Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.11.2017 № 414 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 70-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.10.2023 № 376 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 28.11.2017 № 414 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтер бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 28.11.2017 № 414 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 № 676 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
В. Школьник |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 465 бұйрығына 1-қосымша |
Электр энергиясына шекті тарифтер
Ескерту. 1-қосымша алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 28.11.2017 № 414 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 465 бұйрығының 2-қосымшасына |
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтер
Ескерту. Тарифтер жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 23.10.2023 № 376 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
мың теңге/мегаватт*айына
№ | Атауы | Жыл | ||||||
2019 | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 | 2025 | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтер | 590,0 | 590,0 | 590,0 | 590,0 | 590,0 | 1065,0 | 1215,0 |