Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердiң тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 595 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 қаңтарда № 10097 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 142 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 08.02.2018 № 142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.09.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 224-бабы 4 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. қоса беріліп отырған Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердiң тiзбесi бекітілсін

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.09.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кірістерді талдау және салық және кеден заңнамасы мәселелерін үйлестіру департаменті (У. Әмірханұлы) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Министрі Б.Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 595 бұйрығымен
бекітілген

Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердiң тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 27.02.2015 № 139 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2015 № 393 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 05.09.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      1. Андорра Княздығы.

      2. Антигуа және Барбуда Мемлекеті.

      3. Багам аралдары Достастығы.

      4. Барбадос Мемлекеті.

      5. Бахрейн Корольдігі.

      6. Белиз Мемлекеті.

      7. Бруней Даруссалам Сұлтанаты.

      8. Вануату Республикасы.

      9. Гайана Кооператив Республикасы.

      10. Гватемала Республикасы.

      11. Гренада Мемлекеті.

      12. Джибути Республикасы.

      13. Доминика Республикасы.

      14. Доминика Достастығы.

      15. Ирландия Республикасы (Дублин, Шеннон қалаларының аумақтары бөлігінде ғана).

      16. Испания Корольдігі (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана).

      17. Алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 05.09.2016 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана).

      19. Колумбия Республикасы.

      20. Ислам Федеральдық Республикасы Комор аралдары.

      21. Коста-Рика Республикасы.

      22. Малайзия (Лабуан анклавы аумағы бөлігінде ғана).

      23. Либерия Республикасы.

      24. Ливан Республикасы.

      25. Лихтенштейн Княздығы.

      26. Маврикий Республикасы.

      27. Мавритания Ислам Республикасы.

      28. Португалия Республикасы (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана).

      29. Мальдив Республикасы.

      30. Маршалл аралдары Республикасы.

      31. Монако Княздығы.

      32. Мальта.

      33. Мариан аралдары.

      34. Марокко Корольдігі (Танжер қаласы аумағы бөлігінде ғана).

      35. Мьянма Одағы.

      36. Науру Республикасы.

      37. Нидерланды Корольдігі (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана).

      38. Нигерия Федеративтік Республикасы.

      39. Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана).

      40. Алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 27.02.2015 № 139 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Палау Республикасы.

      42. Панама Республикасы.

      43. Самоа Тәуелсіз Мемлекеті.

      44. Сан-Марино Республикасы.

      45. Сейшель аралдары Республикасы.

      46. Сент-Винсент және Гренадины Мемлекеті.

      47. Сент-Китс және Невис Федерациясы.

      48. Сент-Люсия Мемлекеті.

      49. Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):

      1) Ангилья аралдары;

      2) Бермуд аралдары;

      3) Британдық Виргин аралдары;

      4) Гибралтар;

      5) Кайман аралдары;

      6) Монтсеррат аралы;

      7) Теркс және Кайкос аралдары;

      8) Мэн аралы;

      9) Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);

      10) Оңтүстік Георгия аралы;

      11) Оңтүстік Сэндвич аралдары;

      12) Чагос аралы.

      50. Америка Құрама Штаттары (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):

      1) Американдық Виргин аралдары;

      2) Гуам аралы;

      3) Пуэрто-Рико Достастығы;

      4) Вайоминг штаты;

      5) Делавэр штаты.

      51. Суриам Республикасы.

      52. Біріккен Танзания Республикасы.

      53. Тонга Корольдігі.

      54. Тринидад и Тобаго Республикасы.

      55. Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы.

      56. Филиппин Республикасы.

      57. Француз Республикасы (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):

      1) Кергелен аралдары;

      2) Франциялық Полинезия;

      3) Франциялық Гвиана.

      58. Черногория Республикасы.

      59. Шри-Ланка Демократиялық Республикасы.

      60. Ямайка.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады