"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңының 62) тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ережесінің 16-тармағы 189) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының м.а. 01.04.2020 № 27-5-6/72 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу енгізілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.
2-1. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу мен тыйым салынсын.
Ескерту. Бұйрық 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 24.11.2016 № 265 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасы заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Ескерту. Бұйрықтың орыс тіліндегі 3-тармаққа өзгеріс енгізіледі, қазақ тілінде мәтіні өзгерілмейді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 24.11.2016 № 265 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы |
Қ. Үстеміров |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына 1-қосымша |
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері
мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу
1. Жалпы ережелер
1. Осы балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу (бұдан әрі - шектеу мен тыйым салу) Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңының 62) тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ережесінің 16-тармағы 189) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының м.а. 01.04.2020 № 27-5-6/72 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау және өсімін молайту мақсатында шектеу мен тыйым салу олардың мекендеу ортасы ареалдарының (таралу облыстарының) географиялық, климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып енгізіледі.
3. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 тіркелген) Балық аулау қағидаларында айқындалатын ғылыми-зерттеу (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде), бақылау, мелиоративтік аулауды, өсімін молайту мақсатында (жасанды өсімін молайту және балық өсіру материалын алу мақсатында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ өздеріне бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жеке балық өсіру шаруашылықтары жүзеге асырады) аулауды жүзеге асыруға, сондай-ақ тауарлы балықты жасанды өсіру үшін пайдаланылатын су айдындарына қолданылмайды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 03.08.2021 № 30-4-8/77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Ұяшықталатын аулау құралдарында ауланған балықтың 8%-нан және сүзгіш аулау құралдарында 5%-нан артық көлемде өзге балық түрлерінің және кәсіпшілік мөлшеріне сәйкес емес балықтың аулануына тыйым салу енгізілсін.
5. Мына:
1) үшкір аулау құралдарын (шанышқы, найза, қапқан), өздігінен аулау құралдарын (ілмек, тартпа, артпа), жарылғыш және уландырғыш заттарды, сондай-ақ оқпен атылатын қаруларды қолдана отырып;
2) қолдануы Балық аулау қағидаларында және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 18-04/17 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10266 тіркелген) Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесіне енгізілмеген балық аулау құралдарымен, әдістермен және тәсілдермен;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 тіркелген) Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларына сәйкес нысан бойынша балық аулау қағидаларында және жануарлар дүниесін пайдалану рұқсатында көзделген тор көзі кіші аулау құралдарын қолдана отырып;
4) осы шектеу мен тыйым салумен белгіленген қысқы кезеңде балықтардың қыстайтын шұңқырларында, уылдырық шашу кезеңінде уылдырық шашатын жерлерде және өзге де учаскелерде, мерзімдерде және орындарда;
5) осы шектеу мен тыйым салумен белгіленген балық ресурстары мен басқа да су жануарларының көбею кезеңінде олардың шоғырлану орындары мен өрістеу жолдарында;
6) үркіту, сылдырлау арқылы шошыту, қуалау тәсілдерімен;
7) балық аулау қағидасында белгіленген кәсіпшілік мөлшерден аз балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауға тыйым салынсын.
2. Арал-Сырдария балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу
6. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
1) Шардара су қоймасының су айлағында 1 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;
2) Түркістан облысы шегіндегі су айдындарда және Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейiнгi Сырдария өзенiнде 15 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы аралықта;
3) сағадан Түркістан блысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 1 сәуiр мен 30 мамырды қоса алғандағы аралықта;
4) Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 1 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
5) Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында 20 сәуірден 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
6) Сарышығанақ және Бутаковка шығанағында сонымен қатар, осы шығанақтарды байланыстыратын сағаларда мұздың ыдырауынан бастап маусымның 10-на дейін балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының м.а. 01.04.2020 № 27-5-6/72 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7. Артемияның көбеюі кезеңінде Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Қазақстан Республикасының аумағы шегінде Тұщыбас, Чернышева шығанақтарын қоса алғанда, Үлкен Арал теңізінде 1 сәуірден 31 шілдені қоса алғандағы аралықта артемия жұмыртқаларын жинауға және дайындауға тыйым салу енгізілсін.
8. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
1) Арыс және Келес өзендерінде;
2) Сырдария өзенi Кiшi Арал теңiзiне құятын жерінен Көкарал бөлiп тұру бөгетiне дейiнгi оңтүстiк бағытта, Көкарал түбегіне дейiнгi батыс бағытта, солтүстiк және солтүстiк-шығыс бағыттарда 5 километр (бұдан әрі - км), Сырдария өзенінің ағысымен жоғары бағытта 5 км учаскеде;
Ескертпе: балық өлiмiн болдырмау мақсатында Көкарал бөгетiнiң төменгi бьефінде, Кiшi Арал теңiзiн Үлкен Арал теңiзiмен байланыстыратын жылғада балық аулауға жол беріледі.
3) Шығыс тасталым сызығынан (Құркелес өзенiнің сағасы) Өзбекстан Республикасының мемлекеттiк шекарасына дейiнгі Сырдария өзенiнде және Шардара су қоймасының (Шығыс тасталым, Құркелес, Отырлы өзендерiнiң сағасы, Корей шығанағы) негiзгi уылдырық шашу учаскелерiнде жыл бойы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының м.а. 01.04.2020 № 27-5-6/72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 30.07.2020 № 27-5-6/156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.8-1. Шардара су қоймасының платиналды аймағында қоймалы ауды қолдануға тыйым салу енгізілсін.
Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 01.10.2015 № 249 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 30.07.2020 № 27-5-6/156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.3. Балқаш-Алакөл балық шаруашылығы бассейнi бойынша шектеу мен тыйым салу
9. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
1) Балқаш көлінің батыс бөлігінде, Алакөл шығанағының оңтүстік шетінен Ұзынарал түбегіне дейін 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта.
Балқаш көлінің шығыс бөлігінде Ұзынарал түбегінен Аягөз өзенінің сағасына дейін 25 сәуірден 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
2) Балқаш көліне құятын сағалардан ағыспен жоғарғы бағытта өзеннің жалпы ұзындығымен және оның негізгі сағалары ,сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
3) Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын барлық өзендерінде және су ағындарында 5 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;
4) Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың құяр сағалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде 10 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
5) Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе ауылы) дейінгі Іле өзенінде кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып 5 сәуірден 5 маусымды қоса алғандағы аралықта;
6) Іле өзенінің барлық атырауында кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
7) Шарын өзенінің сағасынан Қытай Халық Республикасының (бұдан әрі – ҚХР) мемлекеттік шекарасына дейінгі Іле өзенінде кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып, 25 наурыздан 5 шілдені қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 16.03.2023 № 30-9/49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
1) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе кенті) дейінгі Іле өзенінде және Іле өзенінің барлық атырауында;
2) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып Шарын өзенінің сағасынан ҚХР мемлекеттік шекарасына дейін Іле өзенінде;
3) Қапшағай су қоймасының сол жақ жағалауындағы Үтік шоқысын (аңшылық шаруашылығы кордоны) және оң жақ жағалаудағы бұрынғы 90 км (қорықшылар үйі) және қосатын тік сызықтан Іле өзенінің ағысымен жоғарғы бағытта Шарын өзенінің сағасына дейін;
4) Жалаңашкөл көлінде;
5) Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде кәсіптік аулау құралдарын қолдана отырып, осы өзендердің сағаларын, ағындарын және жайылмаларын олардың Балқаш көліне құятын сағасынан және өзендердің барлық ұзындығы мен олардың негізгі ағындарының ағысы бойынша жоғары қарай пайдалана отырып жыл бойы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының м.а. 01.04.2020 № 27-5-6/72 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).11. Балқаш көлінде жылымдарды қолдана отырып қанаттары толық ашылғаннан кейін екі қанатын бір уақытта моторлы тарту (тралдау тәсілі) арқылы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
4. Ертiс балық шаруашылығы бассейнi бойынша шектеу мен тыйым салу
12. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
1) Жайсан көлінде және Қарақастан бірінші Батин шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде 16 сәуiрден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта;
2) бірінші Батин шоқысынан Бұқтырма СЭС дейiн Бұқтырма су қоймасының терең бөлігінде 1 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта;
3) Өскемен су қоймасында, Ертіс өзені Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін 10 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
Шүлбі су қоймасында, Ертіс өзенінде Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына 16 сәуірден 30 мамыр қоса алғандағы аралықта;
4) Павлодар облысының арқалық, тұщы су айдындарында, Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік шекарасынан Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына дейінгі аралықтағы Ертіс өзенінде және оның жайылмалы су айдындарында 15 сәуірден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта;
5) бекітілген балық шаруашылығы учаскелерінде торта, табан, алабұға, мөңке және шортан балық түрлерін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, барлық су тораптарын (су қоймаларын) қоса алғанда, Қаныш Сәтпаев атындағы каналдың барлық ұзындығы бойынша 15 сәуірден бастап 30 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 04.05.2022 № 30-9/64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Ақсаха балық түрлері уылдырық шашу және артемияның көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
1) Бұқтырма және Өскемен су қоймаларында және Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін және Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Ертіс өзенінде, Қаныш Сәтпаев атындағы № 1 каналдың су торабының су қоймасында ақсаха балық түрлерін 10 қарашадан 10 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта аулауға;
2) Павлодар облысының тұзды су айдындарында артемия жұмыртқаларын 1 наурыздан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта жинауға және дайындауға;
3) Бұқтырма су қоймасында Казнаковка өткелінен ағыстан төмен Бұқтырма СЭС-не дейін 10 қарашадан 10 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта аулауға тыйым салу енгізілсін.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 30.07.2020 № 27-5-6/156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
1) Ұлтарақ мүйiсiн бұрынғы Ескi Қарақас кентімен байланыстыратын сызығынан батысқа қарай Жайсан көлiнiң солтүстiк-батыс бөлiгiнде;
2) Аманат-Сақтаған-Қамысзауыт сызығынан шығысқа қарай Қара Ертiс өзенiнің атырауында;
3) Қара Ертіс өзенінде Зайсан көліне құйылудан ҚХР Мемлекеттік шекарасына дейін және Кендірлік және Ақсу өзендерінде Қара Ертіс өзеніне құйылудан Зайсан-Майқапшағай автожолына дейін;
4) Ойран-Жасыл сызығынан шығысқа қарай (Торанғы шығанағы);
5) Қозғалмалы механикаландырылған колона мүйісімен Қуандық мүйiсін байланыстыратын сызықтан шығысқа қарай Үлкеннарым шығанағында;
6) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып бастауынан сағасына дейінгі аралықтағы Боқан, Көкпектi, Күршiм, Бұқтырма, Нарым, Калжыр, Ақ-Қаба, Қара-Қаба өзендерiнде және олардың құймаларында;
7) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып Шүлбі су қоймасының Қызыл-Су, Шүлбi, Ковалевский, Осиха шығанақтарында, Өскемен су қоймасының Таловский шығанағында және Оба өзенінің жылғасында жыл бойы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының м.а. 01.04.2020 № 27-5-6/72 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).15. Бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға жыл бойы тыйым салу енгізілсін.
5. Есіл балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу
16. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
1) Есіл бассейнінің су айдындарында:
шортан, аққайран және көксерке – 15 сәуірден 15 мамырды қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы) – 20 мамырдан 20 маусымды қоса алғандағы аралықта;
гамарус – 1 тамыздан 14 қыркүйекті қоса алғандағы аралықта;
артемия жұмыртқалары – 1 наурыздан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта;
өзен шаяндары – 1 маусымнан 15 шілдені қоса алғандағы аралықта аулауға (жинауға, дайындауға);
2) Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының шегіндегі Есіл, Нұра, Сілеті өзендерінде және олардың барлық құймалары мен су қоймаларында 20 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
6. Нұра-Сарысу балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу
17. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде Нұра-Сарысу бассейнінің су айдындарында мынадай орындар мен мерзімдерде:
көксерке - 20 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы) - 15 мамырдан 30 маусымды қоса алғандағы аралықта аулауға тыйым салу енгізілсін.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 30.07.2020 № 27-5-6/156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
1) Шерубай-Нұра су қоймасы – Шерубай-Нұра өзенiнiң сағасынан 1 км, Шерубай-Нұра өзенінің сағасынан су қойманың оңтүстік жағалауымен 2 км және сағадан солтүстiк жағалаумен 1 км жердегі Шерубай-Нұра өзенiнің саға алды учаскесінде;
2) Самарқанд су қоймасы – солтүстiк жағалаумен 2 км бойы және оңтүстiк жағалаумен 1,5 км бойы су қойманың шығыс бөлігінде, сондай-ақ 500 метр (бұдан әрі – м) сағадан шығысқа қарай Нұра өзенiнiң арнасында;
3) Шалқар және Рудный көлдерi – өзара байланыстыратын жылғада, шығанаққа дейiнгi Рудный көлiнде, 500 м Шалқар көлінің iшкі бағытындағы учаскеде жыл бойы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
7. Тобыл-Торғай балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу
19. 1) Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Амангелдi, Жангелдi аудандарының су айдындарында:
шортан - 20 наурыз бен 20 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы), табан, оңғақ, көксерке - 20 сәуірден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта аулауға;
2) Қостанай облысының басқа аудандары мен қалаларының су айдындарында:
мөңке - 20 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
шортан, аққайран - 10 сәуірден 10 мамырды қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы), табан, оңғақ, көксерке - 20 мамырдан 30 маусымды қоса алғандағы аралықта;
нәлім - 1 желтоқсаннан 31 қаңтарды қоса алғандағы аралықта;
шаян - 15 қазан мен 30 маусымды қоса алғандағы аралықта аулауға;
3) Ақтөбе облысының су айдындарында:
шортан, көксерке, берiш, аққайран, ақмарқа, қызыл көз, торта, алабұға, тұрпа, тарақ балық - 10 сәуірден 10 мамыр қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы), мөңке, оңғақ, жайын, қызыл қанатты шұбар балық, айнакөз, табан -10 мамырдан 5 маусымды алғандағы аралықта;
нәлім - 1 желтоқсаннан 31 қаңтарды қоса алғандағы аралықта;
ақсаха балық түрлері - 20 қазан мен 30 қарашаны қоса алғандағы аралықта;
шаян - 1 ақпаннан 5 маусымға қоса алғандағы аралықта аулауға;
4) кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып 15 сәуірден 1 шілдені қоса алғандағы аралықта:
сағадан (Демалыс үйі мүйісі) Котюбок шығанағының жоғарғы жағына дейінгі Жоғарғы-Тобыл су қоймасында;
Халвай кентінен Аят бұлағының бөгетiне (Тобыл қолтығы) дейiнгі аралықта және автожол көпірінен (Рудный қаласы - Тобыл станциясы тас жолы) Майский ауылына (Аят қолтығы) дейiнгі Қаратомар су қоймасында балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 30.07.2020 № 27-5-6/156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
1) сағадан (Демалыс үйі мүйісі) Котюбок шығанағының жоғарғы жағына дейінгі Жоғарғы-Тобыл су қоймасында;
2) Халвай кентінен Аят бұлағының бөгетiне (Тобыл қолтығы) дейiнгі аралықта және автожол көпірінен (Рудный қаласы – Тобыл станциясы тас жолы) Майский ауылына (Аят қолтығы) дейiнгі Қаратомар су қоймасында;
3) Ырғыз-Торғай жүйесінің көлдері арасындағы жылғаларда, сондай-ақ сағадан Дүкен аулына дейінгі Өлкейік өзенінде, Ақтөбе облысы шегіндегі Телқара және Торғай өзендерінде жыл бойы кәсiпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
8. Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні және Қиғаш өзені бойынша шектеу мен тыйым салу
Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 14.05.2018 № 17-5-6/135 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындарда, учаскелерде және мерзімдерде:
1) Каспий теңiзi қазақстандық секторы солтүстiк бөлiгiнің су айлағында 25 мамырдан 31 тамызды қоса алғандағы аралықта;
2) Каспий теңiзi қазақстандық секторының Түпқараған мүйiсiнен Бұрыншық мүйiсiне дейiнгi Маңғышлақ мыңаралы аралдары мен жапсарлас жағалауында 15 қарашадан 15 наурызды қоса алғандағы аралықта;
3) Жайық пен Қиғаш өзендерiнiң жанама су айдандарында 1 сәуірден 31 тамызды қоса алғандағы аралықта;
4) Жайық өзенінің Золотой арнасындағы Төменгі Пешной (өсімін молайтуға арналған ұйықтық учаскесі), Кіші Дамба, Төменгі Дамба, Жоғарғы Дамба, Жоғарғы Золотой, Төменгі Золотой, Жоғарғы Зарослый, Төменгі Зарослый, Золотенок ұйықтық учаскелерінде, Яицкий арнасындағы Еркінқала, Жоғарғы Сол жақ Яицкий, Төменгі Сол жақ Яицкий ұйықтық учаскелерінде, Жайық өзеніндегі Жаңа Лицевая, Ескі Лицевая, Бугорки, ғылыми зерттеуге арналған Төменгі Татар ұйықтық учаскелерінде 16 мамырдан 15 тамызды қоса алғандағы аралықта және мұз қатқан кезеңде;
5) Қиғаш өзеніндегі Қамыс, Қарақамыс, Дамба, Круглая, Қызылоба, Қараағаш, Булгач, Төменгі Богатин, Бақыт, Золотенок, Тимофеев, Ягодка, Песок, Жаңа Лицевая ұйықтық учаскелерінде 25 мамырдан 15 тамызды қоса алғандағы аралықта және мұз қатқан кезеңде;
6) Құшым өзенiнде және Киров, Битик, Донголюк, Пятимар су қоймаларында 1 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта;
7) Шалқар көлiнде, Жайық-Құсмұрын суғару-суару жүйесінің көлдерінде және Қамыс-Самара жүйесінің көлдері мен өзендерінде 1 мамырдан 31 мамырды қоса алғандағы аралықта;
8) Батыс Қазақстан облысының басқа су айдындарында 1 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының м.а. 01.04.2020 № 27-5-6/72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.08.2021 № 30-4-8/77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.22. Жайық өзенiндегі стационарлық ұйықтық учаскелерінде (күндіктер) мынадай шектеулер енгізілсін:
1) көктемдiк балық аулау маусымында 25 сәуiрге дейiн 5:3 (5 күн балық ауланады, 3 күн тыйым салынады), 25 сәуірден бастап 15 мамырға дейін 5:5 (5 күн балық ауланады, 5 күн тыйым салынады);
2) күздiк балық аулау маусымында мұз қатқанға дейiн 5:2 (5 күн балық ауланады, 2 күн тыйым салынады).
Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының м.а. 01.04.2020 № 27-5-6/72 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).23. Кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып:
1) Атырау облысының шегіндегі Жайық өзенінде 15 мамырдан 15 маусым қоса алғандағы аралықта;
2) Қиғаш өзенінде, оның барлық каналдары мен өзектерінде сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, 20 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;
3) Батыс Қазақстан облысының шегіндегі Жайық өзенінде және оның барлық жанама су айдындарында (старицалар, құймалар, жылғалар, өзектер) 15 мамырдан 15 маусым қоса алғандағы аралықта;
4) Батыс Қазақстан облысының басқа су айдындарда 1 мамырдан 31 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 03.08.2021 № 30-4-8/77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Барлық суда 1 сәуірден 15 маусымды қоса алғандағы аралықта шаяндарды аулауға тыйым салу енгізілсін;
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының м.а. 01.04.2020 № 27-5-6/72 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).25. Мына:
1) өсімін молайту кәсіпорындарын (мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде);
2) ғылыми зерттеу үшін аулауды жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарын;
3) бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға квотасы болған жағдайда мемлекеттік монополия субъектісін қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға, бекіре тұқымдас балықтарды және оның дериваттарын (уылдырығын) пайдалануға тыйым салу енгізілсін.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 24.11.2016 № 265 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
1) сағадан Кіші Дамба ұйықтық учаскесіне дейінгі және Төменгі Татар ұйықтық учаскесінен Батыс Қазақстан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Жайық өзенінде;
2) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып, Батыс Қазақстан облысының шегіндегі Жайық өзенінде;
3) шекара ауданындағы Жайық өзенінің құярлық аймағында:
батыста – солтүстік ендікте (ары қарай - с.е.) 46°44'38.74" нүктесінен сызық бойымен, 52°17'10.89" шығыс бойлықта (ары қарай – ш.б.) солтүстік ендіктің 46°28'07.6" нүктесіне дейін 52°16'08.6" шығыс бойлықта;
шығыста – солтүстік ендікте 46°55'33.18" нүктесінен сызық бойымен 50°48'53.29" шығыс бойлықта солтүстік ендіктің 46°43'40.36" нүктесіне дейін 50°48'26.55" шығыс бойлықта;
оңтүстікте – солтүстік ендікте (ары қарай – с.е.) 46°50'37.3" нүктесінен тура сызықта, 51°22'39.2" шығыс бойлықта (ары қарай – ш.б.) солтүстік ендіктің 46°38'47.7" нүктесіне дейін 51°42'27.9" шығыс бойлықта;
4) Қиғаш өзенінің (Еділ өзені атырауының шығыс бөлігі) төменде көрсетілген шегінде:
батысында – Каныченский балық өту каналының сол жақ жағалауымен Телячинский балық өту каналымен қиылысқан жерінен Коневский балық өту каналымен қиылысқан жеріне дейін;
шығысында – Ганюшкинский балық өту каналының оң жақ жағалауымен 70 км-нан 112 км (Коневский балық өту каналымен қиылысқан жері) дейін;
оңтүстігінде – Коневский балық өту каналының сол жақ жағалауымен Каныченский балық өту каналының қиылысқан жерінен Ганюшкинский балық өту каналының 112 км дейін;
солтүстігінде – Каныченский балық өту каналымен Телячинский балық өту каналы қиылысқан жерінен Ганюшкинский балық өту каналының 70 км дейінгі тік сызық бойымен саға алды кеңістігінде;
Ескертпе: Қиғаш өзенінің саға алды кеңістігінде Птичий, Ватажный, Иголкинский, Коневский, Мальцев, Новинский, Жар-Көсе, Тришкин, Деменьев, Верхняя коса учаскелерінде балық аулауға жол беріледі;
5) балық өту каналдардан 1 км екі жақ бағытта олардан 2 м тереңдікке дейін балық өту каналдарында;
6) Каспий теңізі қазақстандық секторының 67, 93, 94, 95, 98, 99, 123, 124, 125, 128, 150, 154, 155, 158, 159, 160, 181, 182, 187, 218, 219, 259, 260, 300 квадраттарында кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып;
7) Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы балық аулау алаңдарының резервтік қорында қойылмалы торларды қолдану арқылы жыл бойы балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 03.08.2021 № 30-4-8/77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Қыс мезгілінде:
1) Жайық өзенінің мынадай қыстау шұңқырларында:
Буровиков – Буровиков ауылына қарама-қарсы, Бугорки ұйықтық учаскесінен 1,2 км жоғары Жайық өзенінде. Параметрлері: ені – 98 м, ұзындығы – 95 м, тереңдігі – 9 м, ауданы – 0,93 гектар (бұдан әрі – га). Координаттары: № 47013.062 E051055.350;
Теңдік – Теңдік ауылына қарама-қарсы Жайық өзенінде. Параметрлері: ені – 150 м, ұзындығы – 90 м, тереңдігі – 13 м, ауданы – 1,35 га. Координаттары: № 47009.825 E051056.408;
Водозаборлық – Жайық өзенінде, 1 учаске, қалалық су тарту Су-Арнасы. Параметрлері: ені – 88 м, ұзындығы – 135 м, тереңдігі – 10 м, ауданы – 1,18 га. Координаттары: №47007.813 E051055.733;
ОСВОД – ОСВОД-қа қарама-қарсы Жайық өзенінде. Параметрлері: ені – 50 м, ұзындығы – 140 м, тереңдігі – 9,8 м, ауданы – 0,7 га. Координаттары: № 47006.750 E051055.147;
Қалалық – Жайық өзеніндегі АМӨЗ су жинақтағышына қарама-қарсы. Параметрлері: ені – 50 м, ұзындығы – 120 м, тереңдігі – 16 м, ауданы – 0,6 га. Координаттары: №46057.240 E051o44.019;
Үлкен Дамба – мұз базасынан ағыспен жоғарға қарай 500 м Жайық өзенінің Золотой арнасында. Параметрлері: ені – 100 м, ұзындығы – 300 м, тереңдігі – 8,7 м, ауданы – 3,0 га. Координаттары: №46057.813 E051045.252;
Кіші Дамба – Золотой арнасы Дамба жылғасымен түйіскен жерінен ағыспен төмен қарай ұзақтығы 200 м. Параметрлері: ені – 75 м, ұзындығы – 90 м, тереңдігі – 9,0 м, ауданы – 0,7 га. Координаттары: №46057.240 E051044.019;
Төменгі Пешной – Сасық өзектің жанында Жайық өзенінде. Параметрлері: ені – 100 м, ұзындығы – 90 м, тереңдігі – 9,8 м, ауданы – 0,9 га. Координаттары: №46054.045 E051030.558;
Үлкен Ганюшин – Яицкий жылғасындағы, сағадан жылғалармен 10 км ағыспен жоғары қарай балық қадағалау постының маңынан 240 м Жайық өзенінің атырауында. Параметрлері: ені – 60 м, ұзындығы – 50 м, тереңдігі – 8,0 м, ауданы – 0,3 га. Координаттары: №47000.564 E051047.368;
Кіші Ганюшин – Үлкен Ганюшин шұңқырынан 1 шқ ұзындығы 280 м құрайтын Яицкий жылғасында. Параметрлері: ені – 90 м, ұзындығы – 30 м, тереңдігі – 6,5 м, ауданы – 0,27 га. Координаттары: №47000.668 E051047.438;
Теңіздік – Яицкийдің оң жақ арнасында, Сол жақ Узенький жылғасының сағасынан 3 шқ ұзақтығы 150 м. Параметрлері: ені – 20 м, ұзындығы – 20 м, тереңдігі – 4,5 м, ауданы – 0,04 га. Координаттары: №47000.317 E051044.802;
Қара – Золотой арнасынан бөлінген жерінен 300 м Яицкий арнасында. Параметрі: ені – 50 м, ұзындығы – 25 м, тереңдігі – 6,9 м, ауданы – 0,12 га. Координаттары: №47003.516 E051050.895;
Кукушин – Атырау қаласынан 208 км;
Абишев – Атырау қаласынан 397 км;
Круглов – Атырау қаласынан 400 км;
Камнов – Атырау қаласынан 461 км;
Сахарлық – Атырау қаласынан 472 км;
Бабров – Атырау қаласынан 578 км;
Жыра – Атырау қаласынан 629 км;
Вонючая – Атырау қаласынан 650 км;
Вертячая – Атырау қаласынан 654 км;
Джилимная – Атырау қаласынан 681 км;
Көк базар – Атырау қаласынан 718 км;
2) Қиғаш өзенінің мынадай қыстау шұңқырларында:
Дамба – Сумница өзенiндегi Дамба ұйықтық учаскесінің жылғасынан ағыс бойымен төменгі бағытта 850 м. Параметрлері: ені – 220 м, ұзындығы – 100 м, тереңдігі – 12 м, ауданы – 2,2 га. Координаттары: №46028.41 E048050.52;
Корзиналық – Корзиналық өзенiндегі Тік Каныча өзенiнiң бастауынан ағыс бойымен төменгі бағытта Манчаус өзенiнiң ойпатына дейiн ұзындығы 2000 м. Параметрлері: ені – 130 м, ұзындығы – 95 м, тереңдігі – 10-12 м, ауданы – 1,3 га. Координаттары: №46028.37 E049004.40;
Канычин – Каныча өзенiнiң бойындағы Қызыл-Оба өзегінен төмен Тік Каныча өзенінің бастауына дейінгі ұзындығы 2500 м. Параметрлері: ені – 130 м, ұзындығы – 80 м, тереңдігі – 10-12 м, ауданы – 1,1 га. Координаттары: №46028.56 E049002.30 балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
9. Шу-Талас балық шаруашылығы бассейні бойынша шектеу мен тыйым салу
28. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
1) Билікөл, Бөгеткөл және Ақкөл көлдерін өзара байланыстыратын Аса өзенінде және оның құймаларында 1 наурыздан 1 шілдені қоса алғандағы аралықта;
2) Шу-Талас бассейнінің басқа су айдындарында 15 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы аралықта;
3) Тасөткел су қоймасынан жоғары орналасқан Шу өзенінде, оның құймаларында және Талас өзенінде 15 сәуірден 30 маусымды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 30.07.2020 № 27-5-6/156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Алып тасталды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 30.07.2020 № 27-5-6/156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына 2-қосымша |
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері
мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдері
1. Арал-Сырдария балық шаруашылығы бассейні бойынша балық
ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен
дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдері
1. Мынадай:
1) Шардара су қоймасының су айлағында 21 мамыр мен 31 наурызды қоса алғандағы аралықта;
2) Түркістан облысы шегіндегі су айдындарда және Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейiнгi Сырдария өзенiнде 1 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
3) сағадан Түркістан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 31 мамырдан 31 наурызды қоса алғандағы аралықта;
4) Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 11 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
5) Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарда 11 маусымнан 19 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
6) артемия жұмыртқаларын жинау және дайындау үшін Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Қазақстан Республикасы аумағының шегінде Тұщыбас, Чернышева шығанақтарын қоса алғанда, Үлкен Арал теңізінде 1 тамыздан 31 наурызды қоса алғандағы аралықта;
7) Сарышығанақ және Бутаковка шығанағында сонымен қатар, осы шығанақтарды байланыстыратын сағаларда маусымның 11-нен бастап балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдері (бұдан әрі - пайдалану орындары мен мерзімдері) мұздың ыдырауына дейін белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының м.а. 01.04.2020 № 27-5-6/72 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Балқаш-Алакөл балық шаруашылығы бассейнi бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері
2. Мынадай:
1) кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып:
Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе ауылы) дейінгі Іле өзенінде 6 маусымнан 4 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
Іле өзенінің атырауында 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
Шарын өзенінің сағасынан ҚХР мемлекеттік шекарасына дейінгі Іле өзенінде 6 шілдеден 24 наурызды қоса алғандағы аралықта;
2) Кәсіпшілік емес аулау құралдарын қолдана отырып Балқаш көліне құятын сағалардан ағыспен жоғарғы бағытта өзеннің жалпы ұзындығымен және оның негізгі сағалары, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
3) Балқаш көлінің батыс бөлігінде, Алакөл шығанағының оңтүстік шетінен Ұзынарал түбегіне дейін 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта.
Балқаш көлінің шығыс бөлігінде Ұзынарал түбегінен Аягөз өзенінің сағасына дейін 9 маусымнан 24 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
4) Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын өзендерде және су ағындарында 21 мамырдан 4 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
5) Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың құймалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде 2 маусымнан 9 сәуірді қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 16.03.2023 № 30-9/49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Ертiс балық шаруашылығы бассейнi бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері
3. Мынадай:
1) Жайсан көлінде және Қарақастан бірінші Батин шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде 31 мамырдан 15 сәуiрді қоса алғандағы аралықта;
2) бірінші Батин шоқысынан Бұқтырма СЭС дейiнгі ағыстан төмен Бұқтырма су қоймасының терең бөлігінде 16 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
3) Өскемен су қоймасында, Ертіс өзені Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін 11 маусымнан 9 мамырды қоса алғандағы аралықта;
Шүлбі су қоймасында, Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Ертiс өзенiнде 31 мамырдан 15 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
4) Павлодар облысының арқалық, тұщы су айдындарында, Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік шекарасынан Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына дейінгі Ертіс өзенінде және оның жайылмалы су айдындарында 31 мамырдан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
5) барлық су тораптарын (су қоймаларын) қоса алғанда, Қаныш Сәтпаев атындағы каналдың бекітілген балық шаруашылығы учаскелерінде торта, табан, алабұға, мөңке және шортан балық түрлерін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға 31 мамырдан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
6) артемия жұмыртқаларын жинау және дайындау үшін Павлодар облысының ащы тұзды су айдындарында 16 маусымнан 29 ақпанды қоса алғандағы аралықта;
7) ақсаха балық түрлерін аулау үшін Бұқтарма және Өскемен су қоймаларында, Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін және Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Ертiс өзенiнде, Қаныш Сәтпаев атындағы № 1 каналдың су торабының су қоймасында 11 желтоқсаннан 9 қарашаны қоса алғандағы аралықта;
8) Бұқтырма су қоймасында Казнаковка өткелінен ағыстан төмен Бұқтырма СЭС-не дейін 11 желтоқсаннан 9 қарашаны қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 04.05.2022 № 30-9/64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Есіл балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері
4. Мынадай:
1) Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының шегіндегі Есіл, Нұра, Селеті өзендерінде және олардың барлық құймалары мен су қоймаларында 21 мамырдан 19 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
2) басқа су айдындарында:
шортан, аққайран, көксерке – 16 мамырдан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы) – 21 маусымнан 19 мамырды қоса алғандағы аралықта;
гамарус – 15 қыркүйектен 31 шілдені қоса алғандағы аралықта;
артемия жұмыртқалары – 16 маусымнан 29 ақпанды қоса алғандағы аралықта;
өзен шаяндары – 16 шілдеден 31 мамырды қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.
5. Нұра-Сарысу балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері
5. Нұра-Сарысу балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін:
көксерке - 21 мамырдан 19 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы) - 1 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 30.07.2020 № 27-5-6/156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Тобыл-Торғай балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері
6. Мынадай:
1) Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Амангелдi, Жангелдi аудандарының су айдандарында:
шортан - 21 сәуірден 19 наурызды қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы), табан, оңғақ, көксерке - 31 мамырдан 19 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
2) Қостанай облысының басқа аудандары мен қалаларының су айдындарында:
мөңке - 11 маусымнан 19 мамырды қоса алғандағы аралықта;
шортан, аққайран - 11 мамыр мен 9 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы), табан, оңғақ, көксерке - 1 шілдеден 19 мамырды қоса алғандағы аралықта;
нәлім - 1 ақпаннан 30 қарашаны қоса алғандағы аралықта;
шаян - 1 шілдеден 14 қазанды қоса алғандағы аралықта;
3) Ақтөбе облысының су айдындарында:
шортан, көксерке, берiш, аққайран, ақмарқа, қызыл көз, торта, алабұға, тұрпан, тарақ балық - 11 мамырдан 9 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы), мөңке, оңғақ, жайын, қызыл қанатты шұбар балық, айнакөз, табан - 6 маусымнан 9 мамырды қоса алғандағы аралықта;
нәлім - 1 ақпаннан 30 қарашаны қоса алғандағы аралықта;
ақсаха балық түрлері - 1 желтоқсаннан 19 қазанды қоса алғандағы аралықта;
шаян - 6 маусымнан 31 қаңтарды қоса алғандағы аралықта;
4) кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып, сағадан (Демалыс үйі мүйісі) Котюбок шығанағының жоғарғы жағына дейінгі Жоғарғы-Тобыл су қоймасында, сондай-ақ Халвай кентінен Аят бұлағының бөгетiне (Тобыл қолтығы) дейiнгі және автожол көпірінен (Рудный қаласы - Тобыл станциясы тас жолы) Майский ауылына (Аят қолтығы) дейiнгі Қаратомар су қоймасында 2 шілдеден 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 30.07.2020 № 27-5-6/156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні және Қиғаш өзені бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 14.05.2018 № 17-5-6/135 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Мынадай:
1) балық аулауға тыйым салынған орындарды есептемегенде, Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының солтүстiк бөлiгiнің су айлағында 1 қыркүйектен 24 мамырды қоса алғандағы аралықта;
2) Түпқараған мүйiсiнен Бұрыншық мүйiсiне дейiнгi Маңғышлақ мыңаралы аралдары мен жапсарлас жағалауында 16 наурыздан 14 қарашаны қоса алғандағы аралықта;
3) Жайық және Қиғаш өзендерінің жанама су айдындарында 1 қыркүйектен 31 наурызды қоса алғандағы аралықта;
4) Жайық өзенінің Золотой арнасындағы Төменгі Пешной (өсімін молайтуға арналған ұйықтық учаскесі), Кіші Дамба, Төменгі Дамба, Жоғарғы Дамба, Жоғарғы Золотой, Төменгі Золотой, Жоғарғы Зарослый, Төменгі Зарослый, Золотенок ұйықтық учаскелерінде, Яицкий арнасындағы Еркінқала, Жоғарғы Сол жақ Яицкий, Төменгі Сол жақ Яицкий ұйықтық учаскелерінде, Жайық өзеніндегі Жаңа Лицевая, Ескі Лицевая, Бугорки, ғылыми зерттеуге арналған Төменгі Татар ұйықтық учаскелерінде мұз қатқан кезеңді қоспағанда, 16 тамыздан 15 мамырды қоса алғандағы аралықта;
5) Қиғаш өзеніндегі Қамыс, Қарақамыс, Дамба, Круглая, Қызылоба, Қараағаш, Булгач, Төменгі Богатин, Бақыт, Золотенок, Тимофеев, Ягодка, Песок, Жаңа Лицевая ұйықтық учаскелерінде мұз қатқан кезеңді қоспағанда, 16 тамыздан 24 мамырды қоса алғандағы аралықта;
6) Құшым өзенiнде және Киров, Бітік, Донголюк, Пятимар су қоймаларында 16 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
7) Шалқар көлiнде, Жайық-Құсмұрын суғару-суару жүйесінің көлдерінде және Қамыс-Самара жүйесінің көлдері мен өзендерінде 1 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
8) Батыс Қазақстан облысының басқа су айдындарында 16 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
9) шаяндарды аулау үшін барлық суда 16 маусымнан 31 наурызды қоса алғандағы аралықта;
10) кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып:
Атырау облысының шегіндегі Жайық өзенінде 16 маусымнан 14 мамырды қоса алғандағы аралықта;
Қиғаш өзенінде, оның барлық каналдары мен өзектерінде 21 мамырдан 19 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
Жайық өзенінде, оның барлық жанама су айдындарында (старицалар, құймалар, жылғалар, өзектер) 16 маусымнан 14 мамырды қоса алғандағы аралықта;
Батыс Қазақстан облысының шегіндегі басқа су айдындарда 1 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 14.05.2018 № 17-5-6/135 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының м.а. 01.04.2020 № 27-5-6/72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.08.2021 № 30-4-8/77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.8. Шу-Талас балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері
8. Мынадай:
1) Билікөл, Бөгеткөл және Ақкөл көлдерін өзара байланыстыратын Аса өзенінде және оның құймаларында 2 шілдеден 29 ақпанды қоса алғандағы аралықта;
2) басқа су айдындарында 1 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
3) Тасөткел су қоймасынан жоғары орналасқан Шу өзенінде, оның құймаларында және Талас өзенінде 1 шілдеден 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 30.07.2020 № 27-5-6/156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына 3-қосымша |
Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу мен тыйым салу
Ескерту. Бұйрық 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 24.11.2016 № 265 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеу мен тыйым салу (бұдан әрі - шектеу мен тыйым салу) Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңының 62) тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ережесінің 16-тармағы 189) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының м.а. 01.04.2020 № 27-5-6/72 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Шектеу мен тыйым салу жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға қолданылмайды.
3. Алып тасталды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 20.04.2020 № 27-5-6/83 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Алып тасталды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 20.04.2020 № 27-5-6/83 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға 2024 жылға дейін тыйым салу енгізілсін.
Ескерту. 5-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 03.02.2020 № 27-5-6/16 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 28.12.2022 № 27-5/371-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.