Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 521 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 7 қыркүйекте № 12028 болып тіркелді.

      "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына және 23-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілсін.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Сәрінжіпов


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ 521 бұйрығымен бекітілді

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту"
ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ең төмен әлеуметтік стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әзірледі.

      2. Стандарт келесі заңдар тізімінің негізінде қолданылады:

      1) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

      2) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

      3) "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.

      3. Стандарттың мақсаты - ең төмен әлеуметтік стандарттар жүйесінде балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.

      4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ең төмен әлеуметтік стандартының нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшада көрсетілген.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ 521 бұйрығымен бекітілген
  Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың ең төмен әлеуметтік
стандартына қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2016 № 471 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2019 № 299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Норманың/нормативтің атауы

Норманы/нормативтерді реттейтін нормативтік-құқықтық акт

Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандарттың құқығына ие тұлғалардың санаттары

Норманың/нормативтің мөлшері

1

Мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеуді және оқытуды жан басына шаққанда қаржыландырудың нормативі

"Білім туралы"
2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы

Мектепке дейінгі ұйымдардағы мектеп жасына дейінгі балалар

Республикалық маңызды қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызды қаланың) жергілікті атқарушы органдары жан басына шаққанда қаржыландырудың және тамақтану үшін ата-аналар төлемінің мөлшерін бекітеді.

2

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын құралдармен және жиҺазбен жарақтандыру нормалары

"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген); "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15893 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 615 бұйрық);

Мектепке дейінгі ұйымдардағы мектеп жасына дейінгі балалар

Республикалық маңызды қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
Ойыншықтардың тақырыптық тізбесі, жас топтарына, медициналық бөлмеге, спорттық залға және басқаларға арналған жабдықтар тізбесі;
Білім беру объектілерінің бөлмелерінде орналасқан жиһазды таңбалауға және өлшеміне (түсі, биіктігі, типтері және түрі, жиһаздың еденнен, қабырғадан, бір-бірінен ара қашықтығы, баланың жасына және бойына байланыстылығы) қойылатын талаптар;
Жиһаз бен жабдықтар саны өлшем бірліктерінде (саны, дана, жиынтық, жинақ) көрсетілген;
Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалардың бойына, жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Жабдықтың жиыны, саны және көлемі объектінің бейінін, үй-жайлардың ерекшелігін есепке ала отырып көзделеді.
Жатын бөлмелерді жұмсақ және қатты мүкәммалмен жабдықтау, балалар күндіз болатын мектепке дейінгі ұйымдардағы киім-кешектерді жуу және оны таңбалау тәулік бойы болатын мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың тұру жағдайларына қойылатын талаптарға сәйкес келеді.

3

Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау нормалары

"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) "Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары";

Мектепке дейінгі ұйымдардағы мектеп жасына дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар

Облыстың жергілікті атқарушы органы балаларды арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысына және оқытудың жеке жоспарына сәйкес кемтар балалар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды үш жастан бастап алуына болады.
Санаториялық бөбекжай-балабақшаларда, мектепке дейінгі ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балаларды тегін күтіп ұстау ұсынылады.
Топтардың толымдылығы:
1) есту қабілеті бұзылған:
естімейтіндер үшін - 8 баладан көп емес, нашар еститіндер мен кейіннен саңырау болып қалғандар үшін - 10 баладан көп емес;
2) көру қабілеті бұзылған: көзі көрмейтіндер үшін - 8 баладан көп емес, нашар көретіндер мен кейіннен соқыр болып қалғандар үшін - 12 баладан көп емес;
3) тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылғандар үшін - 12 баладан көп емес;
4) сөйлеу қабілеті бұзылғандар үшін - 12 баладан көп емес;
5) ақыл-ойы кенжелеп қалғандар үшін - 8 баладан көп емес;
6) психикалық дамуы тежелгендер үшін - 12 баладан көп емес;
7) эмоциялық-еркі жағынан және мінез-құлқы бұзылғандар үшін - 6 баладан көп емес;
8) күрделі бұзылыстары бар, оның ішінде соқыр-саңырау болып қалғандар үшін - 6 баладан көп емес.

4

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар нормалары

№ 615 бұйрық

Мектепке дейінгі ұйымдардағы мектеп жасына дейінгі балалар

Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалардың бойына, жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Жабдықтың жиыны, саны және көлемі объектінің бейінін, үй-жайлардың ерекшелігін есепке ала отырып көзделеді.
Жатын бөлмелерді жұмсақ және қатты мүкәммалмен жабдықтау, балалар күндіз болатын мектепке дейінгі ұйымдардағы киім-кешектерді жуу және оны таңбалау тәулік бойы болатын мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың тұру жағдайларына қойылатын талаптарға сәйкес келеді.


Об утверждении минимального социального стандарта дошкольного воспитания и обучения

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 августа 2015 года № 521. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 сентября 2015 года № 12028.

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 9 и статьей 23 Закона Республики Казахстан от 19 мая 2015 года "О минимальных социальных стандартах и их гарантиях" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый Минимальный социальный стандарт дошкольного воспитания и обучения.

