"Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 371 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 шілдеде № 11628 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 262 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (С.Е. Жолдасбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Сәрінжіпов


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 9 маусымдағы
№ 371 бұйрығымен бекітілген

"Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) № 11105 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізілімінде тіркелген "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 207 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде жүзеге асырады.

      Құжаттар қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрлігінің 09.10.2017 № 506 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Құжаттарды қабылдауды "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      ғылыми, ғылыми-техникалық жобаға – мемлекеттік тіркеу нөмірімен тіркеу картасы беріледі;

      ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға – шифрымен куәлік беріледі;

      ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды орындау бойынша есептерге – түгендеме нөмірімен ақпараттық карта беріледі;

      ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне – мемлекеттік тіркеу нөмірімен өтінім беріледі.

      4. Осы регламентте қолданылған түсініктер мен қысқартулар:

      - ғылыми, ғылыми-техникалық жоба және бағдарлама – жоспарланған жұмыстарды жүргізудің ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік зерттеулер мақсаты мен міндеті, маңыздылығы, жаңашылдығы, ғылыми-тәжірибелік маңызы мен пайдасы көрсетілген жоспарланған ғылыми-техникалық жұмыстың мазмұны бар құжат;

      - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне (бұдан әрі – ҒТҚН) – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті орындау барысында алынған және кез келген ақпараттық тасымалдағышта тіркелген жаңа білімдер мен шешімдер, ғылыми талдамаларды және технологияларды өндіріске енгізу, сондай-ақ жаңа өнім, материалдар мен заттардың модельдері, макеттері, үлгілері;

      - ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – ҒТБ МТ) – Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджет, олардың орындалуы жөніндегі есептердің есебінен іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың тізбесі.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойнша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарсттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынуы негіз болып табылады.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:

      1) 1-процесс – ғылыми-техникалық бағдарламаларды, ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды, олардың орындалуы жөніндегі есепті және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін есепке алу және тіркеу үшін құжаттар топтамасын қабылдау;

      2) 2-процесс – ұсынылған құжаттар топтамасының тізімге сәйкестігін, тапсырыс берушіге берілген (бар болса), мазмұнын және толтырылуының дұрыстығын, белгіленген заңдылық талаптарына сәйкес, қағаз жүзіндегі және электронды түріндегі тексеру;

      3) 3-процесс:

      - тиісті шифр беру арқылы ҒТБ-ны тіркеуден өткізу және күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде тіркеу туралы куәлік беру және бағдарламаны ҒТБ МТ-ге қосу;

      - ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды мемлекеттік тіркеу нөмірін беру арқылы тіркеуден өткізу және тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде орындаушы ұйымға (орындаушыға) тіркеу картасының бір данасын жіберу:

      - "Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп" ГОСТ 7.32-2001 Халықаралық стандартына (2006 ж. өзгертулер) сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық жобаның орындалуына байланысты есепті тіркеуден өткізу, мемлекеттік тіркеудің түгендеме нөмірін беру және тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде орындаушы-ұйымға (орындаушыға) ақпараттық картаның бір данасын жібереді;

      - ҒТҚН мемлекеттік тіркеу нөмірін беру арқылы тіркеуден өткізу және МТ деректеріне енгізу;

      4) 4-процесс – МТ-ге ақпаратты енгізу: жүзеге асырылған ҒТБ, орындалатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар, орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен ҒТҚН есептері туралы; орындаушы ұйым (орындаушы) туралы деректер, көрсетілетін қызметті беруші берген тіркеу және түгендеу нөмірлері, ғылыми жетекші (жобаның, бағдарламаның, есептің т.б.) туралы ақпарат;

      5) 5-процесс – мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың мемлекеттік есебінің және олардың орындалуы бойынша есептерінің деректері бойынша мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жүзеге асырылады;

      6) 6-процесс – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы қысқаша ақпарат қызметті берушінің интернет-ресурсына салынады;

      7) 1-шарт – тіркелген жобаға түзетулер енгізу барысында орындаушы-ұйым (орындаушы) күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша түрдегі хабарлама (ескерту) жібереді;

      8) 2-шарт – орындалу барысындағы жобаны жасырын түрде ұстау қажет болса орындаушы ұйым (орындаушы) 10 (он) күн мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге ҒТБ МТ-не тиісті белгі қою үшін жазбаша түрде хабарлама жібереді;

      9) 3-шарт – ҒТҚН-ге құқығы тоқтатылған жағдайда орындаушы ұйым (орындаушы) күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қызметті берушіге ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінің мемлекеттік тізілімінен ҒТҚН шығарыл туралы хабарлама жібереді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінде көрсетілетін қызметті берушінің келесі құрылымдық бөлімшелері қатысады:

      1) Көрсетілетін қызметті берушінің канцеляриясы.

