к аттестационным материалам сотрудника.

      34. Решение аттестационной комиссии принимается открытым или тайным голосованием по усмотрению аттестационной комиссии.

      35. Повторная аттестация проводится через шесть месяцев со дня проведения первоначальной аттестации. При повторной аттестации аттестуемое лицо, получившее при прохождении тестирования при первоначальной аттестации оценку выше пороговых значений, допускается к собеседованию без прохождения повторного тестирования.

      Аттестационная комиссия, проведя повторную аттестацию, принимает одно из следующих решений:

      1) соответствует занимаемой должности;

      2) не соответствует занимаемой должности.

      При повторной аттестации аттестуемое лицо, получившее при прохождении тестирования при первоначальной аттестации оценку ниже пороговых значений, предоставляется право прохождения тестирования только один раз. В случае получения аттестуемым лицом при прохождении данного тестирования оценки ниже пороговых значений аттестационная комиссия принимает решение о несоответствии занимаемой должности.

      36. Решения аттестационной комиссии оформляются протоколом

      который подписывается членами аттестационной комиссии и секретарем,

      присутствовавшими на ее заседании.

      37. При проведении заседания аттестационной комиссии осуществляется видео- или аудиозапись.

      38. Аттестуемое лицо должен быть ознакомлен с решением

      аттестационной комиссии.

      39. Служебная характеристика и аттестационный лист аттестуемого лица, прошедшего аттестацию, хранятся в его личном деле.

      40. Отрицательные результаты аттестации являются основанием для расторжения трудового договора либо понижения в должности аттестуемого лица.

      41. Решение аттестационной комиссии может быть обжаловано аттестуемым лицом вышестоящему должностному лицу или в суд.

  Приложение 1
к Правилам проведения
аттестации руководителей
организаций здравоохранения,
осуществляющих деятельность в
сфере санитарно-эпидемиологического
благополучия населения

      Форма

      _____________________________________________________________________

      (наименование организации)

      _____________________________________________________________________

      (адрес: индекс, город, улица, дом)

      _____________________________________________________________________

      (реквизиты ведомства)

      ___________________

      (дата)

      Служебная характеристика

      ________________________________________ работает в _________________

      Ф.И.О. (при его наличии) аттестуемого лица (наименование организации)

      В должности ____________________________ с __________________________

      (наименование должности) (дата трудоустройства)

      Оценка профессиональных и личных качеств:

Содержание

Баллы (0-5)

1

2

3

1

Инициативность


2

Лидерские качества и способность организовать работу


3

Ответственность


4

Соблюдение служебной этики


5

Коммуникативность и работа в команде


6

Знание государственного языка


7

Другие сведения, характеризующие аттестуемое лицо



Наименование документа, мероприятия

Наименование индикатора

Оценка (недостигнут- 1, частично достигнут - 2, достигнут - 3)

1

2

3

4










      Руководитель___________________/_______________________________

      (подпись) Ф.И.О.(при его наличии)

      С характеристикой ознакомлен (а):

      ________________/______________________________________________

      (подпись) Ф.И.О. (при его наличии)

      Обоснование в случае несогласия с характеристикой:_____________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Примечание:

      Аттестуемое лицо в течение одного рабочего дня должен быть

      ознакомлен с характеристикой. В случае несогласия аттестуемое лицо

      вправе привести письменные обоснования причин несогласия с данной

      характеристикой.

      В таблице по оценке профессиональных и личностных компетенций

      аттестуемого лица дается характеристика его деятельности.

      Деятельность оценивается по 4-х балльной шкале: 5 - отлично,

      4 - хорошо, 3 - удовлетворительно, 2 - неудовлетворительно.

      Соблюдение служебной этики:

      5 - высокая степень ответственности, самоорганизации

      самодисциплины. 4 - следует требованиям трудовой и исполнительской

      дисциплине, старается все сделать добросовестно.

      3 - допускает нарушение трудовой и исполнительской дисциплины,

      к выполнению порученной работы относится без особого старания. 2 -

      часто нарушает внутренние правила и регламенты, проявляет

      безответственность и равнодушие к работе.

      Ответственность и исполнительность:

      5 - выполняет работу качественно, практически без ошибок, умеет

      грамотно излагать информацию по содержанию выполняемой работы. Умеет

      ставить приоритетные цели используя имеющиеся в распоряжении время и

      ресурсы. 4 - качество работы соответствует предъявляемым требованиям,

      ошибки встречаются редко. Умеет планировать свою работу и эффективно

      использовать свое рабочее время. 3 - часто встречаются ошибки,

      результаты работы требуют проверки и исправлений. Имеются затруднения

      в планировании своей работы и использовании рабочего времени. 2

      - низкое качество работы, результаты работы должны постоянно

      существенно переделываться. Не умеет организовать свою работу.

      Инициативность:

      5 - инициативен в своей работе и берет на себя дополнительную

      нагрузку, изучает и применяет новый опыт, методы решения вопросов.

      Умеет находить решение в сложных ситуациях. 4 - готов к выполнению

      дополнительных поручений и обязанностей, оценивает свою работу и

      пытается сделать ее лучше. Умеет самостоятельно решать вопросы

      текущей работы. 3 - слабо выражена инициативность, не стремится

      выполнять дополнительные поручения, в основном ожидает решения

      проблем другими. Самостоятельно справляется только с простыми

      заданиями. 2 - не проявляет заинтересованности к работе, не может

      действовать без указаний руководителя.

      Лидерские качества и способность:

      Организовать работу 5 - может самостоятельно и эффективно

      работать над поставленными задачами. Постоянно нацеливает сотрудников

      на совершенствование и развитие сферы функциональной деятельности

      Способен принимать нестандартные управленческие решения в условиях,

      когда альтернативные варианты действий неясны или сомнительны. 4 -

      выполняет возложенные задачи с хорошим качеством, постоянно

      нацеливает работников на эффективность текущей деятельности. Способен

      своевременно принимать решения в критической ситуации, брать

      ответственность на себя. 3 - организация работы не всегда позволяет

      обеспечить полноту и своевременность исполнения возложенных

      функциональных задач, поручений и мероприятий. Недостатке в работе

      устраняются медленно. При решении проблем часто испытывает дефицит

      времени. 2 - имеются существенные упущения в работе, недостаточные

      навыки решения проблем, при возникновении сложных ситуаций неспособен

      принять правильное решение и ответственность.

      Знание государственного языка:

      5 легко пишет и читает. Имеет большой словарный запас. Понимает

      устную речь и правильно воспринимает информацию. Может эффективно

      общаться. 4 - сравнительно легко изъясняется, используя простые

      структуры построения предложений. Его понимают. Словарный запас

      ограничен, но уже может его пополнять непосредственно в процессе

      общения. 3 - понимает ограниченный набор фраз, очень сложно общаться

      по любой тематике. Допускает множество ошибок в разговорной речи. 2 - совсем не знает языка.

      Коммуникативность и работа в команде:

      5 - эффективно работает во взаимодействии с другими

      сотрудниками, делится своими знаниями и опытом. 4 - умеет

      координировать свою деятельность с другими, проявляет готовность к

      деловому сотрудничеству, при необходимости помогает коллегам.

      3 - сосредотачивается только на своих функциях и обязанностях, может

      уклоняться от необходимого делового сотрудничества, неохотно

      оказывает поддержку команде. 2 - не стремится к сотрудничеству с

      другими сотрудниками, отказывается от участия в командной работе.

      В случае необходимости указываются дополнительные сведения,

      характеризующие государственного служащего. Данные сведения даются в

      произвольной форме, без баллов.

  Приложение 2
к Правилам проведения
аттестации руководителей
организаций здравоохранения,
осуществляющих деятельность в
сфере санитарно-эпидемиологического
благополучия населения

      Форма

      Аттестационный лист

      Ф.И.О.(при его наличии) аттестуемого лица_____________________

      _____________________________________________________________________

      Дата рождения _________________________________________________

      Сведения об образовании________________________________________

      Сведения о повышении квалификации (за последние 3 года)________

      _______________________________________________________________

      Должность и дата назначения (утвержденная на эту должность)____

      Общий трудовой стаж ________

      Стаж работы на данной должности _______________________________

      Наличие сертификата специалиста о присвоении квалификационной

      категории или без таковой __________

      Результаты тестирования ______%

      На заседании присутствовало ____ членов аттестационной комиссии

      Количество голосов:

      "соответствует занимаемой должности/аттестован" _______________

      "подлежит повторному собеседованию" ___________________________

      "не соответствует занимаемой должности/не аттестован" _________

      Решение аттестационной комиссии _______________________________

      Председатель аттестационной комиссии __________________________

      Секретарь аттестационной комиссии _____________________________

      Члены аттестационной комиссии:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Дата проведения аттестации "__" ___________ 20__ год

      С аттестационным листом ознакомлен (а)_________________________

      (подпись аттестуемого

      лица и дата)