Шегілетін темекі бұйымдары, оның ішінде қыздырылатын темекісі, қорқорға арналған темекісі бар бұйымдар, қорқор қоспасы, темекіні қыздыруға арналған жүйе құрамындағы никотин мен шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті деңгейлерін анықтау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-277/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда № 21815 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнің 110-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес шегілетін темекі бұйымдарындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қорқорға арналған темекідегі, қорқор қоспасындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қыздырылатын темекісі бар бұйымдардағы, темекіні қыздыруға арналған жүйедегі никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері анықталсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Темекі бұйымдарындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының шекті рұқсат етілген деңгейлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11689 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 03 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-277/2020
бұйрығына 1-қосымша

шегілетін темекі бұйымдарындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері

Бұйымның түрі

Бұйымның 1 бірлігінің түтініндегі никотин құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейі, сигаретке миллиграмм

Бұйымның 1 бірлігінің түтініндегі шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейі, сигаретке миллиграмм

Сигарета

1,0*

10*

      * – көрсеткішті айқындау "Кеден одағының "Темекі өніміне арналған техникалық регламент" (КО ТР 035/2014) техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттардың тізбесі туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 9 шешімімен бекітілген зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттарға сәйкес жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау министрі
  2020 жылғы 15 желтоқсандағы
  № ҚР ДСМ-277/2020
  бұйрығына 2-қосымша

Қорқорға арналған темекідегі, қорқор қоспасындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері

Бұйымдардың түрлері

түтініндегі никотин құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейі мг/см3

түтініндегі шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейі мг/см3

Қорқорға арналған темекі

1,0*

10*

Қорқор қоспасы

1,0*

10*

      * – көрсеткіш мәні анықтаудың көрсетілген әдісінің метрологиялық сипаттамаларын және қолда бар ғылыми деректерді есепке ала отырып, тиісті анықтау әдісін айқындайтын стандарт қолданысқа енгізілгеннен кейін айқындалады.

  Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау министрінің
  2020 жылғы 15 желтоқсандағы
  № ҚР ДСМ-277/2020
  бұйрығына 3-қосымша

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдардағы, темекіні қыздыруға арналған жүйедегі никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Бұйымдардың түрлері

Никотин құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейі мг/см3

Шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейі мг/см3

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар

1,0*

10*

Темекіні қыздыруға арналған жүйе

1,0*

10*

      * – көрсеткіш мәні анықтаудың көрсетілген әдісінің метрологиялық сипаттамаларын және қолда бар ғылыми деректерді есепке ала отырып, тиісті анықтау әдісін айқындайтын стандарт қолданысқа енгізілгеннен кейін айқындалады.

      Ескертпе: мг/см3- миллиграмм/текше сантиметр.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады