Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 337 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 шілдеде № 11736 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 105 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 09.03.2017 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесінің 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әкімшілік департаментінің бастығы:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

      2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қорғаныс министрі

И. Тасмағамбетов


  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 12 маусымдағы
№ 337 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі (одан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (одан әрі – қызметшілер) қызметін жыл сайынғы бағалау әдістерін айқындайды.

      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (одан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.

      3. Бағалау мемлекеттік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, ол басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.

      4. Қызметшіні бағалау:

      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауынан;

      2) айналасындағылардың бағалауынан (қызметшінің бағынысындағылардың немесе оның әріптестерінің бағалауынан) тұрады.

      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын адам болып табылады.

      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілердің қызметіндегі кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар пысықталады, олардың қызметіндегі жақсартуды талап ететін бағыттар айқындалады, қызметшілерді қызметі бойынша жоғарылату және тағылымдамадан өткізу жөніндегі ұсыныстар пысықталады.

      6. Қызметшінің соңғы үш жыл ішінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы оны аттестаттаудан өткізуге негіздеме болып табылады.

      Аттестаттау өткізу туралы шешім қабылданған кезде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіздеме болып табылатын бағалау нәтижелері ескерілмейді.

      7. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымына алғаш қабылданған адамдарға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

      8. Қызметшінің қорытынды бағасын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі құратын Бағалау жөніндегі тұрақты әрекеттегі комиссия (одан әрі – Комиссия) бекітеді.

      9. Комиссия кемінде үш мүшеден, оның ішінде төрағадан тұрады.

      10. Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыс саны тең болған кезде төрағаның даусы шешуші болып табылады.

      11. Комиссия төрағасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы болып табылады.

      Комиссия хатшысы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімінің (бұдан әрі – персоналмен жұмыс жөніндегі бөлім) қызметкері болып табылады, Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметші бойынша дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      12. Персоналмен жұмыс жөніндегі бөлім:

      1) Комиссия төрағасымен келісу бойынша бағалауды жүргізу кестесін құрады;

      2) бағаланатын қызметшіні, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген адамдарды бағалау жүргізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағалау жүргізу туралы хабардар етеді және оларға толтыру үшін бағалау парақтарын жолдайды.

3. Тікелей басшының бағалауы

      13. Тікелей басшы осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімнен алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бағалау парағын толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімге жолдайды.

      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүзеге асырылады.

      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жолдауға кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімнің бастығы және қызметшінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт жасайды.

4. Айналасындағылардың бағалауы

      14. Айналасындағылардың бағалауы қызметшінің бағыныстыларының, ал бағыныстылар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамдардың (олар болған жағдайда) бағалауын қамтиды.

      Осындай адамдардың тізбесін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттерін және қызметтік өзара іс-қимыл жасасуына сүйене отырып, персоналмен жұмыс жөніндегі бөлім бағалау жүргізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей айқындайды.

      15. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген адамдар осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағын толтырады.

      16. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген адамдар толтырған бағалау парақтары персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімнен оларды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімге жолданады.

      17. Персоналмен жұмыс жөніндегі бөлім осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген адамдар бағалауының орташа есебін жүзеге асырады.

      18. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген адамдардың бағалауы жасырын түрде жүзеге асырылады.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      19. Персоналмен жұмыс жөніндегі бөлім қызметшінің қорытынды бағасын мынадай формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

      a = b + c

      мұнда a – қызметшінің қорытынды бағасы,

      b – тікелей басшының бағасы,

      c – осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген адамдардың орташа бағасы.

      20. Қорытынды баға мынадай меже бойынша қойылады:

      21 балдан төмен – "қанағаттанарлықсыз";

      22-ден 33 балға дейін – "қанағаттанарлық";

      33 балдан жоғары – "тиімді".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      21. Персоналмен жұмыс жөніндегі бөлім Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссия отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

      22. Персоналмен жұмыс жөніндегі бөлім Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:

      1) тікелей басшының толтырылған бағалау парағын;

      2) толтырылған айналасындағылардың бағалау парағын;

      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;

      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды бағалау көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын ұсынады.

      23. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия мынадай жағдайларда хаттамада тиісті қысқаша түсіндірмемен бағалауды түзетеді:

      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен артық болса, бұл ретте қызметшінің жұмыс нәтижелерін құжаттамалық түрде растау ұсынылады;

      2) персоналмен жұмыс жөніндегі бөлім қызметшіні бағалау нәтижесін санау кезінде қатеге жол берген кезде.

