Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.12.2020 № ҚР ДСМ-277/2020 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 159-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған темекі бұйымдарындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының шекті рұқсат етілген деңгейлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика | |
министрі | Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_______________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 17 маусым
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығымен бекітілген |
Темекі бұйымдарындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының
шекті рұқсат етілген деңгейлері
Темекі бұйымдарының түрлері | Темекі бұйымы 1 бірлігінің түтініндегі никотин құрамының шекті рұқсат етілген деңгейі, сигаретке миллиграмм | Темекі бұйымы 1 бірлігінің түтініндегі шайырлы заттар құрамының шекті рұқсат етілген деңгейі, сигаретке миллиграмм |
Фильтрі бар сигарета | 1,2 | 14,0 |
Фильтрі жоқ сигарета | 1,3 | 16,0 |