БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-қосымшаның 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 тіркелген) Балық аулау қағидаларында айқындалатын ғылыми-зерттеу (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде), бақылау, мелиоративтік аулауды, өсімін молайту мақсатында (жасанды өсімін молайту және балық өсіру материалын алу мақсатында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ өздеріне бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жеке балық өсіру шаруашылықтары жүзеге асырады) аулауды жүзеге асыруға, сондай-ақ тауарлы балықты жасанды өсіру үшін пайдаланылатын су айдындарына қолданылмайды."
1-қосымшаның 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
1) Жайсан көлінде және Қарақастан бірінші Батин шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде 16 сәуiрден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта;
2) бірінші Батин шоқысынан Бұқтырма СЭС дейiн Бұқтырма су қоймасының терең бөлігінде 1 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта;
3) Өскемен су қоймасында, Ертіс өзені Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін 10 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
Шүлбі су қоймасында, Ертіс өзенінде Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына – 16 сәуірден 30 мамыр қоса алғандағы аралықта;
4) Павлодар облысының арқалық, тұщы су айдындарында, Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік шекарасынан Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына дейінгі аралықтағы Ертіс өзенінде және оның жайылмалы су айдындарында, Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың бойымен барлық гидротораптарын (суқоймасы) қоса алғанда 15 сәуірден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін."
1-қосымшаның 21-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Құшым өзенiнде және Киров, Битик, Донголюк, Пятимар су қоймаларында 1 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта;"
1-қосымшаның 23-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып:
1) Атырау облысының шегіндегі Жайық өзенінде 15 мамырдан 15 маусым қоса алғандағы аралықта;
2) Қиғаш өзенінде, оның барлық каналдары мен өзектерінде сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, 20 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;
3) Батыс Қазақстан облысының шегіндегі Жайық өзенінде және оның барлық жанама су айдындарында (старицалар, құймалар, жылғалар, өзектер) 15 мамырдан 15 маусым қоса алғандағы аралықта;
4) Батыс Қазақстан облысының басқа су айдындарда 1 мамырдан 31 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін."
1-қосымшаның 26-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Тыныштық аймағын құру мақсатында мынадай орындарда:
1) сағадан Кіші Дамба ұйықтық учаскесіне дейінгі және Төменгі Татар ұйықтық учаскесінен Батыс Қазақстан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Жайық өзенінде;
2) кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып, Батыс Қазақстан облысының шегіндегі Жайық өзенінде;
3) шекара ауданындағы Жайық өзенінің құярлық аймағында:
батыста – солтүстік ендікте (ары қарай - с.е.) 46°44'38.74" нүктесінен сызық бойымен, 52°17'10.89" шығыс бойлықта (ары қарай – ш.б.) солтүстік ендіктің 46°28'07.6" нүктесіне дейін 52°16'08.6" шығыс бойлықта;
шығыста – солтүстік ендікте 46°55'33.18" нүктесінен сызық бойымен 50°48'53.29" шығыс бойлықта солтүстік ендіктің 46°43'40.36" нүктесіне дейін 50°48'26.55" шығыс бойлықта;
оңтүстікте – солтүстік ендікте (ары қарай – с.е.) 46°50'37.3" нүктесінен тура сызықта, 51°22'39.2" шығыс бойлықта (ары қарай – ш.б.) солтүстік ендіктің 46°38'47.7" нүктесіне дейін 51°42'27.9" шығыс бойлықта;
4) Қиғаш өзенінің (Еділ өзені атырауының шығыс бөлігі) төменде көрсетілген шегінде:
батысында – Каныченский балық өту каналының сол жақ жағалауымен Телячинский балық өту каналымен қиылысқан жерінен Коневский балық өту каналымен қиылысқан жеріне дейін;
шығысында – Ганюшкинский балық өту каналының оң жақ жағалауымен 70 км-нан 112 км (Коневский балық өту каналымен қиылысқан жері) дейін;
оңтүстігінде – Коневский балық өту каналының сол жақ жағалауымен Каныченский балық өту каналының қиылысқан жерінен Ганюшкинский балық өту каналының 112 км дейін;
солтүстігінде – Каныченский балық өту каналымен Телячинский балық өту каналы қиылысқан жерінен Ганюшкинский балық өту каналының 70 км дейінгі тік сызық бойымен саға алды кеңістігінде;
Ескертпе: Қиғаш өзенінің саға алды кеңістігінде Птичий, Ватажный, Иголкинский, Коневский, Мальцев, Новинский, Жар-Көсе, Тришкин, Деменьев, Верхняя коса учаскелерінде балық аулауға жол беріледі;
5) балық өту каналдардан 1 км екі жақ бағытта олардан 2 м тереңдікке дейін балық өту каналдарында;
6) Каспий теңізі қазақстандық секторының 67, 93, 94, 95, 98, 99, 123, 124, 125, 128, 150, 154, 155, 158, 159, 160, 181, 182, 187, 218, 219, 259, 260, 300 квадраттарында кәсіпшілік балық аулау құралдарын қолдана отырып;
7) Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы балық аулау алаңдарының резервтік қорында қойылмалы торларды қолдану арқылы жыл бойы балық аулауға тыйым салу енгізілсін."
2-қосымшаның 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мынадай:
1) Жайсан көлінде және Қарақастан бірінші Батин шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде 31 мамырдан 15 сәуiрді қоса алғандағы аралықта;
2) бірінші Батин шоқысынан Бұқтырма СЭС дейiнгі ағыстан төмен Бұқтырма су қоймасының терең бөлігінде 16 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
3) Өскемен су қоймасында, Ертіс өзені Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін 11 маусымнан 9 мамырды қоса алғандағы аралықта;
Шүлбі су қоймасында, Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Ертiс өзенiнде 31 мамырдан 15 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
4) Павлодар өзенінің арқалық, тұщы су айдындарында, Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік шекарасынан Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына дейінгі Ертіс өзенінде және оның жайылмалы су айдындарында 31 мамырдан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
5) артемия жұмыртқаларын жинау және дайындау үшін Павлодар облысының ащы тұзды су айдындарында 16 маусымнан 29 ақпанды қоса алғандағы аралықта;
6) ақсаха балық түрлерін аулау үшін Бұқтарма және Өскемен су қоймаларында, Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін және Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Ертiс өзенiнде, Қаныш Сәтпаев атындағы № 1 каналдың су торабының су қоймасында 11 желтоқсаннан 9 қарашаны қоса алғандағы аралықта;
7) Бұқтырма су қоймасында Казнаковка өткелінен ағыстан төмен Бұқтырма СЭС-не дейін 11 желтоқсаннан 9 қарашаны қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін."
2-қосымшаның 7-тармақ 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып:
Атырау облысының шегіндегі Жайық өзенінде 16 маусымнан 14 мамырды қоса алғандағы аралықта;
Қиғаш өзенінде, оның барлық каналдары мен өзектерінде 21 мамырдан 19 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
Жайық өзенінде, оның барлық жанама су айдындарында (старицалар, құймалар, жылғалар, өзектер) 16 маусымнан 14 мамырды қоса алғандағы аралықта;
Батыс Қазақстан облысының шегіндегі басқа су айдындарда 1 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.".
2. Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасы заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасы |
Н. Жунусов |