2015 қаржы жылына арналған инвестициялық субсидияның шекті мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 14 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 146, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 556 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 тамызда № 11931 болып тіркелді

        «Инвестициялық субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 04 қарашадағы № 1175 қаулысымен бекітілген Инвестициялық субсидия беру қағидаларының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. 2015 қаржы жылына арналған инвестициялық субсидия берудің шекті мөлшері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ. Хаиров):
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі     Қаржы министрі
      _____________ Ә. Исекешев            ___________ Б. Сұлтанов

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ______________ Е. Досаев

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму   
министрінің         
2015 жылғы 19 қаңтардағы № 14,
Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің      
2015 жылғы 2 наурыздағы № 146,
Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 21 шілдедегі № 556
бірлескен бұйрығына қосымша 

2015 қаржы жылына арналған инвестициялық субсидия берудің шекті мөлшері

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жабдық сатып алуға арналған іс жүзіндегі шығындардың сомасы, миллион айлық есептік көрсеткіш

Инвестициялық субсидия берудің шекті мөлшері

2-ден 5-ке дейін

30 %

5-тен 10-ға дейін

бірінші 5 миллион айлық есептік көрсеткіштер - 30 %
5 миллионнан 10 миллион диапазонға дейін және оны қоса алғанда айлық есептік көрсеткіштердің кейінгі сомасы - 25 %

10-нан 15-ға дейін

бірінші 5 миллион айлық есептік көрсеткіштер - 30 %
5 миллионнан 10 миллион диапазонға дейін және оны қоса алғанда айлық есептік көрсеткіштердің кейінгі сомасы - 25 %
10 миллионнан 15 миллион диапазонға және оны қоса алғанда айлық есептік көрсеткіштердің кейінгі сомасы - 20%

15-дан – 20-ға дейін

15 миллионан 20 миллион диапазонға және оны қоса алғанда айлық есептік көрсеткіштердің кейінгі сомасы - 15%

20-дан 25-ке дейін

20 миллионан 25 миллион диапазонға және оны қоса алғанда айлық есептік көрсеткіштердің кейінгі сомасы - 10%

25-тен және жоғары

25 миллион айлық есептік көрсеткіштерден астам іс жүзіндегі шығындар үшін – 5 %

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады