Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 27.09.2023 № 950 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдары тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10429 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдары тізбесіндегі 3-бөлімі атауының мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жедел ден қою бөлімшелерінің арнайы автомобильдері", орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін жолдасын;
2) бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
веб-сайтына орналастырсын.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қорғаныс министрі | И. Тасмағамбетов |