«Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 04 қарашадағы № 1175 қаулысымен бекітілген Инвестициялық субсидия беру қағидаларының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. 2015 қаржы жылына арналған инвестициялық субсидия берудің шекті мөлшері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ. Хаиров):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі Қаржы министрі
_____________ Ә. Исекешев ___________ Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы № 14,
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 2 наурыздағы № 146,
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 21 шілдедегі № 556
бірлескен бұйрығына қосымша
2015 қаржы жылына арналған инвестициялық субсидия берудің шекті мөлшері
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жабдық сатып алуға арналған іс жүзіндегі шығындардың сомасы, миллион айлық есептік көрсеткіш |
Инвестициялық субсидия берудің шекті мөлшері |
2-ден 5-ке дейін |
30 % |
5-тен 10-ға дейін |
бірінші 5 миллион айлық есептік көрсеткіштер - 30 % |
10-нан 15-ға дейін |
бірінші 5 миллион айлық есептік көрсеткіштер - 30 % |
15-дан – 20-ға дейін |
бірінші 5 миллион айлық есептік көрсеткіштер - 30 % |
20-дан 25-ке дейін |
бірінші 5 миллион айлық есептік көрсеткіштер - 30 % |
25-тен және жоғары |
бірінші 5 миллион айлық есептік көрсеткіштер - 30 % |