      2. Департаменту дошкольного и среднего образования, информационных технологий (Жонтаева Ж.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) после государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан официальное опубликование настоящего приказа;

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Имангалиева Е.Н.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр

А. Саринжипов


  Утвержден
приказом Министра образования
и науки Республики Казахстан
от 10 августа 2015 года № 521

Минимальный социальный стандарт дошкольного воспитания и обучения

      1. Минимальный социальный стандарт дошкольного воспитания и обучения (далее - стандарт) разработан Министерством образования и науки Республики Казахстан.

      2. Перечень законов, на основании которых действует стандарт:

      1) Закон Республики Казахстан от 19 мая 2015 года "О минимальных социальных стандартах и их гарантиях";

      2) Закон Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании";

      3) Закон Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями".

      3. Цель стандарта - реализация государственной политики в системе минимальных социальных стандартов в области обеспечения детей дошкольным воспитанием и обучением.

      4. Нормы и нормативы минимального социального стандарта дошкольного воспитания и обучения указаны в приложении к настоящему стандарту.

  Приложение
к Минимальному социальному стандарту
дошкольного воспитания и обучения,
утвержденного приказом
Министра образования и науки
Республики Казахстан
от 10 августа 2015 года № 521

Нормы и нормативы минимального социального стандарта
дошкольного воспитания и обучения

      Сноска. Приложение в редакции приказа Министра образования и науки РК от 28.07.2016 № 471 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); с изменениями, внесенными приказом Министра образования и науки РК от 11.07.2019 № 299 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

п/п

Наименование

нормы/

норматива

Нормативный

правовой акт,

регулирующий

норму/

нормативов

Категории лиц,

имеющих право

на минимальный

социальный

стандарт

по нормам/

нормативам

Размер нормы/норматива

1

Норматив подушевого финансирования дошкольного воспитания и обучения детей, находящихся в организациях дошкольного образования

Закон Республики Казахстан от

27 июля 2007 года "Об образовании";

Дети дошкольного возраста, находящиеся в дошкольных организациях

Местные исполнительные органы города республиканского значения и столицы, района (города областного значения) утверждают размер подушевого финансирования и родительской платы за питание.

2

Нормы оснащения оборудованием и мебелью организаций дошкольного образования

Закон Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании"; приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 70 "Об утверждении норм оснащения оборудованием и мебелью организаций дошкольного, среднего образования, а также специальных организаций образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 13272); приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 17 августа 2017 года № 615 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к дошкольным организациям и домам ребенка" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 15893) (далее – приказ № 615);

Дети дошкольного возраста, находящиеся в дошкольных организациях

Местный исполнительный орган города республиканского значения и столицы осуществляет материально-техническое обеспечение организаций дошкольного воспитания и обучения;

Тематический перечень игрушек, перечень оборудования для возрастных групп, для медицинской комнаты, спортивного зала.

Требования к маркировке и размеру мебели размещаемых в комнатах объектов образования (цвет, высота, типы и разновидность, расстояния мебели от пола, от стены, друг от друга, в зависимости от росто-возрастных особенностей детей).

Количество мебели и оборудования показано в единицах измерения (количество, штука, набор, комплект).

Мебель и оборудование объектов соответствуют росто-возрастным особенностям детей. Набор, количество и размер оборудования предусматривают с учетом профиля объектов, специфики помещений. Оборудование спален мягким и твердым инвентарем, стирка и маркировка белья дошкольных организаций с дневным пребыванием детей соответствуют требованиям к условиям проживания детей в дошкольных организациях с круглосуточным пребыванием.

3

Нормы социальной и медико-педагогической коррекционной поддержки детей с ограниченными возможностями

Закон Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании"; Закон Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями"; "Типовые правила деятельности специальных организаций образования", утвержденные приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 595 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 17657).

Дети дошкольного возраста с ограниченными возможностями, находящиеся в дошкольных организациях

Местный исполнительный орган области обеспечивает обучение детей по специальным общеобразовательным учебным программам;

В соответствии с заключением психолого-медико-педагогических консультаций и индивидуальным планом обучения дети с ограниченными возможностями получают дошкольное воспитание и обучение с трехлетнего возраста.

В санаторных ясли-садах, дошкольных организациях для детей с ограниченными возможностями содержание детей предоставляется на бесплатной основе.

Наполняемость групп:

1) с нарушениями слуха: для неслышащих – не более 8 детей, для слабослышащих и позднооглохших – не более 10 детей;

2) с нарушениями зрения: для незрячих – не более 8 детей, для слабовидящих и поздноослепших – не более 12 детей;

3) с нарушениями функции опорно-двигательного аппарата – не более 12 детей;

4) с нарушениями речи – не более 12 детей;

5) с умственной отсталостью – не более 8 детей;

6) с задержкой психического развития – не более 12 детей;

7) с расстройством эмоционально-волевой сферы и поведения - не более 6 детей;

8) со сложными нарушениями, в том числе со слепоглухотой, – не более 6 детей.

4

Нормы санитарно-эпидемиологических требований

Приказ № 615.

Дети дошкольного возраста, находящиеся в дошкольных организациях

Мебель и оборудование объектов соответствуют росто-возрастным особенностям детей. Набор, количество и размер оборудования предусматривают с учетом профиля объектов, специфики помещений.

Оборудование спален мягким и твердым инвентарем, стирка и маркировка белья дошкольных организаций с дневным пребыванием детей соответствуют требованиям к условиям проживания детей в дошкольных организациях с круглосуточным пребыванием.