      2) Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаменті.

      3) Инновациялық технологиялар департаменті.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімнің (әрекеттің) бірезділігінің сипаттамасы.

      1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі ілеспе хатты тіркейді және құжаттар топтамасын (ҒТБ, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар, есептер, ҒТҚН) 20 (жиырма) минут ішінде қабылдайды.

      2) Ілеспе хат тіркелгеннен кейін құжаттар топтамасы (ҒТБ, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар, есептер, ҒТҚН) күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментіне қарауға жолданады.

      Құжаттар топтамасы толық берілмеген және лайықты толтырылмаған жағдайда анықталған кемшіліктер толығымен түзелмейінше құжаттар тіркелмейді.

      Ұсынылған құжаттар қайтаруға жатпайды.

      3) Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаменті ҒТБ, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар, есептер, ҒТҚН туралы деректерді ҒТБ МТ-ге енгізеді және күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде қызмет көрсету нәтижесін кеңсеге жібереді.

      4) Кеңсе нәтижені ілеспе хатпен бірге көрсетілетін қызметті алушыға қолма қолма-қол немесе күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде пошта арқылы жолдайды.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы ақпараттық жүйені қолдану тәртібінің сипаттамасы

      9. Көрсетілетін қызметті беруші ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды, ҒТБ, олардың орындалуы жөніндегі есептерді және ҒТҚН тіркеу туралы қысқаша ақпаратты оны өткізгеннен кейінгі 90 (тоқсан) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсына орналастырады.

Об утверждении регламента государственной услуги "Государственный учет научных, научно-технических проектов и програм, финансируемых из государственного бюджета, и отчетов по их выполнению"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 9 июня 2015 года № 371. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 июля 2015 года № 11628. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 июня 2020 года № 262 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 24.06.2020 № 262 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый регламент государственной услуги "Государственный учет научных, научно-технических проектов и программ, финансируемых из государственного бюджета, и отчетов по их выполнению".

      2. Комитету науки Министерства образования и науки Республики Казахстан (Жолдасбаев С.Е.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) после государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан официальное опубликование настоящего приказа;

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Т.О. Балыкбаева.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр

А. Саринжипов


  Утвержден
приказом Министра
образования и науки
Республики Казахстан
от 9 июня 2015 года № 371

Регламент государственной услуги
"Государственный учет научных, научно-технических проектов и
программ, финансируемых из государственного бюджета, и отчетов
по их выполнению"
1. Общие положения

      1. Государственная услуга "Государственный учет научных, научно-технических проектов и программ, финансируемых из государственного бюджета, и отчетов по их выполнению" осуществляется акционерным обществом "Национальный центр государственной научно-технической экспертизы" (далее – услугодатель) на основании стандарта государственной услуги "Государственный учет научных, научно-технических проектов и программ, финансируемых из государственного бюджета, и отчетов по их выполнению" утвержденного приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 апреля 2015 года № 207, зарегистрированным в государственном Реестре нормативных правовых актов № 11105 (далее - Стандарт).

      Прием документов осуществляется услугодателем.

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 09.10.2017 № 506 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Форма оказываемой государственной услуги: бумажный.

      3. Результат оказания государственной услуги:

      на научный, научно-технический проект – выдача регистрационной карты с присвоением номера государственной регистрации;

      на научно-техническую программу – выдача свидетельства c присвоением шифра;

      на отчеты по выполнению научных, научно-технических проектов – выдача информационной карты с присвоением инвентарного номера;

      на результат научно-технической деятельности – заявка с присвоением номера государственной регистрации.

      4. Понятия и сокращения, используемые в настоящем регламенте:

      научный, научно-технический проект и программа - документ, включающий в себя содержание предполагаемой научно-технической работы, представляющий научные, научно-технические, опытно-конструкторские, маркетинговые исследования с обоснованием цели и задач, актуальности, новизны, научно-практической значимости и целесообразности проведения планируемых работ;

      результат научной и (или) научно-технической деятельности (далее - РНТД) - новые знания или решения, полученные в ходе выполнения научной и (или) научно-технической деятельности и зафиксированные на любом информационном носителе, внедрение научных разработок и технологий в производство, а также модели, макеты, образцы новых изделий, материалов и веществ;

      государственный реестр научно-технических программ и проектов (далее - ГР НТП) - перечень научных и научно-технических программ и проектов, реализуемых в Республике Казахстан за счет государственного бюджета, отчетов по их выполнению.

2. Описание порядка действий структурных подразделений
(работников) услугодателя в процессе оказания государственной
услуги

      5. Основанием для начала процедуры (действия) по государственному учету научных, научно-технических проектов и программ, финансируемых из государственного бюджета, и отчетов по их выполнению является предоставление услугополучателем документов, согласно п.9 Стандарта.

      6. Процесс оказания государственной услуги состоит из следующих процедур:

      1) процесс 1 - прием пакета документов для учета и регистрации научно-технических программ, научных, научно-технических проектов, отчетов о их выполнении и результатов научно-технической деятельности;

      2) процесс 2 - проверка пакета документов на соответствие перечню, предоставляемому заказчиком (при наличии), на содержание и правильность оформления, читаемость бумажных и электронных версий в соответствии с требованиями установленными законодательством;

      3) процесс 3:

      проведение регистрации НТП путем присвоения соответствующего шифра и втечение 20 (двадцати) календарных дней выдача свидетельства о регистрации и включение программы в ГР НТП проведение регистрации научных, научно-технических проектов путем присвоения номера госрегистрации в течение 20 (двадцати) календарных дней со дня регистрации направляет организации-исполнителю (исполнителю) один экземпляр регистрационной карты;

      проведение регистрации отчета по выполнению научного, научно-технического проекта в соответствии с Международным стандартом ГОСТ 7.32-2001 (изменения от 2006 г.) "Отчет о научно-исследовательской работе", присвоение инвентарного номера госрегистрации и в течение 20 (двадцати) календарных дней со дня регистрации направляет организации-исполнителю (исполнителю) один экземпляр информационной карты.

      проведение регистрации РНТД путем присвоения номера госрегистрации и внесение данных в ГР РНТД.

      4) процесс 4 - внесение в ГРРНТД информацию: о реализуемых НТП,выполняемых научных, научно-технических проектах, выполненных отчетах о научных, научно-технических проектах и РНТД; данные об организации-исполнителе (исполнителе), регистрационный и инвентарный номера, присвоенные услугодателем, информацию о научном руководителе (проекта, программы, отчета);

      5) процесс 5 - по данным государственного учета научных, научно-технических проектов и программ, финансируемых из государственного бюджета, и отчетов по их выполнению осуществляется формирование государственных информационных ресурсов;

      6) процесс 6 – краткая информация о результатах оказания государственной услуги размещается на интернет-ресурсе услугодателя;

      7) условие 1 - при внесении корректировок в зарегистрированный проект организация-исполнитель (исполнитель) в течение 30 (тридцати) календарных дней направляет услугодателю письменное извещение(уведомление);

      8) условие 2 - при необходимости засекречивания проекта в процессе его выполнения организация-исполнитель (исполнитель) в 10(десятидневный) срок в письменном виде информирует услугодателя для внесения соответствующей отметки в ГР НТП;

      9) условие 3 - в случае прекращения права на РНТД, организация-исполнитель (исполнитель) в течение 30 (тридцати) календарных дней направляет услугодателю извещение об исключении РНТД из государственного реестра результатов научной и научно-технической деятельности.

3. Описание порядка взаимодействия структурных подразделений
(работников) услугодателя в процессе проведения работ
государственного учета

      7. В процессе оказания государственной услуги участвуют следующие структурные подразделения услугодателя:

      1) Канцелярия услугодателя;

      2)Департамент формирования информационных ресурсов;

      3) Департамент информационных технологий.

      8.Описание последовательности процедур (действий) между структурными подразделениями (работниками) услугодателя.

      1)Канцелярия услугодателя регистрирует сопроводительное письмо и принимает пакет документов (НТП, научных, научно-технических проектов, отчетов, РНТД)в течение 20 (двадцати) минут.

      2) После регистрации сопроводительного письма, пакет документов (НТП, научных, научно-технических проектов, отчетов, РНТД) направляется на рассмотрение в Департамент формирования информационных ресурсов в течение 1 (одного) календарного дня.

      В случае предоставления неполного пакета документов и ненадлежащего их оформления документы не регистрируются до полного устранения выявленных недостатков.

      Представленные документы возврату не подлежат.

      3) Департамент формирования информационных ресурсов вносит данные о НТП, научных, научно-технических проектах, отчетах, РНТД в ГР НТП и в течение 20(двадцати) календарных дней направляет результат оказания услуг в канцелярию.

      4) Канцелярия возвращает результаты с сопроводительным письмом услугополучателю нарочно либо отправляет по почте в течение 1 (одного) календарного дня.

4. Описание порядка использования информационных систем в
процессе оказания государственной услуги

      9. Услугодатель размещает на своем интернет-ресурсе краткую информацию о регистрации научных, научно-технических проектов, НТП, отчетов по их выполнению и РНТД в течение 90(девяносто) рабочих дней после его проведения.