Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 08.02.2018 № 142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10097 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың орыс тіліндегі атауына өзгеріс енгізілді, бұйрықтың қазақ тіліндегі атауы өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердің тiзбесiнде:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Ирландия Республикасы (Дублин, Шеннон қалаларының аумақтары бөлігінде ғана)".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті (Қ.Б. Жолмұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |