"Электр энергиясына шекті тарифтерді және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге шекті тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 465 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 414 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда № 16095 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр энергиясына шекті тарифтерді және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 465 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11850 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтерді бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"

      1-тармақта:

      1) тармақша алып тасталсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтер бекітілсін.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 28 қарашадағы
№ 414 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 3 шілдедегі
№ 465 бұйрығына
2-қосымша

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтер

      мың теңге/(МВтайына)

Атауы

Жыл

2019

2020

2021

2022

2023

2024

2025

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтер

700,0

700,0

700,0

700,0

700,0

700,0

700,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады