"Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2015 жылғы 29 шілдедегі № 426 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 тамызда № 11865 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 № 30 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5419 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiнде:
      1 «Ағымдағы шығындар» санатында:
      01 «Тауарлар мен қызметтерге шығатын шығыстар» сыныбында:
      150 «Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу» кіші сыныбында:
      159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: жеке (ұжымдық) еңбек шарттары бойынша шығыстарды төлеу кезiнде; банк қызметтерiн төлеу кезiнде; Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгiнiң шоттарына, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - ЭЫДҰ) шоттарына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әкімшісі болып табылатын «Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы» бюджеттік бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әкімшісі болып табылатын «Білім және ғылым саласындағы әдіснамалықты қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әкімшісі болып табылатын «Экономиканың даму перспективаларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының еңбек нарығының жағдайын шолу және жұмыспен қамту саясатын жаңғырту» бюджеттік бағдарламасы бойынша және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысу», «Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЭЫДҰ арасында жасалған келісімдер бойынша ақша қаражатын аудару кезінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әкімшілері болып табылатын «Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету», Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгi әкiмшiсi болып табылатын «Ақпараттық-имидждік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету», «Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік объектiлерiн салу», «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Шетелдік іссапарлар», «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына кейiннен аудару үшiн және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде, Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi Халықаралық орталықтың шығыстарын төлеу кезiнде, халықаралық төрелік органдар мен шетелдік соттардың шешiмдерi бойынша шығарылған төрелік шығыстар мен сот шығыстарын төлеу кезiнде. Азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдердi жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берiлетiн шоттың негiзiнде жүзеге асырылады. Үкіметтік сыртқы қарыздардың қаражатын аударуды жүзеге асыратын банкке қызмет көрсеткені үшін комиссия төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
      Корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, қызметтік іссапарда болған кезде алыс және таяу шетелде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштері әскери-көліктің авиацияның әуе кемелеріне, құқық қорғау органдарына қызмет көрсету жөніндегі әуежай қызметтеріне төлеуге байланысты мемлекеттік мекемелердің шығыстарын төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.».
      2. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрінің міндетін атқарушы        Р. Бекетаев

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 декабря 2008 года № 588 "Об утверждении перечня специфик экономической классификации расходов, в том числе видов расходов, по которым регистрация заключенных гражданско-правовых сделок является обязательной"

Приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 29 июля 2015 года № 426. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 августа 2015 года № 11865. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 27 января 2016 года № 30

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 27.01.2016 № 30.

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 декабря 2008 года № 588 «Об утверждении перечня специфик экономической классификации расходов, в том числе видов расходов, по которым регистрация заключенных гражданско-правовых сделок является обязательной» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5419) следующее изменение:
      в Перечне специфик экономической классификации расходов, в том числе видов расходов, по которым регистрация заключенных гражданско-правовых сделок является обязательной, утвержденном указанным приказом:
      в категории 1 «Текущие затраты»:
      в классе 01 «Затраты на товары и услуги»:
      в подклассе 150 «Приобретение услуг и работ»:
      по специфике 159 «Оплата прочих услуг и работ»:
      графу 7 «Примечание» изложить в следующей редакции:
      «Кроме гражданско-правовых сделок на поставку товаров (работ и услуг): при оплате расходов по индивидуальным (коллективным) трудовым договорам; при оплате банковских услуг; при перечислении сумм на счета в Национальном Банке Республики Казахстан для конвертации и последующего перечисления на счета Торгового представительства Республики Казахстан в Российской Федерации по бюджетной программе «Услуги по формированию и развитию экономической, торговой политики, политики в области защиты прав потребителей и санитарно-эпидемиологического благополучия населения, по формированию и реализации государственного материального резерва, по регулированию деятельности субъектов естественных монополий и в области статистической деятельности, по обеспечению защиты конкуренции, по координации деятельности в области регионального развития, строительства, жилищно-коммунального хозяйства, развития предпринимательства и управления земельными ресурсами», администратором которой является Министерство национальной экономики Республики Казахстан, на счета Организации экономического сотрудничества и развития (далее - ОЭСР), при перечислении сумм по заключенным Соглашениям между Правительством Республики Казахстан и ОЭСР по бюджетной программе «Стратегия повышения отраслевой конкурентоспособности Казахстана», администратором которой является Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан, по бюджетной программе «Методологическое обеспечение в области образования и науки» администратором которой является Министерство образования и науки Республики Казахстан, по бюджетной программе «Обзор состояния рынка труда и модернизация политики занятости Республики Казахстан с учетом перспектив развития экономики» администратором которой является Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан и по бюджетным программам «Участие Казахстана в инициативах и инструментах Организации экономического сотрудничества и развития в рамках сотрудничества Казахстана с Организацией экономического сотрудничества и развития», «Реализация Страновой программы по укреплению сотрудничества между Казахстаном и Организацией экономического сотрудничества и развития» администратором которых является Министерство национальной экономики Республики Казахстан, «Обеспечение реализации Страновой программы по укреплению сотрудничества между Казахстаном и Организации экономического сотрудничества и развития» администраторами которой являются Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан, Министерство образования и науки Республики Казахстан, Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан, Министерство энергетики Республики Казахстан, Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан, на счета загранучреждений Республики Казахстан по бюджетным программам «Обеспечение реализации информационно-имиджевой политики», «Строительство объектов недвижимости за рубежом для размещения дипломатических представительств Республики Казахстан», «Представление интересов Республики Казахстан за рубежом», «Представление интересов Республики Казахстан в международных организациях, уставных и других органах Содружества Независимых Государств», «Заграничные командировки», «Проведение мероприятий за счет резерва Правительства Республики Казахстан на неотложные затраты» администратором, которых является Министерство иностранных дел Республики Казахстан, при оплате расходов Международного Центра по регулированию Инвестиционных Споров в соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 декабря 2001 года «О членстве Республики Казахстан в Международном Валютном Фонде, Международном Банке Реконструкции и Развития, Международной Финансовой Корпорации, Международной Ассоциации Развития, Многостороннем Агентстве Гарантии Инвестиций, Международном Центре по Урегулированию Инвестиционных споров, Европейском Банке Реконструкции и Развития, Азиатском Банке Развития, Исламском Банке Развития», при оплате арбитражных расходов и судебных расходов, вынесенных по решениям международных арбитражных органов и иностранных судов. Проведение платежей по расходам на сумму, не превышающую 100-кратного месячного расчетного показателя без заключения гражданско-правовой сделки, осуществляется на основании счета к оплате без приложения подтверждающих документов. При оплате комиссии за обслуживание банку, осуществляющему перевод средств правительственных внешних займов, регистрация гражданско-правовой сделки не требуется.
      При оплате расходов государственных учреждений, связанных с оплатой услуг аэропорта по обслуживанию воздушных судов военно-транспортной авиации Сил воздушной обороны Вооруженных сил, правоохранительных органов Республики Казахстан в странах дальнего и ближнего зарубежья при нахождении в служебных командировках с использованием корпоративной платежной карточки регистрация гражданско-правовой сделки не требуется.».
      2. Департаменту методологии бюджетных процедур Министерства финансов Республики Казахстан (Ерназарова З.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      И.о. Министра финансов
      Республики Казахстан                       Р. Бекетаев