"Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10885 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 сәуірде жарияланған) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізу:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу осы қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 5-1) тармақшасына, "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң), "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін анықтайды.";
тармақ 2-нің 3), 8), 10), 11) тармақшалары алып тасталсын;
3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 және 21 тармақтар келесідей редакцияда жазылсын:
"3. "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетіледі.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге электрондық түрде www.is.ncste.kz ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) немесе "электрондық үкімет" веб-портал арқылы (бұдан әрі – портал) немесе қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8 - тармағына сәйкес құжаттар тізімін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ұсынады (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты).
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында мазмұндалған.
5. Жобаны мемлекеттік есепке алу үшін көрсетілетін қызметті алушы жобаны қаржыландыру басталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешікпейтін мерзімде Мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тіркеу карталарын жібереді.
6. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін жауапты құрылымдық бөлімшеге тапсырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) мемлекеттік көрсетілетін қызметті 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетеді: электрондық түрде мемлекеттік көсетілетін қызмет нәтижесі ақпараттық жүйесі арқылы немесе портал арқылы беру жүзеге асырылады, қағаз түрінде мемлекеттік көсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беру жүзеге асырылады.
7. Ғылыми, ғылыми техникалық бағдарлама аясында орындалатын жобаны бірнеше көрсетілетін қызметті алушылар орындаған жағдайда, әрқайсысы өзі дербес орындайтын жұмыс бөлігіне тіркеу картасын жібереді.
8. Көрсетілетін қызметті беруші жобаны тіркейді, оны ҒТБ МТ-ға енгізеді және мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып, тіркеу картасын береді.
9. Тіркелген жобаға түзетулер енгізу қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге ресми бланкіде еркін түрде ресімделген хат пен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тіркеу картасын ұсынады.
10. Егер тіркелген жобаны орындау процесінде оны құпияландыру қажеттілігі туындаса, көрсетілетін қызметті алушы он күн мерзімде бұл туралы көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша түрде хабарлайды.
11. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны мемлекеттік есепке алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" қаулысымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды мемлекеттік бюджет есебінен гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "кеңейтілген ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның көрсеткіштерін" және "титул парағын" 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімдеп, бағдарламаға еркін түрде түсіндірме жазба мен ағымдағы жылы бағдарламаның тапсырмаларын (кезеңдерін) орындауға бөлінген бюджет қаражатының көлемін растайтын бас ұйымның басшысы қол қойып, мөрімен бекітілген құжатты Мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағының 2-1), 2-2), 2-3) және 2-4) тармақшаларына сәйкес тапсырады.
12. Көрсетілетін қызметті беруші белгіленген тәртіппен тиісті шифр беру арқылы бағдарламаны тіркейді, оны ҒТБ МТ-ға енгізеді.
13. Тіркелген ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға түзетулер енгізу қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы кезекті жылға арналған жоспарлы көрсеткіштерімен қатар, көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "кеңейтілген ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның көрсеткіштері" туралы мәліметтерді Мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағының 2-5) тармақшасына сәйкес ұсынады.
14. Көрсетілетін қызметті алушы есептік жылдан кейінгі жылдың отыз бірінші қаңтарынан кешіктірмей, көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша тапсырмалардың, жұмыс кезеңдерінің орындалуы туралы (жылдық) есепті" және еркін түрде түсіндірме жазбаны Мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағының 2-6) тармақшасына сәйкес жібереді.
15. Көрсетілетін қызметті алушы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей, тоқсан сайын көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысанда ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны орындауға қатысушы ұйымдардың жұмыс тапсырмаларын, кезеңдерін, орындау барысы туралы мәліметтерді Мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағының 2-7) тармақшасына сәйкес ұсынады.
16. Есепті мемлекеттік есепке алу үшін көрсетілетін қызметті алушы жобаның жұмыстары (кезеңдері) аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге есеп пен осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық картаны Мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жібереді.
Есеп МЕМСТ 7.32-2017 "Ғылыми-техникалық жұмыс туралы есеп" мемлекетаралық стандартына сәйкес ресімделеді.
17. Көрсетілетін қызметті беруші есепті белгіленген тәртіппен оған инвентарлық нөмір беру арқылы тіркейді.
18. ҒҒТҚН-ны мемлекеттік есепке алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне өтінім осы Қағидаларға 10-қосымшаға және ҒҒТҚН туралы мәліметтер нысанын 11-қосымшаға ұсынады.
19. Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді мемлекеттік номерін беру арқылы тіркейді, ҒҒТҚН-ның мемлекеттік тізіліміне енгізеді және мемлекеттік номері өтінімді береді.
20. ҒҒТҚН-нің құқық иеленушілері өзгерген кезде, көрсетілетін қызметті алушы қайта ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ ҒҒТҚН-ні пайдалануға байланысты емес басқа да негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҒҒТҚН туралы мәліметтерді пайдаланаудың өзгеруі туралы хабарламаны және 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҒҒТҚН пайдалану туралы мәліметтерді Мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жібереді.
21. ҒҒТҚН-ға құқық тоқтатылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге нысан бойынша хабарлама Мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жібереді.";
келесі мазмұндағы 22, 23, 24 және 25 тармақтармен толықтырылсын:
"22. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың келіп түскен күні оларды қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде сұрау салынған өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
23. Құжаттардың толық емес пакетін ұсынған немесе құжаттарды тиісінше рәсімдемеген жағдайда құжаттар анықталған кемшіліктер толық жойылғанға дейін тіркелмейді. Қызметті берушінің қызметкері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден себептемелі бас тарту жасайды.
24. Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген негіздер мен жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
25. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сатысы туралы ақпараттың мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.";
мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:
"3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
26. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті тікелей берушінің мекен жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2) тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының ағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.";
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 қосымшалар осы Қағидалардағы 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидалардағы 14-қосымшасына сәйкес келесі редакцияда 14-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылсын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаменті осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынады.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамы |
2. | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі |
1) электрондық түрде (www.is.ncste.kz ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) немесе "электрондық үкімет" веб-портал арқылы (бұдан әрі – портал); |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Қызмет көрсету мерзімі: электрондық – 5 (бес) жұмыс күні; қағаз түрінде – 5 (бес) жұмыс күні. |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету түрі | Электрондық/қағаз түрінде |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: |
6. | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі. |
7. | Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызмет беруші - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі |
1)мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаға тіркеу картасы 3 - қосымшаға сәйкес; |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық сандық қолтаңбасы бар болған жағдайда, ақпараттық жүйе немесе портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар. |
"Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8, 9 тармақтарына сәйкес келмейтін құжаттарды мемлекеттік тіркеуден бас тарту
№ | Атауы | Көрсетілетін қызмет алушы | Ғылыми жетекші | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8, 9 тармақтар талаптары | Қайтару негіздемесі |
1 |
________________ жылға (жылдарға) арналған кеңейтілген ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның көрсеткіштері
Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның шифры _______
Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның атауы ____________________________
Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны орындау негізі болған себептер _________
Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны орындау мерзімі____Қаржыландырудың көлемі__жылға____млн. теңге
Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша көрсетілетін қызметті алушының атауы (толық және аббревиатурасы) | Мекенжай | Телефоны | Факсы, электрондық мекенжайы | Бірінші басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Тапсырма-ның, кезеңнің шифры | Тапсырманың, кезеңнің атауы | Ғылыми техникалық ақпаратардың мемлекетаралық топтамасының коды/түйінді сөздер | Тапсырманы, кезеңдерді орындаушы ұйымның аббревиатурасы | Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ Жеке сәйкестендіру номері | Ұйымдардың аккредитциялық белгілері "1" -иә, "2"-жоқ (егер ұйым аккредиттелсе, онда "1" қойылады, егер жоқ болса "2") | Тапсырманың, жұмыс кезеңі басшысының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), ғылыми дәрежесі, қызметі | Жұмыс орындалуының жоспарланған мерзімі (тоқсан, жыл) | |
басталуы | аяқталуы | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы |
Жоспарланған мерзімге қаржыландыруға қажеттілік (мың теңге)
Барлығы | Оның ішінде: | Күтілетін нәтижелер | ||||
ғылыми зерттеулер | тәжірибе-конструкторлық әзірлемелер | |||||
іргелі | қолданбалы | тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар | бұйымдардың (өнімдердің) тәжірибелік үлгілерін, партияларын дайындау | құрылыс үшін жобалау жұмыстары | ||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
________________________________________________ | Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның жетекшісі _____________ |
Құжатты орындаушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және телефон нөмірі | М.О. Қолы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) |
"_____" ___________ 20___ ж. |
Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны орындау үшін қажетті мамандар саны
Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның шифры _________
Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның атауы ________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының атауы | Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ Жеке сәйкестендіру номері | Ұйымдардың аккредитациялық белгілері "1" -иә, "2"-жоқ (егер ұйым аккредиттелсе, онда "1"қойылады, егер жоқ болса "2") | Барлығы | Оның ішінде | ||||
жоғары білімді | оның ішінде ғылыми дәрежелері бар | |||||||
ғылым докторы | ғылым кандидаты | PhD докторы | бейін бойынша доктор | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
_________________________________________________ | Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның жетекшісі _____________ |
Құжатты орындаушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және телефон нөмірі | М.О. Қолы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) |
"____" ___________ 20___ ж. |
Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны орындауға қатысушы ұйымдардың реквизиттері
Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның шифры ________
Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның атауы __________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының аббревиатурасы | Көрсетілетін қызметті алушының толық атауы | Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі | Ұйымның орналасқан жері | Бірінші басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қызметі, телефоны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
__________________________________________________ | Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның жетекшісі __________ |
Құжатты орындаушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және телефон нөмірі | М.О. Қолы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) |
"_____" ___________ 20___ ж. |
Титул парағы _________________________________________________________________ (ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша көрсетілетін қызметті алушының ведомстволық қарастылығы)
"Бекітілді" | |
__________________________ | |
20____ ж. "__"_______ № ___ |
Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның шифры: ______________________
Ғылыми техникалық ақпаратардың мемлекетаралық топтамасының коды: _____
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның атауы)
Орындалу мерзімдері: ________________________
Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша көрсетілетін қызметті
алушының атауы және орналасқан жері __________________________________
_____________________________________________________________________
Құжаттың дайындалған жері, уақыты _____________________________________
_________________жылға (жылдарға) арналған кеңейтілген ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның көрсеткіштері
Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның шифры __________
Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның атауы ____________________________
Тапсырманың, кезеңнің шифры | Тапсырманың, кезеңнің атауы | Ғылыми техникалық ақпаратардың мемлекетаралық топтамасының коды/түйінді сөздер | Тапсырманы, кезеңдерді орындаушы ұйымның аббревиатурасы | Тапсырма, кезең басшысының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), ғылыми дәрежесі, қызметі | Жұмыс орындалуының жоспарланған мерзімі (тоқсан, жыл) | Күтілетін нәтижелер | Түзетуге негіздеме | |
басталуы | аяқталуы | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы |
Жұмыстың орындалуына нақты шығындар, мың теңге
Көрсетілетін қызметті алушының атауы | Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ Жеке сәйкестендіру номері | Ұйымдардың аккредитациялық белгілері "1" -иә, "2"-жоқ (егер ұйым аккредиттелсе, онда "1"қойылады, егер жоқ болса "2") | Барлығы | Оның ішінде: | ||||
ғылыми зерттеулер | тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер | |||||||
іргелі | қолданбалы | тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар | бұйымдардың (өнімдердің) тәжірибелік үлгілерін, партияларын дайындау | құрылыс үшін жобалау жұмыстары | ||||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
_________________________________________________ | Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның жетекшісі ____________ |
Құжатты орындаушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және телефон нөмірі | М.О. Қолы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) |
"_____" ___________ 20___ ж. |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Әкімшілік деректер нысаны www.nauka.kz интернет-ресурсында орналастырылған Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша тапсырмалардың, жұмыс кезеңдерінің орындалуы туралы есеп (жылдық) Есеп беру кезеңі ______20__ж.
Индекс: 1- (ҒТБ)
Мерзімі: жылдық
Ақпарат ұсынатын тұлғалар: ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын заңды тұлғалар
Нысан қайда тапсырылады: "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамы
Есепті тапсыру мерзімі: жылына бір рет, жылдық есеп бергеннен кейін 31 қаңтардан кешіктірмей
Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның шифры ___________
Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның атауы _____________________________
Бас ұйым _________________________________________________________
Мекенжай ________________________________________________________
Басшының Т.А.Ә., телефоны, телефаксы, электрондық мекенжайы _________________
Бөлім 1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша жұмыстарды қаржыландыру көлемі (млн.теңге)
Көрсеткіш | Барлығы | . Оның ішінде, төмендегілер есебінен | ||
республикалық бюджет | мақсатты қорлар арналған | басқа салымдар | ||
бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Бөлінген қаражат (жоспар) | ||||
Нақты түскен қаражат | ||||
Пайдаланылған қаражат |
Жұмыстар тапсырмасының, кезеңінің шифры | Жұмыстар тапсырмасының, кезеңінің атауы | Жұмыстардың орындалу мерзімі (тоқсан, жыл) | |
басталуы | аяқталуы | ||
6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы:
Жұмысқа арналған нақты шығындар (мың теңге) | Жұмыстардың орындалуының нақты нәтижелері | Жұмыстарды орындаудағы ауытқулар, олардың себептері | ||||
Барлығы | оның ішінде | |||||
ғылыми-зерттеу жұмыстары | тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар | енгізілуі | жабдықтар, технологиялар, есептеу техникасы құралдарын салып алу | |||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
Бөлім 2. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша ақпарат ұсынатын көрсетілетін қызметті алушы туралы мәлімет (бірлік)
Көрсетілетін қызметті алушының атауы | Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі | Мемлекеттік сектор | Жоғары білім секторы | Коммерциялық сектор | Коммерциялық емес сектор |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Бөлім 3. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша құқықтық қорғау және жұмыс нәтижелерінің енгізілуі туралы мәліметтер
Жұмыстар тапсырмасының, кезеңінің шифры | Жұмыс нәтижелерін құқықтық қорғау | Жұмыс нәтижелерін енгізу | |||
өндірістік меншікті объектінің атауы (өнертабыс, пайдалы үлгі, өндірістік үлгі) | патенттелген объектінің атауы және оның жаңалығының қысқаша мәні | қорғау құжаттары (атауы, елі, нөмірі, берілу күні) | ел, ұйым, кәсіпорын | енгізілгенін растайтын құжаттың атауы, нөмері және күні | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Бөлім 4. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға бөлінген бюджет қаражаты есебінен технологиялар сатып алу
Жұмыстар тапсырмасының, кезеңінің шифры | Тапсырманың, кезеңнің атауы | Технологиялар, жабдықтар мен есептеу техникасының құралдарын сатып алу | |
атауы | құны (мың теңге) | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
Бөлім 5. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша тапсырмаларды, жұмыс кезеңдерін орындаушы ұйымдардың мамандармен қамтамасыз етілуі туралы мәлімет
Көрсетілетін қызметті алушының аббревиатурасы | ҒТБ бойынша барлығы | Оның ішінде | ||||||||
жоғары білімді | оның ішінде дәрежелері бар | |||||||||
ғылым докторы | ғылым кандидаты | PhD докторы | бейіні бойынша доктор | докторант | магистрант | шетелдік ғалым | өндіріс инженері | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Бөлім 6. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша дайындалған құжаттар мен жарияланымдардың саны туралы мәліметтер*
Көрсетілетін қызметті алушының аббревиатурасы | Дайындалған құжаттардың саны, оның ішінде: | ||||
монографиялар | әдістемелер, құралдар, ұсыныстар | нормативтер | жіктеуіштер, каталогтар | оқу құралдары, бағдарламалар | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
кестенің жалғасы:
Дайындалған құжаттардың саны, оның ішінде: | Жарияланымдар (мақалалар, тезистер, баяндамалар) саны | |||||||
заң жобалары | ғылыми-көпшілік басылымдар (жинақтар, кітаптар, брошюралар т.т.) | сөздіктер, анықтамалықтар | директивалық құжаттар | электрондық оқу құралдары | тұжырымдамалар | |||
отандық басылым | халықаралық басылым | |||||||
Web of Science | Scopus | |||||||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
__________________________________________________________
* Монографиялардың, оқу құралдары мен мақалалардың тізімін көрсету
________________________________________________ | Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның жетекшісі___________ |
Құжатты орындаушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және телефон нөмірі | М.О. Қолы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) |
"____" ___________ 20___ ж. |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды толтыру бойынша түсіндірме Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша тапсырмалардың, жұмыс кезеңдерінің орындалуы туралы есеп (аралық) (Индекс: 1 – (ҒТБ), мерзімі, жылдық)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Түсіндірмеде нысанды толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды анықтайды "Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша тапсырмалардың, жұмыс кезеңдерінің орындалуы туралы есеп (аралық)" (бұдан әрі - Нысан).
2. Нысан толтырылады: ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
3. Нысанға ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның жетекшісі, тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.
4. Нысан жылдық есеп бергеннен кейін 31 қаңтардан кешіктірмей тапсырылады.
5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
6. "Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша жұмыстарды қаржыландыру көлемі (млн.теңге)" нысанының 1- бөлімінде:
1 - бағанда ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бөлінген қаражат (жоспар), нақты түскен қаражат, пайдаланылған қаражат көрсетіледі (млн.теңге).
2 - бағанда ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша барлық бөлінген қаражат (жоспар), нақты түскен қаражат, пайдаланылған қаражат көрсетіледі (млн.теңге).
3 - бағанда ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша республикалық бюджет, бағдарламалық-нысаналы қаржат көрсетіледі (млн.теңге).
4 - бағанда мақсатты қорларға арналған қаражат көрсетіледі (млн.теңге).
5 - бағанда басқа салымдарға арналған қаражат көрсетіледі (млн.теңге).
6 - бағанда жұмыстар тапсырмасының, кезеңінің шифры көрсетіледі.
7 - бағанда жұмыстар тапсырмасының, кезеңінің атауы көрсетіледі.
8 - бағанда жұмыстардың орындалу мерзімінің басталуы көрсетіледі (тоқсан, жыл).
9 - бағанда жұмыстардың аяқталуы мерзімі көрсетіледі (тоқсан, жыл).
10 - бағанда жұмыс бойынша нақты шығындар көрсетіледі (мың теңге).
11 - бағанда ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша арналған нақты шығындар көрсетіледі (мың теңге).
12 - бағанда тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары бойынша нақты шығындар көрсетіледі (мың теңге).
13 - бағанда енгізілуі жұмыстары бойынша нақты шығындар көрсетіледі (мың теңге).
14 - бағанда жабдықтар, технологиялар, есептеу техникасы құралдарын салып алуға нақты шығындар көрсетіледі (мың теңге).
15 - бағанда жұмыстардың орындалуының нақты нәтижелері көрсетіледі.
16 - бағанда жұмыстарды орындаудағы ауытқулар, олардың себептері көрсетіледі.
"Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша ақпарат ұсынатын көрсетілетін қызметті алушы туралы мәлімет (бірлік)" нысанының 2-бөлімінде:
1 - бағанда көрсетілетін қызметті алушының атауы көрсетіледі.
2 - бағанда бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
3, 4, 5, 6 – бағандарда көрсетілетін қызметті алушының "Мемлекеттік сектор*", "Жоғары білім секторы", "Коммерциялық сектор", "Коммерциялық емес сектор" қай секторға жататыны көрсетіледі.
"Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша құқықтық қорғау және жұмыс нәтижелерінің енгізілуі туралы мәліметтер" нысанының 3- бөлімінде:
1 - бағанда жұмыстар тапсырмасының, кезеңінің шифры көрсетіледі.
2 - бағанда өндірістік меншікті объектінің атауы (өнертабыс, пайдалы үлгі, өндірістік үлгі) көрсетіледі.
3 - бағанда патенттелген объектінің атауы және оның жаңалығының қысқаша мәні көрсетіледі.
4 - бағанда қорғау құжаттары (атауы, елі, нөмірі, берілу күні) көрсетіледі.
5 - бағанда жұмыс нәтижелерін енгізу кәсіпорыны, ұйымы, елі көрсетіледі.
6 - бағанда енгізілгенін растайтын құжаттың атауы, нөмері және күні көрсетіледі.
"Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға бөлінген бюджет қаражаты есебінен технологиялар сатып алу" нысанының 4 - бөлімінде:
1 - бағанда жұмыстар тапсырмасының, кезеңінің шифры көрсетіледі.
2 - бағанда тапсырманың, кезеңнің атауы көрсетіледі.
3 - бағанда технологиялар, жабдықтар мен есептеу техникасының құралдарын сатып алу мәні көрсетіледі.
4 - бағанда технологиялар, жабдықтар мен есептеу техникасының құралдарынның аты, құны көрсетіледі, (мың теңге).
"Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша тапсырмаларды, жұмыс кезеңдерін орындаушы ұйымдардың мамандармен қамтамасыз етілуі туралы мәлімет" нысанының 5- бөлімінде:
1 - бағанда көрсетілетін қызметті алушының аббревиатурасы көрсетіледі.
2 - бағанда ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша барлық орындаушылыр саны көрсетіледі.
3 - бағанда жоғыры білімі бар орындаушылар саны көрсетеді.
4 - бағанда ғылым докторлары орындаушылар саны көрсетеді.
5 - бағанда ғылым кандидаты орындаушылар саны көрсетіледі.
6 - бағанда PhD докторы орындаушылар саны көрсетіледі.
7 - бағанда бейіні бойынша доктор орындаушылар саны көрсетіледі.
8 - бағанда докторант орындаушылар саны көрсетіледі.
9 - бағанда магистрант орындаушылар саны көрсетіледі.
10 - бағанда шетелдік ғалым орындаушылар саны көрсетіледі.
11 - бағанда өндіріс инженерлері орындаушылар саны көрсетіледі.
"Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша дайындалған құжаттар мен жарияланымдардың саны туралы мәліметтер*" нысанының 6 - бөлімінде:
1 - бағанда көрсетілетін қызметті алушының аббревиатурасы көрсетіледі.
2 - бағанда дайындалған монографиялар саны көрсетіледі.
3 - бағанда дайындалған әдістемелер, құралдар, ұсыныстар саны көрсетеді.
4 - бағанда дайындалған нормативтер құжаттар саны көрсетеді.
5 - бағанда дайындалған жіктеуіштер, каталогтар саны көрсетіледі.
6 - бағанда дайындалған оқу құралдары, бағдарламалар саны көрсетіледі.
7 - бағанда дайындалған заң жобалары саны көрсетіледі.
8 - бағанда дайындалған ғылыми-көпшілік басылымдар (жинақтар, кітаптар, брошюралар т.т.) саны көрсетіледі.
9 - бағанда дайындалған сөздіктер, анықтамалықтар саны көрсетіледі.
10 - бағанда дайындалған директивалық құжаттар саны көрсетіледі.
11 - бағанда дайындалған электрондық оқу құралдары саны көрсетіледі.
12 - бағанда дайындалған тұжырымдамалар саны көрсетіледі.
13 - бағанда отандық басылымдағы жарияланымдар (мақалалар, тезистер, баяндамалар) саны көрсетіледі.
14 - бағанда Web of Science кіретін халықаралық басылымдағы жарияланымдар (мақалалар, тезистер, баяндамалар) саны көрсетіледі.
15 - бағанда Scopus кіретін халықаралық басылымдағы жарияланымдар (мақалалар, тезистер, баяндамалар) саны көрсетіледі.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Әкімшілік деректер нысаны www.nauka.kz интернет-ресурсында орналастырылған Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны орындауға қатысушы ұйымдардың жұмыс тапсырмаларын, кезеңдерін орындау барысы туралы мәлімет Есеп беру кезеңі ______20__ж.
Индекс: 2-(ҰЖК)
Мерзімі: тоқсандық
Ақпарат ұсынатын тұлғалар: ғылыми және немесе ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын заңды тұлғалар
Нысан қайда тапсырылады: "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамы
Есепті тапсыру мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей
Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама шифры __________
Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама атауы _____________________________
Көрсетілетін қызметті алушының аббревиатурасы | Есептік кезеңде берілетін мәліметтер | ||||
нақты аударылған қаражат (мың теңге) | орындауда ауытқулары бар тапсырмалар, кезеңдер | ||||
сомасы | шифры | Атауы | жұмыстардың орындалу жағдайы | Ауытқу себептері | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жиыны ________________ (есепті кезеңде)
Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның жетекшісі_________ | |
М.О. Қолы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) | |
"_____" ___________ 20___ ж. | Бас есепші ______________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды толтыру бойынша түсіндірме Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны орындауға қатысушы ұйымдардың жұмыс тапсырмаларын, кезеңдерін орындау барысы туралы мәлімет (Индекс: 2-(ҰЖК), мерзімі: тоқсандық)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Түсіндірмеде нысанды толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды анықтайды "Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны орындауға қатысушы ұйымдардың жұмыс тапсырмаларын, кезеңдерін орындау барысы туралы мәлімет" (бұдан әрі - Нысан).
2. Нысан толтырылады: ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
3. Нысанға ұйым басшысы немесе міндеттерін атқарушы адам, тегі мен аты-жөнін көрсетіле отырып және мекеменің бас есепшісі тегі мен аты-жөнін көрсетіле отырып, қол қояды.
4. Нысан есеп тапсырылатын тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей беріледі.
5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1 - бағанда көрсетілетін қызметті алушының аббревиатурасы көрсетіледі.
2 - бағанда нақты аударылған қаражат (мың теңге) көрсетіледі.
3 - бағанда орындауда ауытқулары бар тапсырмалар, кезеңдердің шифры көрсетіледі.
4 - бағанда орындауда ауытқулары бар тапсырмалар, кезеңдер атауы көрсетіледі.
5 - бағанда жұмыстардың орындалу жағдайы көрсетіледі.
6 - бағанда ауытқу себептері көрсетіледі.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі - ҒҒТҚН) тіркеуге өтінім
Ғылыми –техникалық қызмет нәтижесін тіркеуіңізді сұраймын _______________
_____________________________________________________________________
(ҒҒТҚН атауы көрсетіледі)
ғылыми жобаның орындалуы кезінде жасалған ____________________________
_____________________________________________________________________
(ғылыми жобаның атауы мен көрсетілетін қызметті берушімен берілген мемтіркеу нөмері)
Қазақстан Республикасында негізде ______________________________________
(мемлекеттік тапсырыстың немесе ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-
конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау үшін
қаржы ресурстары бөлінген басқа құжаттың нөмірін көрсетеді)
Мемлекеттік келісімшартта немесе басқа құжатта белгіленген құқықтар көлемімен, есепке алу объектісіне құқықтардың шарттарын анықтайтын құқықтар шарттары
_____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы құқығының көлемі көрсетіледі)
Қазақстан Республикасы атынан _________________________________________
(тапсырыс берушінің толық атауы көрсетіледі)
Ұйым ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Көрсетілген қызметті алушының толық атауы көрсетіледі)
жатады ______________________________________________________________
(орындаушы ұйымның құқықтық көлемі көрсетіледі)
Көрсетілген қызметті алушының басшысы _______ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
(қолы) Күні М.О.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері (бұдан әрі- ҒҒТҚН) туралы мәліметтерді есепке алу бойынша нысаны
ҒҒТҚН тіркеу нөмірі ____________________________________________________
Ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды
(бұдан әрі – ғылыми-техникалық қызмет) орындауға қаражат бөлінген мемлекеттік
келісімшарттың немесе құжаттардың тіркеу нөмірі _________________________
Ғылыми жобаның атауы ________________________________________________
Жобаның мемлекеттік тіркелу нөмірі _____________________________________
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің жеке
ерешеліктері туралы мәліметтер
1.1. Нәтиженің атауы ___________________________________________________
1.2. Нәтиженің қысқаша сипаттамасы _____________________________________
_____________________________________________________________________
1.3. Нәтиженің қолданылу саласы________________________________________
1.4. Нәтиженің түрі
Технология | Техника, конструкция үлгілері | Программмалық өнім |
Әдіс, тәсіл | А.-ш. дақылдарының сорттары | Автоматтандырылған жүйе |
Материалдар | А.-ш. жануарларының тұқымдары | Техникалық құжаттама |
Қосылыстар | Коллекциялар | Әдістеме, әдістемелік құжаттама |
Препараттар | Карталар | Теория, гипотезалар |
Пайдалы модель | Деректер базалары, банктері | Экологиялық мәселелерді шешу |
1.5. Нәтиженің тіршілік цикл кезеңі (тәжірибелік үлгі, өнеркәсіптік үлгі, сериялық
өнім, қорғау құжаты, енгізу, жаңа тұқым шығару әдістемесі, жоғары өнімді
табын, аудандастыру және т.б.) __________________________________________
1.6. Нәтижені жетілдіру бағыты __________________________________________
1.7. Енгізілудің болуы (хаттама, актілер, шарттар) ___________________________
1.8. ҒҒТҚН енгізудің әлеуметтік тиімділігі __________________________________
1.9. ҒҒТҚН енгізудің экономикалық тиімділігі ______________________________
1.10. ҒҒТҚН енгізудің экологиялық тиімділігі _______________________________
1.11. ҒҒТҚН енгізуден импорталмастыру тиімділігінің болуы __________________
1.12. ҒҒТҚН қолдану артықшылығы _______________________________________
1.13. Нәтижелер туралы мәліметтер бар құжаттамалар тізімі _________________
1.14. Түйінді сөздер ____________________________________________________
1.15 ҒТАХТ айдарлары __________________________________________________
2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын
көрсетілетін қызметті алушы және олармен бірлесіп орындаушылар туралы
мәліметтер
Бас ұйым туралы мәліметтер
2.1. Көрсетілетін қызметті алушының атауы _______________________________
2.2. Көрсетілетін қызметті алушының қысқартылған атауы ___________________
2.3. Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы __________________________
2.4. Министрлігі, ведомствасы __________________________________________
3. Есепке алу объектісіне және оның құрамдас бөлігіне Қазақстан Республикасы
құқығының пайда болуының негізі мен көлемі туралы мәліметтер
3.1. Ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға, оның ішінде мемлекеттік
бюджеттен қаражат бөлінген құжаттар (ғылыми-зерттеу жобаның немесе
мемлекеттік шарттың тіркелу нөмірі) _____________________________________
_____________________________________________________________________
3.2. ҒҒТҚН-не Қазақстан Республикасының құқығы туралы мәліметтер _________
_____________________________________________________________________
4. Зияткерлік меншік объектілеріне Қазақстан Республикасының құқығы туралы
мәліметтер
4.1. Объектінің түрі ____________________________________________________
4.2. Объектінің атауы __________________________________________________
4.3. Қорғау құжатының нөмірі (зияткерлік меншік объектісін тіркеу туралы куәлік)
_____________________________________________________________________
4.4. Қолданылу аумағы және мерзімі _____________________________________
4.5. Зияткерлік меншік объектісіне Қазақстан Республикасы құқығының көлемі
_____________________________________________________________________
4.6. Патент иесі _______________________________________________________
4.7. ХПК индексі ______________________________________________________
5. ҒҒТҚН авторлары туралы мәліметтер
5.1. Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)___________________________
_____________________________________________________________________
5.2. Жұмыс беруші ұйымның атауы_______________________________________
_____________________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының басшысы ___________
Қолы ____________________
М.О.
Күні
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері (бұдан әрі- ҒҒТҚН) туралы мәліметтердің өзгергені туралы хабарлама
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________ байланысты
(ҒҒТҚН туралы мәліметтердің өзгеру мен толықтыру негізі көрсетіледі)
ҒҒТҚН туралы мәліметтерді нақтылауыңызды сұраймын _____________________
_____________________________________________________________________
(ҒҒТҚН аталуы мен тіркелу нөмірі көрсетіледі)
Қосымша: ҒҒТҚН туралы мәліметтердің өзгеруіне негіз болатын құжаттардың
көшірмесі, _____ б.
Көрсетілетін қызметті алушының басшысы _______ ________________________
(қолы) Тегі. А.Ә. (бар болған жағдайда)
Күні М.О.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері (бұдан әрі- ҒҒТҚН) пайдалану туралы мәлімет
Ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға қаржы қаражаты бөлінген
құжаттардың немесе мемлекеттік шарттың тіркеу нөмірі ____________________
ҒҒТҚН тіркеу нөмірі __________________________________________________
Азаматтық құқықтық шарт туралы мәліметтер
Шарттың түрі, күні ____________________________________________________
Нәтиженің атауы ______________________________________________________
Берілетін құқықтардың көлемі __________________________________________
Шарттың қолданылу мерзімі ____________________________________________
Шарттың қолданылу аумағы ____________________________________________
Шартты төлеу талаптары _______________________________________________
Шарттың тіркеу нөмірі _________________________________________________
Нәтижені пайдалану мақсаты ___________________________________________
Нәтижені пайдалану саласы ____________________________________________
Нәтиженің түрі
Технология | Пайдалы модель | Техника үлгісі | А.-ш. жануарларының тұқымдары |
Әдіс, тәсіл | А.-ш. дақылдарының сорттары | Деректер базалары, банктері | Бағдарламалы өнім |
Материалдар | Қосылыстар | Карталар | Автоматтандырылған жүйе |
Препараттар | Коллекциялар | Басқа (көрсетіңіз) |
Нәтиженің тіршілік цикл кезеңі (тәжірибелік үлгі, өнеркәсіптік үлгісі, сериялық
өнім, қорғау құжаты, енгізу, жаңа тұқым шығару әдістемесі, жоғары өнімді
табын, аудандастыру және т.б.) _________________________________________
Нәтиже туралы мәлімет бар берілетін құжаттамалардың тізімі _______________
_____________________________________________________________________
Лицензиар туралы мәлімет
Ұйымның - Көрсетілетін қызметті алушының атауы ________________________
Ұйымның - Көрсетілетін қызметті алушының қысқартылған атауы ____________
Мекенжайы (орналасқан жері)___________________________________________
Салық төлеушінің сәйкестендіру номері/тіркеуге қою себебінің коды__________
Лицензиат туралы мәлімет
Ұйымның атауы - көрсетілетін қызметті алушы ___________________________
Ұйымның - көрсетілетін қызметті алушының қысқартылған атауы ___________
Мекенжайы (орналасқан жері) _________________________________________
Салық төлеушінің сәйкестендіру номері/тіркеуге қою себебінің коды _________
Лицензиар _________________
Қолы _____________________
Күні ______________________
М.О.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері (бұдан әрі- ҒҒТҚН) мемлекеттік тізілімінен ҒҒТҚН-ны алып тастау туралы хабарлама
__________________________________________________________ байланысты
(тапсырыс берушінің деректер базасынан есепке объектісін алып тастау негізін тұжырымдау)
ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің мемлекеттік тізіліміне есепке алу
объектісін алып тастау туралы мәліметтер енгізуді сұраймын _________________
_____________________________________________________________________
(есепке алу нысанының атауы және оның тіркеу нөмірі)
Қосымша: Есепке алу объектісін ҒҒТҚН МТ-ден алып тастауды негіздейтін
құжаттардың көшірмесі, ____ б.
Көрсетілетін қызметті алушының басшысы ______ _________________________
(қолы) Тегі. А.Ә. (бар болған жағдайда)
Күні М.О.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 262 бұйрығына 15 қосымша |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күшін жойған кейбір бұйрықтарының тізімі
1. "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 207 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11105 тіркелген, 2015 жылғы 21 мамырда "Әділет" құқықтық ақпараттық жүйесінде жарияланған).
2. "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 149 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10885 тіркелген, 2015 жылғы 29 сәуірде "Әділет" құқықтық ақпараттық жүйесінде жарияланған).
3. "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 371 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11628 тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде "Әділет" құқықтық ақпараттық жүйесінде жарияланған).
4. "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 шілдедегі № 207 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 04 шілдедегі № 319 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15648 тіркелген, 2017 жылғы 11 қыркүйекте "Әділет" құқықтық ақпараттық жүйесінде жарияланған).
5. "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 371 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 09 қазандағы № 506 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15942 тіркелген, 2017 жылғы 30 қазанда "Әділет" құқықтық ақпараттық жүйесінде жарияланған).