Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 30.12.2015 № 745 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125, 233-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бюджеттік жоспарлау және қаржы департаментінің бастығы:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін.
4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі И. Тасмағамбетов
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 13 шілдеде
№ 405 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері мен мекемелерінің
азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен
шарттары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін, қызметкерлерін аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттары (бұдан әрi – Қағидалар) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 125, 233-баптарына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін (бұдан әрi – қызметкерлер) аттестаттаудан өткiзу тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
2. Әскери бөлімдер мен мекемелердің азаматтық қызметшілерін аттестаттау олардың кәсiби және бiлiктiлiк даярлығын, iскерлiк қасиеттерiн айқындау, бiлiктiлiк санаттарын (разрядтарды) белгiлеу мақсатында жүзеге асырылады.
3. Аттестаттау кезiнде бағалаудың негiзгi критерийі әскери бөлімдер мен мекемелердің азаматтық қызметшілерін, оларға жүктелген мiндеттердi орындау қабiлеті болып табылады.
4. Жүктi әйелдер мен осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан аз жұмыс істейтін азаматтық қызметшілерді қоспағанда, Әскери бөлімдер мен мекемелердің барлық азаматтық қызметшілері аттестатталуға жатады.
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мекемелерінде жұмыста болған әрбiр келесі үш жыл өткеннен соң, бiрақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес аттестаттаудан өтедi.
Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзiм басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткiзiледі.
6. Баласы үш жасқа толғанға дейін еңбекақысы сақталмайтын демалыста болатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілері жұмысқа шыққаннан кейiн алты айдан ерте емес аттестатталады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін олардың өтiнiшi бойынша кезекті санат беру үшін аттестаттау көрсетілген мерзiмдер өткеннен кейін өткiзілуі мүмкін.
7. Аттестаттау бiрқатар жүйелі кезеңдердi:
1) аттестаттау комиссиясы өткізетін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерімен әңгiмелесуді;
2) аттестаттау комиссиясының шешiм шығаруын қамтиды.
2. Аттестаттауды өткiзу тәртібі және шарттары
8. Аттестаттауды өткiзуді аттестаттайтын органның кадр қызметi оның басшысының тапсырмасы бойынша ұйымдастырады және ол мынадай iс-шараларды:
1) аттестатталушыларға қажеттi құжаттарды дайындауды;
2) аттестаттауды өткiзу кестелерiн әзiрлеуді;
3) аттестаттау комиссияларының құрамын айқындауды;
4) аттестаттауды өткiзудiң мақсаты мен тәртiбi туралы түсiндiру жұмыстарын ұйымдастыруды қамтиды.
9. Кадр қызметi осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес аттестатталуға жататын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін алты ай iшiнде бiр рет айқындайды.
10. Мекеменің басшысы кадр қызметiнiң ұсынуы бойынша аттестатталатын адамдардың тiзiмi, аттестаттауды өткiзу кестесi мен аттестаттау комиссиясының құрамы бекiтiлетін бұйрық шығарады.
11. Кадр қызметi аттестаттауды өткiзу мерзiмдерi туралы оны өткiзу басталғанға дейін бiр айдан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін жазбаша түрде хабардар етедi.
12. Аттестатталуға жататын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін тiкелей басшысы қызметтiк мiнездеменi ресiмдейді және оны кадр қызметiне аттестаттау комиссиясының отырысына дейiн төрт аптадан кешіктірмей жолдайды.
13. Қызметтiк мiнездеме аттестатталатын адамның кәсiби, жеке басының қасиеттерi мен қызметтiк істері нәтижелерiнiң негiзделген, объективті бағасын қамтуға тиiс.
14. Кадр қызметi аттестаттау комиссиясының отырысына дейiн кешіктірмей үш апта бұрын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін оған берiлген қызметтiк мiнездемемен таныстырады.
15. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшісі өзіне берілген қызметтік мінездемемен келіспеген жағдайда өзінің келіспегендігі туралы кадр қызметіне жазбаша түрде мәлімдеме жасайды.
16. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшісі кадр қызметi осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша аттестаттау парақтарын ресiмдейдi.
17. Аттестатталатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшісі кадр қызметi осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша бағалау парақтарын ресiмдейдi.
18. Кадр қызметi жинақталған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына жолдайды.
19. Аттестаттау комиссиясын кадр қызметiнiң ұсынуы бойынша мекеменің басшысы құрады және ол комиссия мүшелерi мен хатшысынан тұрады. Аттестаттау комиссиясының мүшелерi қатарынан төраға тағайындалады. Аттестаттау комиссиясының төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметi мен қабылдайтын шешiмдері үшiн жауапты болады.
20. Отырыс барысында комиссия ұсынылған материалдарды зерделейдi, аттестатталатын адамды тыңдайды.
Аттестатталатын адамға қойылатын сұрақтар кәсіби және біліктілік даярлығы, іскерлік қасиеттері мәселелерінде оның біліктілік деңгейін анықтауға бағытталған.
Аттестатталатын адамның кәсіби, iскерлiк және жеке басының қасиеттерін талқылау объективті, әдепті және сыпайы түрде өтеді.
21. Ұсынылған материалдарды зерделеу және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшісімен әңгiмелесу нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес;
2) қайта аттестатталуға жатады;
3) атқаратын лауазымына сәйкес емес.
22. Комиссия оң шешiм шығарған кезде азаматтық қызметшiге тиісті бiлiктiлiк санатын (разрядын) белгілейдi (растайды) немесе оны белгілеуге негiздердің жоқ екенiн атап өтеді.
23. Аттестаттау комиссиясының шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады. Аттестаттау комиссиясының құрамына кіретін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдер мен мекемелердің аттестаттаудан өтетін азаматтық қызметшісі өзiне қатысты дауыс беруге қатыспайды.
24. Қайта аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш ай өткеннен кейiн осы Қағидаларда айқындалған тәртiппен өткізіледi. Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттауды өткiзе отырып, мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес;
2) атқаратын лауазымына сәйкес емес.
Қызметкер атқаратын лауазымына сәйкес болған кезде комиссия осы Қағидалардың 27-тармағын ескере отырып шешiм шығарады.
25. Аттестаттау комиссиясының шешiмдерi, оның отырысына қатысқан аттестаттау комиссиясының төрағасы, мүшелерi мен хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.
26. Аттестаттау нәтижелері үш жұмыс күні ішінде аттестатталатын адамға қолын қойдырып аттестаттау парағының бір данасын берумен хабарланады.
27. Аттестаттау комиссиясының шешімін (тиісті біліктілік санатын, тарифтік разрядты және т.б. беру туралы) әскери бөлімнің (мекеменің) басшысы бір ай мерзімде бекітеді, ол туралы әскери бөлім (мекеме) бойынша бұйрықта жарияланады.
28. Аттестаттау комиссиясының бекiтiлген шешiмдерi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдер мен мекемелердің азаматтық қызметшілерінің аттестаттау парақтарына енгiзiледi.
29. Аттестаттаудан өткен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдер мен мекемелердің азаматтық қызметшінің аттестаттау парағы және оған қызметтiк мiнездеме оның жеке iсiнде сақталады. Әскери бөлімдер (мекемелер) басшысы бекiткен аттестаттау комиссиясының шешiмi, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдер мен мекемелердің азаматтық қызметшінің қызметтік тiзiмiне енгiзiледi.
