Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 139-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 22.04.2024 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Экономика және қаржы департаментінің бастығы:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 22.04.2024 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. "Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 405 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 25 тамыздағы № 11941 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы "Әділет" нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 25.06.2021 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қорғаныс министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 745 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен
мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткiзу
қағидалары мен шарттары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi 139-бабының 7-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін (бұдан әрi – қызметкерлер) аттестаттаудан өткiзу тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 22.04.2024 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттау олардың кәсiби және бiлiктiлiк даярлығын, iскерлiк қасиеттерiн айқындау, бiлiктiлiк санаттарын (разрядтарды) белгiлеу мақсатында жүзеге асырылады.
3. Аттестаттау кезiнде бағалаудың негiзгi өлшемшарты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін оларға жүктелген мiндеттердi орындау қабiлеті болып табылады.
4. Жүктi әйелдер мен осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан аз жұмыс істеген азаматтық қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің барлық азаматтық қызметшілері аттестатталуға жатады.
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мекемелерінде жұмыста болған әрбiр келесі үш жыл өткеннен кейін, бiрақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес аттестатталудан өтедi.
Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзiм басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткiзiледі.
6. Баласы үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалыста болатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілері жұмысқа шыққаннан кейiн алты айдан ерте емес аттестатталады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелері азаматтық қызметшілерінің өтiнiшi бойынша кезекті санат беру үшін аттестаттау көрсетілген мерзiмдер өткеннен кейін өткiзіеді.
7. Аттестаттау бiрқатар жүйелі:
1) аттестаттау комиссиясы өткізетін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерімен әңгiмелесу;
2) аттестаттау комиссиясының шешiм шығару кезеңдерiн қамтиды.
2. Аттестаттауды өткiзу тәртібі мен шарттары
8. Аттестаттауды өткiзуді аттестаттайтын органның кадр қызметi оның басшысының тапсырмасы бойынша ұйымдастырады және ол мынадай iс-шараларды:
1) аттестатталушыларға қажеттi құжаттарды дайындауды;
2) аттестаттауды өткiзу кестелерiн әзiрлеуді;
3) аттестаттау комиссияларының құрамын айқындауды;
4) аттестаттауды өткiзудiң мақсаты мен тәртiбi туралы түсiндiру жұмыстарын ұйымдастыруды қамтиды.
9. Кадр қызметi осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес аттестатталуға жататын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін алты ай iшiнде бiр рет айқындайды.
10. Мекеменің басшысы кадр қызметiнiң ұсынысы бойынша аттестатталатын адамдардың тiзiмi, аттестаттауды өткiзу кестесi мен аттестаттау комиссиясының құрамы бекiтiлетін бұйрық шығарады.
11. Кадр қызметi аттестаттауды өткiзу мерзiмдерi туралы оны өткiзу басталғанға дейін бiр айдан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін жазбаша түрде хабардар етедi.
12. Аттестатталуға жататын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелері азаматтық қызметшілерінің тiкелей басшысы қызметтiк мiнездеменi ресiмдейді және оны аттестаттау комиссиясының отырысына дейiн төрт аптадан кешіктірмей кадр қызметiне жолдайды.
13. Қызметтiк мiнездеме аттестатталатын адамның кәсiби, жеке басының қасиеттерi мен қызметтiк істері нәтижелерiн негiзделген, объективті түрде бағалауды көздейді.
14. Кадр қызметi аттестаттау комиссиясының отырысына дейiн үш аптадан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін оған берiлген қызметтiк мiнездемемен таныстырады.
15. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшісі өзіне берілген қызметтік мінездемемен келіспеген жағдайда өзінің келіспегені туралы кадр қызметіне жазбаша түрде мәлімдейді.
16. Аттестатталуға жататын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшісіне аттестаттау парағы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресiмделедi.
17. Аттестатталуға жататын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшісіне бағалау парағы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресiмделедi.
18. Кадр қызметi жинақталған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына жолдайды.
19. Аттестаттау комиссиясын кадр қызметiнiң ұсынысы бойынша мекеменің басшысы құрады және ол комиссия мүшелерi мен хатшысынан тұрады. Аттестаттау комиссиясының мүшелерi қатарынан төраға тағайындалады. Аттестаттау комиссиясының төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметi мен қабылдайтын шешiмдері үшiн жауапты болады.
20. Отырыс барысында комиссия ұсынылған материалдарды зерделейдi, аттестатталатын адамды тыңдайды.
21. Ұсынылған материалдарды зерделеу және азаматтық қызметшімен әңгiмелесу нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес;
2) қайта аттестатталуға жатады;
3) атқаратын лауазымына сәйкес емес.
22. Комиссия оң шешiм шығарған кезде азаматтық қызметшiге тиісті бiлiктiлiк санатын (разрядын) белгілейдi (растайды) немесе оны белгілеуге негiздердің болмауы туралы атап өтеді.
23. Аттестаттау комиссиясының шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады. Аттестаттау комиссиясының құрамына кіретін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшісіне қатысты шешім қабылдау кезінде дауыс беру оның қатысуынсыз өтеді.
24. Қайта аттестаттау алғашқы аттестаттау өткен күннен бастап үш ай өткеннен кейiн осы Қағидаларда айқындалған тәртiппен өткізіледi. Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттауды өткiзе отырып, мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес;
2) атқаратын лауазымына сәйкес емес.
Азаматтық қызметші атқаратын лауазымына сәйкес болған кезде комиссия осы Қағидалардың 27-тармағын ескере отырып шешiм шығарады.
25. Аттестаттау комиссиясының шешiмдерi, оның отырысына қатысқан аттестаттау комиссиясының төрағасы, мүшелерi мен хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.
26. Аттестаттау нәтижелері үш жұмыс күні ішінде аттестатталатын адамға қолын қойдырып, аттестаттау парағының бір данасын берумен хабарланады.
27. Аттестаттау комиссиясының шешімін әскери бөлімнің (мекеменің) басшысы бір ай мерзімде бекітеді, ол туралы әскери бөлім (мекеме) бойынша бұйрықта жарияланады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 22.04.2024 № 405 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Аттестаттау комиссиясының бекiтiлген шешiмдерi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерінің аттестаттау парақтарына енгiзiледi.
29. Аттестаттаудан өткен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшінің аттестаттау парағы және оған қызметтiк мiнездеме оның жеке iсiнде сақталады. Әскери бөлімдер (мекемелер) басшысы бекiткен аттестаттау комиссиясының шешiмi, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелері азаматтық қызметшісінің қызметтік тiзiмiне енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 1-қосымша |
Аттестатталуға жататын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілеріне
аттестаттау парағы Аттестаттау түрi: кезектi –
; қайта – (керектiсiн Х белгiсiмен белгiлеу керек)
1. Тегi, аты, әкесiнiң аты (олар бар болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Туған күнi ____ж. "___"___________
3. Бiлiмi туралы, бiлiктiлiгiн арттыру, қайта даярлау туралы
мәлiметтер (қашан және қандай оқу орнын бітірген, бiлiмi бойынша
мамандығы мен бiлiктiлiгi, біліктілігін арттыру, қайта даярлау,
ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы, берiлген күнi туралы құжаттар)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Атқаратын лауазымы және тағайындалған күнi, бiлiктiлiк
санаты (разряды) ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Жалпы еңбек өтiлi – ________________________________________
6. Атқаратын лауазымдағы жалпы жұмыс өтiлi_____________________
7. Аттестаттау комиссиясының мүшелерi айтқан ескертулер мен
ұсыныстар: __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Аттестатталушының пiкiрi ___________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Аттестатталушының қызметтiк мiнездемесiне сәйкес тiкелей
басшының азаматтық қызметшінің қызметiн бағалауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
10. Отырысқа аттестаттау комиссиясының ______ мүшесi қатысты.
11. Дауыс беру нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясының
әрбiр мүшесi толтыратын қоса берiлетiн азаматтық қызметшінің қызметiн
бағалау парағына сәйкес бағалау:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді (дауыс саны) ___________;
2) қайта аттестатталуға жатады (дауыс саны) __________________;
3) атқаратын лауазымына сәйкес емес (дауыс саны) ______________
12. Бiлiктiлiк санаты (разряды):
1) ________________ (жазумен) бiлiктiлiк санатына (разрядына)
сәйкес келеді_______________ (дауыс саны) ___________________________
(әрбір бiлiктiлiк санаты (разряды) бойынша жеке)
_____________________________________________________________________
2) бiлiктiлiк санатын (разрядын) белгiлеуге негiздеме жоқ
(дауыс саны) ________________________________________________________
Қорытынды бағалау _____________________________________________
_____________________________________________________________________
(бiлiктiлiк санатының (разрядының) сандық белгiсi жазумен
көрсетіледі)
13. Аттестаттау комиссиясының ұсынымдары (олар берілетін
дәлелдемелерді көрсетумен)___________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
14. Ескертпелер _______________________________________________
_____________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының төрағасы: ___________________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ___________________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының мүшелерi: ___________________________
(қолы)
___________________________
(қолы)
___________________________
(қолы)
___________________________
(қолы)
Аттестаттау өткiзiлген күн 20___ж. "___" __________
Ұйым басшысының аттестаттау қорытындылары бойынша шешiмi
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Аттестаттау парағымен таныстым: _______________________________
(қызметкердің қолы және күнi)
Ұйымның мөрі үшін орын
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 2-қосымша |
Аттестатталуға жататын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін
бағалау парағы
(аттестаттау комиссиясының мүшесi толтырады)
Аттестаттау түрi: кезектi -
; қайта -(керектiсiн Х белгiсiмен белгiлеу керек)
Тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
Лауазымы ______________________________________________________
Аттестатталушының бағасы
_______________________________________________________________
(өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)
Аттестаттау комиссиясы мүшесiнiң шешiмi (төменде көрсетілгеннің
бiрi: атқаратын лауазымына сәйкес келеді; қайта аттестатталуға
жатады; атқаратын лауазымына сәйкес емес):___________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясы мүшесi шешiмiнiң негiздемесi:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бiлiктiлiк санатына (разрядына) сәйкес келеді__________________
Бiлiктiлiк санатын (разрядын) белгiлеуге негiздеме жоқ_________
_____________________________________________________________________
Негiздеме:_____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының мүшесi ______________________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы _____________________________
(қолы)
Күнi 20___ жылғы "___" ____________