      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.

      24. Персоналмен жұмыс жөніндегі бөлім қызметшіні бағалау нәтижелерімен ол аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде таныстырады.

      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүзеге асырылады.

      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімнің қызметкерi еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт жасайды.

      25. Осы Әдістеменің 22-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ қол қойылған Комиссия отырысының хаттамасы персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      26. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      27. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган қызметшінің шағымы келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны қарауды жүзеге асырады және бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік органға Комиссияның шешімін жою туралы ұсыныс жасайды.

      28. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

  Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігінің "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
жыл сайынғы бағалау әдістемесіне
1-қосымша

      нысан

Тікелей басшысының бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә (бар болған жағдайда) ________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________

      ____________________________________________________________________

Р/с

Критерий

Көрсеткіштің мәні

Баға (балл)

1.

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейін


2.

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 8-ге дейін


3.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке дейін


4.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


ЖИЫНЫ (барлық бағалар сомасы)




      Таныстым: Тікелей басшы

      Қызметші Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)

      Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)

      ____________________________ ________________________________

      күні________________________ күні____________________________

      қолы________________________ қолы____________________________

  Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігінің "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
жыл сайынғы бағалау әдістемесіне
2-қосымша

      нысан

Айналасындағылардың бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________

Р/с №

Критерий

Көрсеткіштің мәні

Баға (балл)


Бағынысты

1.

Жұмысты жоспарлай білу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2.

Жұмысқа ынталандыру қабілеті

2-ден 5-ке дейін


3.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін



Жиыны (барлық бағалар сомасы)




Әріптесі

1.

Топта жұмыс істей алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


3.

Лауазымдық міндеттерін орындау сапасы

2-ден 5-ке дейін



Жиыны (барлық бағалар сомасы)



  Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігінің "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
жыл сайынғы бағалау әдістемесіне
3-қосымша

      нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      __________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

Р/с

Қызметшінің Т.А.Ә.

(бар болған жағдайда)

Тікелей басшының бағасы

Айналасындағылардың бағасы

Қорытынды баға

1.





2.






      Комиссия қорытындысы:____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексерген:

      Комиссия хатшысы:_____________________________ Күні:________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

      Комиссия төрағасы: ___________________________ Күні:________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

      Комиссия мүшесі:______________________________ Күні:________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Министерства обороны Республики Казахстан

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 12 июня 2015 года № 337. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 23 июля 2015 года № 11736. Утратил силу приказом Министра обороны Республики Казахстан от 9 марта 2017 года № 105 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра обороны РК от 09.03.2017 № 105 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 27 Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327, пунктом 2 Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б", утвержденной приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2014 года № 86, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Министерства обороны Республики Казахстан.

      2. Начальнику Административного департамента Министерства обороны Республики Казахстан:

      1) в установленном законодательством порядке направить настоящий приказ в Министерство юстиции Республики Казахстан для государственной регистрации;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации копию настоящего приказа направить в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему "Әділет" для официального опубликования;

      3) после официального опубликования приказ разместить на веб-сайте Министерства обороны Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Руководителя аппарата Министерства обороны Республики Казахстан.

      4. Приказ довести до должностных лиц в части, их касающейся.

      5. Приказ вступает в силу по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр обороны


Республики Казахстан

И. Тасмагамбетов


  Утверждена
приказом Министра обороны
Республики Казахстан
от 12 июня 2015 года № 337

Методика
ежегодной оценки деятельности административных
государственных служащих корпуса "Б"
Министерства обороны Республики Казахстан
1. Общие положения

      1. Настоящая Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Министерства обороны Республики Казахстан (далее – Методика), разработана в реализацию Указа Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих" и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Министерства обороны Республики Казахстан (далее – служащие).

      2. Ежегодная оценка деятельности служащих (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.

      3. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.

      4. Оценка служащего складывается из:

      1) оценки непосредственного руководителя служащего;

      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего).

      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.

      5. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.

      6. Получение служащим двух оценок "неудовлетворительно" в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.

      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.

      7. Служащий, получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.

      8. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по оценке (далее – Комиссия), которая создается Министром обороны Республики Казахстан.

      9. Комиссия состоит не менее, чем из трех членов, в том числе председателя.

      10. Результаты голосования определяются простым большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя является решающим.

      11. Председателем комиссии является руководитель аппарата Министерства обороны Республики Казахстан.

      Секретарем Комиссии является начальник отдела по работе с персоналом Министерства обороны Республики Казахстан ( далее - отдел по работе с персоналом), Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.

      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      12. Отдел по работе с персоналом формирует:

      1) график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии;

      2) уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в пункте 4 настоящей Методики, о проведении оценки не позднее одного месяца до проведения оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.

3. Оценка непосредственного руководителя

      13. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист по форме, согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от отдела по работе с персоналом, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист в отдел по работе с персоналом в течение двух рабочих дней.

      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме.

      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае начальником отдела по работе с персоналом и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      14. Круговая оценка представляет собой оценку подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении (отделе), в котором работает служащий (в случае их наличия).

      Перечень таких лиц (не более трех) определяется отделом по работе с персоналом не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.

      15. Лица, указанные в пункте 14 настоящей Методики, заполняют оценочный лист по форме, согласно приложению 2 к настоящей Методике.

      16. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 14 настоящей Методики, направляются в отдел по работе с персоналом в течение двух рабочих дней со дня их получения от отдела по работе с персоналом.

      17. Отдел по работе с персоналом осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 14 настоящей Методики.

      18. Оценка лицами, указанными в пункте 14 настоящей Методики, осуществляется анонимно.

5. Итоговая оценка служащего

      19. Итоговая оценка служащего вычисляется отделом по работе с персоналом не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:

      a = b + c

       где a – итоговая оценка служащего,

       b – оценка непосредственного руководителя,

       c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 14 настоящей Методики.

      20. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:

      менее 21 балла – "неудовлетворительно";

      от 22 до 33 баллов – "удовлетворительно";

      выше 33 баллов – "эффективно".

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      21. Отдел по работе с персоналом обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии.

      22. Отдел по работе с персоналом предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:

      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;

      2) заполненный лист круговой оценки;

      3) должностную инструкцию служащего;

      4) проект протокола заседания Комиссии с указанием итоговой оценки по форме, согласно приложению 3 настоящей Методике.

      23. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:

      1) утвердить результаты оценки;

      2) пересмотреть результаты оценки.

      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:

      1) если эффективность деятельности служащего превышает результат оценки, при этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего;

      2) при допущении ошибки отделом по работе с персоналом при расчете результата оценки служащего.

      При этом недопускается снижение оценки служащего.

      24. Отдел по работе с персоналом ознакамливает служащего с результатами оценки в течении пяти рабочих дней со дня ее завершения.

      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.

      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае работником отдела по работе с персоналом в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

      25. Документы, указанные в пункте 22 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в отделе по работе с персоналом.

7. Обжалование результатов оценки

      26. Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы и противодействию коррупции осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.

      27. Уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.

      28. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции.

  Приложение 1
к Типовой методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих корпуса "Б"
Министерства обороны
Республики Каазахстан

      форма

Оценочный лист непосредственного руководителя

      Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего:

      ____________________________________________________________________

      Должность оцениваемого служащего:

      ____________________________________________________________________

№ п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)

1.

Инициативность

от 2 до 5


2.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 8


3.

Способность к сотрудничеству

от 2 до 5


4.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


ИТОГО (сумма всех оценок):




Ознакомлен(а):

Служащий

Ф.И.О. (при его наличии)

_____________________________

дата ________________________

подпись _____________________

Непосредственный руководитель

Ф.И.О. (при его наличии)

_____________________________

дата ________________________

подпись _____________________

  Приложение 2
к Типовой методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих корпуса "Б"
Министерства обороны
Республики Казахстан

      форма

Лист круговой оценки

      Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего:

      ____________________________________________________________________

      Должность оцениваемого служащего:

      ____________________________________________________________________

№ п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)

Подчиненный

1.

Умение планировать работу

от 2 до 5


2.

Умение мотивировать к работе

от 2 до 5


3.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


Итого (сумма всех оценок)



Коллега

1.

Умение работать в команде

от 2 до 5


2.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


3.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 5


Итого (сумма всех оценок)



  Приложение 3
к Типовой методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих корпуса "Б"
Министерства обороны
Республики Казахстан

      форма

Протокол заседания Комиссии по оценке

      ______________________________________________

      (наименование государственного органа)

№ п/п

Ф.И.О.

(при его наличии)

служащего

Оценка непосредственного руководителя

Круговая оценка

Итоговая оценка

1.





2.






      Заключение Комиссии:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Проверено:

      Секретарь Комиссии: _______________________ Дата: _____________

       (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)

      Председатель Комиссии:

      __________________________________________ Дата: ______________

       (Ф.И.О., (при его наличии), подпись)

      Член Комиссии: ___________________________ Дата: ______________

       (Ф.И.О., (при его наличии), подпись)