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен
ұсталатын Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштері әскери бөлімдері мен мекемелерінің
азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу
қағидалары мен шарттарына
1-қосымша
Әскери бөлімдер мен мекемелердің аттестатталуға жататын
азаматтық қызметшілерінің
аттестаттау парағы
Аттестаттау түрi: кезектi - ; қайта -
(керектiсiн Х белгiсiмен белгiлеу керек)
1. Тегi, аты, әкесiнiң аты (олар бар болған жағдайда)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Туған күнi ____ж. «___»___________
3. Бiлiмi туралы, бiлiктiлiгiн арттыру, қайта даярлау туралы
мәлiметтер (қашан және қандай оқу орнын бітірген, бiлiмi бойынша
мамандығы мен бiлiктiлiгi, біліктілігін арттыру, қайта даярлау,
ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы, берiлген күнi туралы құжаттар)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Атқаратын лауазымы және тағайындалған күнi, бiлiктiлiк
санаты (разряды) ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Жалпы еңбек өтiлi – ________________________________________
6. Қызметкердің лауазымдардағы жалпы жұмыс өтiлi ______________
7. Аттестаттау комиссиясының мүшелерi айтқан ескертулер мен
ұсыныстар: __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Аттестатталушының пiкiрi ___________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Аттестатталушының қызметтiк мiнездемесiне сәйкес тiкелей
басшының азаматтық қызметшінің қызметiн бағалауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
10. Отырысқа аттестаттау комиссиясының ______ мүшесi қатысты.
11. Дауыс беру нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясының
әрбiр мүшесi толтыратын қоса берiлетiн азаматтық қызметшінің қызметiн
бағалау парағына сәйкес бағалау:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді (дауыс саны) __________;
2) қайта аттестатталуға жатады (дауыс саны) _________________;
3) атқаратын лауазымына сәйкес емес (дауыс саны) ______________
12. Бiлiктiлiк санаты (разряды):
1) ________________ (жазумен) бiлiктiлiк санатына (разрядына)
сәйкес келеді_______________ (дауыс саны) ___________________________
(әрбір бiлiктiлiк санаты (разряды) бойынша жеке)
2) бiлiктiлiк санатын (разрядын) белгiлеуге негiздеме жоқ
(дауыс саны) ________________________________________________________
Қорытынды бағалау _____________________________________________
_____________________________________________________________________
(бiлiктiлiк санатының (разрядының) сандық белгiсi жазумен
көрсетіледі)
13. Аттестаттау комиссиясының ұсынымдары (олар берілетін
дәлелдемелерді көрсете отырып)_______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
14. Ескертпелер _______________________________________________
_____________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының төрағасы: ___________________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ___________________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының мүшелерi: ___________________________
(қолы)
___________________________
(қолы)
___________________________
(қолы)
___________________________
(қолы)
Аттестаттау өткiзiлген күн 20___ж. «___» __________
Ұйым басшысының аттестаттау қорытындылары бойынша шешiмi
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Аттестаттау парағымен таныстым: _______________________________
(қызметкердің қолы және күнi)
Ұйымның мөрі үшін орын
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен
ұсталатын Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштері әскери бөлімдері мен мекемелерінің
азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу
қағидалары мен шарттарына
2-қосымша
Әскери бөлімдер мен мекемелердің аттестатталуға жататын
азаматтық қызметшілерін бағалау парағы
(аттестаттау комиссиясының мүшесi толтырады)
Аттестаттау түрi: кезектi - ; қайта -
(керектiсiн Х белгiсiмен белгiлеу керек)
Тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Лауазымы ______________________________________________________
Аттестатталушының бағасы
_____________________________________________________________________
(өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)
Аттестаттау комиссиясы мүшесiнiң шешiмi (төменде көрсетілгеннің
бiрi: атқаратын лауазымына сәйкес келеді; қайта аттестатталуға
жатады; атқаратын лауазымына сәйкес емес): __________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясы мүшесi шешiмiнiң негiздемесi:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бiлiктiлiк санатына (разрядына) сәйкес келеді _________________
Бiлiктiлiк санатын (разрядын) белгiлеуге негiздеме жоқ ________
_____________________________________________________________________
Негiздеме: ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының мүшесi ______________________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы _____________________________
(қолы)
Күнi 20___ жылғы «___» ____________